Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметтiның қаржылық есебі



Кiрiспе
1. Сыртқы экономикалық қызметiнiң жалпы мәселелерi.
2. Шетелдiк валлюта операциясының есебi.
3. Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың
есебі.
4. Тауарлардың бойынша жасалатын операциялардың есебі.
5. Толингтiк операциялардың есебі.
а) Атқарылған жұмыс, көрсетiлген қызмет.
б) Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебi.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ

Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметтiның негізгi түрлерi тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау – тауарларды сатып алушының елiне жөнелту арқылы шетелдiк сатып алушыға сату; импорттау – таурды сатып алушының елiне желу арқылы шетелдiк сатушыдан алу.
Ал шетелдiк валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету үшін ережерлерiн пайдаланады. Шетелдiк валюталық операцияларына шетелдiк. Валютада жасалатын мәлiмдемелер жатады. Олардың қатарына: шетелдiк валютаға сатып алынған немесе сатылған мүлiктер; шетелдi валютамен алынған немесе берiлген немеселер, баска да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер жiне тағы басқалар.
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқаларданкөрінеді.
Кәсіпрынның тиімді құрылымы басшылыққа барлық бөлімшелердің қызметін бақылауға мүмкіндік беріп, барлық күш жігерін әріптестер мен клиенттердің талаптарын сапалы қанағаттандыру шін қызмет көрсету түрлерін жетілдіруге және бірінші кезекті тапсырмаларды орындауға бағыттайды.
Шетелдерден материалдарды, құрал – жабдықтарды, туарларды, материалдық емес активтердi және басқа да мүлiктердi сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың есебi "Мердiгерлермен және жабдықтаушылармен есеп айрысу" шотында журедi, ал ол келесi аналитикалық тұрғыда топтастырылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Камали Қ. М. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару : оқу құралы. Алматы, 2006
2.Кеулiмжаев Қ.К, З.Н. Әжiбаева, Н.А. Құдайбергенов Бухгалтерлiк есеп приниптерi. Алматы. Экономика. С. 2003ж.
3. Мамедов О. Ю. Қазіргі таңдағы экономика. Ростов н\Д., 1998, 633 бет.
4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы : Оқу құралы: Алматы: Экономика, 2003
5. Назарова В. Бухгалтерлiк iскерлiк корреспонденциясы. Алматы, Экономика. 2002.
6. Экономика: энциклопедиялық анықтамалық : Алматы: Таймас, 2010
7. Байгісиев М. К. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу: Алматы: Раритет, 2010. - 240 б
8. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп Алматы: Аудит орталығы. 1998.
9. Радостовец В.К. Кәсiпорындағы есеп. Алматы. 2002.
10. Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құрылы. М., 1999, 625
бет.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе
1. Сыртқы экономикалық қызметiнiң жалпы мәселелерi.
2. Шетелдiк валлюта операциясының есебi.
3. Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың
есебі.
4. Тауарлардың бойынша жасалатын операциялардың есебі.
5. Толингтiк операциялардың есебі.
а) Атқарылған жұмыс, көрсетiлген қызмет.
б) Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебi.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметтiның негізгi түрлерi
тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау –
тауарларды сатып алушының елiне жөнелту арқылы шетелдiк сатып алушыға сату;
импорттау – таурды сатып алушының елiне желу арқылы шетелдiк сатушыдан алу.
Ал шетелдiк валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте
көрсету үшін ережерлерiн пайдаланады. Шетелдiк валюталық операцияларына
шетелдiк. Валютада жасалатын мәлiмдемелер жатады. Олардың қатарына:
шетелдiк валютаға сатып алынған немесе сатылған мүлiктер; шетелдi валютамен
алынған немесе берiлген немеселер, баска да жолдармен алынған немесе
валютаға сатылған активтер жiне тағы басқалар.
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет
көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен
көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік
қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада
тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан
және тағы басқаларданкөрінеді.
Кәсіпрынның тиімді құрылымы басшылыққа барлық бөлімшелердің қызметін
бақылауға мүмкіндік беріп, барлық күш жігерін әріптестер мен клиенттердің
талаптарын сапалы қанағаттандыру шін қызмет көрсету түрлерін жетілдіруге
және бірінші кезекті тапсырмаларды орындауға бағыттайды.

Шетелдерден материалдарды, құрал – жабдықтарды, туарларды, материалдық
емес активтердi және басқа да мүлiктердi сатып алумен байланысты импорттау
операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың есебi "Мердiгерлермен және
жабдықтаушылармен есеп айрысу" шотында журедi, ал ол келесi аналитикалық
тұрғыда топтастырылады.
Тауарды экспорттау – бұл оларды сатып алушы елге жөнелтiп, шетел сатып
алушыларына салған тауар.
Экспорттауға арналған тауарлардың қозғалысын рәсiмдеудiң негiзi
болатын құжаттар қатарына мыналар жатады.
Толингтiк операция деп өңдеуге берiлген двальчестiк шикiзатпен
байланысты операцияны айтамыз.
Сыртқы экономиакалық қызметтiң маселесiне сай, тауардан басқа
жұмыстардың атқарылуы, қызметтiнiң артықшылық белггiсi салық салу тәртiбi
болып таблады.

1. Сыртқы эономикалық қызметiнiң жалпы әсерлелерi

Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметiнің негізгi түрлерi тауарларды
экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау – тауарларды
сатып алушының елiне жөнелту арқылы шетелдiк сатып алушыға сату; импорттау
– таурды сатып алушының елiне желу арқылы шетелдiк сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалык мәмiле контрактiмен рәсiмделедi, онда олардың
құкығы, мiндеттемесi және тараптардың жауапкершiлiгi. Сондықтан дұрыс
рәсiмдеу үшiн Халыкаралық палатасының әзiрлеген халықаралық сауда терминiн
("Инкотермс") пайдаланауды ұсынады.
"Инкотермстiң" барлық терминi төрт базалық категорияға топтастырылған:
Топ Жабықтаудың Франкировка жағдайы ( тасымалдау
шарты белгiлерiшарттары)
Е EXW Завод франкосы
F FCA Еркiн тасымалдаушы
FAS Еркiн кеме бортының жағасына дейiн „елу
FOB Еркiн борта әкелу
С CFR Күнi және фрахтысы
CIF Күнi, сактандыру және фрахтысы
CPT Тасымалдауға дейiн төленген...
CIP Тасымалдау мен сактандыру төлемiжүктi
тасымалдауға дейiн төленген
D DAF Шекәраға дейiн жеткiзiлген
DES Кемеден жетiзiлген
DEO Кеме тоқтайтын жерге дейiн, яғни айлаққа
дейiн жеткiзiлген (баж салығы косылған)
DDU Баж салығын төлемей жеткiзiлген
DDP Баж салығын толеп жеткiзiлген

"E" - тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан
жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. "F" - тобының шарты бойынша, сатып
алушы көрсткен транспорттың құралына дейiн тауарды сатушының өзi жеткiзiп
беруге мiндеттенген.
"C" - тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады,
бiрақ жүктi жөнелткеннен кейiн болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына
(жоғалуына) жауап бермейдi. "D" - тобының шарты бойынша сатушы барлық
тәуекелдiлiктердi және жүктi белгiленген жерiне дейiн жеткiзiп берумен
байланысты шығындарды өзiне алады.
CIF – тауарды жеткiзiп беру кезiнде жағдайында сатушы жүктiн әрбiр
тоннасын сақтандырады, фрахтысын және сақтандырулар кiредi.
Сөйтiп, CIF кезiнде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтiн бағасының
iшiне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кiредi.
DAF – жағдайында экспорт үшiн рұксат етiлген белгiленген орнына дейiн
тауарды жеткiзiп беру бойынша жауапкершiлктi сатушы алады, ал сатып алушы
көрсетiлген орында және көрсетiлген уақытында тауарды қабылдап алуға
мiндеттi.
FAS – жабдықтау шартына сәйкес кеме бортына дейiн тауарды өз есебiнен
жеткiзiп берудi мойнына алады, ал содан кейiнгi шығыстарды (арту, фрахт)
сатып алушы алады. Транспорт құралына бұзылуын және басқа да шығыстарын
сатушы өз мойнына алады.
FOB – сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құны,
кеме бортына арту және оған дейiн жеткiзу шығыстары, т.б. кiредi.
"Инкотермс" ұсыныстың сипатта болады және онын белгiлi бiр бөлiгiн
немесе толық көлемiн пайлалануы тараптардын келiсiмiне байланысты болып
келедi.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелiнетiн және оның шекарасынан
шығарылатын барлық тауарладың кедендiк бақылаудан өтетiндiгiн көрсетедi.
Бұл кезде занда каралған кедендiк төлемдер экспорттауға да, импорттауға да
салынады, оның құрамына мыналар кiредi:
– Кедендiк баж салығы;
– Кедендiк рәсiмдеу үшiн кедендiк алымдар;
– Тауарды сақтауға алынатын кедендiк алымдар;
– шығарып салғаны үшiн кедендiк алымдар;
– Қазақстан Республикасының кедендiк органына лицензия бергенi
үшiн алынатын алым;
– Кеден iсiн рәсiмдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын
бергенi үшiн алым;
– алдын ала қабылданатын шешiмдер төлем.
Бұл төлемдердiң көбiсiнiң мөлшерi кедендiк тауар кұнына тәуелдi болып
келедi, олардың құрамына шет елдiк валютамен есепттелген тауардың нақты
құны және шетелде төленген үстеме шығысы кiредi. Егер де үстеме шығысын
жабдыктаушының өзi төлесе, онда ол тауардынң нақты құнына бағаның бiр
элементы ретiнде болады және оны сатып алушы өтейдi.
Кедендiк төлемдi есептеудiн негiзiн тауардың кедендiк құнын құрайды,
тек кейбiр арнайы кедендiк төлемдерiн, яғни, тауар бiрлiгi үшiн белгiленген
мөлшерде есептелетiндерiн қоспағанда.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлеге
шығарылатын тауарлардың кедендiк құны; шот-фактурада көрсетiлген тауар
бағасына, сондайақ егер шот-фактураға енгiзiлмеген болса, онда мынадай
нақты шығындар: тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейiн
жеткiзiп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақстан Республикасының
кедендiк аумагынан сыртқыары жерлерге шығару шағындары; сатушының шығарған
шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлiк сыйақылары; сондай-
ақ Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын
тауарлармен бiртұтас нәрсе ретiнде қаралмаса, контейнерлердiң немесе
бiрнеше рет қайталанып айналымда болатыныдыс құндары буып-түю құндары
негiзiнде анықталды.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына сырттан әкелiнетiн
тауардың кедендiк құны мынадай әдiстердi қолдану арқылы анықталады.
Кедендiк төлем мөлшерлерi мынадай түрлерге бөлiедi:
– адвалорлық – салық мөлшерi салынатын тауарлардын кедендiк
құнына процентпен есептеледi;
– Ерекше – салық мөлшері салынатын тауар бiрлiгінің белгiлеген
мөлшерiмен есептелiнедi;
– Аралас – салық мөлшерi жоғарыда аталған кедендiк салық
түрлерiнiң екеуiне де үйлестiрiледi.
Сыртқы экономикалық кызметте қолданатын негiзгi құжатар болып:
– Техникалық құжаттаулар – техникалық төлқұжаты (паспорты),
сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеу,
техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты (спецификациясы) және
т.б.:
– Тауарлы – iлеспе құжаттаулары – тауар сапасының сертификаты,
буып-түю парағы; құрастырушы тiзiмдемесi (ведомосы) т.б.:
– Транспортық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары –
темiржол накладнойы және оның көшермесi (жүк түбiршегi,
коносамент, автотранспорттың накладнойы т.б.), сақтандыру полисi
немесе сертификаты;
– Қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берiлген қабылдау
актiсi, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты,
басқа да кепiлдiк куәлiгi т.б.;
– есеп айрысу құжаттаулары – шот-фактурасы, аударма векселi;
– банкi құжаттаулары – валютаны аудару өтiнiшi, инкассо
тапсырмалары, аккредитив ашу туралы тапсырмалар, чектер,
Қазақстан Республикасының кеден депозитiне қаражатты аудару
туралы тапсырмалары, есеп айырысу валюталық шоттар бойынша
жасалған операциялардың көшiрмесi;
– кедендiк құжаттаулар – кедендiк жүк декларациясы , тауардың
шығуы туралы сертификаты, баж салығын төлегенi туралы анықтама,
акциздер, алымдар;
– талап құжаттаулары – шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға
қойған талап арызы т.б.;
– бұзылған немесе кем шыққан жөнiндi жасалған құжаттар – кем
шыққанға жасалған коммерциялық актiлер, авария сертификаты.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдiк валюта
бойынша жүредi. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдiк валюта
бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.

2. Шетелдiк валюта операцияларының есебi.

Шетелдiк валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлiк есепте
көрсету үшiн № 9 БЕС ережелерiн пайдаланады. Шетелдiк валюталық
операцияларына шетелдiк валютада жасалатын мәмiлелер жатады, олардың
қатарына:
• шетелдiк валютаға сатып алынған немесе сатылған мүлiктер:
• шетелдiк валютаме алынған немесе берлiген несиелер;
• басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер
және т.б.
Бухгалтерлiк есептiн Бас шоттар жоспарында шетелдiк валютадағы ақша
қаражаттарын есептеу үшiн мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған:
431, 432, 452. Ал басқа активтерi мен мiндеттемерлерiн есептеу үшiн мына
шоттарға субшоттар ашылады: 301, 333, 511, 671, 687 т.б., демек, шетел
валютасында жасалған операцияларын бөлiп көрсету мүмкiндiгi зор. Бiрақ ол
операциалар бухгалтерлiк есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетiледi,
яғни Қазақстан Республикасының ұлттық банкiсiнiң белгiленген бағамы бойынша
қайта есептелiнедi. Бiрақ олар алғашқы құжаттарда номиналдық түрi бойынша
көрсетiлуi мүмкiн.
Мысал "Узень" ЖШС 27 қантар 2002ж. "Werbe" шотел кәсiпорнына жеткiзiп
берiлген тауар үшiн аванс ретiнде ақша қаражатын аударған. Аударылған
аванстың сомасы 3500 АЅШ долларын құрған. 27 қантар 2009ж. ЅР ҰБ бағамы
бойынша 1 доллар 151,00 теңге тұрған. Олай болса, "Узень" ЖШС – тiң
бухгалтерлiк есеп регистрларында жалпы сомаға келесi жазба жаылады: 528500
теңге (3500$ х 150,00) немесе 3500$ - 351 шоты дебеттеледi де, 431 шоты
кредиттеледi.
Шетелдiк валютада операцияны жасау кезiнде операцияның жасалған күнiн
бiлу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Төменде
шетелдiк валютада жасалған операцияның құнын анықтаудың тәртiбi
келтiрiлген.
Ақша қаражаты мен есептесулер (шетел валютасында аланган (берiдген)
дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру
қаражаттарының қалдықтары мiндеттi турде, ҚР ҰБ белiленген боғамы бойынша
ең соңғы есептiк кезеңнің күнiне септелуiне жатады.
Шетелдiк валютаға алынған (қалыптаскан) негiзгi құралдардың құны,
аяқталмаған күрделi құрылыстар, тауарды-материалдық құндылықтар,
материалдық емес активтер, меншiк капиталы одан әрi қайта бағалануға
жатпайды. Шетелдiк валютаға алынған (калыптасқан) меншiк капиталы және
аударылған активер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының
өзгеруiне байланысты кайта есептеулер жұргiзiлмейдi. Ондағы орын алған
айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және
шығыстың айырмасын ажырата бiлу керек. Ол үшiн белгiлеу агенттiнiң
аппараттарына сүйену керек.
Осы процестергi операцияларды көрсету үшiн "Узень" ЖШС бухгалтерлiк
есебiнде келесi жазбалар жазылған.
Сонымен,"Узень" ЖШС 2002 жылдын 28 ақпанындағы бала-сында"Clobal"
компаниясын дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500+1050-453600-300+50)
құраған. Бағамдық айырмадан пайда болатын жоғалтудан қорғаудын бiр тәсiлi-
хеджирование1 болып табылады, ал ол бағамдық жоғалту
тәуекеллдiгiнсақтандырудың бiр түрi болып келедi.
Шетелдiк тәуелдi еншiлес заң тұлғаларымен немесе бiрлескен
кәсiпорыдармен есеп айырысу есебi жоғары айтылғардардан ерекше ереже
бойынша жүредi.
Шетелдiк тәуелдi еншiлес заңдары тұлғалардың немесе бiрлескен
кәсiпорындардың нетто-инвестиясын анықтау үшiн осы кәсiпорындардың таза
активiне келетiн инвестияның есептеп шығару керек. Егер де субъект
бөлiмшелерiнiң 60% акциясына ие болса, онда оның таза активнiң 60% нетто-
инвестиясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда нетто-
инвестия сомасы болып табылады, және ол кәсiпорынның таза активiне тең
болады. Субъективнiң шетел валютасында дебиторлық пен кредиторлық қарыздары
болуы мүмкiн, ал кәсiпорының алашағы немесе берешегi болуы мүмкiн. Нетто-
инвестиясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейiн, кәсiпорынның
меншiк капиталы ретiнде 543 - "Басқа да" шотында көрiнiс табады.
Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретiнде (543 шотының дебетi және 725
шотының кредитi); не шығыс ретiнде (844 шотының дететi және 543 шотының
кредитi) танылады.

3. Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардын есебi

Шетелдерден материалдарды, құрал-жабықтарды, тауарларды, материалдық
емес активтердi және басқа да мүлiктердi сатып алумен байланысты импорттау
операциялары жасалады, олармен есеп айырысудың есебi 671 "Мердiгелермен
және жабдықтаушылармен есеп айырысу" шотында жүредi, ал ол келесi
аналитикалық тұрғыда топтасырылады:
– Шетелдiк жабдықтаушылармен есеп айырысу – есеп айырысу алдында
инкассалық тәртiпте есептелiнедi, содан соң акцептеу,
аккредитив, шотты ашу, сондайақ аванстық төлем жасау шаралары
бойынша жүредi.
– Коммерциялық несие бойынша шетелдiк жабдыктаушылармен есеп
айырысу. Есеп есеп айырысу олперациялары бойынша жүредi, онда
олардың аударма векселiнiң (тратта) акцептелген немесе
акцептелмеген жағдайында импортық тауарлар жеткiзiледi.
Шетелдiк валютада берiлген вексельдер (траттатта). Есеп айырысу,
шетел жабдықтаушыларына берiлген коммерциялық несие бойынша есептелiнедi
және олар бойынша есептелген пайызға вексель немесе шетел
жабдықтаушыларымен акцептелiп жазылған аударма векселiн (траттарын) бередi.
Келiп түскен импорт тауарларын есепте көрсету кезiнде олардың сатып
алынған құнын дұрыс көрсетудiң манызы зор, өйткенi онда контракт бойынша
сатып алу бағасымен қоса, әкелiнген тауарға баж салығы, комиссияондық
марапттау, жабдыктау, делдал, транспорттық-дайындау шығыстары және басқа
шығыстар кiредi. Сондықтан әрбiр тауар түрiнiң сатып алу құнын есептеуге
тура келедi.
Хеджирование – ұзак мерзiмдi мәмiлен жасау кезiнде бағаның өзгеру
мүмкiндiгiне карап, қысқа мерзiмдi мәмiленi сақтандырады. Хеджированиенiң
мәнi қор биржасында жасалатын контрактiлерiнде сату (немесе сатып алу)
мерзiмi бойынша көрсетiледi, сонымен бiр мезгiлде нақты тауарды сатумен
(сатып алумен) қатар, ол сол мезгiлде жабдықтау операциясын жайсады, яғни
керi операциясын жасаудан тұрады.
Нетто-инвестиция – бұл тәуелдi, еншiлес, бiрлескен кәсiпорындарының
акциаларының таза актiвiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Бiрақ олардың құнын тек жабыктаушының бағасынан ғана анықтауға болады,
ал ол мына формула бойынша есептелiнедi:
Се = ЦП х (1 + К)
Мұнда:
Се – тауар бiрiлгiнiң құны;
ЦП – жабдықтаушының бағасы;
К - жалпы шығанның жабдықтаушының шотында көрсетiлген жалпы шығын
омасына қатынастық коэфициентi.
Өз кезегiнде,
К = ОЗ СП,
Мұнда:
ОЗ – жалты шығын;
СП – жабдықтаушының шотында көрсетiлген жалпы сомасы.
Бұл жерде жабдықтаушылармен есеп айырысу тек шетелдiк валютада жүредi,
сондықтан есеп жазбаларын қалыптастырған кезде мынаны ескерген жөн.
Ал олар бухгалтерлiк есепте тек тенгемен ғана көрсетiледi, яғни ҚР ҰБ
белгiлеген баға бойынша операцияның болған күнiне сәйкес шетелдiк валютадан
теңгеге ауыстырылады. Шетелден әкелiнген тауарға тиiстi кеден төлемi мен
салығын төлеген сон, олар Қазақстан Республикасының аймағына еркiн
айналысқа түседi.
Қазақстан Республикасының әрекет етiп тұрған зандарымен сәйкес
кедендiк төлемдер мен алымдардан басқа тауарларды импорттау кезiнде
қосылған құн салығын (осы салықтан босатылғандардан басқасы) және
акцизделетiн тауарлар бойынша акцизiн төлейдi.
Импортталатын акцизделген тауарлар бойынша кеден зандарымен сәйкес
анықталатын құн немесе натуралдық көлем салық салынатын объект болып
табылады.
Әкелiнген тауарлар бойынша ҚҚС мына формула бойынша анықталады:
мында:
Тст – кедендiк құны;
Ит.п. – импорттық кедендiк баж салығы;
Тсб – кедемдiк алымдар;
А – акциздер
ҚҚС = (Тст + Ит.п. + Тсб + А) х Н 100
Н – ҚҚС мөлшершемесi.
Косылған құн салығын және акциздi импорттаушы (декларант), не кедендiк
төлемiн қосып төлеген басқа тұлғалар төлейдi және оған зачетка немесе
төлемi кейiнге (3 айға дейiн) қалдырылатын қосылған құн салығы қосылмайды.
Кедендiк процесiн рәсiмеу кезiнде төленген қосылған құн салығы зачетка
жатқызылады.
Мысал. Қазақстан Республикасының аймағына 2009 жылы 10 ақпанда тауар
импортталады (әкелiндi) делiк. Ол тауар өндеу өнеркәсiбiне арналған. Осы
тауарға салынатын ҚҚС салық төлеушiнiң өтiншi бойынша үш айға кейiнге
қалдырылған. Оның кейiнге қалдырылған сомасы 160 мың теңге құраған. Бiрақ
салық төлеушiнiң бұған дейiн және үш ай барысында ҚҚС бойынша артық
төлемдерi болса, онда кейiнге қалдырылған ҚҚС зачетка жатқызылады. Ал егер
де үш ай барысында ҚҚС бойынша төлеген сомасы кем болса, яғни бар болғаны
100 мың теңге төлесе, онда кәсiпорын 11 мамырдан бастап 60 мың теңгеге
айыппұл төлей бастайды.
Өз өндiрiсiнiң қажеттiлiгi үшiн әкелiнген запас бөлшектер, құрал-
жабдықтар үшiн қосылған құн салығын төлеген зачеттың әдiсiн пайдалана
алмайды. Бiрақ құрал-жабықтардың және запас бөлшектердiң тiзiмiн Қазақстан
Республикасының үкiметi анықтайды. ҚҚС зачет әдiсiмен төлеген кезде салық
төлеүшi кеден органдарына ҚҚС бойынша есепке тұрғандығы туралы куәлiгiнiң
көшiрмесiн және импортталған тауарларға қатысты ҚҚС декларациясын ұсынуы
тиiс. Осы кұжаттардын негiзiнде ҚҚС төленбеген, бiрақ еркiн айналысқа
жiберiлген тауарлар бойынша мiндеттемесiн анықтайды. Осы аталған мiндеттеме
633 шотынын дебетi мен кредитi бойынша көрiнiс табады. Одан әрi қарай ҚҚС
жалпы қабылдалған тәртiпте ұсталынады.
Кедендiк төлемдердiң және салықтардың есеп айырысу базасы болып
кедендiк құн саналады, ал жабдықтаушылармен есеп айырысуды көрсету үшiн
фактуралық құн пайдаланылады.
Бұл екi құнын (кедендiк және фактуралық) айырмасы мындай: фактуралық
құны жабдықтаушының бағасын бiлдiредi, ал кедендiк құның деңгейi есептеу
жолымен шығарылады.
Тауарлардың кедендiк құнын дұрыс анықтаудын маңыздылығы. Бұл үшiн
төменде келтiрiлген әдiстердiн бiрiн қолданады.
Кедендiк құнды анықтаудың негiзгi әдiсi сырттан әкелiнетiн тауарларға
жасалған мәмiленiң бағасы бойынша анықтау әдiсi болып табылады. Негiзгi
әдiстi пайдаланудың мүмкiндiгi болмаған жағдайда төменде аталған әдiстердiң
әрқайсысы рет-ретiмен пайдаланды. Мұндайда кедендiк құн алдынғы әдiстi
қолдану жолымен анықтала алмайтын болса, әрбiр келесi әдiс қолданады. Құнды
шегеру және қосу әдiстерi кез келген ретте қолданылады.
1. Кедендiк құнды сырттан әкелiнетiн тауарларға жасалған мәмiленiн
бағасы бойынша анықтау әдiсi. Нақты төленген немесе Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезде төленуге тиiстi баға
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауардың кедендiк құны болып
табылады.
Кедендiк құнды анықтағанда мәмiле бағасы бұдан бұрын қосылмаған болса,
онда оған мындай шығындар қосылады:
– тауарды әуе және су немесе басқа да жолдар арқылы Қазақстан
Республикасының кедендiк аймағына дейiн жеткiзуге жұмсалатын
шығындар; тасымалдау құны; тауарларды тиеуге, түсiруге, қайтадан
тиеуге және төгуге жұмсалатын шығындар; сақтандыру сомасы;
– сатып алушының жұмсаған шығындары: комиссияондық және
брокерлiк сыйақылар, тауарларды сатып алғанда төленетiн
комиссияондық алым бұған жатпайды; егер Сыртқы экономикалық
қызмет номенклатурасына сәйкес бағаланатын туарлармен бiртұтас
нәрсе деп қаралатын болса, контейнерлердiң немесе басқадай көп
қолданатын ыдыстардың құны; буып-түю жұмыстарының құны да енедi;
– тiкелей немеса жанама түрiнде сатып алушыларға сыртқа шығарып
сатуына немесе өндiрiсiне пайдалануына байланысты төмендетiлген
бағасына немесе тегiн берiлуiне келесi тауарлардың және
қызметтердiң құнының бiршама тиiстi бөлiгi: шикiзаттар,
материалдар, деталдар (түйектер), шала өнiмдер жөне бағаланатын
тауарлар, аспаптар, штамптар, қалыптар, бағаланатын тауарларды
өндiрген кезде пайдаланылған басқа да осындай нәрселердiң
құрамдас бөлiгi болып табылатын жинастыру бұйымдары; бағаланатын
тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдары (жағу
материалдары, отындар және басқалары); Қазақстан Республикасы
аумағынан тысқары және бағаланатын тауарларды өндiруге тiкелей
қажеттi инженерлык зерттеулер, конструкторлық тәжiрибе
жұмысының, дизайның көркем безендiрудiң, нобайлар (эскездер) мен
сызбалардың өзiндiк құны жатады;
– интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдаланау үшiн төлнетiн
лицензиялық және басқа төлемдер, бағаланатын тауарларды сату
ережелерi ретiнде сатып алушы оларды тiкелей не жанама түрiнде
жүзеге асыратын болса.
– Сатушы бағаланатын тауарларды Қазақстан Республикасы аумағында
одан әрi кез келген жағайда, оны қайтадан сатуда, басқа бiреуге
беруден не пайдаланадан тiкелей не жанама түрде табыс табатын
болса.
Бұл әдiс келесi бес жағдайды сақтаған кезде қолданылуы мүмкiн:
– тауар Қазақстан Республикасында экспорт үшiн сатылса;
– импортердiү құқына қатысты бағаланатын тауарға шектеулер жоқ
болса (Қазақстан Республикасының заң актилерiмен белгiленген
шектеулердi қоспағанда; географиялық аймақтын шектеiлерi болған
жағдайда тауардың қайта сатылуы мүмкiн; бiрақ ол тауар бағасына
елеулi ыкпал етпейтiн болса);
– сату немесе мәмiле бағасы белiгi бiр жағдайды сақтағанға
байланысты болсмаса, егер де олардың тиiзетiн әсерiн есептеу
мүмкiндiгi болмаса;
– кеден құнын жарияеткен кезде декларантың пайдаланған мәлiметтi
тиiстi құжаттармен куатталып, анықталуы керек;
– мәмiлеге катысушылар бiр-бiруне тәуелдi түлгалар болмауы тиiс,
егер де олардың тәуелдiлiгi болса, онда ол мәмiленiң бағасына
әсер етпеуi керек.
2. Кедендiк құны ұқсас тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы бойынша
анықтау әдiсi. ұқсас тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы бойынша
бағалау әдiсiн тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн негiз ретiнде
пайдаланғанда ұқсас тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасын осы топта
көрсетiлген ережелерiн сақтаған жөн. Мұндайда ұқсас тауарлар деп
бағаланатын тауарлармен қай жағынан алып қарағанда да, оның iшiнде мынадай
белгiлерi барынша ұқсас болғаны жөн: физикалық сипаттамасы; сапасы жөне
нарықтақы орны (атағы); шырғарған елi; ендiрушiсi бiрдей тауарларды ұғынады
(санайды).
Егер мұндай тауарлар негiзiнен осы баптың талаптарына сәйкес келсе,
сыртқы түрлерiндегi аздаған (ептеген) өзгешелiктерi олардың ұқсас тауарлар
ретiнде қарастырылуынан бас тартуға негiз болмайды. Егер де мұндай тауарлар
Қазақстан Республикасының аумағына сату үшiн әкелiнсе; бағаланатын
тауарлармен бiр мезгiлде немесе бағаланатын тауарлар әкелiнге дейiн 90 күн
iшiнде жеткiзiлсе; шамамен сондай мөлшерде немесе сондай коммерциялық
жағдайда әкелiнсе, ұқсас тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы кедендiк
құнды анықтау үшiн негiз ретiнде қабылданады. Егер ұқсас тауарлар басқадай
мөлшерде немесе баскқадай коммерциялық бағаларына тиiстi түзету енгiзуге
және Қазақстан Республикасының кеден органдарына ол түзетудiң негiздiлгiн
құжатпен растауы тиiс.
Сонымен, ұқсас тауарлар бойынша анықталган мәмiленiң құны бағаланатын
туарлардың кедендiк құны да болып табылады.
3. Кедендiк құнды бiрыңғай туарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы
бойынша анықтау әдесi. Бiрыңғай туарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы
бойынша бағалу әдiсiн тауардiң кедендiк құнын анықтау үшiн негiз ретiнде
пайдаланғанда бiрiңғай тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы осы бапта
көрсетiлген ережелер сақталған жағдайда қабылданады.
Мұндайда бiрыңғай тауарлар деп қай жағынан алып қарағанда, бiршама
бiрдей болып келетiн, ұқсас сипаттары бар және ұқсас компонентерден тұратын
тауарларды атайды, бұл бағаланатын тауарлар кандай қызметте пайдаланса,
олардың атқаратын қызметi және комерциялық тұрғыстынан бiр-бiрiне ауыстыру
мүмкiндiгi бар тауарларды атайды.
Тауарлардын бiрыңғайлығын анықтағанда олардың мындай белгiлерi:
сапасы, тауарлық белгiсiнiң бар-жоғы және нарықтағы орны (атағы); шығарған
елi; өндiрiшi кесiпорындары ескерiледi.
Кедендiк құны бiрыңғай тауарлар жөнiнде жасалған мәмiле бағасы бойынша
анықтау әдесiн пайдаланғанда осы параграфтын 2-пунктiндегi ережелер
қолданылады: егер тауарлар бағаланатын тауарларды шығарған елдешығарылмаса,
олар бiркелкi бағаланатын немесе солрмен бiрыңғай тауарлар болып
есептелмейдi; бағаланатын тауарлардың өндiрушiсi емес, басқа бiреулер
өндiрген болсп және бірыңғай тауарлар болмаған жағдайда, олар назарға
алынады; егер тауарлардың жобалануы, олардың көркем безендiрiлуi, дизайны,
нобайлары мен сызбалары және басқа да жұмыстары Қазақстан Республикасында
орындалса, ондай тауарлар бiркелкi, не бiрыңғай болып есептелмейдi.
4. Құннан шегеру негiзiнде кедендiк анықтау әдісi. Құннан шегеру
негізiнде бағалу әдесi бойынша кедендiк анықтау бағаланатын бiркелкi немесе
бiрiңғай тауарларды бастапқы қалыптарынан өзгермей сатылған жағдайда
колданылады. Құннан шегеру тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн негiз
ретiнде пайдаланғанда тауар бiрлiгiнiң бағасы алынады, бағаланатын,
бiркелкi немесе бiрыңғай тауарлар сатушы адаммен өзара тәуелдi немесе
мәмiлеге қатысушыға бағаланатын тауарлар әкелiнген күннен бастап, 90 күннен
әрi асырмай, сол баға бойынша мейлiнше көп партиямен сатылады.
Тауар бiрлiгi бағасынан мына компоненттер шегерiледi: комиссиялық
сыйақыға төленген шығындар, пайдаға байланысты үстеме ақы және топтағы және
түрдегi тауарларды сатуға байланысты жалпы шығындар; тауарларды әкелендегi
пошлиндер, салықтар, алымдар және тауарларды сырттан әкелуге не сатуға
байланысты Қазақстан Респбликасында төленуге тиiстi басқа да төлемдер;
Қазакстан Республикасында тасымалдауға, сақтандыруға, және түсрiу
жұмыстарына жұмсалатын әдеттегi шығындар.
Бағаланатын, бiркелкi не бiрiңғай тауарлар әкелген кезде қандай күйде
болса, сондай күйде сататындай жағдайлары болмаса, мәлiмдеушiнiң өтiншi
бойынша қосылған құнға енiзiлген түзетулермен, осы баптың екiншi және
үшiншi бөлiмдерiндегi ережелердi сақтаған жағдайда өндеуден өткен тауар
бiрлiгiнiң бағасы пайдаланылуы мүмкiн.
5. Құнға қосу негiзiнде кедендiк кұнды анықтау әдісi. Құнға қосу
негiзiнде бағалау әдiсiн тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн негiз ретiнде
пайдалангған кезде материалдардық құндары және бағаланатын тауарды өндiруге
байланысты дайындаушының шығарған шығындары; сондай тауар түрдегi шығаратын
елден Қазақстан Республикасына сатуға тән әкелiнген шығандарды, соның
iшiнде тасымалдауға, жүктi тиеуге және түсiруге, Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасынан өтетiн сақтандыруға жұмсалатын шығындары және басқа
шығындарды; мұндай тауарларды Қазақстан Респубикасына жеткiзу нәтижесiнде,
әдетте, экспорттаушы алатын пайданы косу жолымен есептепшығырылған тауар
бағасы қабылданды.
6. Кедендiк құнды анықтаудың резервтiк әдісi. Егер тауардын кедендiк
құнын мәлiмдеушi кедендiк құнды анықтаудың жоғарыда көрсетiлген рет-
ретимен қолдану арқылы анықтай алмаса немесе кеден органы дәлелдеп отырып,
кедендiк құнды анықтаудың бұл әдiстрiн пайдалануға болмайды деп есептесе,
кедендiк құн резервтiк әдiспен анықталады. Резервтiк әдiстi қолданғанда
Қазақстан Республикасының кеден органы кедендiк құнды анықтау үшiн тауар
бағасы негiзiнен оның жiктелуiне, сапасының сәйкестiгне тәуелсiз түрде
(инспекциялау) нәтижелерi бойынша алынған мәлiметтерiне, сондай-ақ
өздерiнде бар бағаға сүйенедi.
Резервтiк әдiс бойынша кедендiк құнды анықтау үшiн негiз ретiнде.
Қазақстан Республиканың iшкi нарығындағы бағасы; үшiншi елдерде шығарылған
тауардың бағасы; Қазақстан Республикачының iшкi нарығындағы шығарылған
тауардың бағасы; ұқсас немесе бiрыңғай туарлардың есептеу жолымен
шығарылған бағасы пайдаланымайды.
Егер де бiрiншi әдiстi пайдалану мүмкiндiгi болмаса, онда 2-6
әдiстердi пайдалану керек.
Кеден органдарының депозитiне салынған кеден төлемдерi мен
салықтарының сомасын сақтау мерзiмi 60 күннен аспауы тиiс, егер де олардың
төлем құжаттарында 60 күннен асатын мәмiлелердiн шарттары болса ғана асуы
мүмкiн. Жариялағанған кедендiк құжаттармен бiрге декларациясы ұсынғаннан
кейiн, артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар сомасын қайтару
(немесе зачетка жатқызу) немесе толық төленбеген сомасын өндiрiп және кеден
құнын түзетудiң нысанын толтырумен бiрге жүзеге асады.
Кеден құны бухгалтерлiк есепте қөрiнiс таппайды.
Мысал. Шетел жабдықтаушыларынан 100 000 долларға тауар алынған.
Қазақстан Республикасының кедендiк рәсiмдеу орнына дейiн кампанияның
транспорттық шығысы 140000 доллар құраған. Импорттың баж салығы - 10%,
қосылған құн салығы - 16%, кедендiк ауарымдар – 0,4% (уақытша сақталатын
қоймаға тауар сақталмаған). Кеденнен көтерме ұйымының қоймасына дәйiн
тауарды жетiзу бойынша шығысы 36000 теңге құраған, соның iшiнде – 16% ҚҚС
қосылған. ҚР ҰБ 1 доллардың ресми бағамы 152 теңгенi кұрған. Ендi бiз
импортталған тауарды жеткiзiп алумен байланысты шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейiк.
Алынған әрбiр тауар түрiнiң құны оның жасалған төлемiне карап
есептелiнуi тиiс.
Мысал. Шетел жабдықтаушыларынан алынған тауар бiрлiгiнiң құны мынаны
құрады:
А тауары – 961 АҚШ доллары немесе 146072 теңге (961 х 152);
Б тауары – 183 АҚШ доллары немесе 146072 теңге (961 х 152);
В тауары – 219 АҚШ доллары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КәсIпорынның сыртқы экономикалық қызметIнIң есебI
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Басқару есебі-бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
Валюталық операцияларды классификациялау
Қысқамерзімді активтердің аудиті
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Пәндер