Бүйрек үсті бездері. Адреналин гормоны.


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Бүйрек үсті бездері.
  2. Адреналин гормоны.

ІІІ. Қорытынды.

IV. пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula - без, supra - үсті және ren - бүйрек) - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безі - шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты - қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты - симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.

Бүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі - боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы - шумақты, ортаңғы - шоғырлы және ішкі - торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі.
Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді

Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын - натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.

Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.

Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.

Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.

Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.

Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады. Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.

Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол бүйректерінің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 гр. әрқайсысы қыртьысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4, 5 -10 гр. милы қабаты 1, 2-2, гр. шамасында болады. Бұл бездің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы зор. Егер жануарлардыңекі безінде сылып алып жатса ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп тамақтан қалады, арықтап салмағы азаяды жүрек қан тамырлар жүйесінің жыныс үшелерінің ас қорыту мүшелерінің бүйректің зәр шығару қызметі нашарлайды.

Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын кесіп алып тастаса жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап қыртыс қабатын қалдырсақ айтарлықтай өзгеріс ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромофин клеткалар бүйрек үсті безінің басқа мүшелерде (кейбір ірі қан тамырларының бойында перифириялық ганглеаларда) кездеседі.

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты қырықтан астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді. Олардың бәрі холестериннің өніміне жатады. Ффизиологиялық қызметіне қарай кортикостеройдтар үш топқа бөлінеді.

  1. Глюкокортикойдттар (ГКС)
  2. Минералкорткойдтар (МКС)
  3. Адренокортикойдтар (АКС)

Глкокортикойдтар бүйрек үсті безінің қыртысы қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизаль (өте активті гармон), кортизон және кортикостерон (гармондық активтілігн төмендеу) жатады. Глюкокортикойдтар (ГКС) зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ткандерінде ГКС әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминоза, аксидоза, гиролоза т. б. ) активтіліг күшейеді. ГКС-дың қабынуға алергияға қарсы тұруы қабілеттерін арттыру имунодепрессивтік әсерлерінің маңызы мүлде ерекше.

Минерал кортикойдтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. МКС-тер бүйрек тканінде тер және сілекей бездерінде ас қорыту жолының тілегейлі қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы сумен тұздардың алмасуын ерттейді.

- андростерон, эстэрол және прогестерон ретикулярлық зонаның клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гармондарына қарағанда әлсіздеу келеді олардың маңызы әсіресе балалық және қартайған шақта зор болады. Адам қартайып жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гармондарын түзуші мүше болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гармондары негізінен екеу: Адреналин және Корадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана ал Корадреналин басқа мүшелерде де пайдаболады. Адреналин жүрек қан тамырлар жүйесіне күшті әсер етеді. Ол жүректің жұмысын күшейтіп соғу риттулін тездетеді. Қозығыштығын ұлғайтып импулстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалуын жақсартады.

Бүйрек үсті бездерінің қызметін байланысты аурулар олардың қыртысты және милы қабаттарының гармондарына байланысты. Милы қабатының гармоны жетіспегенде, көбіненсе он жасқа дейін. Балалардың миындағы нерв клеткаларына қанттың (глюкозаның) жетіспеуінен талма аурулар байқалады. Ұзақ уақыт оқығанда жүгіргенде жүгіріп көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда балаға екінші тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ару он жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді.

Сонымен, негізгі қызметі:
1. өндіру (альдостерон, дезоксикортикостерон ацетаты) .
2. глюкокортикоидтарды өндіру (кортизол, гидрокортизон) .
3. жыныс гормон дарын өндіру (дегидроэпиандростерон, андростендион)
4. катехоламиндерді -адреналин және норадреналиндерді милық заты бөледі.

Дамуы.
Ол екі бөлек гормон бөлетін екі бездің бірігуінен пайда болады. Бездің қабықтық және милық заттарын ажыратады. Қабықтық заты эмбриогенездің 5 аптасында целомдық эпителийден дамиды. Ал милық заты эмбриональдық дамудың 6-7 аптасында қолқа тамырының маңында орналасқан симпатикалық ганглийден бөлінген нейробластылардан дамиды.
Дамуында 7 сатыны ажыратады.
1. Бірінші бүйрек үсті бездердің бастамасының қалануы. 4-5 аптада алғашқы қабық дамиды. Ол ірі оксифильді цитоплазмасы бар жасушалардан құралады.
2. Бастамаға ганглиозды табақшаның кіруі және жинақталуы немесе милық шарлардың түзілуі. (эмбриогенездің 6-7 аптасы) .
3. Алғашқы қабықтың 2 бөлінуі: фетальды және дефинитивті. (7 апта) .
4. Дефинитивті қабықтың дамуы (8 апта) .
5. Милық заттың түзілуі және А- және Н- жасушаларға жіктелуі (7-10 апта) .
6. Дефинитивті қабықтың аймақтарға бөлінуі. 4 айда шумақты, ал 7-ші айда шоғырлы аймақтар қалыптасады. Торлы аймақ туғаннан кейін қалыптасады.
7. Дефинитивті бүйрек үсті безінің қалыптасуы. 3 жасқа дейін фетальды қабықтың жойылуы, милық заттың дифференцировкасы жүреді.
Бүйрек үсті безінің толық қалыптасуы жыныстық есею кезеңінде жүреді.
Құрылысы.
Бүйрек үсті безінің сыртынан дәнекер ұлпалық капсула қаптап жатады. Капсулада екі қабатты айыруға болады: сыртқы (тығыз) және ішкі (одан көрі бостау) . Қабықтық затында келесі аймақтарды ажыратады: шумақты, шоғырлы және торлы. Эпителиальды жасушалардың созындыларының арасы дәнекер ұлпамен біріктірілген.

Бүйрек үсті безінің қабықтық затының құрылысы
3 аймағын ажыратады:
1) Шумақты - қыртысты заттың 10% құрайды. Шумақ тәрізді орналасқан ұсақ кортикоциттерден тұрады, түйіршіксіз ЭПТ ұсақ көпіршіктер түрінде болады, олардың арасында рибосомалар орналасқан. Митохондриялардың пішіні сопақша немесе созылыңқы, Гольджи комплексі жақсы дамыған. Бұл аймақта минералокортикоид-альдостерон синтезделеді. Ол натрийдің концентрациясын реттейді, қабыну процесстерін күшейтеді.
2) Шоғырлы -қыртысты заттың 75% құрайды. Созындылар түрінде орналасқан ірі, текшелі немесе призма тәрізді кортикоциттерден тұрады. Апикальды бетінде микробүрлері орналасады. Цитоплазмасында липидтік қосындылар мөлшері жоғары, митохондриялары дөңгелек немесе сопақша пішінді, түйіршіксіз ЭПТ жақсы дамыған, рибосомалары бос орналасқан. Бұл аймақта глюкокортикоидтар: кортизол, кортизон, кортикостерон түзіледі. Олар көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың метаболизміне әсер етеді, қабыну процесстерін тежейді.
3) Торлы- қыртысты заттың 10-15% құрайды. Адренокортикоциттер кіші көлемді, пішіндері текшелі немесе дөңгелек, тор тәрізді орналасады. Бұл аймақта аз мөлшерде жыныс гормондары түзіледі.
Бүйрек үсті безінің милық затының құрылысы
Қыртысты заттан жұқа дәнекер тіндік қабатпен бөлінеді. Милық зат шоғырланып орналасқан ірі, дөңгелек пішінді милық эндокриноциттерден немесе хромаффиноциттерден тұрады, арасында капиллярлар орналасады. Олардың екі түрін ажыратады: ашық немесе эпинефроциттер адреналин бөледі және күңгір немесе норэпинефроциттер норадреналин бөледі.

Адреналин (лат. adrenalinum; лат. ad - маңында, қасында; лат. ren - бүйрек) - бүйрекүсті безінің бозғылт затын құрайтын хромаффинді жасушалар тобының адреноциттері (адренонефроциттер) бөлетін гормон; бүйрек үсті бездерінің қабатында болатын ми тәрізді заттан түзілетін гормон.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Бүйрек үсті бездің без заты
Жайылмалы эндокринді жүйе. Қалқанша безі
Жыныс бездерінің гормондары
Гормондарға жалпы сипаттама
Қалқансерік бездер
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Адам мен жануарлар физиологиясы
Дәрістер жинағы
Ас қорытылудың биохимиялық реттелу негіздері: асқазан-ішек жолының гормондары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz