Гормондар – организмнің өсуі мен дамуының реттеушілері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Гормондар - өте активті химиялық зат. Адам организмінің реттеушілері.
  2. Гормондар құрылысы, әсері.
  3. Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондары.

ІІІ. Қорытынды.

IV. пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагормондар, телегрондар .
Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидрокортизон т. б. ) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер - гормондар өздері түзілген бездерден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер - әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олардың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.

4. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар капиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.

5 . Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән болмайды, сондықтан олардың практикада қолданылу аясы кең болады.

6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.

7. Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері тірі торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған.

Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.

Гормондар нысана мүше торшаларына не тікелей, не нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферменттер концентрациясы мен белсенділігіне әсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферменттің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңділігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.

Бір гормон бір мезгілде бірнеше ферменттерге ықпал етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а- әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидазаның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін арттырып, ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормон әрекетінің механизмі олардың өздерінің құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне және әсер ететін нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен беткейлік мембранасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.

Мембраналық әсер белок тектес гормондарға тән. Олар торша ішіне енбей, оның мембранасындағы рецепторлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың ферменттік жүйелері, простагландиндер, кальций иондары т. б. элеметтер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бұл тобы торша мембранасындағы аденозинциклаза (АЦ) ферментінің белсеңділігін арттырады. Осы фермент пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған әсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 - монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады және екінші медиатордың ролін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады) . цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденозинциклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе құрайды.

Торшалық әсер стеройдты гормондар мен рилизинг - гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлік құрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүретін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын және биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.

Негізгі бөлім.

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жол­мен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Гормон - өте активті химиялық зат. Ол ішкі сенкрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп мүшелермен мүшелер жүйесіне тіпті бүкіл арганизмге әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Гармондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде бүйректе бауырда түзіледі. Барлық гармонадар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенмен тек қана клетканың мембронасымен қабысқанда ғана активтелінеді. Адам арганизміндегі гармондардың ішінде гипоталмус-гиповиз - бүйрек бүйрек үсті безінің гармонедарының маңызы зор. Бұл жүйе организмнің бір тұтастығын сақтауға қатысатывн физиологиялық қызметтердік негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда гипоталамустың бөлігі жоғарғы дәрежедегі қыртьыс асты негізгі эндокриндік негізі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші неросекреттерді өндіріп шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған неросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін туғыдырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық қызметін реттейді. Сондықтан мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1) метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2) морфогенетикалық - конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3) кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4) түзетілуші (коррекциялық) - тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары) .

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1. Белоктық - пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б. ) ;

2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары) ;

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин) . Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транс­кортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.

Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар - гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар - гор­монный әсер ету жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гор­мон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.

Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т1/2) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше бола­ды (катехоламиндер - 0, 5-2, 5 мин., инсулин - 8-12 мин., альдостерондар - 30-50 мин., кортизондар - 70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды) .

Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.

1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т. б. ) өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді.

2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасайды.

3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды парэнтеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пеп­тид гормондарынан жасалады.

4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм - 10-9 гжоғары) .

5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.

6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нук­леин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады - акромегалия, гигантизм т. б.

7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.

Гормондардың әсері

Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон - белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда бо­лады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.

Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гор­монды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.

Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 3 1 5 1 -аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды - белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді - белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 3 1 5 1 -гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.

Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланыс­ты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.

1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді өткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады.

3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері - орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда ад­реналин кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.

4. Кейбір жағдайларда гормопдардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады.

http://1referat.kz/wp-content/uploads/2012/04/11.jpg

Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984) .

Денедегі барлық бездер ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп 2 топқа бөледі.

Сыртқы секрециялық (секреция сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады. (мысалы ауыз қуысына сілекей, тер безінің өнімі-тері) сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесеэгзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, қарын асты безінің кей клеткалары бүйрек, бауыр тағы басқа жатады. Ал ішкі және эндокрендік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тіңкелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гармон деп атайды. Гармондар нерв жүйесімен бірге мүшелердің қызметін реттеуге зат алмасуын реттеуге қатысады. Ішкі секрециялық бездерге гиповис, эпивис, қалқанша, қалқансерік, айырлы (тимус) бүйрек үсті, қарын асты, безінің лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарны асты және жыныс бездері қос секурециялық бездерге жатады. Себебі олар әрі сыртқы, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады.

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без­дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

Бездер
Гормондар
Бездер: Гипоталамус
Гормондар: гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Бездер: Гипофиз
Гормондар: соматотропин (өсу гормоны)
Бездер: Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
Гормондар: тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Бездер: Ортаңғы немесе аралық бөлімі
Гормондар: мелотропиндер (интермедии)
Бездер: Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
Гормондар: вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Бездер: Қалқанша безі
Гормондар: тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас)
Бездер: Қалқансерік безі
Гормондар: папатгормон, кальцитонин
Бездер: Ұйқы безі аралшықтары
Гормондар: инсулин, глюкогон
Бездер: Бүйрекүсті безінің қабығы
Гормондар:

кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),

андрогендер, эстрогендер

Бездер:
Бездер:

Бүйрекүсті безінің

милы заты

Гормондар: катехоламиндер (адреналин, норадреналин)
Бездер:
Бездер: Аталық ұрық бездері
Гормондар: андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Бездер: Аналық ұрық бездері
Гормондар: эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)
Бездер: Айырша бездер
Гормондар: тимозин т. б.
Бездер: Эпифиз
Гормондар: мелатонин т. б.
Бездер: Диффуздық энтериндік жүйелер
Гормондар: паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Бездер: Эндокриндік жасушалар
Гормондар: ренин - ангиотензивтік жүйе
Бездер: Бауыр және бүйрек
Гормондар: соматомединдер, эритропоэтиндер
Бездер:

Плацента (бала жолдасы)

жатыр

Гормондар: эстрогендер, релаксин, прогестерон

Ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлағанда (гипосекреция) және күшейгенде күшейгенде (гиперсекреция) организмде түрлі аурулар пайда болады.

Гипофиз безі немесе төменгі сми қосалқысы бас сүйгенің «Түрік ері» деп аталатын жерінде орналасқан. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 0, 1-0, 15 гр. Ал ересек адамда 0, 5-0, 8 гр. Құрылысы жағынан гипофиз үш бөлікетен тұрады алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктен тұрады. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін адиногипофиз деп, артьқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды.

Адиногипофизде жеті гармон түзіліп қанға құйылады. Соматотронин немесе өсу гармоны (СТГ) тиротропин (ТТГ) ардинокортитрпин (АКДК) және үш түрлі гонодотропиндер лютендеуші (ЛТГ) лютиетроптық (ЛСГ) фоликулустимулдаушы (ФСТ) және ортаңғы бөлімде түзелетін милантрапин (МТД) .

  1. Самотропинмен беклоктың алмасуын және ткандардің өсун реттейді, маймен углеводтардың алмасуын реттейді. Өсу гармоны балалардың өсуіне әсер етіп ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.
  2. Адренокортикатропин бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гармондары гомокортикойдтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді де углеводтардың алмасуын реттейді.
  3. Гиротропин - қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йод эелементінің 5 клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гармондарының түзілуін реттейді.
  4. Ганодотроптық гармондар (лютейндеуші, лютотроптық, фоликулстимулдаушы) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі де онша физиологиялық маңызы бола қолймайды. Тек жыныстық жетіле бастаған мерізімінен кейін оның организмі үшін маңызы арта бастайды. (жалпы алғанда бұл гармондар ерлерде спермотогенезді күшейтеді, әйелдердің етеккірін мезгілінде келтіріп жыныс гармондарының түзілуін, жыныс бездлерінде гармондарының пайда болуына организмге әсер етуін бақылайды) .

Нейрогипофизде вазапристинмен окситоксин деп аталатын нейреосекреттер активтеледі. Вазапристинді антидюрездік гармон (АДТ) деп те атайды ол бүйрек (каналдарында) каналшараныда судың қанға сіңуін әсер етеді. окситоцин жатырдың жиырылуын сүттіңбөлінуін реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гендер экспрессиясы
Қанның қызметі
Қан плазмасының химиялық құрамы
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Қалқанша безі
Макроэлементтердің физиологиялық ролі
Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Цитокиндердің негізгі топтары,олардың сипаттамалары.Цитокиндік желісі түсінігі
Гормондардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz