Мәншүк Мәметова туралы ақпарат


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Мәншүк Мәметова

Қыршын тағдыр

Досының көңілі тынсын деп

Дұшпанның белі сынсын деп. .

Мұрат Мөңкеұлы

Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары мен қыздары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін қорғады; халқымыздың өмірін қорғады, өз туған өңірін қорғады; ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады; пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!

Жеңістің 60 жылдық торқалы тойы планетамыздың барлық прогресшіл күштердің өміріндегі ерекше саяси оқиға. Дүние жүзіндегі біздің мемлекетіміздің тағдырын, әлемдік цивилизацияның, прогесс пен демократияның болашағын шешкен бұл жеңіс - адамзат тарихының ғұлама шежіресін жасады.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Жасқұс ауылында дүниеге келген. Туған әкесінің аты - Жеңсігәлі, анасының есімі - Тойылша. Ал өзінің азан шақырып қойған есімі - Мәнсия болған. Жеңсігәлінің немере інісі Ахмет пен оның әйелі Әмина Мәметовтар осы Мәнсияны үш жасар кезінде бауырларына басып, асырап алады. Бұдан былай қарай Мәнсияның өмірі Алматыда жалғасады. «Моншағым» деп еркелететін ата-анасы кішкентай қыздан «Атың кім?» деп сұрағанда «Мәншүк» деп жауап берген екен. Осылайша Мәншүк өз атын өзі қойып, бұдан былай Мәншүк атанып, осы есіммен тарихқа енеді. Осының өзінде Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматыдағы №28 мектепте оқып, білім алады. 1938-1940 жылдар арасында жұмысшы факультетінде (рабфак) оқиды. 1940-1942 жылдары Алматы дәрігерлер институтында оқиды әрі ҚазКСР Халық комиссарлары кеңесінде машинистка болып істейді. Ел басына қаралы күн туғанда ерлермен бірге майданға аттанбақ боп, бірнеше мәрте өзі соғысқа сұранып, өтініш жазады. Бірақ ол өтініш «халық жауының қызы» есебінде орындалмайды. Себебі, қазақтың алғашқы зиялыларының бірі болған әкесі Ахмет Мәметов 1937 жылы нақақ жаламен ұсталып, белгісіз жағдайда атылып кеткен болатын. Қаршадай қыздың жүрегіне қара дақ боп қатқан осынау тағдыр жіберген нала оны ерте есейтіп, нені болсын тура қарсы алар қайсарлыққа тәрбиелегені анық.

Мәншүк көбiнесе әкесiне елiктейтiн. Оның әкесi Ахмет дәрiгер болған. Ол аса жiгерлi, iскер, турашыл адам едi. Оның балаларға деген сүйiспеншiлiгiнде шек жоқ-тын. Ахаң жазғы каникул кезiнде пионер лагерьлерiнде дем алған оқушылардың денсаулығын байқауға баруға ыңғайланғанда, кiшкентай Мәншүк те киініп әкесіне еретiн. «Кiм болғың келедi», - деп сұраған адамға Мәншүк «дәрiгер боламын» деп бiрден жауап қайтаратын.

Қалайда майданға аттану қажет деп шешкен Мәншүк ақыры қоймай жүріп өзі сұранып, 1942 жылдың жазында Алматыда құрылған 100-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанады.

Бригада командирiнiң саяси жұмыс жөнiндегі орынбасары подполковник Сақтаған Бәйiшев, Великие Луки қаласы үшiн ұрыстардан шамалы-ақ күн бұрын Мәншүктiң тiлегiн қабыл алып, оны пулеметшілер ротасына жiберу жөнінде бригада командирi алдында мәселе қойды. Сөйтіп, қабырғасы онша қатпаған Мәншүк үш адам әрең көтеретін пулеметті оқып-үйреніп, соны меңгеруге кірісті. Көп ұзамай ротадағы сенімді жауынгерлердің бірі болып, майдандық өмірдің ыстық-суығына солармен бірдей төзіп, әскери міндетін тиянақты атқарады. Бірте-бірте ротадағы пулеметшілердің ешқайсысынан кем түспейтін үлгілі жауынгерлердің қатарына қосылды . . .

Мәншүк пулеметші мамандығын игерген шақ неміс фашистерінің Сталинградты алқымға алып, Солтүстік Кавказға қолын салған аса бір қиын, ауыр кезең еді. Жаумен болған бір шайқастан кейінгі үзіліс кезінде пулеметшілер жайғасқан жерге артиллерия дивизиясының комсомол ұйымының секретары кіші лейтенант Тұраш Әбуов жүгіріп келді де, солдаттармен амандасқаннан кейін, Мәншүкке бет бұрып: «Мәншүкжан, сен осы Баубек Бұлқышевты аузыңнан тастамайтын едің. Сені оның тағы бір тамаша мақаласымен қуантайын деп келдім, мына газет саған әкелген сыйлығым. Өзің де оқы, жігіттерге де оқып бер», - деді де траншеядан атып шығып, өзінің дивизионы тұрған жаққа қарай жүгіре жөнелді. Мәншүк газет беттерін шолып өтті де:

  • Жолдастар, Баубек ағаның бүгінгі мақаласы тіпті отты екен, тыңдаңыздар, мен оқып берейін, - деді.

« . . . - Ел қорғауға ер намысымен аттанаған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» деп сар даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында бір шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол - ант! Ол - серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел шырқатып «Елім-айды» салайық. Қайғымен емес, жауға елімізді бермейміз деп, жігерленіп салайық, қасіретпен емес, ел үшін, жер үшін өлімге қарсы жүреміз деп серт бере салайық. Сен қайда болсаң да біздің даусымыз қосылады. Сен түстікте, мен батыста бір фашистен өлтірсек, Отан екеу деп санайды. Біздің ән де, қимыл да осылай ұштасады!. . »

- Мәншүктің пулеметші болуына мынадай бір оқиға себеп болды. Великие Луки қаласына қарай шабуылға шығудан бұрын, жаумен болған бір шайқас кезінде көптеген санитарлар жараланып қалды. Олардың орнына штабтың бірнеше қызметкерлері және Мәншүк ұрыс жүріп жатқан шепке барып, жараланған жауынгерлерді қауіпсіз жерлерге шығарды. Мәншүк қасымда жүр еді, аяқ астында жоқ болып кетті. «Ойпырмай, Мәншүкке не болды» - деп, үрейленген мен жараланған жауынгерді қолтықтап, санбатқа жеткіздім. Біраздан соң немістер кейін шегініп, ұрыс аяқталды. Жараланғандарға операция жасалып жатқан жертөледен енді шыға берсем, есік алдында Мәншүк тұр екен. - Саған не болды, Мәншүк, қайда жоғалып кеттің? - дедім, - деді 100-ші дербес атқыштар бригадасының байланысшысы А. Халимулдина.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
МӘНШҮК МАМЕТОВА – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ
Қазақтың батыр қыздары
Мәншүктің балалық шағы
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Қазақстанның ХХ ғ. мүсін өнеріндегі тұңғыш қазақ кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев шығармашылығының орны
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Еліміздің батыр қыздары
Ерлік салтанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz