Мемлекеттік және құқық теориясы.


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Мұғалжар гуманитарлы - техникалық колледжі
Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
Пәні: Мемлекеттік және құқық теориясы.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Азаматтық құқық субъектлері»
Топ студенты Қ-206: Ж. Табылғанов
Оқытушы: Ж. К. Джубаниязова
(қолы)
Қорғау күні:
«___»2014ж.
Бағасы
Қандыағаш 2014ж
МАЗМҰНЫКіріспе . . . 2
Мемлекет механизмі ұғымы және қағидалары . . . 6
1. 1 Мемлекет механизмінің түсінігі . . . 6
1. 2 Мемлекеттік механизмнің негізгі қағидалары 10
1. 3 Мемлекет органдары15
ІІ Қазақстан республикасының мемлекттік аппаратының құрылымы28
2. 1 Өкілетті органдар28
2. 2 Атқарушы органдар32
2. 3 Сот билігі35
Қорытынды . . . 39
Пайдаланған әдебиеттер . . . 42
КІРІСПЕ
Мемлекеттің сан қилы механизмі болады. Мемлекет - саяси биліктің ерекше ұйымы ретінде басқару механизмі арқылы қоғамның қалыпты өмір сүруін қамтиды. Мемлекет механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған ішкі тұтастығымен және өзара байланыс-тылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекет-тің механизмі, оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты құралады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын мемлекеттік ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылығы оның органдары тең мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Қазақстанның өз егемендігін алып, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолында келеді. Қазіргі мемлекет аппараты көптеген органдар, заңды тұлғалармен, мемлекет - экономикалық, мәдени, саяси - әлеуметтік, ұлттық және басқа қоғамдық қатынастардың дамуын, елдің қорғанысымен қауіп-сіздігін, сонымен қатар заңдылық пен реттіліктің болуын қамтамасыз етуде. Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Ресепубликасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді. Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың, билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заң бұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Мемлекеттік механизм деген - мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына - мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол - мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы - халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т. б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т. б. қағидалар.
Курстық жұмыстың мақсаты: «Мемлекет механизміндегі» тақырыбын толығымен ашу болып табылады. Ол үшін мемлекет механизмі түсінігі мен қағидаларын және мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін, мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның теориялық сипатын беру.
Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мемлекет механизмінің ұғымын зерттеу;
- Мемлекет механизмінің негізгі қағидалары және құрылымын анықтау;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымын талдау.
Курстық жұмыстың объектісі мемлекет механизмі ұғымы мен болып табылады.
Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі болып ҚР нормативтік-құқықтық актілері, заңдары, отандық ғалымдар мен құқық саласындағы мамандардың еңбектері, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.
І Мемлекет механизімі ұғымы және қағидалары 1. 1 Мемлекет механизмінің түсінігі
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Механизмнің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Механизм - дегенiмiз бiр неше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын басқару (аппараты) болады. Мемлекет механизмi - бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар мемлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi - белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет басқару бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.
Механизмнің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады [5, 26б. ] .
Мемлекеттің механизмі бұл - мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмнің мәні зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтар мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы күш, бұл мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. Мемлекет механизмінің құрамы, қамтамсыз етілуі, бағытталуы көрнекі түрде 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. Мемлекет механизмі
Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік - міндетті салдарды туындатады [6, 38б. ] . Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
- Құқық шығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
- Құқық қолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
- Құқық қорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет.
Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:
- өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстылығы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
- биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым және тағы басқа салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
- басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
- мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып биліктің айрықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру мәжбүрлеу ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция, түрме, барлау және контор барлау) табылады. Мемлекет құрылымының үшінші бір түріне келетін болсақ (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.
Мемлекет механизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің шексіз құқықығы. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдарының жүйесі [7, 50б. ] .
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынасы туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір-бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекеттік механизмінің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратта, мемлекеттік жергілікті өкілді органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра жергілікті өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.
1. 2 Мемлекеттік механизмнің негізгі қағидаларыМемлекет механизмінің қағидаларының санын көрсететін айтылған екі шекті тәсілдермен қатар автордың қазіргі заманғы мемлекет қызмет негізінде болуы тиіс, маңыздырақ, негіздірек қағидаларды айту ынтасы көрінетін ұстамдырақ тәсілдер бар.
М. Н. Марченкомен ұсынылған мемлекет механизімінің ұйымдастырылуы және қызметінің қағидаларының жіктелуіне көңіл аударайық, ол мемлекет механизмінің (аппараттың) қызметінің келесі негізгі қағидаларын айтты: қызмет атқарылу мен құрылудың үйлесімділігі; іс әрекет нәтижелілігі, заңдылық және конституционалдық, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары этикалық талаптарды орындау, парламент депуттаттарының және мемлекеттік шенеуніктердің саяси адалдығы. Қағидалардың бірі мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен қызметінің заңдылығы мен конституционалдылығы қағидасы. Айта кету керек, заңдылық ғана емес, сонымен қатар саяси мәнге ие бола тұрып, заңдылық және конституционалдық түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінің негізгі әдісі ретінде орын алады. Түрлі елдердің мемлекеттік аппаратының қызметіне қатысты заңдылық және конституционалдық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тиісті қызметтерін ағымдағы конституцияға, қарапайым заңдарға және өкілеттіктердің бекітілген заңдылық тәртібіне байланысты заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыруы. Заңдылық және конституционалдық қағидасы, сонымен бірге, оған бағынышты органдардың, ұйымдардың және мекемелердің күшіндегі нормативтік құқықтық актілердің, жемқорлықпен күрес, оған қоса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын түрлі бұзушылықтардың, қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымының қатаң және бұл тартпас істелуін қамтамасыз етуін білдіреді.
Ескертіп өту керек, заңдылық және конституционалдық құбылыс және түсінік ретінде қоғам мен мемлекетпен байланыссыз болуы мүмкін емес. Бұл абстракция. Заңдылық және конституционалдық әрқашанда мемлекет және құқықтық белгілі бір нысандарына, қоғамның белгіленген мәні мен даму деңгейімен ара қатынасы белгіленеді [8, 33б. ] .
Осыдан шығатыны, ғылыми әдебиетте заңдылық және конституциялықты жалпылай қарастырмайды, тек мемлекеттің және құқықтың құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік нысандарында қолданылады.
Кез келген заңдылық және негізін түрлі мемлекеттердің конституциялары, сонымен бірге олардың даму барысында қабылданған заңдар құрайды. Нақты, жақсы дамыған, практикалық өмірдің үздіксіз өзгеріп отыратын және жоғарылайтын талаптарға жауап беретін заңнаманың болуы жекелеген мемлекеттік органдардың және бүкіл мемлекеттік механизмнің бүтіндей қызметіндегі заңдылығын және Конституциялығын біртіндеп бекіту үшін маңызды және қажетті шарты болып табылады.
Заңдылықты және конституционалдықты қатаң және бұлтартпай орындау тек мемлекеттік емес, сонымен бірге мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметінің маңызды қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің конституциялары ережені бекітеді, оған сәйкес бүкіл мемлекеттік органдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар конституцияны және соның негізінде және дамуында шығарылған заңдарын бұзбауға міндетті. Бүкіл теориялық органдар және ұйымдар, сол сияқты бүкіл саяси және қоғамдық бірлестіктер конституция және басқа да заңдар аясында қызмет етуі тиіс.
М. И. Байтин мемлекеттік механизм қағидаларының жүйесін құрылуына қаншалықты өзгеше тәсіл айтады. Ол бүкіл мемлекеттік механизм және оны құратын бүкіл мемлекеттік органдардың жалпы қағидаларын және мемлекет механизмінің тек кейбір бөлімшелеріне, жеке органдар мен органдар тобына қатысты жеке қағидаларды ажыратуды ұсынады [10, 102б. ] .
Жалпы қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы және т. б. көрсетілетін қағидалар жатады.
Бірінші топ мемлекеттік механизм ұйымдастырылуымен қызметінің конституциялық бекітілген қағидаларды: халық билігін, гуманизмді, мемлекеттің құрылу формасына байланысты федерализмді немесе унитаризмді, билік бөлінісін, заңдылықты қамтиды.
Халық билігі қағидасы егемендік иесі және билік көзі - көп ұлтты халық болып табылатын мемлекеттің демократиялық ұйымдастырылуында, республикалық билік нысанында көрінеді. Халық өз билігін көптеген каналдар арқылы жүзеге асырады, соның ішінде тікелей өздері, мысалы, президенті және мемлекеттік биліктің өкілді органдарын сайлауы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары бойынша. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына сәйкес «Мемлекеттік биліктің бірден бастауы болып халық саналады. Халық өз билігін республикалық рефферендум арқылы және тәуелсіз сайлау арқылы тікелей жүргізеді және мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруға өкілдік етеді». Дегенмен, мемлекеттегі халық билігін жүзеге асыратын әдістердің қатарында мемлекетпен біріктірілетін органдар тұлғасындағы мемлекеттік механизм басты орынды алады [1] .
Мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметіндегі гуманизм қағидасы - тұлғаның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, адам және қоғамның құндылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясаты бар әлеуметтік мемлекет екендігін түсінуге негізделеді. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ең жоғарғы құндылығы бұл адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған. Совет мемлекеттік саясатында және тәжірибесінде бірінші орында мемлекет мүдделері, екіншісінде - қоғам мүшелері және үшіншісінде тұлғаның мүдделері тұрды. Енді бірінші орында тұлға мүддесі, екіншісінде қоғам және тек үшінші орында мемлекет мүддесі тұруы керек.
Гуманизм адам сүйгіштікті білдіреді. Билік органдары азаматқа қатысты қандай да бір сұрақты шеше отырып әрқашанда осы түсініктен бастамашылық етуі тиіс.
Мемлекеттік билік заңшығарушы, атқарушы және сот болып бөлінудің негізінде жүзеге асатынын көрсететін билік бөлінісі қағидасы түрлі билік тармақтарына жататын органдардың өз беттілігін, қандай да бір билік тармағының басқаларынан тым жоғарылауын болдырмау мақсатында тепе-теңдік және тежемелік жүйесін қамтамасыз ету қабілеттілігін, кімде кіммен билікті немесе биліктік өкілеттікті иемденуді, диктатура орнауын болдырмауын қарастырады. Бұл қағида, айтылғандай, қазіргі мемлекеттің механизмінің жүйе жасаушы фактор ретінде көрінеді.
Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болмауы. Бір организмнің (мемлекеттің ) бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік -тынысын қамтып, қоғамда бір тұтас басқаруды қамтамассыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ. .
Сөйтсе де, мұндай бірлік туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң шығарушы, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында (Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Т. Джефферсон және т. б. ) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен қағидаларын әлемнің көптеген елдері конституциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органға немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін ; 2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермейді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір қағидалар бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмәмдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады [12, 42б. ] :
- Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын заңдылық қағидасы;
- Мемлекет тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық қағидасы және олардың өзара қарым-қатынасы;
- Мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік-құқық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтын, меңгерудің және бақылау қағидасы;
- Мемлекет қайраткерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпқойлық пен құзыреттілік қағидасы;
- Жариялылық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру қағидасы.
Жоғарыда аталған қағидаларды санамалап шығу - бүгінгі таңда мемлекет механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес. Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет механизмінің кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге тырысатын жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді. Мемлекет механизмі дамыған қоғам дамуында бірдей емес функция мен құрылымды иеленеді. Мемлекет механизмі - бұл органдар мен мекемелердің арнайы жүйесі, сол арқылы қоғамды және басты мәселелерді қорғап, мемлекетті жүзеге асырады.
1. 3 Мемлекет органдары ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz