Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ..3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық.педагогикалық дамуының ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері.
2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері ... ... ... ... 25
2.2. Оқыту процесінде үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс.әрекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қорытынды ... ... ... 50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 52
Қосымша ... ... ... 53

КІРІСПЕ.
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. ҚР Ата Заңы. – Алматы, 1995. Толықтырулар мен 21.05.2007ж.
2. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдаулары;
3. ҚР Білім туралы заңы 07.06.1999ж.
4. ҚР Білім туралы заңы. (толықтыру, өзгерту енгізілген) 15.08.2007ж.
5. ҚР МЖМБС Жоғарғы кәсіптік білім беру. Негізгі ережелер. 25.08.2005ж. №857 бұйрық
6. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 09.01.2004ж.
7. ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы. 14.05.2004ж.
8. ҚР-ның Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.
9. ҚР-ның жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж.
10. Елбасы Н.Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттеріне арнап оқыған лекциясы: Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Астана, 27 мамыр, 2006ж.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, Астана-2006.
12. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Астана.
13. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты.- Алматы, 1998.
14. Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. – Алматы, 1990.
15. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991.
18. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. – Алматы, 2003.
19.Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы.- Түркістан, 2005.
20. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.
21. Педагогикалық және жас ерекшелік психология./ Редакцияны басқарған А.В. Петровский.- Алматы, 1987.
22. Бабаев С. Бастауыш мектеп педагогикасы.- Алматы, 2007.
23.Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. – Астана, 2006.
24.Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика.- Астана, 2007.
25.Жарықбаев Қ.Жалпы психология.- Алматы, 2004.
27.Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика.- Алматы, 1999.
30.Мирозова А.Т. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің кәсіптік шеберлігі. // Ұлағат. 2/ 2000, 3-8 бет.
31.Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. А., 2001.
32.Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыу. А., 2004.
33. Аймағанбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - А., 2003.
34. Сабақ беру тиімділігін арттыру. / Құрастырған Б.Сманов. - А., 1989.
35. С.Н. Жиенбаева. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселелері. / Бастауыш мектеп, №2, 2007.
37. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. А. Айнақұлова. / Бастауыш мектеп, №1, 2007.

ШЖН-ОБ-00113-2005
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
Университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік
негіздері
Орындаған: 45-14 оқу
тобының студенті
Шәкенова Ж.М.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы
Леубаева А.П.
Шымкент-2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ..3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-
педагогикалық дамуының ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің педагогикалық
талдаулары мен
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік
негіздері.
2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
... ... ... ... 25
2.2. Оқыту процесінде үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-
әрекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қорытынды ... ... ... 50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 52
Қосымша ... ... ... 53
КІРІСПЕ.
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда
өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып,
отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс
жасауда. Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында ...ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп көрсетілген. Бұл
білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.
Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық
білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім
стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім
мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, Нәтижеге бағдарланған білім
моделіне көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының
жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға
бағдарланған (білім, білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін
қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты
қызмет атқарып, білім объекті болудан тірі білімге айналатынын
байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі
ретіндегі базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған
мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның
сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім
жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім
беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары
анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар
айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық
өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін
нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін,
бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға
бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім
деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім
нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған
орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және
технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский, Т.А.Ильина,
А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б.
берік білім беру пікірлерін білдірген.
Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары:
Р.М.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева, В.П.Карибжанова, Г.К.Шолпанқұлова, ал
бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т.Жүндібаева,
К.Тілеубергенова, С.Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.
Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын
ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен
дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі.
Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік
дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі
педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын
“Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары” деп
атадық.
Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен
жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыс жасаудағы
қарым-қатынасын анықтау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін
анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың
шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Зерттеу міндеттері:
1) Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің себептерін анықтау.
2) Бастауыш сыныпта оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық
негіздерін айқындау.
3) Бастауыш сыныпта оқуға үлгермейтін оқушыларды оқытудың
ерекшеліктерін талдау.
4) Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау
және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік –эксперимент жұмысы Ордабасы ауданы, Ш.
Уәлиханов атындағы гимназия мектебінде жүргізілді..
Диплом жұмысыпың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-
педагогикалық дамуының ерекшелігі.

негізгі бағыттары.
Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы
жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады
және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, біріншіден, олардың
материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіктерін отбасы қамтамасыз
етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. Екіншіден, олардың әлеуметтік-
танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады.
Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден
бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі ата-ана, мектеп-бастауыш
сынып оқушыларының қамқоршылары.
Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі.
Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп
жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады.
Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала
тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсінішпеушілік
пайда болады.
Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық
тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен
айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте
күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі.
Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына
төмендегідей кезеңдерден өтеді:
Біріншіден, мектеп өміріне кірігу.
Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу,
ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату.
Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш
мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді.
Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс.
Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар.
1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке
керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш
отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық
тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш
сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған
психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне алмай
шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.
2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты
үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім періште,
пайғамбардай болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін
ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену
керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ,
зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы
балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн.
Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан
көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала
мұғаліммнен қорықпауы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі- ол балалардың сыныптағы
өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш
сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық нәрсеге
мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай дав балалар ұжымы жағдайы жақсылар,
жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік қайшылықтарды
мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие
бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балалрды жастайынан
жаман жолға итермелейміз.
Бірінші кемшілік- адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін
педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы
қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген.
Екінші кемшілік- ақыл ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы.
Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі
туындайды.
Үшінші кемшілік- адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі.
Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды.
Төртінші кемшілік- медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының,
ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалық, тәртіп
дегенді түсінбей өтуі мүмкін.
Бесінші кемшілік-баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы.
Мұндай жағдайда жатып ішер ас болса деген адам өседі. Жасынан
еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды.
Осы бес кемшілікті жою- балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда
қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады.
3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан
кейін бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты адамдар қатарына
қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін.
Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол
ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа
дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан
қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда
болады.
Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа
жауапкершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана
жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны
түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді.
Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл
бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады.
Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді.
4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге
берген тапсыпмасын орындауда қиналуы.
Зерттеуші ғалым-педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй
жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай
орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға деген
қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт өткен
сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады,
үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп,
үй жұмысын орындау тек салтқа айналады.
Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша
балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші – ынтамен оқитындар.
Екінші- жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін
деген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін.
Үшінші – сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.
Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу- бастауыш сынып
ұстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап
отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп,
бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін
ұстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз.
Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін,
жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық
пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте
жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны ары қарай дамытқан жөн.
Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік
болуы керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп,
ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы орайда ол
көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге оқытушы, ата-
ана болып бірлесіп еңбектеніп, балаға көмектескені абзал. Осы орайда,
бастауыш сыныпта жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары
мынадай:
Бірінші бағыт- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін
қалыптастыру. Сенім- күрделі. Ол – терең тиянақты ойланып айтылған
идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес.
Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен,
ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны әрі
қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың қиындығына
байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі бастауыш сынып
оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмайды. Осы жерде мектеп
ұстаздарының көмегі қажет.
Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды
жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра
білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам
деп те, тұлға деп те қарауға болады. Сонымен жеке бала-тұлға. Сонда ғана
біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиетерін ғана
білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесі деп білеміз.Ол ұстаз бен
ата-ана, жолдас-жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу
керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз.
Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға зер
салғанымыз дұрыс:
Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның
перспективтік дамуына, оптимистік, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші
идея ретінде пайдаланамыз.
Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елдің азаматы ретінде
қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.
Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көз
жеткізу, соған талпыныс жасату.
Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты
азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу.
Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың
жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.
Екінші бағыт-қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту,
оған жол бермеу.
Осы ойды тарқату үшін мынадай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып
бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол
принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да
тәртіпті, ұқыпты мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі
сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын
мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне
бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт
өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын
балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы
тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп
кетеді. Біздің мұндағы айтарымыз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген
балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта
мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке
үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи
жағдайына байланысты дамиды.
Осындай қателіктерден аулақ болу үшін біз мына жағдайларды ескергенді
жөн көріп отырмыз:
Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімі оқушыларымен апталық жоспарды
бірігіп құру.
Екіншіден, осы құрылған жоспарды орындау.
Үшіншіден, Атқарылған істің нәтижесін талдау.
Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру.
Осыны орындап тұрса мұғалім өктемдікке бармайды, осы ескетілген
жағдайлар демократиялық қатынастың бастауы болады.
Бірақ бастауыш сынып оқушылары демократияның не екенін түсінбейді.
Сондықтан да демократияға да шектеу қою керек.
Бастауыш сынып оқушылары демократия мен өктемдіктің арасын айыра
бермейді. Себебі оларға мұғалімнің айтқаны заң. Сондықтан да мұғалімнің
жақсы көрмеген оқушысын олар да жаман көріп, оған күн көрсетпеуі мүмкін.
Баланың жаман қылығын мұғалім оқушыларға және кінәлі оқушыға да
түсінікті болатындай етіп ескертіп айтып, жаман қылықтың себебін және неге
соқтыратынын талдаған дұрыс.
Үшінші бағыт- әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы
бірсөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үңдің, даланың,
ауланың немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл- әлеуметтік, ересектіктің
заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады.
Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал бастауыш сынып оқушысы осы заң-
тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым-қатынаста
болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау- үлкен
шаруаны тындырғанымен бірдей.
Бірақ бастауыш сынып оқушылары 3-4 сыныпқа келгенде, мұғалімнің
айтқанын ой елегінен өткізе бастап, оның іс-әрекетін, айтқанын мұқият
қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын мұқият қадағалай
бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын өзі орындамаса, екі сөзді болса,
балаларды бөліп қараса, ондайй мұғалім абыройынан айырылады. Мұндай
жағдайда айтқан өсиет, ақыл, тәрбиелік іс-әрекеттің бәрі зая кетеді.
Төртінші бағыт- жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай
жасау. Байқап қарасақ, оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге
жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты да және екі бөлек.
Оқу үлгеріміндегі жетістік- соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік –
нәтиже, ал жағдай жасау-соған жетудің жолы.
Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының шегі жоқ.
Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек, оқушының жетістіктен жетістікке
жете беруіне ат салысуы тиіс. Бұл жерде мұғалім жетекші. Жетістік уақытша,
қысқа, көп уақытқа, ұзақ болуы мүмкін. Ал оның өміршің болуы да мұғалімге
байланысты. Жетістікті дер кезінде байқап бекіту қажет.
Оқудағы жетістіктің қуанышқа айналуы, жетістіктің бекітілуі баланың
өзіндік және жас ерекшелігіне де байланысты.
Ұл мен қыздың, бастауыш сынып оқушысы мен жасөспірімдердің оқудағы
жетістікке қуануы әр түрлі. Оны өмірден алған мысалдармен дәлелдеу керек.
Мәселен, бастауыш сынып оқушысы жетістікке қуанғанымен мәніне жете
бермейді, бағалай алмайды. Жасөспірімдер жетістікке қуана да алады,
түсінеді, мән береді, бірақ нәтижесіне, себебіне жете бермейді. Ал жоғары
сынып оқушылары жетістікке қуанады, бағалайды, түп нәтижесіне үңіледі.
Қыздардың қуануы мен ұлдардың қуануы бөлек. Қыздардың қуануы сыртқа
көрінеді, ал ұлдар іштей қуанады, сыртқа білдірткісі келмейді.
Ата-ана, мұғалім балалардың оқудағы, т.б. жағдайдағы жетістікке қалай
қуанатынын күні бұрын болжауы, соған назар аударуы тиіс. Жетістікке жағдай
жасау-дәрігердің науқасты дәрімен емдегенімен бірдей болуы тиіс. Дәрігердің
науқасқа дәрінің қалай әсер ететінін күні бұрын болжағанындай ересектер де
баланың жетістігіне жағдай жасағанда, соның қандай нәтижесі болатынын
болжағаны жөн.
Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған
ортасы- ата-ана, ұстаз, жора-жолдастары көреді, солар қуанышқа ортақтасады.
Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп,
жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді.
Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл
арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген, жетістіктің нәтижесін болжауға
болатын ұстаздың ұйымдастырған іс-әрекеті. Жетістік кейде ойламаған жерде
пайда болуы мүмкін. Бірақ ұстаз сол мүмкіндікті пайдалана біліп, әрі қарай
дамытуы, бекітуі керек.
Жетістіктің үш түрі бар:
Біріншісі-күні бұрын болжауға болмайтын жетістік.
Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жету
үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын
беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап,
көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу. Мұндай болмағанда бала
жолдан таюы мүмкін.
Осындай жағдай ересектерде де болуы мүмкін. Бірақ ересектер жеңіс пен
жеңіліске талдау жасай біледі. Ал бала оны жасай алмайды.
Екіншісі- күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып
оқушысының қандай да бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. Мен
осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім,- деген қуаныш
оны алға жетелейді. Жетістікті қандай бір болжап, осылай болады дегенмен
жетістіктің аты жетістік, ол жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек.
Осылай боларына сенгенмін,-деп ұстаз демеу берсе бала қанаттанады.
Үшіншісі-қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын
оның жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың
кемшілігі де бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп,
жетістіктен басы айналып, біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады.
Жетістікке жетуде мынаны есте ұстаған жөн. Жетістікте жеңіс пен
жеңіліс, ұтыс пен ұтылыс, білген мен білмеу қатар жүреді. Жеңіліс, ұтылыс,
білмеу сияқты нәрсені түсінбесе, бала жеңіс, ұтыс, бәлу дегенді түсінбейді.
Қазақтың Ренжи білмеген адам қуана да білмейді,- дегені сияқты. Осыған
баланы мектеп қабырғасында үйретіп қалыптастыру керек.
Жетістікке жету жолындағы жеңілісті бала түсіне білуі керек. Қай
жерден кемшілік жібердім? деп ойлауы тиіс. Онсыз жеңіс келмейді. Жеңіліс
баланы қатайтып жеңіске итермелеуі керек.
Осы жерде баланың жеңісі мен жеңілісін балалар ұжымы түсіністікпен
қарап, жеңісіне ортақ қуанып, жеңілісіне ортақ ренжіп, керек болса
қайғырып, баланы қайраттандыруы тиіс. Міне осындай ұжымда бала қатаяды,
жеңіске жетудің жолын қарастырады.
Ересек адам өз қуанышымен бөліспеуі де мүмкін. Ал бастауыш мектеп
оқушысы міндетті түрде жолдастарымен өз қуанышын бөліседі. Қазақтың балалы
үйдің ұрлығы жатпайды дегеніндей, балалар өз қуаныштарымен өзара бөлісуге
әр уақытта дайын болады.
Қысқасы, баланың қуанышы, оның басын айналдырып жібермесін, ал қиындық
мұңайтпасын. Екеуінде де жолдастарының қолдауы қажет. Педагогикалық
қызметтің негізгі бағыттары: баланың сенімін қалыптастыру, қоғамдық
қатынасын дамыту, өктемдікке жол бермеу, адами қатынасты орнату,
жетістіктерге қол жеткізу. Осы бағыттарды іске асыру соның технологиясы
болып табылады.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің педпгогикалық
талдаулары мен себептері.
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуін болдырмаудың бір жолы –
қызметтестік қағидасы. Қызметтестік дегеніміз- ұстаз бен шәкірттің ортақ
жүйемен жұмыс істеуі, жетістікке, көздеген мақсатқа жетуі. Осы қағиданы
орындау барысында мынаны ескеру керек:
Біріншіден, ортақ мақсатқа екі жақтың да көзінің жетуі.
Екіншіден, ұстаз бен шәкірттің әрқайсысы өздеріне тиісті шарттарды
біліп, ешкімге арқа сүйемей үйлесімді орындауы.
Үшіншіден, керек жерінде бір-біріне көмегін беру, масыл болмау.
Бірақ педагогикалық қызметтестіктің орындалуы балалардың жас
ерекшелігіне байланысты. Ол әр кезеңде әр түрлі қатынас, қызметтестік болуы
мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі балаға қамқорлық керек. Қызметтестік үлкендердің
қамқорлығымен жүреді. Мектеп жасына дейінгі балалар шамасына қарай
тәрбиешіге көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл жастағыларға ересектердің
қамқорлығы басым болады.
Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік айшықталып көріне бастайды.
Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер, мұғалімдер атқарады. Мұны
біз тәлімгерлік-қызметтестік дейміз. Бірақ бұл кезеңде балаларға
қызметтестікке араласуға мүмкіндік береміз.
Серіктестік-қызметтестіктің бір түрі. Оны бастауыш сынып оқушылары мен
жасөспірімдердің 5-6 сыныбында байқауға болады. Серіктестік қызметтестікке
бір табан жақын. Дегенмен мұнда да ересектер негізгі жетекші рөлді
атқарады.
Қызметтестіктің ең жоғарғы түрі – достық. Қызметтестік қатынас достық
қатынасқа ұласуы мүмкін. Бұл негізінде жасөспірімдіктен жастық шаққа
ұласқанда болады. Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас
достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі
болып табылады.
Бірақ қызметтестік-достық толық тең құқықтықта болмайды және
жіберілмейді де. Мұғалім- әр уақытта мұғалім. Ол оқушымен арақашықтықты
сақтай білуі тиіс.
Біз осы арақатынасты мысал-жағдайлар арқылы талдай отырып, оқушыларды
бірнеше топқа бөліп қарайың.
Мәселен, мұғалім мен оқушылардың бірігіп қызмет жасап, жетістікке
жетудің жағдайын жасау жолында "Үміттің ақталуына байланысты қуанышқа"
бөленген оқушылар тобы болады. Олардың көптен күткен жеңіс-қуанышы
орындалады. Оның орындалуына бала, ата-ана, мұғалім де ат салысады. Осының
орындалуына баланың оқуға деген құнттылығы, орындауға жұмсалған күш-жігері
және жұмыстың нәтижесі себеп болады. Бұл қуанышқа барлығы ортаң. Сондықтан
барлығына ортаң тең қуаныш. Сонымен осы "Үміттің ақталуына байланысты
қуаныш иелерін" топтарға жіктеп көрейік.
Бірінші топ "Сенімділер" немесе "Өз ісіне тыңғылықтылар" деп аталады.
Мұндай топ оқушылардың кез келген жас кезеңдерінде кездеседі. Мұндайларға
жауапкершілігі бар, оқуға деген қабілеті жоғары, үй тапсырмасын ұқыпты
орындайтын, қоғам жұмысына берілген, өз ісіне берік, абыройы жоғары, өзіне-
өзі сенген оқушылар жатады. Бұл аталған оқушылар негізінен ата-анасының
балаға деген қамқоры педагогикалың тұрғыдан дұрыс қатынас жасай алатын
отбасынан шығады. Бұл оқушылардың оқудағы жетістік-қуанышы берік, бала өзі-
өзіне сенімді.
Бірақ мұндай оқушылар да сүрінуі мүмкін. Оған көңіл бөлудің қажеті
жоқ. Баланың өзі кемшілікті талдауға шамасы келеді. Ондай оқушылар өз
қиындығын өзі жеңіп шыға алады. Бұлар сенімділер.
"Батылдар" тобына жататын оқушылардың оқуға деген қабілеті
"сенімділерден" көп жоғары. Бірақ оқу жүйесіндегі қызметі төмен болып
келеді. Мұндай оқушылар бір кезде жетістікке жетсе, бір кезде төмендеп
кетуі мүмкін. Батылдықта тұрақтылың жоқ. Әрине, мұндай оқушылар тұрақты,
мәдениетті, балаға деген қамқорлығы жоғары отбасынан шығады. Осы
көрсетілген оқушылар сезімге тым берілгіш, жетістікке тым еті үйреніп
кететін, жеңіліс, қолайсыз жағдайды көтере алмайтын болып келеді. Мұндай
оқушыларды уақтысында "құдайын таныту керек", сезімін оятып, ұятқа шаңырып,
керекті көңіл басуын жасаған жөн.
"Күмәнділер" тобы. Мұндай оқушылар да балалардың әр жас кезеңдерінде
кездеседі. Бұл оқушылар да жақсы отбасынан шыққандар. Сабаққа деген
қабілеті жақсы, жақсы оқитындар. Біраң олар өз ісіне күмәнді, өзіне деген
сенімі ның емес.
Мұндай қасиеттің көптеген себептері болуы мүмкін.
Біріншіден, өзін-өзі дүрыс бағалай алмау.
Екіншіден, жүйкесі жұқарған, артың іске, батылдыққа бара алмайды.
Үшіншіден, отбасында кикілжің болуы мүмкін.
Төртіншіден, өмірдегі, оқудағы жеңіліс баланы жал-таң етуі, т.б.
Мұндай оқушылармен мұғалім ерекше әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуі тиіс.
Уақтысын тауып мақтап, алда болатын жұмыстарды айтып, дайындап отырса,
ондай оқушылар қатарға қосылып кетеді.
Келесі топ - "Үмітсіздер" немесе өмірден түңілгендер. Мұндай
оқушыларға мұғалім ерекше әдіс-тәсіл қолдануы керек. Бұлар қара жаяу емес.
Кезінде жақсы оқыған оқушылар. Бірақ бір кезде оқуда жеңіліс тауып, өзіне
деген сенімді жоғалтып қатарынан қалып қойғандар. Мұғалім осындай
оқушылардың үмітін ояту жолын іздестіруі тиіс.
"Күтпеген қуанышқа бөленген" оқушылар тобы. "Күтпеген қуаныш" деп
отырғанымыз - оқу-тәрбие саласындағы баланың болжаған жобасынан күтпеген
артық нәтижеге жетудегі қуанышы. Әрине, мұндай баланың күтпеген жетістігі
ұстаздың ұйымдастырумен жүргізіледі. Балаға күтпеген жетістік болғанымен,
ұстаз үшін ол белгілі. Бірақ оны ұстаз балаға күні бұрын айтпайды да,
баламен бірге күтпеген қуанышқа бөленгендей болып бірге қуанады. Бірақ бұл
- ұстаздың қүпия. Дегенмен жетістікті күтпеуі де мүмкін. Себебі оқушының
сол жоспарды орындай алатыны және орындай алуына күмәнді оқушылар бар.
Әсіресе, сол күмәнділер жобалы тапсырманы дұрыс орындаса ұстазға да
күтпеген қуаныш.Осы күтпеген қуанышты жасаудағы ұстаздық әдіс-тәсілдердің
түрлері бар.
Қуануға сатылап немесе біртіндеп жету. Біріншіден, психологиялық шабуыл
жасау. Баланың тапсырманы орындаудағы жүрексінуін жеңу, соған психологиялық
жағдай жасау, баланың осы тапсырманы орындай алуынаэмоционалдың әсер ету.
Екіншіден, эмоционалдық одақтасу. Ұстаз және оқушы қиын істі бастап
жеңу үшін одақтасады. Мұғалім баланың жүрексінуін жеңуге көмектеседі.
"Оқудағы нәтижесіздік - уақытша, кездейсоқтықтан пайда болған. Сол
жеңілісті жеңуге болады", - деп баланы сендіру керек.
Үшіншіден, негізгі бағытты таңдап алу. Мұғалім баланы сендіргеннен
кейін, сол жетістікке жетудің жолын анықтайды. Оқу процесінде кездеседі
деген кедергілердің алдын алады.
Төртіншіден, оқуда кездесетін қиындықты болжай отырып, мұғалім
күмәнданатын балаға тапсырманы басқа балалармен бірдей бере береді. Бірақ
күмәнді баланың жұмысында кездесетін қиындықтың алдын алып, көмектеседі.
Бесіншіден, жұмыстың нәтижесін талдағанда күмәнді баланың қиындықты
жеңе білгенін атаған жөн. Бірақ келесі жолдары күмәнді бала мұғалімге арқа
сүйей бермей, өзінше еңбектенгені де дұрыс.
Алтыншыдан, күмәнді баланың күмәні сейілгеннен кейін жалпы қатарға
қосып оқытуға болады.
Қысқасы, баланың күмәнін сейілту үшін педагогикалық алты кезектен
сатылап өтіп, жүрексінетін баланы жалпы қатарға қосуға мүмкіндік бар.
"Күтпеген қуанышқа" кенелудің тағы бір жолы - ол балаға үміт арту.
Үміт арту екі жаққа да бірдей. Мұғалім балаға үміт артқанда, өзі де іштей
баланың күтпеген қуанышына өз үлесін қосады, үміттендіреді, үміттенеді.
Үміт ақталғанда екі жақ та күтпеген қуанышқа кенеледі.
"Жалпы қуаныш-мақтаныш" жағдайы. Бала жалпы қуанышқа жора-
жолдастарының, өзінің пір тұтатын жолдастарының, мұғалімдердің оқу-
тәрбиедегі жетістігіне қуанғанда кенеледі.
Жалпы қуаныш-мақтанышты да мұғалім ұйымдастырады. Жалпы қуаныш - аяқ
астынан бір нәрсеге қуану, сыртқа шығарып қуану, іштей қуану, т.б. болып
бөлінеді. Жалпы ортақ қуаныш - мақтанышқа балаға, мұғалімге, жолдастарына
қатысы бар қуаныш жатады. Жалпы қуаныш - мақтаныш. Ол - мектептің, ұжымның,
жолдастарының қуанышы. "Онымен мектепте бірге өсіп едік немесе бір партада
отырып едік ", - дегендей мақтаныш-қуаныштар болады.
Дегенмен өмірде көре алмаушылық та болуы мүмкін. Қуаныш-мақтаныш
ортақ, бірақ бәрі бірдей қуанып мақтанбайды. Бірақ жалпы ортақ қуаныш-
мақтаныш еш уақытта өз қасиетін, мазмұнын жоғалтпайды. Кейде ортақ қуаныш-
мақтаныш баланың басын айналдыруы да мүмкін. Сондықтан ондай жағдайды
мұғалімнің қадағалағаны жөн. Қуаныш-мақтанышқа кенелушілерді үш топқа
бөлуге болады.
Бірінші топ — санаткерлік қабілеті нашар, жалқаулығы басым. Бірақ ел
қатарлы, орта топта жүріп, қоғамдық жұмыстарды орындап, жолдастарымен жақсы
қатынаста болып, мұғалімнен ескерту алмай оқитын балалар осы топқа жатады.
Ондай балалар елгезек, тәртібі дұрыс болып келеді. Мұндай оқушыларды қуаныш-
мақтанышқа кенелту үшін, оларға өр уақытта жол салып беріп тұру керек. Бір
кезде өзінше жұмыс істеу қабілетіне жеткенде мұғалім ондай балаларды
жетектегенді доғарады.
Осындай топтағы оқушыларға қолданатын тәсілдің бірі "Менің істегенімді
қайтала" деген алгоритм. Мұның мақсаты – алға озып кеткен оқушыны қуып
жету, соған психологиялық тұрғыда дайындау, баланың сана-сезімін ояту. Осы
алгоритмнің бірінші жолында сыныптағы оқушылардың, сынып ұжымының
санаткерлік ахуалын анықтау, яғни кімге еліктеу керек, кімді қуып жету
керек? Егер де сынып ұжымының көпшілігі ұйқылы-ояу болса, онда ондай ұжымда
бұл алгоритмді пайдалануға болмайды.
Алгоритмді пайдаланудың екінші жолы. Мұнда осындай топтағы оқушыға
интеллектуалды демеуші табу керек. Ондай демеуші жоғары сынып оқушыларының
арасынан жақсы оқитын, өз еркімен көмек беруге даяр, ағалық қамқорлық жасай
білетін адам болғаны дұрыс. Демеушілік көмекті біреу күштеп жасата алмайды.
Ол ерікті қызмет. Ондай көмекті төменгі сынып оқушысы да арланбай қабылдай
алады. Демеушілік қызметте бірге сабаққа дайындалу, іс-шараларға, кештерге
қатысу, бос уақытты бірге пайдалануға болады.
Алгоритмнің үшінші кезегінде мұғалім атқарылған істің нәтижесін
қорытындылайды, қолдау көрсетеді. Осы істі сынып оқушылары да қолдайды.
Осындай жақсы іс жеке баланы да, сынып ұжымын да, демеушіні де, мұғалімді
де қуаныш-мақтаныш сезіміне бөлейді.
Екінші топ — санаткерлік кемшілігі жоқ, оқуға деген қабілеті бар,
жолдастарымен, мұғалімдерімен дұрыс қатынастағы, бірақ бір жағдаймен
қатарынан қалып қалған оқушылар тобы. Бұл оқушылар қоғамдық жұмыста да
белсенділік танытады. Осы топтағы оқушылардың бір ерекшелігі - олардың
оқуға деген қызығушылығы біртіндеп өрмен қарай төмендеп кетуі мүмкін.
Мұндай оқушылар өте эмоционалды болуы мүмкін. Оларды қолдау немесе тежеу
тәсілдерін жөнімен қолданған жөн. Осы жерде мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді
жөнімен қолдануына болады.
Шынайы налу немесе шынайы ренжу тәсілі. Мәселен, мұғалім оқушыны
өзінің шын сезімімен беріліп жұмысқа тартса, жетістікке қуанса немесе
сәтсіздікке шын жүрегімен налыса, ондай тәсілден оқушы қорытынды шығарады.
Бұл қасиет көрінген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Және бұл тәсіл
жасанды болмауы тиіс. Жасанды тәсілді оқушы тез сезіп қояды.
Орын немесе рөлдерді алмастыру тәсілі. Бұл тәсіл мектептерде жиі
қолданылады. Оны оқушылардың мектепті, оқу-тәрбие жұмысын басқару
күндерінде пайдаланады. Аптасына бір күн оқушы мұғалімнің, директорның,
оның орынбасарының қызметін атқарады. Біз мұны "Оқушылардың өзін-өзі
басқару күні" деп те атаймыз. Бұл күні мұғалімдер бақылаушыр өлінде болады.
Мұндай төсіл оқушылардың басқару мүмкіншілігін ашумен қатар, олардың оқуға,
мектеп тәртібін сақтауға деген құлшынысын туғызады, ұжымдық татулыққа
итермелейді. Бұл тәсілдің тағы бір ұтымдылығы - ол әрбір оқушының оңуға,
тәртіп сақтауға деген ниетін ашып, ойын арқылы шынайы жұмысқа араластырады.
Әркімнің өзіндік ерекшеліктері анықталады, қабілеті ашылады. Бірақ бұл
жұмысты өз бетінше жіберуге болмайды. Мұны мұғалімнің білдіртпей шебер
ұйымдастыруы, басқаруы керек. Кей жағдайда рөлмен алмасуда сәтсіздік болуы
да мүмкін. Кейбір оқушылар ұжымды басқаруда не ұяңдық танытып немесе
сайқымазақтыққа салынып кетуі мүмкін. Мұғалім мұндайға жол бермеуі тиіс.
Осындай қателікке жол бермеудің кепілі - мұғалім сынып ұжымын жақсы
біліп, кімге қандай рөл беру керектігін күні бұрын анықтағаны дұрыс.
Мұғалім ұжымдың эмоционалдың ортаны сезіп, оның санаткерлік ортасын тани
білсе, осы екеуін қосып ұтымды пайдаланса, онда ешқандай қателік
жібермейді. Бұл екі ортаны меңгеру үшін мына элементтерді біліп, іске
асырған жөн: Біріншіден, оқушылардың өзара қатынасы. Екіншіден, мұғалім мен
оқушылардың өзара қатынасы. Үшіншіден, сыныптағы топтардың өзара қатынасы.
Төртіншіден, жеке оқушы мен ұжымның қатынасы.
Осы аталған қатынастар дұрыс болса, онда оқушылар ұжымының сезімдік,
санаткерлік ортасы жайлы болады да, әрбір оқушының дамуына мүмкіндік
береді.
Егер де сынып қолдамаса жеке оқушының оқудағы, тәртіптегі жетістігі
түкке тұрмайды. Қайта ондай оқушылар жек көрінішті болады да, оқуға деген
ынтасы жоғалады. Бұл жаңағы оқушыға қуаныштың орнына реніш
әкеледі.Эмоционалды орта мен санаткерлік ортаның қосындысы балаға қуаныш,
ұжымға мақтаныш әкеледі.
Бірақ эмоционалдық орта мен санаткерлік ортаның арақатынасы бірдей
емес. Ол баланың жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне байланысты.
Төменгі сынып оқушыларына эмоционалдың ахуал тән болса, негізгі мектеп
оқушыларында эмоционалдық ахуал мен интеллектуалдың тепе-тең, ал жоғары
сынып оқушыларында интеллектуалдық ахуал басым.
Осы фондарды іске қосу үшін "Еліктегіштік", "ертіп әкететін" тәсілді
пайдаланған жөн. Жалпы мектеп оқушылары еліктегіш келеді. Әсіресе, жаман
қылыққа баланың жаны үйір, еліктегіш. Бірақ осы еліктегіштік тәсілді мектеп
мұғалімі оқушыларға пайдалы жағымды жағынан қолданғаны дұрыс. Ол үшін сынып
ұжымында еліктеуге жарайтын оқушылар болуы тиіс. Олар еліктеудің
генераторы, аккумуляторы болып саналады.
Осы еліктегіштік төсіл өз деңгейінде жүргізіліп, оқушылар (генератор
да, сол генератордан қызу алған оқушы да) қанағат алса, тәсіл нәтижелі
болса, онда мұғалім де, сынып оқушылары да, жеке оқушы да қуанышқа,
мақтанышқа кенеледі.Сонымен, жалпы қуаныш-мақтаныштың формуласы
төмендегідей болады:Біріншіден, оқушының күткен немесе күтпеген қуаныш-
мақтанышы.Екіншіден, мұғалімнің қолдауы. Үшіншіден, сынып ұжымының кейбір
мүшелерінің осы қуанышқа ортақтасуы. Төртіншіден, осы ортақтасқан
оқушыларды мұғалімнің қолдауы. Бесіншіден, ұжымның ортақ қуанышына
мұғалімнің де қуануы. Осы бес сатыдан тұратын формула жалпы қуаныш-
мақтаныштың формуласы болып табылады.
"Еліктегіштік, ертіп өкететін" тәсілді толық қолдануға мынандай төрт
жағдай әсер етуі тиіс: Біріншіден, ұжымда жағымды эмоционалды,
интеллектуалды жағдай болуы. Екіншіден, еліктеуге тұратын оқушы немесе
оқушылардың болғаны. Үшіншіден, жарыса жұмыс істеу, бәсекелестіктің жағымды
жағын пайдалану. Жарыс болу үшін жарысқа түсетін екінші жақ болуы тиіс.
Жарысатын адамы жоқ болса жарыс шықпайды. Және ескертетін жайт, жарысты
мұғалім басқара, ұйымдастыра білуі тиіс. Егер екі оқушының немесе екі
топтың жарысы бақылаусыз, ұстаздың басқаруымен жүрмесе ондай жарыс оның
жегізеді де, бақ талас пен тақ таласқа айналады. Ондай жарыс ұжымды
ұйымдастырмайды, қуаныш әкелмейді. Керісінше, реніш, бақытсыздың, ұрыс-
керіс әкеледі. Мұндай жарысты ұйымдастыруда мұғалім дипломатияны қолданғаны
абзал. Төртіншіден, жарыста мұғалім балаларға "Сендер өзара жарысасындар"
деп айтпайды. Бірақ балалардың өзара жарысуына түрткі болады, оны қолдайды.
Балалардың өзара жарысының түрлері көп. Мәселен:
Біріншіден, мұғалімге жақсы жағынан көріну үшін жарысады.
Екіншіден, сыныптағы лидердің көңілінен шығу үшін жарыс.
Үшіншіден, жолдастарының алдында беделін өсіру үшін жарыс.
Осы жерде топтан лидер суырылып шығады да, топтың мүддесін қорғаушы
болады. Мұның бәрін мұғалім мұқият қадағалап, жарыс барысына түзетулер
енгізіп, дұрыс бағыт береді. Мұғалім көшбасшысын (лидерді) анықтап алғаны
жөн. Бірінші топ пен екінші топтың өзара бөсекесін лидер басқарады. Ал
мұғалім лидер арқылы топтарды басқарады, қуаныш-мақтаныш, реніштеріне
ортақтасады. Мұғалім бір топтың жеңілісі арқылы екінші топты жеңіске апара
алмайды. Жарыс екі жаққа да бақыт, қуаныш, мақтаныш өкелуі керек.
"Еліктегіштік, ертіп әкету" немесе осымен ұжымды толық "ауырту"
дегеніміз - ұжымды қалыптастыру, алға жетелеу, татулық, бірлік,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Осындайда балалардың бір-
біріне деген ыстық ықыласы болады, бір-бірін сыйлайды, достық ұзаққа
созылады, қуанышын, ренішін бөлісе алады. Осы жағдайда "Бірі үшін бәрі,
бәрі үшін бірі" деген ұранға жүгінеді. Бұл бір қарағанда кеңестік ұранға
ұқсауы мүмкін. Бірақ нағыз дос-жарандарда осындай қатынас болуы тиіс. Оны
ұйымдастыратын, түрлі әдіс-тәсілдерді балаларға сездірмей пайдалана білетін
мұғалімдер - шебер ұстаздар. Ол көрінген ұстаздың қолынан келе бермейді.
Оқу-тәрбие жұмысының дұрыс бағытта дамуына оқушы отбасының қуанышы.
Қуаныш-мақтаныш сезімі тек мектеп оқушыларының, сынып ұжымының, олардың
мұғалімдерінің арасында ғана болып қоймайды. Баланың қуаныш-мақтанышына
отбасы да ортақ. Керек болса баланың оқудағы, тәрбие саласындағы
жетістігіне ең бірінші отбасы қуанып, мақтанады. Отбасылық қуаныш-мақтаныш
- балаға бәрінен де қымбат. Осы жағдай баланы алға талпындырады,
эмоционалдық жақсы жағдай туғызады. Оның жолдастарының арасында еркін
сезінуіне мүмкіндік береді, сынып арасында өзін эмоционалдық еркіндікте
ұстауға қолайлы жағдай туғызады. Отбасындағы жақсы эмоционалдық жағдай —
мектептегі эмоционалдық жақсы жағдайдың бастауы. Осы екі жақсы эмоционалдың
жағдайдың тізгіні де ұстаздың қолында болып, оның өрмен қарай дамуын
қадағалап отыру қажет. Егер де баланың оқуына, оның жетістігіне отбасы
қызығушылық танытып, мектеп мүғалімдерімен одақ құрса, онда отбасының ұтары
көп, қуаныш-мақтанышқа кенеледі.
Отбасы мұғалімдер сияқты әдіс-тәсілдерді ойлап жатпайды, ол
мұғалімдердей бұл жұмысқа ғылыми түрде қарамайды. Отбасы күнделікті баланың
жетістігіне қуанады, мақтанады. Мұны біз интуитивтік қатынас дейміз. Себебі
отбасы мен баланың қатынасы ата-ана сезімінен тұрады. Мұнда ғылыми тұрғыда
жоба жоқ. Мұғалім баланы қанша бір жаңсы көріп, өзіне тартып қызметтес
болғанымен, ол ресми адам. Ал әке-шешенің баласымен қатынасы сезім арқылы
жүреді. Мұғалім оқушымен қатынас жасағанда әке-шешені педагогикалық тұрғыда
сауаттандырып, өзіне одаңтастыққа тарту керек.
Әке-шеше педагогикалық тұрғыдан қанша бір сауатсыз болғанымен, олар
интуитивті түрде (ішкі сезім арқылы) баласының ішкі жан дүниесін түсінеді,
сезеді, бола-шағына сенеді. Сондықтан да бала өзінің ойын әке-шешемен
бөліседі, ашылып ойындағысын айта алады. Әке-шешесі баласын психологиялық
тұрғыдан да түсінеді.
Әке-шешесі баласын сырттай жүріс-тұрысынан танып біліп, ішкі
психологиясына үңіле алмаса, жас мүғалім баланы сырттай да, іштей де тани
алмайды. Әрбір жеке баланы әке-шешеден артық білетін адам жоқ. Мұғалім ата-
анамен бұл мәселе бойынша жарысқа түсе алмайды.
Бұл жерде мұғалімді де кінәлай алмаймыз. Себебі олардың жоғары оқу
орнында алған психологиялың білімдері жеткіліксіз. Ол білім өмірде
пайдалана келе бекиді, теория тәжірибемен ұштасады. Жас мүғалімге
балалардың бәрі бірдей болып көрінеді.
Дегенмен бала тәрбиесінде, оқуда мұғалімнің көмегі ауадай қажет. Егер
мұғалімнің көмегімен баланың жақсы қасиетін, талантын ашса, ата-ана мен
баласы мұғалімге мәңгі қарыздар. Ондай мұғалімге олар бас иеді. Бірақ
мұғалімнің ішінде де мұғалім бар. Кейбір мұғалімдер баланың тек жаман жағын
ғана байқап, соны мәңгі бақи дәлелдеуге тырысады. Бұл мұғалімге жақсы
қасиет емес. Ондайдан аулақ болу керек.
Бірақ мұғалімнің бір ерекшелігі - ол көп жағдайда баланың іс-әрекетіне
әділ -сын көзбен қарайды. Қарға баласын "аппағым" дегендей, әке-шеше
баласының нашар қылығын байқай бермейді, байқаса да мән бермейді, оны әр
уақытта қорғайды, ақтайды. Сондықтан да мұғалім -балаға әділ сыншы. Себебі
мұғалім әрбір баланы салыстыра отырып, көп жылдық тәжірибені пайдаланып ата-
анаға ақыл-кеңес береді. Бұл жағдайда әке-шешемен мұғалімнің арасында
келіспеушілік болуы да мүмкін. Осындайда бала саудаға түскендей болады. Бұл
сауда емес. Екі жақтың бала туралы тартысында ешкім ұтысқа ие бола алмайды.
Ұтыс тек екі жақ ортақ келісімге келген жағдайда ғана болады.
Мұғалім өзінің көзқарасын дәлелдеуден бұрын, баланың жаман жағын емес,
жақсы жағын айтып барып, ұрыс-керіске бармай-ақ ойын дәлелдеуге болады.
Мұғалім білімдар болмай, ақылшы, кеңесші болуы тиіс. Сонда ғана ата-ана
мұғалімге сенім артады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz