Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
I Құқықтық қатынас
1.1Құқықтық қатынас ұғымы 4
1.2Құқықтық қатынас түрлері,түсінігі 9
II Құқықтық қатынас элементтері
2.1 Құқықтық қатынас элементтері 11
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық қатынас туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қатынас элементтері, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 2 түрге бөліп қарастырдым.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
I Құқықтық қатынас
1.1Құқықтық қатынас ұғымы
4
1.2Құқықтық қатынас түрлері,түсінігі
9
II Құқықтық қатынас элементтері

2.1 Құқықтық қатынас элементтері
11
ҚОРЫТЫНДЫ
17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын
білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған,
мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған
пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде
“неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура
келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік
құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген
жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық
ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды
түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар
құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының
бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан
құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз
кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де
себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда
ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің
атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің
дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау
2 бөлімді қамтиды. “Құқық қатынас туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық
ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу
жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми
түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса,
келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі
ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге
ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге
тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде
сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік
реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар
әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз
қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қатынас элементтері, түрлері
және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-
қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар
жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша
белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен
қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың
қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол
әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 2 түрге бөліп қарастырдым.

I Құқықтық қатынас
1.1  Құқықтық қатынас ұғымы.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені
және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші
кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да
сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол
ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың
ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік
береді.
Осы тұрғыдан Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады:
“Перспективаларымызды айқын ұғыну,жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп-
қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау
ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...біз жаңа
мемлекетті,жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де
жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген
уақытта құру үстіндеміз”
Қорлардың заңмен және құрылтай құжаттары бойынша белгіленген арнайы құқық
қабілеттігі бұл ұйымдардың көздейтін мақсаттарының сипатына байланысты деп
айтуға болады. Бұл ұйымдар көздейтін жалпыға бірдей пайдалы мақсаттар,
кейбір жағдайларда мемлекет пен мемлекеттік мекемелер көздейтін
мақсаттармен тұспа-тұс келіп жатады, осы мәселе тұрғысында кезінде орыс
цивилистикасында “жалпыға пайдалы” қоғамдар деп аталып келген қорлардың
құқықтық табиғатының жария- құқықтық сипатта болатындығы жайлы айтарлықтай
үлкен дискуссия туындаған да болатын. Әдетте қорлар көздейтін мақсаттардың
әлеуметтік маңызын ескере отырып мұндай ұйымдардың құрылуы мен қызметін
мемлекет әркез өзінің бақылауында ұстап отырады.

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Олар:

1.
Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың
арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей
байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл
құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;
2.
Адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен
құқықтық қатынас арасында бұлтартпас байланыс бар, өмірде тек қана
құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде
заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы
мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма
тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады;
3.
Құқықтық қатынас – субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда
болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы
соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті
орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті
бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекеттік орган.
4.
Құқықтық қатынас – ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін
қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық
қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық
іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қазғалады);
5.
Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын
жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық қатынастарды да
қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық
тәртібінің негізі болып саналады38.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

1.
Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-
құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соғай сәйкес
мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін
құрайды. Бұларға жататындар: Мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек тағы
басқа құқықтық қатынастар.
2.
Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің
салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау,
кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.
3.
Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі)
болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы,
бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.
4.
Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі
(сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушыларының субъективтік
құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен
заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды
білдіретін қоғамдық қатынастар. 

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен,
субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен
(затынан) тұрады.

Құқық субъектісі – заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар
мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, тағы сол сияқты. Меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және
сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп
аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға
белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер
заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін
қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім
алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да
заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты
пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары.
Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды
міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу
күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге
міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады.
Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) – табиғат құбылыстары, мүліктік,
өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер
аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Осы тарауды қорыта келе, ондағы қарастырған негізгі ұғым құқықтық қатынас
дегеніміздің не екенін және де бір айқындап өтелік. Сонымен құқықтық
қатынас дегеніміз – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Бұл
қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдар арасындағы қатынас және олардың
іс - әрекетімен, мінез – құлқымен тікелей байланысты. Және ол адамның мінез
– құлқына құқықтық пайда болады.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және
тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші
кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да
сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу-
қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы
формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.

1.2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ,ТҮСІНІГІ

Құқықтық қатынаскатегориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі,
орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына
құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық
қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді
иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық,
экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс —
қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.
Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп
жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек
әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп,
басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-
белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы
реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде
қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс
орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар
арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен
міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының
міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге
бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе —
саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық,
қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге
бөлінеді:реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп,
басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс,
заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және
нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың
арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда
басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге
бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын
құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде
тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі.
Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім
бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге
міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен
міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі
және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы
реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс,
прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етед
ІІ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.2 Құқықтық элементтер

Құқықтық реттеудің айрықша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Мойындату талаптары
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
Құқықтық реттеу механизмі
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Құқық норманың негізгі сипаты
Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқықтық қатынастар жайлы
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Пәндер