Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері


Мазмұны.
Кіріспе . . .
1-тарау. Балаларның сөйлеу тілінің дамуының ғылыми теориялық негіздері . . .
1. 1. Қалыпты жағдайда дамыған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
1. 2. Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері . . .
1. 3. Сөздік қорды дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңыздылығы . . .
2-тарау. Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері . . .
- Зерттеу әдістері . . .
- Зерттеу қорытындысы . . .
Кіріспе.
Еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.
Саяси-экономикалық тағы басқа дами бастаған сайын, елімізде барлық жағынан елеулі өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасы өзін бүкіл әлемге демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танытты. Осы 15 жыл ішінде Қазақстан Республикасы табанды түрде күресіп, саяси-экономиқалық білім жүйесінің өзгеруіне алып келді.
Қазіргі жастар ертеңгі ел басындағы халық тағдырын шешетін азамат болады. Сондықтанда, мемлекеттің алдында тұрған міндеті-қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Адамды-адам қылған, ары қарай дамытып жетілуіне итермелеген, әр қашан жетелеу үстінде тұрған құбылыс ретінде ең алдымен-тілді алуға болады.
Тіл адам ойын жетілдіруші, халық мәдениетін таныстырушы, әлемді-қоғамды таныстырушы.
Тіл арқылы - әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым - қатнасқа түсе алады. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану алдымен сөздік қорына және орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол баланың ойы ұшқыр, шешен, әсерлі етіп сөйлейді.
Біздің қарастыратынымыз көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры.
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі таңдағы өмірдегі әр түрлі өзгерістерге өз бетінше өмір сүруге дайындау, осыған байланысты әр түрлі мәселе туындап отыр, бұның негізгі мәселесі - тіл мәселесі.
Біздің көз қарасымыз бойынша бұл жоспарда көңіл бөлетін жайт психофизиологиялық дамуында ауытқушылығы бар балалардың жағдайы.
Тіл -өте күрделі құбылыс. Оны есте сақтау үшін тілдің құрлысы мен жүйесін меңгеріп, оның заңдылықтарын саналы түрде ұғыну қажет. Әр бір адам басқа адамдармен тікелей қарым - қатынас жасауының нәтижесінде ол халық тілі қаззынасын бірте - бірте меңгере береді. Ендеше кішкентайынан тілін дұрыс жетілдіріп жақсы тәрбие алған болса өз даму дәрежесіне сәйкес тіл заңдылықтарының элементтерін меңгеріп өседі.
Жалпы тіл мәселесі - жалпы және арнайы психологияда ең негізгі мәселе болып табылады. Себебі тіл адам өмірінде негізгі рөл атқарады. Олай болса баланың тілін дамыту жұмысы от басынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Жалпы қазіргі таңда көмекші мектеп оқушыларының тілін зерттеу жалпы мәселенің негізгі аспектісі болып табылады.
Көмекші мектеп окушыларының ең қолайлысы - сөйлеу тіліндегі сөздік қоры болып табыдады. Қалыпты дамыған балалардың сөздік қоры еш оқытусыз, қоршаған ортамен қарым - қатынас жасау процесінде дамиды.
Ал зияты бұзылған балалардың сөздік қоры жұтаң, кедей болады, ол көп оқытудың барысында ғана дамиды. Сөздік қордың молайуы, дамуы көмекші мектептегі оқушылардың ақыл - ойының дамуының негізгі компоненті болып табылады. Сөздік қорына байланысты әр түрлі кемістіктерді жою және түзету көмекші мектептегі түзету - тәрбиелеу жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Көмекші мектеп оқушыларының сөздік қор ерекшелігімен дамуына байланысты көптеген авторлардың еңбектері бар. Олар мына авторлар: В. Г. Петрова, Г. М. Дульнев, Г. Н. Данилкина, М. Ф. Гнезделов, Н. В. Тарасенко, А. Г. Аксенова, З. Н. Смирнова. т. б. педогогтар мен психологтар шұғылданған. Бұл зерттеудің барлығы орыс тілінде оқитын балаларға арналған.
Ал біздің елімізде көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамытуы жайлы осы кезеңге дейін зерттелмей келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты ретінде көмекші мектеп оқушыларының сөздік қор ерекшеліктерін анықтау және дамыту жолдарының әдіс - тәсілдерінің мазмұнын толықтыру болып есептелінеді.
Зерттеу жұмысының міндетгері
1. Арнайы әдебиеттерде берілген көмекші мектеп оқушыларының сөздік қор ерекшелігі туралы мәселелерге шолу жасау.
2. Көмекші мектеп оқушыларының сөздік қор ерекшеліктерін анықтау.
3. Сөздік қорын молайту бағытында іЦэнеШлік әдебиетін пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау
Зерттеу пәні. Көмекші мектептегі оқыту процессі.
Зерттеу объектісі : көмекші мектеп оқушысының сөздік қорларын
дамыту жолдары.
Зертхананың ғылыми жаңалығы: жүргізілген зерттеу нәтижесінде
көмекші мектептің бастауыш сыныптағы оқушысының сөздік қор ерекшеліктері туралы алғаш рет мағлұмат алынды.
Заттың теориялық мәнділігі:
- интеллектісі бұзылған бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу ерекшелігі, мүмкіндіктері жайлы алынған жаңа мағлұматтар;
- интеллектісі бұзылған бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта әр түрлі тәсілдер арқылы теориялық мағлұматтарын кеңейтіп, қалыптастыру
Заттың практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде алынған сөздік қор ерекшеліктерін көмекші мектеп оқушысымен жұмыс жүргізу барысьшда ескере отырып, түзету - дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті үлгілерін ана тілі сабағында басшылыққа ала отырып оқушының сөздік қорын дамытуға болады.
Зерттеудің апробациялық нәтижелері: Студенттік ғылыми конференцияда 2007 жылы желтоқсанда осы мәселе жайлы айтылды. «Көмекші мектеп оқушыларының сөз қорын тексеру әдістемесі» атты мақала №1 (10) Қаз ¥ПУ хабаршы журналында 2007 жылы жарияланды.
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы №3 көмекші мектеп оқушылары зерттеуге алынды.
Зерттеудің ғылыми болжамдылығы: Егер көмекші мектептің ана тілі сабағыңда мақсатты түрде және жүйелі түрде халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, тағы басқа ) енгізіп пайдаланса, онда бұл балалардың сөздік қоры дамытып, молайтуға болады, өйткені фольклорлық материалдар бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тәрбиелік маңызымен эстетикалық талғамдылығымен бағалы.
в. Геометриялық фигуралар: төртбұрыш, үш бұрыш, бесжұлдыз, сопақ шеңбер, көп бұрыш.
3. Заттың іс-қимылдарын білдіретін сөздерге байланысты 3 тапсырма алынды.
а. Окуға байланысты іс-қимылдар: жазу жазып отыр, кітап оқып жатыр, сурет салып тұр, сабақ түсіндіріп тұр , сызып отыр, мектепке бара жатыр.
ә. Спортқа байланысты іс-қимылдар: жүгіріп барады, секіргіштен секіріп жүр, алаңда күресіп жүр, семсермен сайысып жүр, доппен футбол ойнап жүр, турникке тартынып тұр, суда жүзіп жүр, нысананы дәлдеп тұр.
б. Асқа байланысты: шай қайнатып отыр, үстел әзірлеп жүр, ыдыс жуып тұр, тамақ араластырып тұр, ас ішіп отыр, пияз турап тұр, картоп аршып отыр.
Көрсетілген дидактикалық материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне бағытталған, әрі анық, ашық, түрлі - түсті бояулармен боялған суреттер картонкасы лайдаланылды.
4. 1 Мағынасы қарама-қарсы сөздердің байланысты тапсырмалар:
а. Кір- лас, түзу-қисық, ашық-жабық, ыстық-суық, жұқа-қалың;
ә. келді - кетті, жүрді - жүгірді, алды - салды, ашты - жапты, әкелді -әкетті, т. б.
4. 2 Мағынасы ұқсас сөздерге байланысты тапсырмалар:
а. Сұлу - әдемі, мықты - күшті, кір - лас, еріншек - жалқау, дәу -үлкен. т. б.
ә. Салды - қойды, жылдам жүгірді - тез жүгірді, ақырын жүрді - асықпай жүрді, өкінді - ренжіді. т. б.
Экспериментке қатысқан оқушылар саны 2 сыныптан 15 оқушы және 3-сыныптан 15 оқушы, 4 сыныптан 10 оқушы қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны 40 адамды құрады.
Эксперименті өткізу кезінде анықтау протоколы дайындалды. Ол анықтама протоколына оқушылардың тапсырмаға байланысты берілген жауаптары түсірілді. Яғни тапсырманы өздігінен орындағаны және көмек еткен оқушылар жауаптары енгізілді. Көмек сұраған оқушыларға қарапайым суреттер берілді. Зерттеу сабақтан тыс және сабақ барысында жүргізілді.
2. 1. Зерттеу эдістері.
Жалпы біздің зерттеу жұмысының мақсаты бойынша белгілі бір анықтама алу үшін көмекші мектеп оқушыларының сөздік қор ерекшеліктерін анықтау үшін арнайы эксперемент жүргізілді.
Эксперемент Бегалин атындағы №3 жетім балаларға арналған көмекші мектеп интернатында өткізілді. Эксперементке 40 оқушы қатысты. Барлық окушылардың жауаптары қағазға түсіріліп отырды.
Тәжірбиенің негізгі мақсаты: Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының деңгейін анықтау.
Тәжірбиенің негізгі міндеті. Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының белсенді және енжар сөздік қорын тексеруге арналған зертгеу методикасын өңдеу. Тәжірбие жасау кезінде оқушылардың сөздік қорының деңгейін анықтау.
Зияты бұзылған балалардың сөздік қор ерекшеліктерін анықтау үшін пайдаланады.
1. Бастауыш сынып оқушыларына ұсынылған суреттер бойынша 5 тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілді.
а. Үй жануарлары: жылқы, қой, сиыр, түйе, ешкі, есек, шошқа, мысық, ит, ешкі.
ә. Жемістер: алма, алмұрт, анар, өрік, банан, апельсин, мандарин, алша, ананас, шабдалы.
б. Көкөністер: сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, сарымсақ, картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, бұрыш.
в. Ыдыс-аяқтар: таба, кесе, қасық, шанышқы, шәугім, тәрелке, пышақ, қазан, ожау, кепсер.
г. Киім-кешектер: тон, малақай, жемпір, көйлек, жейде, шалбар, ішік, қолғап, орын орағыш. берілді.
2. Заттың сынына байланысты алынған суреттер бойынша 4 тапсырма берілді.
а. Заттың көлеміне байланысты: үлкен доп, кіші доп, биік үй, аласа үй, ұзын ағаш, қысқа ағаш, жалпақ белбеу, жіңішке белбеу, тар жол, кең жол, көп алма, аз алма.
ә . Заттың қасиеті: жұмсақ мақта, қатты тас, ащы бұрыш, тәтті алма, өткір пышақ, тегіс әйнек, бүдірлі қияр, ыстық от, суық мұз, жұқа көйлек, қалың тон.
б. Заттың түсі: қызыл алма, жасыл қияр, сары банан, ақ қар, қара көмір, қоңыр картоп, көк көйлек, жасыл шөп.
2. 2 Зерттеу қортындысы.
Бұл көмекші мектепте оқитын оқушылардың сөздік қор ерекшеліктерін анықтау үшін, заттық суреттер және ауызша тапсырмалар берілді. Заттық суреттер бойынша және ауызша тапсырмалар бойынша дұрыс, әрі нақты жауаптарды талап етті. Бұл жүргізілген экспериментке 2, 3, 4, сынып оқушылары қатысты. Экспериментке оқушылар еш дайындықсыз қатысып отыр. Тапсырма барлық сыныптың оқушыларына бірдей жағдайда берілді. Тапсырмаларды орындау барысында көмекші оқушылардың қызметтері әр түрлі болды. Яғни кейбір оқушылар нұсқауды дұрыс түсінбейді, кейбіреуі толық, мұқият тыңдамай тапсырманы салғырт орындады, ал басқалары мүлдем тапсырманы орындай алмады.
Берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушылардың орындаған тапсырмаларын біз мынадай критерилерге сүйене отырып талдадық .
Осы жоғарыда көрсетілген критерилерге сүйене отырып біз оқушының жауаптарын, әңгімелерін үш топқа бөлдік.
1. Суреттегі көрсетілген заттарды дұрыс, қатесіз атаған оқушылардың жауаптары енгізілді және ауызша тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптары енгізілді.
2. Суреттегі берілген заттарды мүлдем білмеді маталады.
№1. Кесте. Зат есім бойынша берілген оқушылардың жауап көрсеткіштері (%) .
1-кесте бойынша қарастыратын болсақ көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары зат есімдік сурет бойынша зат атауын көп шатастырған. Мәселен 2-сынып оқушылары зерттеу нәтижесі бойынша 34%-ды құраған. Мысалы үй жануарларын атауда кейбір окушылар есекті, ешкіні және түйені тани алмаған. Жемістер бойынша өрікті, анарды, ананасты тани алмаған окушылар да болды. 3-сынып оқушылары зерттеудің нәтижесі бойынша 31%-ды құрады. Бұл оқушылар арасынан киім-кешектер тақырыбы бойынша малақайды, ішікті тани алмаған оқушылар кездесті және
тағы басқа тақырыптар бойынша қателер жіберілді. 4-сынып оқушылары барлығы 29%-ды құрады. Бұл оқушылар арасынан заттардың жалпы атауын атай алмаған оқушылар көп кездесті. Сонымен қатар 2, 3-сыныптар арасынан да көп кездесті.
№2. Кесте. Сын есім бойынша оқушылардың берген жауаптар көрсеткіші (%) .
Сыныптар
3
2-кесте бойынша талдайтын болсақ, көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары соның ішінде 2-сынып оқушылары түстерді, пішіндерді (геометриялық фигураларды) тани алмаған оқушылар саны көп болды. Сол сияқты 3, 4-сынып оқушылар арасынан түстерді тани алмаған оқушылар саны баршылық.
№З. Кесте. Етістік бойынша ұсынылған тапсырмаларға байланысты оқушылардың берілген жауап көрсеткіші (%) .
Сыныптар
2 3 4
3-кестені талдап көрелік, мұнда іс-қимылдық суреттер бойынша барлық сынып бойынша анық, дұрыс атаған оқушылар аз кездесті. Зерттеу нәтижесі бойынша 2-сынып 61%-ды, 3-сынып 54%-ды, 4-сынып 33%-ды құрады.
Кестелер бойынша жұмыстарды талдайтын болсақ оқушылардың басым көпшілігінің заттық суреттер зат есім, сын есім, етістік бойынша берілген тапсырмаларға жауап бере алмаған. Егер осы жауаптарды топтық көрсеткіштер бойынша бөліп көрсетсек.
№4. Кесте. Заттың суреттер бойынша жалпы оқушылардың жауаптарына байланысты берілген көрсеткіштер (%) .
Берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушылырдың орындаған тапсырмаларын біз мынадай критерилерге сүйене отырып талдадық.
1. Заттық суреттер бойынша дұрыс, тура, әрі нақты жауаптарын қадағалау
2. Ауызша тапсырмаларға байланысты берілген тура мағынасын және қарама-қарсы мағынасын дұрыс атауын қадағалау.
Осы жоғарыда көрсетілген критерилерге сүйене отырып біз оқушылардың жауаптарын З топқа бөлдік:
1 . Суреттегі көрсетілген заттарды дұрыс, қатесіз атаған оқушылардың жауаптары және ауызша тапсырма бойынша дұрыс жауап берген оқушылардың жауаптары енгізіледі.
2. Берілген заттық суреттердің кейбіреуіне ғана дұрыс жауап берген және ауызша тапсырмалар бойынша кейбіреуіне дұрыс жауап берген оқушылар жауаптары енгізілді.
3. Заттық суреттердің көбіне қате жауап берген және мүлдем жауап бермеген оқушылардың жауаптары енгізілді.
Кесте бойынша жұмыстарды талдайтын болсақ оқушылардың басым көпшілігінің жауаптары 2, 3-ші топқа жатқызылды. Енді осы топтарға жатқызылған жауаптарға толығырақ тоқталып, талдап көрейік.
3- сынып оқушысы Ж. . К.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz