Қазіргі қазақ менталитетінің ерекшелігі



1.Қазіргі қазақ менталитетінің ерекшелігі.

2.Ғалымдардың ой.пікірі.

3. Төзімділік мәселесі.

4. Қорытынды.
Бүгінгі Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мәселелер жеткілікті. Солардың бірі, біздіңше ұлт менталитеті. Қоғамның даму бағыты, экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда ұлт менталитетінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылықтарды қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сонымен катар, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерде өз кезегінде қазақ менталитетінің болмыс бітімі мен даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін жан-жақты зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені 90 жылдардың аяғына таман көтере бастады.
1. “Қазақ ашық энциклопедиясы.”
2. “Қазақ халқының философиялық мұрасы.”

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Қазіргі қазақ менталитетінің ерекшелігі.

2.Ғалымдардың ой-пікірі.

3. Төзімділік мәселесі.

4. Қорытынды.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мәселелер жеткілікті. Солардың бірі, біздіңше ұлт менталитеті. Қоғамның даму бағыты, экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда ұлт менталитетінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылықтарды қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сонымен катар, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерде өз кезегінде қазақ менталитетінің болмыс бітімі мен даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін жан-жақты зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені 90 жылдардың аяғына таман көтере бастады. Соның нәтижесінде монографиялық еңбектер мен көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Онда қазақ менталитеті батыстық үлгіде қалыптасқан қағидалар мен тұғырнамалар арқылы зерттеу сыңаржақты деген тұрақты түсінік қалыптасты. Мәселен, Д.Кішібеков "Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды.
Оның өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа" - деді. Өз кезегінде мұндай
методологиялық тұжырым қазақ менталитетін, оның ішкі құрылымдық жүйелерін басқаша қарауға өз септігін тигізді.
Сонымен бірге, кейбір қазақстандық философтар менталитет ұғымын "діл" деп қарастырудың қажеттігін, олардың баламасы жағынан тең екендігін айтеа1, кейбір философтар, олардың өзара арасалмағын ажыратудың қажеттігін айтуда. Мәселен, А. Қасабек діл ұғымының менталитетке қарағанда логикалық шеңбері кең екенін, оны тек сенім мен иманға балауға болмайтынын айта отырып: - "ұлттық ділді объективтік жағдай қалыптастырады. Халықтың ділі - әдет-ғұрып, діни сенімдер, ырымдар мен пайымдар, жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының ерекшеліктерін білгірлігі, сәндік ою, өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс бейнелері және күрделі рухани болмыс құрылымындағы осы көріністердің бейнеленуі" - деген пікірді айтады. Ал С.Ақатай болса: "менталитет миымыздың түйсігі, ақыл-ойының бейнесі, рухани қыртысы, ал діл сенімге, иманға жуықтау" - деген қарама-қарсы пікір айтса,М.Тәтімов: "менталитет деген саяси ұғымды мен қазақша "діл" деп аударып жүрмін. Оны көпшілік әлі қабылдап үлгермеді. Дегенмен де, бұл қазақ тілінде бар "діл" деген ұғым сөздік қорымызда өзіне ұқсас "дін", "тіл", "мәдениет", "әдебиет" деген сөздер сияқты өзінің кең мағыналы, әрі мазмұнды күрделі ауыр жүгін көтере алады" - деп жазады. Біздің ойымызша, менталитет ұғымы тіл, дін, мәдениет, әдебиет сияқты құбылыстармен өзара тығыз байланыста болғанмен, оны еш уақытта жоғарыда аталған ұғымдармен шатастыруға, немесе оларға негіздеуге әсте болмайды. Өйткені, олар коғамның рухани саласында әр түрлі кызмет атқарады. Мәселен, мәдениет ұғымының менталитетке қарағанда ауқымы кең, ол тіпті менталитетті қалыптастыратын орта деп айтсақ та болады. Басқаша айтқанда, менталитетте мәдениет қалыптастырған құндылықтар, стереотиптерге айналған мінез-құлық көріністері өз бейнесін тауып жатады. Менталитет феноменінің ауқымы кең. Оны тек санаға, немесе ақылға, не болмаса тек бір ойлау жүйесіне негіздеуге болмайды. Онда ұжымдық және жеке сананың өзара байланысы, адамдардың ойлау түрлері, дүниені қабылдау әдістері, сезінуі мен түсінуі, құндылықтарды кабылдау ерекшеліктері бар. Олай болса, менталитетке тон қасиет тұтастық, синкреттілік. Ол интегралдық ұғым. Басқаша айтқанда, менталитет ішкі руханилықтың тұтас жүйесі. Ол адамдардың нақтылы ісінде, өмір салтында, дүниеге қатынасында, өмір сүру тәсілінде, дүние түсінігі мен дүниетанымында өзінің көрінісін табады. Менталитетке байланысты айтылған анықтамалар мен сипаттамалар отандық философтар мен мәдениеттанушылар еңбектерінде көптеп кездеседі. Десек те, менталитет мәселесі, оған анықтама берумен, немесе оны қазақшалаумен шектелмесе керек. Менталитет ұғымын қазақшалап "діл" деп аударғанның маңызы өте зор. Бірақ бұндағы басты талап бұл ұғымдардың мәндік және рухани құбылысты бейнелеу деңгейі тұрғысынан өзара сәйкестігі. Әзірге "діл" мәселесін ғылыми сараптаудан бұрын, оны көп жағдайда дайын
күйінде, немесе ақпараттық деңгейде пайдалану басым. Бұл - біріншіден. Екіншіден, әлемдік мәдениетте қалыптасқан ұғымдарды қазақшалай беру аса құптарлық жай еместігін де естен шығармауымыз керек. Өйткені, менталитет ұғымы ағылшын, француз, неміс, орыс, венгер т.б. елдер тілдерінде бір мағынада пайдаланылады. Үшіншіден, философиялық сөздіктерде менталитет категория есебінде қабылданылған, ғылыми орта
мойындаған, лингвотекстологиялық, терминологиялық, мәндік және құрылымдық жағынан жан-жақты зерделенген, әлеуметтік түрлері жағынан жіктелген ұғым. Қазіргі гуманитарлық білім жүйесінде менталитетті аграрлық, экономикалық, саяси; демографиялық топтарға байланысты әйел, еркек, бала менталитеті; өркениеттік деңгейде батыстық, шығыстық, еуразиялық қоғамның әлеуметтік саяси-экономикалық құрылымдарына байланысты тоталитарлық, кеңестік, нарықтық этникалық сипаттарға
байланысты қазақ, орыс, француз, неміс, жапон менталитеттері деп жіктелген. Осыған байланысты менталитет феноменін социологиялық, экономикалық, саясаттану, мәдениеттану, этнология, демография және философия тұрғысынан зерттеулер жүргізілуде. Тіпті, "менталитет" пен "менталдық" ұғымдарын ажыратуда колға алынуда . Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық ғылым өкілдері менталитет феноменін жүйелі және жан-
жақты зерттеуге нық бағып ұстанған. Ал, "діл" мәселесіне келер болсақ, олай деп айта алмаймыз. Оны ғылыми айналысқа енгізу, ішкі табиғаты мен мәндік болмысын анықтау әзірге болашақтың ісі күйінде қалуда. Бұл салада философтардан бұрын лингвисттер, тіл мамандарының арнайы зерттеулер жүргізуі қажет екенін өмір сұранысы көрсетіп отыр. Өкінішке орай, біздің тіл мамандарымыз "діл" ұғымының семантикалық құрылысын,
символдық және бейнелік сипатын ашуға әзірге асығар емес.
Қазақ менталитетінің табиғатын, даму ерекшеліктерін түсіну үшін, омы зерттеудің методологиялық тұғырнамасын, танымдық әдістер жүйесін анықтап алудың да маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ менталитетін ұлттың болмысы мен мәдениетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, әлеуметтік-экономикалық, саяси өмір салтынан бөліп қарау мүмкін емес. Олай болса, қазақ менталитетін тану тұтастық қағидасына негізделген
танымдық әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Тұтастық методологиясына негізделген таным әдістерінің озық үлгілерін, біз Абай және Шәкәрім дүниетанымдарынан, жалпы қазақ философиясының қалыптасу және даму жолдарынан көре аламыз. Ондағы ақыл, қайрат, жүректің бірлігі, Адам мен әлемнің өзара байланысы, тұтастығы холистикалық
дүниетанымның негізін құрайды. Шәкәрімнің "арлы ақыл" концепциясы да осы тұтастық қағидасынан туындайды. Білімнің барлық түрлерінің, (дін, философия, ғылым, өнер) синкреттілігі ұлт менталитетін тану мен түсінудің логикасын қалыптастырады. Ол жөнінде А. Қасабек: "Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып-білу, оның заңдылықтарын, таным үрдісін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің
жүйесін анықтау негізінен алғанда кейінгі ғасырлардың үлесіне тиеді" дей келе, "халықтың ақындық мұраларында, фольклорында, эпостық жырларында, лирикалық- тұрмыстық поэмаларында, мақалдар мен мәтелдерінде, халық даналығында дүниеге біртүтас көзқарастың үлгілер негізі бар" - деп, ой түйеді. Басқаша айтқанда, қазақ
менталитетінің даму заңдылықтарын, оның ішкі мәндік құрылымын тек қазақ философиясы арқылы ғана түсіне аламыз. Қазақ философиясы ұлт менталитетінің рухани негізін құрап қана қоймайды сонымен қатар, ол ұлт менталитетін тану мені түсінудегі методологиялық құралғаайналадыӨйткені, қазақ философиясында ұлттың рухани болмысы, сезімдік үлгілері, ойлау мен мінез-құлық жүйелері, адамдардың дүниеге, бір-біріне қатынасы, рухани құндылықтарды кабылдау ерекшеліктері шектілік жағдайында бейнеленумен бірге, онда ізгілік, адамгершілік, моральдық, этикалық мәселелерде катар көтеріледі. Олай болса, қазақ менталитетін зерделеу мен пайымдауда ұлттық философияның атқарар рөлі зор. Қазақ менталитетін тұтастық тұрғысынан қарау дүниеге көзқарас пен дүние түсінік мәселелерін методологиялық тұрғыдан тағы бір сараптауды қажет етеді. Өйткені, аталған негіздер айналып келгенде ұлт менталитетінің табиғатын, даму ерекшеліктерін, құндылықтарды таңдауы мен қалауын айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.
Қазіргі философиялық әдебиеттерде дүниеге көзқарастың бірнеше анықтамалары бар. Солардың бірінде, дүниеге көзқарас - адамдардың шындыққа деген қатынасын
айқындайтын қағидалардың, көзқарастардың, құндылықтардың идеал мен нық сенімдердің жүйесі ретінде берілген. Осы анықтамаға сәйкес дүниеге көзқарастың төрт астары көрсетілген: гносеологиялық эмоционалдық аксиологиялық, рухани-тәжірибелік. Дүниеге көзқарастың көрсетілген астарларының тоғысар жері, яғни, негізгі тақырыбы "Адам-Әлем" жүйесі. Оның негізгі компоненттері - білім, нық сенім, наным-сенімдер,
көңіл күй, талпыныс, үміт, құндылықтар, қалып, идеал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Менталитет ұғымын талдау
Қазіргі таңдағы қоғамдағы мәдени ахуалдың алар орны
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Көшпенділердің менталитеті
Көк - Тәңір сөзінің баламасы
Көшпенділер мәдениетінің тығыз байланыстылығын көрсететін мәдени бастаулар
Менталитет және ұлттық мінез ұғымдары бүгінгі таңда өзекті ме
Пәндер