Қазақстан Республикасында азаматтардың еңбек құқықтарының заңды кепілдіктері түсінігі, түрлері.



1. Қазақстан Республикасында азаматтардың еңбек құқықтарының заңды кепілдіктері
2. Азаматтардың түсінігі
3. Әртүрлі ғалымдардың сипаттамалары, анықтамалары
Еңбек - өндірісте еңбек өнімі, өндіріс өнімі деп аталатын нақты материялдық немесе рухани игіліктерге қол жеткізү үшін адамның және ой қабілеттерін жүзеге асыратын мақсатқа сәйкес қызметі [1.8]. Еңбек – қоғамдық дамудың басты негізі, сондықтан да еңбек бостандығы Қазақстан Республикасыда азаматтардың өзге де құқықтарының арасындағы ең маңыздысы болып саналады. Нақ оны жүзеге асыру материалдық игіліктерді тудырады, әрбір адамның және барлық қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етеді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның құқығын және еркіндігін жоғары құндылық деп мойындауды, сақтауды және қорғауды-мемлекет міндеті деп жариялайды[2]. Қазақстан Республикасы-саясатты адамның еркін дамуына лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет. Сондықтан еңбек қатынастары арасындағы еңбек құқығының негізгі функцияларының бірі-еңбек саласындағы адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен еркіндігін бекіту, қамтамасыз ету және қорғау болып саналады.
1. Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право Росии. М.: Проспект, 2003.С.8.
2. Конституция Республики Казахстан. 30 августа 1995г.
3. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства. М.:Юрист, 1999.С.275.
4. Там же.
5. Скобелкин В.Н. Юридические гарантии трудовых прав рабочих и служащих. М.: Юрид.литература, 1969.С.10.
6. Мордовец А.С. Социально-юридический механизм обеспечения прав человека и гражданина. Саратов, 1996. С.168.
7. Сагаева С.М. Конституционное право на труд граждан в СССРП. М., 1985.С.43.
8. Гусоя К:Н:, Толкунова В.Н. Трудовое право России. М.:Проспект, 2004. С.79.
9. Скобелкин В.Н. Трудовое правоотношение. М.:Вердикт, 1999. С.337.
10. Смирнов В.Н. Природа и сущность права на труд в СССР.М., 1964. С.163.
11. Трудовое право России // под ред. М.В. Молодцом. М., 2001. С.300.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Нұрашева Б.Ш.,
Қазақ гуманитарлық
Заң Университетінің
үшінші курс PhD докторанты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫ
КЕПІЛДІКТЕРІ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ.

Еңбек - өндірісте еңбек өнімі, өндіріс өнімі деп аталатын нақты
материялдық немесе рухани игіліктерге қол жеткізү үшін адамның және ой
қабілеттерін жүзеге асыратын мақсатқа сәйкес қызметі [1.8]. Еңбек –
қоғамдық дамудың басты негізі, сондықтан да еңбек бостандығы Қазақстан
Республикасыда азаматтардың өзге де құқықтарының арасындағы ең маңыздысы
болып саналады. Нақ оны жүзеге асыру материалдық игіліктерді тудырады,
әрбір адамның және барлық қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етеді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы адамды, оның құқығын және еркіндігін жоғары құндылық деп
мойындауды, сақтауды және қорғауды-мемлекет міндеті деп жариялайды[2].
Қазақстан Республикасы-саясатты адамның еркін дамуына лайықты өмір деңгейін
қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет.
Сондықтан еңбек қатынастары арасындағы еңбек құқығының негізгі
функцияларының бірі-еңбек саласындағы адамның және азаматтың негізгі
құқықтары мен еркіндігін бекіту, қамтамасыз ету және қорғау болып саналады.

Елде болып жатқан экономикалық және өзге де қайта құруларға
байланысты еңбек құқығын қорғау рөлінің төмендеуіне әкеп соғатын
тенденциялар орын алуда. Еңбек заңнамасында бекітілген азаматтардың еңбек
құқықтарының көптеген кепілдері қазіргі заманғы жағдайларда формалдылық
болып қалды, өйткені олардың бірі ескіріп, еңбек саласындағы жаңадан
туындаған қатынастарға қайшы келсе, енді біреулері сенімді қорғау
механизмімен қамтамасыз етілмеген, нәтижесінде еңбек қатынастарында
азаматтардың құқықтары жүйелі түрде бұзылады.
2007 жылы еңбек заңнамасына реформа жүргізілді, Еңбек кодексі
қабылданды, алайда тәжірбие көрсеткендей, ол жұмысқа қабылдай кезінде
азаматтардың құқықтарын толық көлемде қорғауға қабілетсіз. Қоғамдық
қатынастар саласындағы азаматтардың жағдайына тікелей әсер ететін көптеген
мәселелерді нақты заңнамалық реттеу көрсетілмеген. Еңбек шарты еңбек
құқығының орталық институты ретінде көптеген ғалымдардың зеріттеу пәні
болып саналады. Алайда жұмысқа қабылдау кезінде азаматтардың еңбек
құқықтары кепілдерін қамтамасыз ету мәселелері жеткіліксіз зерттелген. Десе
де бұл құқықты бұзу шын мәнінде азаматтардың еңбекке деген өз қабілеттерін
пайдалану мүмкіндігінен айырады.
Еңбек заңнамасында қарастырылған кепілдіктер жұмысқа қабылдау
кезінде азаматтарды негізсіз жұмысқа қабылдаудан бас тартудан тиісті
дәрежеде қорғауды қамтамасыз етпейді. Бұл біріншіден жұмысқа қабылдау
кезіндегі азаматтардың еңбек құқығы кепілдіктері ҚР Еңбек Кодексінде
жеткілікті түрде анық көрсетілмегендігімен, екіншіден, онда оларды жүзеге
асырудың әрекет ету механизмінің жоқтығымен байланысты. Тұлғалардың қандай
болмасын категориясын жұмысқа қабылдаудың заң жүзінде бекітілген нақты
критерийлерінің болмауы олардың құқықтарын еркін түрде шектеуге және
төмендетуге әкеп соғады. Елдегі құқық қолдану тәжірибесі жұмыс берушілердің
жұмысқа қабылдау кезінде азаматтардың еңбек құқықтары саласында жіберген
көптеген заң бұзушылықтарын куәландырады. Жұмысқа қабылдау тәртібін
реттейтін заңнамалар мен осы істер бойынша сот практикасының талдауы еңбек
құқығы қатынастарын реттейтін құқық нормаларының кемшіліктері нақты еңбек
дауларын қарастыру кезінде ғана белгілі болатындығын көрсетті, сондықтан да
еңбек құқық нормаларын сот практикасымен байланысты түрде дайындаған
маңызды.
Құқық нормаларын түсіну үшін де, сондай-ақ оны қолдану үшін де анық
және қолжетімді болуы тиіс, ал заңнамадағы ақтаңдақтар жойылуы тиіс.
Еңбек қатынастарының дамуы, бүгінгі күнге тән жаңа мәселелердің
туындауы жұмысқа қабылдау, жұмысқа қабылдаудан бас тарту кезінде туатын
даулы мәселелерді ғылыми талдау қажеттілігін айқындайды, сонымен қатар
еңбек заңнамасын және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған
ұсыныстарды әзірлеуді, сондай-ақ жоғарыда аталған фактілер болған жағдайда
еңбек құқықтарын қорғау тәсілдерін нақтылауды талап етеді.
Осылайша таңдап алынған тақырыптың өзекті теориялық жағдайларымен
және жұмысқа қабылдаумен байланысты еңбек құқығы нормаларын жетілдіруге
бағытталған ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігінде. Заң туралы әдебиеттерде
кепілдіктердің мәніне әр түрлі анықтама берілген. В.Даль кепілдіктерге
төмендегідей анықтама берген: бұл кепіл болуы, кепілдік, кепіл, қамтамасыз
ету. Кепіл-бұл азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін кедергісіз жүзеге
асыруды қамтамасыз ету құралы. Ал кепілдік дегеніміз азаматтардың өз
құқықтары мен еркіндіктерін шын мәнінде жүзеге асыру үшін қажетті шынайы
жағдайлар жасау дегенді білдіреді. Қазіргі заман шарттарында ерекше мәнге
ие болған кепілдік мәселесі одан да үлкен дәрежеде саяси бағытқа және
өткірлікке ие болды, бұл адамның табиғи құқықтарын жүзеге асырудың
маңыздылығымен түсіндіріледі. 1948 ж. Жалпы адам құқықтары туралы
декларацияда атап өтілгендей, адам құқықтары мен еркіндіктерін сайлау және
қорғау-барлық мемлекеттердің негізгі міндеттері мен мақсаттарының бірі.
Кепілдікті зеріттеу кезінде ғалымдар мынадай идеяларды айтты:
біріншіден, кепілдікті құқықтық жүйе элементі есебінде қарастыру;
екіншіден, оны өзге де түсініктермен: қорғау шамаларымен, заңдық
жауапкершілікпен бірдей қарастыру, сондай-ақ жүзеге асыру жүйесі,
құрлымымен әдістері бар дербес категория ретінде зерделеу [3,278-б].
Кепілдік ұғымы адамзат ойлап шығарған негізгі принциптерге;
гуманизмге, әділдікке, заңдылыққа, мақсатқа сәйкестікке, тең құқылыққа
және т.б. негізделеді. өзінің мәні бойынша кепілдіктер-адам мүдделерін
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін шарттардың жүйесі. Олардың негізгі
қызметі болып мемлекеттің және өзге де субъектілердің тұлға құқықтарын
жүзеге асыру саласында міндеттемелерді орындауы болып табылады. Кепілдік
объектілері ретінде адамның құқықтарын қорғаумен, азаматтардың мүліктік
және мүліктік емес мүдделерін қанағаттандырумен байланысты қоғамдық
қатынастар қарастырылады [4,275]. Француз адам және азамат құқықтары туралы
декларациясының (1789) 16-бабында бекітілгендей құқық кепілдері қамтамасыз
етілмеген әрбір қоғамның конституциясы жоқ.
Азаматтардың құқық кепілдіктері мәнінің зорлығына байланысты қазіргі
кезеңде осы түсініктің дәл мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Ғылымда кепілдіктердің келесі анықтамалары бөлінеді. В.Н. Скобелкин
кепілдіктер дегеніміз- олардың көмегімен қоғамға азаматтарға ұсынылатын
демократиялық құқықтар мен еркіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін
құралдар, әдістер және шарттар деп айқындайды [5,10-б]. В.Н. Толкунова бұл
– демократиялық құқықтарды шын мәнінде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету
шарттары, әдістері, құралдары және оларды қорғаудың ұйымдық құқықтық
құралдары деп есептеледі. А.И. Лепешкин кепілдер деп азаматтың құқықтары
мен еркіндіктерін жүзеге асыруды шын мәнінде қамтамасыз ету құралдарын,
әдістерін түсінеді. Н.В. Витрук кепілдіктерге төмендегідей анықтама береді-
бұл азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін шын мәнінде жүзеге асыруды
және толық қорғауды қамтамасыз ететін шарттармен құралдар. Н.И. Матузов,
А.В. Малько және А.С. Мордовец кепілдіктерді – тұлғаға өз құқықтарын,
еркіндіктерін және мүдделерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік беретін
әлеуметтік, эканомикалық, саяси, рухани, заңдық, ұйымдық алғышарттардың,
шарттардың құралдар мен тәсілдердің жүйесі деп түсінеді [6,168].
Біздің ойымызша, Н.В. Витруктың ұсынған анықтамасы мейілінше табысты
секілді, яғни ол кепілдік деп азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін шын
мәнінде жүзеге асыруды және толық қорғауды қамтамасыз ететін шарттар мен
құралдарды түсінеді. Кепілдік түсінігіндегі басты-азаматтардың құқықтары
жүзеге асыруды және осы құқықтарды нақты шарттармен және құралдармен
қорғауды қамтамасыз ету. Шарттар мен құралдар азаматтардың құқығын шын
мәнінде жүзеге асыруға және жан-жақты қорғауға бейімделеді. Азаматтардың
құқықтарын жүзеге асыру дегеніміз – құқықты өкілетті тұлғаның нақты мінез-
құлық мүмкіндіктерін шынайы болмысқа айналдыру және міндетті тұлғалардан
нақты мінез-құлық талап ету мүмкіндігін білдіреді. Құқықтарды жан-жақты
қорғау біріншіден олардың бұзылуына, қысым жасалуына жол бермеу, екінші
жағынан, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау (қалпына келтіру) дегенді
білдіреді. Барлық кепілдіктер көпшілікке танымалы жалпы (экономикалық,
әлеуметтік, саяси,идеологиялық) және арнаулы (құқықтық) болып бөлінеді.
С.Ш. Сагаев одан басқа ұйымдық кепілдіктер деп бөледі [7,48-б.]. Барлық
кепілдіктер өзара байланысты, маңыздылары мыналар:
Экономикалық. Экономикалық кепілдер кепілдер жүйесінде айқындаушы
болып саналады, өйткені тұлғаның өсетін материялдық және рухани
қажеттіліктерін мейілінше толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
материялдық жағдайды туындатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-
бабы және меншік құқығының заңмен қорғалатындығын әр кім жеке дара, сондай-
ақ өзге де тұлғалармен бірлесіп жеке меншік мүлікке иелік етуге, жеке билік
етуге құқылы екендігін бекітеді.
Әркім өз қабілеттері мен мүлік кәсіпкерлік және заңмен тыйым
салынбаған өзге де экономикалық қызмет үшін еркін пайдалануға құқылы.
Әлеуметтік кепілдер. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасы- саясатты адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын
қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет.
Қазақстан Республикасында еңбек пен адамның денсаулығы қорғалады, еңбекті
төлеудің кепілдендірілген ең кіші мөлшері бекітіледі, жанұяны, ана болуды,
әке болуды, және барлық шақты, мүгедектермен егде азаматтарды мемлекеттік
демеу қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қызметтер жүйесі дамиды, мемлекеттік
зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері
бекітіледі.
Саяси кепілдіктер. Бұл ең алдымен саяси жүйе, биліктің халыққа
тиесілігі, адамның, оның құқықтары мен еркіндіктерінің өзге әлеуметтік
құндылықтарға, мемлекеттік қызметтегі осы құқықтар мен еркіндіктерге бағыт
ұстануларға қатысты басылымдылық жариялауы. Қазақстан Республикасында саяси
әр түрлілік, Қазақстан республикасы халқының туған тілін сақтау құқығы,
сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерді қолдану, өз мүдделерін
қорғау ерекше орын алған.
Идеологиялық кепілдіктер.Бұл азаматтардың еңбекке және құқықққа қарым-
қатынасы дәрежесін көрсететін нақты идеологиялық шарттар мен құралдар
(мораль, білім беру, мәдениет жағдайы, қоғам мүшелерінің санасы).
Азаматтар құқықтарының саяси және идеологиялық кепілдіктері бұл
құқықтарды іске асыруға және қорғауға септігін тигізеді. Алайда өзімен өзі
тұрғанда нұсқалған кепілдіктер тікелей құқықтарды іске асыру, қалпына
келтіру және қорғауда заңға сәйкестігі қамтамасыз етпейді, бұл әр бір нақты
жағдайда мүмкін болатын қателермен оларды жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың түсінігі
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Енбек құқығы субъектілері
Құқық және жеке тұлға туралы
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы кджет
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
Пәндер