Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

1. 1 Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі. . 8

1. 2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі . . . 12

ІІ Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері . . . 19

2. 1 Қазақ халқының жеті ата шежіресі және дастарқаны дәстүрлерін бастауыш білім беру сатысының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану әдістемесі . . . 23

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың терең мағыналы дана сөздер арқылы тәрбиелеу . . . 39

Қорытынды . . . 80

Пайдаланған әдебиеттер . . . 84

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» (1994), «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында» (1996), «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында» (1999, 2007) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесі биіктетіліп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттыратын бағыт-бағдарлар айқындалды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында « . . . біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны . . . » баса атап көрсетілген болатын. Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған Білім туралы Заңында: жас ұрпақты « . . . азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» қажеттігі айқын көрсетілген. Бұл республикамыздың ертеңгі қажетін өтейтін, елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, парасатты, ана тілін, туған жерін қастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын басты құралымыз бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлері, халық ауыз әдебиеті, ақын-жазушыларымыздың таңдаулы туындылары болуын міндеттейді. Сондықтан бастауыш білім беру сатысынан бастап оқушыларды халық дәстүрлерін қастерлеуге баулу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесіне айналып отыр.

Әл-фараби, Шоқан, Абай, Ыбырай сынды шығыстың ұлы философ-ойшылдары мен ағартушыларын да адам тәрбиесі, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесі проблемасы қатты толғандырған.

Тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын дамытудың әр түрлі аспектілеріне, тәрбие принциптеріне, мазмұнына, жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің мүмкіндіктеріне адамзат тарихында өзіндік із қалдырған педагогтар, белгілі ғалымдар үнемі назар аударып отырған (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, А. П. Сейтешев, Н. Д. Хмель, Н. Н. Хан, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Бейсенбаева, Қ. К. Жампейісова Г. Т. Хайруллин, В. В. Трифонов, Р. М. Қоянбаев және т. б. ) .

XX ғасырдың 70-жылдары белгілі ғалым Г. Н. Волковтың көрегенділігі мен батылдығының, табандылығының арқасында халықтық тәрбие қағидалары сараланып, жинақталып, ғылыми тұрғыда жүйеленді. Ол этнопедагогиканың маңызды ғылыми білімдер жүйесін құрайтын дербес ғылым саласына айналып отыр.

Осы кезге дейін педагогика ғылымы дәстүрлі педагогикамен шектеліп келсе, енді ұлттық құндылықтарды қамту қажеттігі туындап отыр.

Қазақ этнопедагогикасы ғылым саласы ретінде алғаш рет XX ғасырдың 70- жылдарының басынан бастап зерттеле бастады (А. Х. Мухамбаева, И. Оршыбеков, С. С. Қалиев, Қ. Жарықбаев) . Қазіргі таңда бұл салада жарық көрген ондаған іргелі, қолданбалы зерттеулер, өңдемелер, ғылыми мақалалар, кітаптар мен қолжазбалар және т. б. бар.

Біз қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогикалық зерттеулердегі проблемалардан өз зерттеуімізге қатысты мәселелерге баса назар аудардық. Олардың ішінен: Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Т. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, К. Құнантаева, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Т. Әлсатов, Ө. Озғанбай, Қ. Қожахметова, М. Балтабаев, Қ. Бөлеев, Ш. Құлманова, Р. Төлеубекова, З. Әбілова, Ә. Табылдиев, Е. Сағындықовтардың және т. б. қағидаларын ұстаным етіп алдық.

Халықтық тәрбие қағидаларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің ғылыми-педагогикалық негіздері бойынша - Б. А. Әлмухамбетов, Т. Ә. Қоңыратбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. К. Дүйсенбінова, Д. Ж. Сәкенов, Н. М. Кошеров; пәндерді оқыту барысында пайдалану әдістемесі бойынша - Л. К. Бөлеева, Т. Ш. Куанышев, А. С. Магауова, Ұ. М. Әбдіғапбарова, Ж. З. Утемисова, Г. Жолтаева, Т. Ж. Бекботчаев; тәрбие үдерісіне енгізу мәселелері бойынша - А. Қ. Қисымова, Ә. Табылдиев, А. Е. Дайрабаева, Ұ. О. Асанова, Е. Ш. Қозыбаев, К. Оразбекова, З. Әбілова, Ж. Б. Сәдірмекова, Х. Қ. Шалғынбаева, К. О. Жеделов, С. Иманбаевалар; бастауыш сыныпта оқыту мәселелері бойынша - Г. Бахтиярова, Қ. А. Сарбасова, Н. Албытова, Т. Ә. Қышқашбаев, М. А. Оразалиева, С. А. Жолдасбекова, Б. А. Тойлыбаев, С. Қ. Әбілдина, А. Қ. Айтбаева, О. Сатқанов, Р. Рысбекова, А. Едігеновалардың еңбектерінде тұжырымдалған ой-пікірлер ғылыми зерттеуіміздің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Қоғам талабына сай елімізде ұлттық мектептер саны көбеюде. Осы орайда халық педагогикасының қағидалары мен материалдарын оқу-тәрбие жүйесіне енгізуге арналған «Балбөбек» (авторлары Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, т. б. ), «Атамекен» (М. Құрсабаев), «Кәусар бұлақ» (З. Ахметова), «Әдеп әліппесі» (А. Ашайұлы), «Қазақ тәлімінің тарихы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Әдеп әліппесі» (Ә. Табылдиев), «Ұлттық дүниетаным»(1-4сыныптар), (А. Құралұлы), «Дәстүр» (Ә. Сәдуақасов) атты бірнеше тәрбие бағдарламалары бар. Дегенмен, қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті дәстүрлерді ұлттық тәрбие моделінің мазмұнына ендіру, олардың нәтижелері ретінде қалыптастырылатын жеке тұлға деңгейін анықтау терең талдауды қажет ететін көкейкесті мәселеге айналды.

Сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау қазақ халық дәстүрлерінің бастауыш білім беру сатысында бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халық дәстүрлері арқылы рухани құндылықтарды тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің анықталмағанын; бірегей жүйесінің жасалмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, педагогикалық шарттарының, амал-жолдарының айқындалмағанын; ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың толыққанды жасалмағанын көрсетті. Демек, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халық дәстүрлері негізінде рухани құндылықтарды тәрбиелеудегі қоғамның сұранысы мен оның жүзеге асырылмауы арасында; қазақ халық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен мектепте оларға деген сұраныстың аз болуы арасында; оларды көпсалалы мектеп тәжірибесінде бірізді жүйемен пайдалануды ұйымдастыру қажеттілігі мен оны жүзеге асыратындай әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қайшылық бары анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты бүгінгі қоғам талабына сай бастауыш білім беру сатысы оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз етудің жолдары мен педагогикалық шарттарын қарастыру біздің зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты: «Бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылықтарды пайдалану арқылы тәрбиелеу » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі рухани құндылықтар

З ерттеу пәні: бастауыш оқу-тәрбие үдерісінде рухани құндылықтардың (жеті ата шежіресі мен қазақ дастарқаны) пайдалану жолдары

Зерттеудің мақсаты: бастауыш білім беру сатысы оқушыларын рухани құндылықтар (жеті ата шежіресі мен дастарқан) арқылы тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

- рухани құндылықтардың педагогикалық-теориялық мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын айқындау;

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу және оның моделін жасау;

- қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін пайдалана отырып, бастауыш білім беру сатысы оқушыларын тәрбиелеудің әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы дәйектеу.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелерін зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау; эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу әдістері.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларының қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін меңгеруі тұлғаның мінез-құлықтары мен рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының негізі болып табылады;

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеуді тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары;

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің моделі;

- бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің кезеңдік әдістемесі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі

1. 1 Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т. б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген.

Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.

М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

1. 2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә. Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә. Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т. б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

  1. Жалпы ойындар;
  2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
  3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
  4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
  5. Демалыс ойындары;
  6. Ат үстіндегі ойындар;
  7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz