Қазақ жырлары



Жоспар:

1. Тұрмыс.салт жырлары.
2. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
3. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
4. Үйлену салтына байланысты туған өлең.жырлар.
5. Көңіл күйді білдіретін өлең.жырлар.
6. Бата.тілектер.
Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:

1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.

Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопан ата, Сиыр атасы – Зеңгі баба, Жылқы атасы – Қамбар ата, Түйе атасы – Ойсыл қара, Ешкі атасы – Шекшек ата. Шопан атадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбар атадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгі бабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсыл қарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмеген момыным» деп.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 “ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ” кітабы
 “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы
 http://pvlabai10.edu.kz
 http://itest.kz/exam_lecture?id=473

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ №2

СӨЖ №2

Орындаған: ___________
Тексерген: ____________
Орындаған: ___________
Тексерген: ____________

Жоспар:

1. Тұрмыс-салт жырлары.
2. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
3. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
4. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
5. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
6. Бата-тілектер.

Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:

1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.

Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі - төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы - Шопан ата, Сиыр атасы - Зеңгі баба, Жылқы атасы - Қамбар ата, Түйе атасы - Ойсыл қара, Ешкі атасы - Шекшек ата. Шопан атадан Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер, Қамбар атадан Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер, Зеңгі бабадан Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер, Ойсыл қарадан Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер, - деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі - Малдың баласын сүюі өлеңі.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмеген момыным деп.

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыда баспаған қорқағым деп.

Түйе сүйеді баласын боташым деп,

Жаудыраған көзіңнен тоташым деп.

Ешкі сүйеді баласын лағым деп,

Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.

Жылқы сүйеді баласын құлыным деп,

Тұлпар болар жүгірген жұрыным деп.

Халық ауыз әдебиетінде аңшы-мергендермен қатар алғыр қыран құстар мен жүйрік тазылар да өлеңге қосылған. Өлеңдерде олардың адам баласына пайдасы, көмегі, атқарған қызметі баяндалған. Халық арасына кең тараған әннің бірі - Көкжендет.

Көкжендет, тұғырың алтын, жібек баулы,

Бар ма екен Көкжендеттей қыран шәулі?!

Күніне отыз үйрек, қырық қаз іліп

Кеш болса отырушы ең тояттаулы, -

деген жолдарда Көкжендеттің алғырлығы, тигізген пайдасы туралы айтылған.

Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі - Наурыз жыры. Қыстың ызғары кетіп, елдің ауыр еңбектен қолы босап, аққа аузы тиеді. Оны кәрі-жастың құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен Ұлыстың ұлы күні дейді. Наурыз күні

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар..

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Бәле-жала жерге енсін!.. -

деген өлең жолдарымен үлкен-кіші, кәрі-жас бір-біріне игі тілек тілеген.

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі - сәбидің дүниеге келуіне байланысты туған өлең-жырларға шілдехана жыры, бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқамінер жыры жатады.

Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Шілдеханаға жиналған көпшілік домбыра тартып, ән салып, айтысып, таң атқанша көңіл көтереді. Ән-жырмен жас анаға, өмірге келген сәбиге жақсы тілек тілейді.

Бесік жыры - ананың балаға деген ыстық мейірімі мен аналық махаббатын көрсететін тұрмыс-салт жырының бір түрі. Ана сәбиінің бесігін тербетіп отырып:

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым,

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай.!

Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің? -

деп, баласына деген аналық сезімін, одан күтер үмітін, артар сенімін өлең арқылы білдіреді.

Бала қаз тұрып жүре бастағанда, аяғын ала жіппен күрмеп, тұсауын кесу салтында айтылатын өлең-жыр - тұсаукесер жыры. Тұсау кесуші адам:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер, -

деп өлеңдете отырып, баланың өмірге аттаған қадамына сәттілік тілейді.

Бала төрт-бес жасқа толғанда өзіне арнаған тай немесе құнанына мінгізіп, қуаныш қылған тойында тілек, бата түрінде айтылатын жыр - атқамінер жыры. Тойға жиналғандар:

Ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал, тілек.

Жасыңнан малды баға біл,

Атқа жақсы шаба біл.

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл.

Мінеки, атқа міндің - ашылды жол, -

деп, балаға үлкен жауапкершілік артып, сана-сезімінің оянуына, тез есеюіне әсер еткен.

Тұрмыс-салт жырларының келесі түрі - үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларға жар-жар, тойбастар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлпештеу поэзиясы
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Әлпештеу поэзиясының жіктелуі
Махамбет Өтемісұлы жайында
Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл
Халықтық педагогикадағы ән-жырлар
Фольклор және әдебиет
Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Пәндер