Джон Локк еңбегінде жан туралы



Кіріспе
1. Д.Локктың теориясының негізгі ойлары
2. Тәжірибе . идеялардың нәтижесі
3. Локк бойынша біріншілік және екіншілік қасиеттердің сәйкестігі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, т.б. есімдермен тығыз байланысты. (қараңыз. Психология тарихы). Жан – қазақ ұғымында да жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рухани құбылыс.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және
ішкі заттардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік, қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез,
әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.
Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердін пайда болуы, адамдар дың өздерінің дене құрылысы жа йында ғылыми түсінігі жоқ кездер де, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.
1. Бертран Рассел. История западной философии и ее связи с политическими и социальными условиями от античности до наших дней. М., 2001.
2. Васильев В.В., Кротов А.А. История философии: Учебник для вузов. М., 2005.
3. Краткий очерк истории философии / Под ред. М. Т. Иовчука, Т. И. Ойзермана, И. Я. Щипанова. Москва, 1960.
4. Локк Д. Опыт о человеческом разуме // Избранные философские сочинения. Т.1., М., 1960.
5. Соколов В. В. Европейская философия 15-17 веков. М., 1984.
6. Фролов И. Т. Введение в философию. М., 2002.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Д.Локктың теориясының негізгі ойлары
2. Тәжірибе – идеялардың нәтижесі
3. Локк бойынша біріншілік және екіншілік қасиеттердің сәйкестігі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, т.б. есімдермен тығыз байланысты. (қараңыз. Психология тарихы). Жан – қазақ ұғымында да жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рухани құбылыс.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және
ішкі заттардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік, қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез,
әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.
Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердін пайда болуы, адамдар дың өздерінің дене құрылысы жа йында ғылыми түсінігі жоқ кездер де, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.
Ойлардың шынайы орталығы Англия болған. Сондықтан, британдық эмпириктердің еңбегіне көңіл бөлінген, соның ішінде біздің қарастыратынымыз Джон Локк. Джон Локк есімі (1632-1704) Жаңа дәуірдің атақты философтардың арасында ғана емес, сондай ақ әлемдік тарихи-философиялық үрдісте танымал.
Локк 17 ғасырдың концепцияларының дамуында маңызды рөл атқарды. Тәрбие жайлы ойлар да Локктың идеяларына тән. Локк үшін бірінші орында – гносеологиялық және саяси-құқықтық мәселелер болған, ал адманың іс-әрекеті мен сана жайлы пікірлерге аз көңіл бөлген. Философтың негізгі еңбегі Адамның ақыл-парасаты туралы тәжірибе.
Жұмыстың мақсаты: Локктың адам танымы теориясының идеяларын бөліп алып, талдау жасау.

1. Д.Локктың теориясының негізгі ойлары
Англиядағы Ф. Бэконның және Т. Гоббстың ізін қуушы Джон Локк (1632 – 1704) болды. Ол материалистік сенсуализм принципін негіздеді, яғни барлық білімнің сыртқы дүниені сезімдік қабылдаудан пайда болады деп тұжырымдады. Оның негізгі шығармасы – Адамның ақыл-парасаты туралы (1690), бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін теріске шығарып, тәжірбиені барлық идеялардың бірден-бір көзі деп жариялады (Tabula rasa – таза тақта).
Джон Локк – эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Негізгі еңбектері: Тәрбие туралы ойлар, Адамның санасы туралы тәжірибе. Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін нағыз жігітті тәрбиелеу.
Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
Локк бірдеңені зерттеуден бұрын, біз танымның шектерін білуіміз қажет деп тұжырымдайды. Мен шындықты іздеймін, оның қашан және қайдан болмасын келетініне қуаныштымын. Сыртқы әлем жайлы білім алуда басты рөлді – эмпирикалық тәжірибе, қоршаған ортаның адамға деген әсері алады, сондықтан сезім кез келген танымның негізі болып табылады.
Сондықтан осы жұмысымда Локттың түсінігіндегі таным мен тәжірибе ұғымдарын қарастырып өттім.

2. Тәжірибе – идеялардың нәтижесі
Локк тәжірбиені екіге бөлді: сыртқы және ішкі тәжірбие. Алғашқысы – сезнуге негізделген, екіншісі – рефлекске негізделеді. Идеялар сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде, (сезіну идеялары), немесе жанның жай-күйіне және қызметіне бағыталған назарының нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялар).  Локк сезімдік қабылдау идеясында сапаны екіге бөлді: бірінші ретегі яғни объективті; екінші ретегі яғни субъективті. Объективті сапалар – заттар мен процестерге тән, ал субъективті сапа – заттардың өзіне тән сияқты, ал шындығында оларда болмайтын біздің сезім мүшелеріміз арқылы берілетін сапалар.
Ол сыртқы және ішкі тәжірибені сенсуалист секілді айқындайды, сезімді, ойларды (сыртқы танымнан алынған), туындаған рефлекстерді (сезім біздің жанымыздың жұмысының нәтижесі) ажыратады. Бұл ойларды ол жай деп атайды, ал ортақ ойларды, ойластыру процесінде туындаған ой сипаты (жанның) деп айқындайды. Тәжірибе түрлерін бөлу негізінде Локк бастапқы және кейінгі қасиеттерді ажыратып көрсетеді. Екеуін де сыртқы тәжірибе салдарынан алынған идеяларға қосады. Олардың арасындағы айырмашылықты Локк былай көрсетеді: сыртқы әлемнің ықпалымен пайда болғандықтан бастапқы қасиеттер объективті болады, ал кейінгі қасиеттер субъективті, ол біздің ағзамыздың сыртқы әлемге деген реакциясына қатысты: бұл заттардың иісі, түсі, дәмі жайлы түсінік. Кейінгі қасиеттер идеясы – бұл сыртқы әлемнен алынған деректердің ойластырылуының нәтижесі, олар біздің санамызда ғана өмір сүреді, сондықтан олардың сапасы барлық уақытта бастапқы қасиеттерге сәйкес келеді.
Ол: біздің барлық біліміміз тәжірибеге негізделген, ақыр аяғында ол содан туындайды. Бірақ ақыл барлық істе біздің соңғы қазымыз (сот) және басшымыз болуы тиіс деп атап өтеді. Локк ақылдың таным процесіндегі рөлін қарапайым эмпирикалық пікірлермен шектейді. Локк мынадай қорытындыға келеді: Таным ешқашан барлық сұрақтардың және мәселелердің шешімі таппайды..., таным идеялардың сәйкестігі мен сәйкессіздігінің қабылдануы... басқа танымдарға қарағанда сезімдік таным шектеулі.
Локктың философиясы дуалисттік сипатта. Бір жағынан, ол елестетулер біз санамызға түйсіктер, сезім органдары арқылы келетіндігін дәлелдеді. Сонымен, ол бұл жерде материалистік сенсуализм көзқарасында болды. Бірақ, екінші жағынан, сыртқы тәжірибеден басқа, ақылдың еке қызметі болып табылатын ішкі тәжірибе өмір сүреді деген көзқарасты білдіреді. Бұл идеялизмнің элементі болып табылады.
Локктың этикасы туа біткен моралдық идеяларды жоққа шығаруға негізделген. Бірақ Локк бәрін жаратқан құдайдың барын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джон Локктың педагогикалық теория жүйесі
Жаңа заман философиясы туралы
Джон Локктың педагогикалық теориясы
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
XVIII ғасырдағы Француз материализмі
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі
Педагогика ғылымының құрылымы
Пәндер