Сырлау жұмыстары


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Сырлау жұмыстары . Тұрғын үйді әрлеуге желімді, әкті, майлы, эмальды және су-эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады. Желімді сырмен тебен қабырғаны сырлайды да, ал әкпен бөлменің төбесін ақтайды. Олифа, майлы және эмальды сырлар - панель, есік, терезе, газ пештерін және су құбырларын; су эмульсиялы сыр-төбе мен қабырғаны ақтауға; лак сырланған есік, терезе, еденді жылтыратып өң беру үшін қолданылады.

Сылақтың түрлері.

  1. Әкті сылақ (араласпа) ;
  2. Цементті араласпа;
  3. Су өткізбейтін араласпа.

Сәндік сылақтардың артықшылықтары:

1. Айрықша болу мүмкіндігі: түс пен фактураның молтаңдауы. Сылақ қолмен жағылады. Сіз тек әдемі қабырғаға ие болып қана қоймай, нағыз өнер туындысының иесі боласыз.

2. Жарасымдылық: материалдың тігісі жоқ, дайын қабырға біртұтас бейне іспетті көрінеді.

3. Қолайлылық: сәндік сылақтар кішігірім сызаттар мен үй жануарының тырнақ іздерінен қорықпайды, оны сабынды ерітінідімен оңай жуып алуға болады.

4. Экологиялық тазалық: толық кепкеннен кейін ешқандай зиянды заттар мен иістерді бөлмейтін таза өнім.

  1. Тақырып сипаттамасыСылақ жұмыстарының технологиясы

Жұмыстың алдында алдын-ала сылақтың қалыңдығын анықтап алу тиіс. Тегіс кірпіштің бетіне қалыңдығы 5 мм жеткілікті деп бағдарланады. Штукатурканы жұқа қабат қылдырса кірпіштің тігісі көрінеді және кейін аталған тігісті немесе басқа суретті бояу, көрсетпеу мумкіндігі азаяды. Кірпіштің қалауы дұрыс қаланбаса, сылақ қабатын көбейту керек, себебі қабырғаның тегіс емес жерлерін жасыруға болады. Егер кірпіш қалауы тік орындалмағанда қабаттың қалыңдығын көбейту арқылы қабырғаның адыр-бұдырлығын жасыруға болады. 5 мм-денде жіңішке аз қалаумен тегіс бетонды бетті жабуға болады.

Сылақ қаншалықты жіңішке болғанымен 3 қабаттан тұрады:

  1. Обрызг;
  2. Грунт;
  3. Накрывка.

Обрызгты -өңделетін бетке әртүрлі тегіс емес жерлерді тегістеу үшін және оларды болдырмау үшін жағады. Бұл қабаттың қалыңдығы 4-5 мм (тас қабырғалары үшін) және бетон қабырғалар үшін қалыңдығы 10 мм-ге дейін болады.

Грунт - сылақтың 2 қабаты, қалыңдығы 10-20 мм. Оны обрызг кепкеннен кейін жағады.

Накрывка (өңдеу қабаты) - бұл сылақтың соңғы қабаты. Оның қалыңдығы 2 мм-ден артық болады. Бұл қабат үшін майлы араласпа қолданылады.

Араласпаны соколға қажетінше жағы арқылы қабат мүмкіндігінше неғұрлым тік болады. Соколды сол қолға, ал қалақты оң қолға аламыз. Соколмен жұмыс сурет 1-, ал кесте 1-де сылақ қабаттары көрсетілген.

http://gardenweb.ru/gallery/dlja_kvartiry/image_6.gif

Сурет 1 - Соколмен жұмыс

Кесте 1

Сылақ қабаттары

Араласпа
Сылақ қабаты
обрызг
грунт
накрывка
Араласпа: Әкті (әк; құм)
Сылақ қабаты: 1:(2, 5-4)
1:(2-3)
1:(1-2)
Араласпа: Әкті гипсті
Сылақ қабаты: 1:(0, 3-1) : (2-3)
1:(0, 3-1) : (1, 5-2)
1:(1-1, 5:1)
Араласпа: Әкті цементті
Сылақ қабаты: 1:(0, 2-0, 1) : (3-5)
1:(0, 5-1)
1:(1-1, 5) : (2-3)
Араласпа: Цементті (цемент; құм)
Сылақ қабаты: 1:(2, 5-4)
1:(2-3)
1:(1-1, 5)
Араласпа: Цементті әкті
Сылақ қабаты: 1:(0, 3-0, 5) : (3-5)
1:(0, 7-1) : (2, 5-4)
1:(1-1, 5) : (1, 5-2)
Араласпа: Гидратты әкті қолдану кезінде
Сылақ қабаты: 1:4, 7
1:4
1:(3-33)
  1. Сылақ кезіндегі ақау

Кесте 2

Сылақ кезіндегі ақау

Кесте 2-де сылақ кезіндегі ақаулар, себептері және оларды жою әдістері туралы мағлұмат көрсетілген.

Ақаулар
Себептері
Оларды жою әдістері
Ақаулар: Сулы бояуларды қолдану кезінде
Ақаулар: Болған қабырғаның түсін жоғалтуы.
Себептері: Коллердің құрамында желімнің аз болуы.
Оларды жою әдістері: Қабырғаға бояу мен обрызгтау, немесе бояуды тазалап жаңадан жағу.
Ақаулар: Бояу қабатының біртіндеп түсуі.
Себептері: Тазартылмаған қабырғаның үстінен бояу .
Оларды жою әдістері: Қабырғаны таза сумен өңдеу, бояуды тазалап жаңадан жағу.
Ақаулар: Қабырғаның бетінде дақтардың пайда болуы.
Себептері: Қабырғаның сіңіру қабілеті аз.
Оларды жою әдістері: Бояудың екінші қабатын жағу алдында қосымша грунт қабатын жағу. (Ж+казеин желімі)
Ақаулар: Қызыл түсті дақтар.
Себептері: Пештен шығытын түтіннің әсерінен.
Оларды жою әдістері: Тұзды қышқылдың 3% ерітіндісімен жуу.
Ақаулар: Ақ түсті дақтар.
Себептері: Штукатуркадан тұздардың бөлініп шығуы.
Оларды жою әдістері: Қабырғаны металл щеткамен тазалау кептіру штукатурканы жаңадан жағу шпатлевкалау және желімді бояумен бояу.
Ақаулар: Коллердің тез қатып қалуы.
Себептері: Коллердің құрамында желімнің көп болуы.
Оларды жою әдістері: Бояуды толық тазартыпқабырғаны жаңадан бояу.
Ақаулар: Сусыз бояуларды қолдану кезінде
Ақаулар: Жарықтардың пайда болуы.
Себептері: Толық кеппеген грунт үстіне бояуды жағу.
Оларды жою әдістері: Қабырғаны пемзамен тазалау және жаңадан бояу.
Ақаулар: Боу щеткасының іздері
Себептері: Өте қою бояуды қолдану.
Оларды жою әдістері: Қабырғаны пемзамен тазалау және жаңадан бояу.
Ақаулар: Бояудың ісінуі.
Себептері: Алдында жағылған бояуды тазартпай үстінен жағу.
Оларды жою әдістері: Бояуды тазарту қабырғаны кептіру шпатлевкалау жаңадан бояу жағу.
Ақаулар: Майлы дақтар.
Себептері: Бояу құрамындағы май нашар ісінген.
Оларды жою әдістері: Пемзамен тазалау және жаңадан бояу.
Ақаулар: Бояудың ұзақ кебуі.
Себептері: Сапасыз олифа.
Оларды жою әдістері: Суық сумен жуу, кептіру, сапалы олифаны жағу.

2. Тақырыпты оқуға материалдық-техникалық дайындық

2. 1 Өндірістік оқытудың сабақ жоспары

Пән:Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

Сабақтың тақырыбы: Сылақ жұмыстары. Сылақ түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға сылақ жұмыстары туралы мағлұмат беру.

2. Сылақ жұмыстарының технологиясы туралы жалпы түсінік

3. Сылақ кезіндегі артықшылықтар.

Міндеттері

Оқытушылық: Білім, білік және дағдыларын осы пән арқылы оқушыларға үйрету.

Білімділік: С ылақ жұмыстарымен оқушыларды таныстыру. Сылақ жүмыстарының технолгиясын үйрету.

Тәрбиелік:Оқушылардың сылақ жұмыстарына деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық:Оқушылардың сылақ жұмыстарының технологиясы бойынша ойлау қабілетін дамыту және олардың осы технологияға деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың материалды - техникалық жабдықталуы:

-материалдар : Әк, эмульсия.

-құралдар: Сылақ щеткасы, құрылыс миксері, сырлау шпателі, сырлау валигі, түйістерге арналған сырлау валигі, бұрыштарға арналған сырлау валигі, уровень, отвес, угольник, құрылыс рулеткасы, қайшы.

-жабдықтар : Сырлаушы ванна.

-сабақ тақырыбы бойынша нұсқау - технологиялық карта.

1) Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу;

- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Кіріспе нұсқау:

- Сабақтың тақырыбын хабарлау;

- сабақтың мақсатын хабарлау;

- өтілген мәліметтер бойынша білімдерін тексеру;

Жаңа материалды түсіндіру

Сырлау жұмыстары. Тұрғын үйді әрлеуге желімді, әкті, майлы, эмальды және су-эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады. Желімді сырмен тебен қабырғаны сырлайды да, ал әкпен бөлменің төбесін ақтайды. Олифа, майлы және эмальды сырлар - панель, есік, терезе, газ пештерін және су құбырларын; су эмульсиялы сыр-төбе мен қабырғаны ақтауға; лак сырланған есік, терезе, еденді жылтыратып өң беру үшін қолданылады.

Сылақ түрлері:

-Әкті сылақ (араласпа) ;

-Цементті араласпа;

-Су өткізбейтін араласпа.

Әкті сылақтар кірпішпен жақсы ұштасады. Ал бетонмен нашар ұштасады, себебі бетон қабырғаларды өңдеу кезінде обрызгты, цементті немесе әлті-цементті араласпамен орындайды. Әкті араласпалар баяу қатады және қатаю кезінде суды бөліп шығарады. Егер араласпаның құрамдас бөліктерін дұдыс таңдамаса онда сылақты қабырғаға жаққаннан кейін біраз уақытта онда жарықтар пайда болады.

Әкті араласпаны дайындау тәсілі:

Жаңа сөндірілген әкті 0, 315 мм елек арқылы өткізу керек, яғни араласпаның құрамына нашар сөнген бөлшектер түспеуі керек. егер олар араласпаның құрамына енсе ақаулар пайда болады.

Араласпаның құрамына әкті-сұйықтықты қосады. Сонымен қатар суды қосып араласпаны дайындайды. Дайын болған араласпаны арнайы жәшіккі саламыз және үстінен қажетті мөлшердегі құмды қосамыз. одан кейін араласпаны мұқият араластырамыз. Араласпаны ұзындығы 100-130 см ағаш құралмен араластырамыз. Әкті араласпалар баяу қатаяды. Осы процессті жүргізу үшін құрамына гипс қосамыз. Гипс қосу нәтижесінде әкті-гипсті араласпаны аламыз. Оны дайындау тәсілі келесідей: арнайы ыдысқа суды құямыз, одан кейін өлшеп алынған гипсті біртіндеп суға қосамыз және алынған гипсті араласпаны әкті араласпаға қосамыз. 1 кг гипске 1 л су және 2 л әкті араласпа қажет. Араласпаның қатаю уақыты: 5-20 минут.

Цементті араласпа. Ыдысқа өлшеп алынған құмды себеміз, одан кейін үстіне цементті қосамыз. Осы құрамдас бөлшектерді құрғақ түрде араластырамыз. Одан кейін суды қажетті мөлшерде қосып, араласпаны дайындаймыз. Дайын болған араласпаны 1-1, 5 сағат ішінде қолдану керек. Қазіргі уақытта арнайы дайын құрғақ араласпалар бар. Бұл құрғақ араласпалардың сапасы жоғары болады.

Су өткізбейтін араласпалар. Оларды жертөрелерді, ғимараттардың сыртқы қабырғаларын, ғимараттың цоколды бөліктерін өңдеу үшін қолданылады. Бұл майлы-цементті құнды араласпалар. Олардың арақатынасы - 1:1 және 1:3. Қатынасы 1:1 кезінде қосымша церрезит немесе натрий алюминаты қосылады. Церрезит қосылған сұйық-шыны араласпалар ең кең таралған түрі болып табылады. Церрезит - бұл заводта дайындалған сары немесе ақ түсті қою қоспа. Сұйық шыны қосылған араласпалар 1:50, 1:10 арақатынаста болады. Бұл араласпалар тез қатаяды (1-2 минуттан кейін) . Натрий алюминиты қосылған цемент араласпалары 1:2 және 1:3 арақатынаста болады. Бұл араласпалар үшін М400 маркалы портландцемент қолданылады. Бұл араласпаны қолдану кезінде арнайы қолғапты, қорғаушы киімді кию керек. Себебі, натрий сілтілік қасиетке ие.

Қабырғаға арналған декорациялық жабындарды бірнеше түрге жіктеуге болады: декортивті сылақ, венециялық сылақ, флокты жабын, фактуралық сылақ, құрылымдық сылақ, декоративті және мозаикалық бояулар.

Жабындардың барлығы құрамы, пайдалану сипаты, технологиялық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Бағалар диапазоны да әр алуан. Сол себепті әрлеу материалдарының сан алуандығынан қателесу қиын емес.

1. Декоративті сылақ - байланыстырушы материал, фактуралық және түсті толықтырғыштан құралады. Нәтижесінде қабырғада көптүсті және біртүсті суреттер пайда болады. Сонымен қатар, тегіс және бедерлі қабат алуға болады. Декоративті сылақ ғимаратқа маңызды ерекшелік бере отырып, әр түрлі фактура қалыптастыра алады. Мысалы, егер әрлеуде көне мүсіндер, шамдар болмаса декоративті жабынның көмегімен антикалық үлгіні көрсетуге болады. Мұндай сылақты жасау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Қабырға міндетті түрде тегіс, құрғақ және таза болу керек. Декоративті сылақ кез келген негізге: ағаш, бетон, металл, керамика, кірпіш және тағы да басқаларына жағыла береді. Сылақтың көмегімен иесінің мінезіне, талғамына және қалауына сай декоративті жабын жасауға болады.

2. Венециалық сылақ. Бұл әрлеу материалын орта ғасырларда Италиялық шеберлер ашқан. Венециялық сылақ бірегей өрнектерімен және құрылымдық ауысуларымен мәрмәр қабырғаның қайталанбас үлгісін көрсетеді. Қабырғаға арналған мұндай декоративті жабын әдемілігімен ғана емес, тамаша технологиялық мүмкіндіктерімен де тартымды болып келеді. Мұндай жабынның құпиясы құрамында (әкті және мәрмәр ұнтақ қосу) және жағудың ерекше техникасында. Венециялық сылақты жағудың бірнеше тәсілдері бар: жылтырсыз немесе қосымша жылтырмен. Бұл үшін мамандар арнайы балауыз немесе мата қолданады. Мәрмәр қабат қалыптастыра отырып декоративті сылақ жүргізу өте қымбат тұрады. Мұндай декоративті жабын ішкі әрлеуге классикалық сипат беру үшін пайдаланылады. Қазіргі таңдажоғары сапалы материалдар мен жетілген технологиялар арқасында нағыз өнер туындыларын жасауға болады. Алайда, үдерістер күрделі болғандықтан бұл технологиялар жоғары дәрежелі мамандардың білімі мен біліктілігін қажет етеді.

3. Декоративті бояулар - бетте әр алуан «табиғи ағаш», «жібек», «барқыт» және тағы басқа әсерлер тудыруға мүмкіндік беретін қабырғаға арналған декоративті жабын. Сонымен қатар кез келген фактураны қалыптастыруға болады. Барлық декоративті бояулар негізінен тегіс болып келеді, сол себепті бетке шаң жинақталмайды. Жағу технологиясы немесе бояу құрамына тәуелді сан алуан суреттер мен әсерлер тудыруға болады. Мысалы, кейбір бояулардың құрамында алтын немесе күміс түсті металл реңкті пигменттер болады. Сол себепті декоративті сылақ жүргізілген қабырғада түрлі өрнектердің болуы таң қаларлық жағдай емес. Мұның барлығы ішкі әрлеуге өзіңіз таңдаған үлгіге сәйкес сипат беру үшін қажет. Декоративті бояулардың артықшылығы қолданудың жеңілдігі, әр түрлі әсерлерге тұрақтылығы, адгезия және бу өткізгіштігі. Сонымен қатар, қабырғаның декоративті жабыны аз уақыт ішінде жасалады. Кемшіліктері де жоқ емес, қабырға алдын ала мұқият дайындық жұмыстарын жасауды талап етеді. Декоративтік бояулар дайын күйінде сатылады және оның бағасы басқа әрлеу материалдарымен салыстырғанда төмен болады.

4. Фактуралы сылақ - қабырғалардың фактурасын өзгертуге мүмкіндік беретін декоративті жабын. Оның ерекшелігі ылғалға төзімділігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығымен қатар, жағу кезінде арнайы білімді талап етпейтіндігі. Бүгінгі таңда фактуралы сылақтың сан алуан болуы әр түрлі түстегі әр алуан фактура жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, акварельді көркемсурет, атласты драпировка және тағы басқаларын имитациялауға болады. Фактуралы сылақ дайын түрде болады, оны жаққан сәтте қабырғада түрлі жүлгелер түзіледі. Мұндай сылақты жағу арқылы әр түрлі әсерге: ағаш қабығы, бедерлі сурет т. б қол жеткізуге болады. Пайдаланылатын тығыздағышқа тәуелді сылақ түрін өзгертуге болады. Ол әр түрлі кемшіліктерді жасыруға мүмкіндік береді. Фактуралы сылақтың негізгі үш түрі бар: тон, тінжегі және қой. Олардың барлығы бір - бірінен құрылымы бойынша ерекшеленеді. Фактуралы сылақты таңдағанда оны күту шарттарына алаңдамауға да болады, себебі ол кәдімгі сумен және жуғыш құралдармен жақсы жуылады. Мұндай сылақтың ең үлкен артықшылығы- бұл декоративті жабынды арнайы мамандардың көмегінсіз өзіңіз жасай аласыз.

5. Құрылымдық сылақ әр түрлі түйіршіктер қосылған біртекті емес сылақ массасы түрінде болады. Мұндай жабынның беті құрамындағы кварц кесектері, тас қиқымдары немесе ағаш талшықтары есебінен бедерлі болады. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті қабырға жабындары Батыс Еуропа елдерінде кең қолданылған. Әрлеудің бұл үлгісі сол жақтан келген. Көбісі мұндай жабын ғимаратты сыртқы жағынан әрлеу үшін пайдаланады деп есептейді. Алайда бұл қате пікір. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті жабын әрлемеге ерекше сән береді. Құрылымдық сылақ кез-келген бетке: ағаш, кірпіш, бетон, гипсокартон, металл және тағы басқаларына жағыла береді. Мұндай сылақтың өзгешелігі пластикалылығы, ұзақ мерзімге жарамдылығы және оңай жағылатындығы болып табылады. Кәсіби маман емес адамның өзі де оны еш қиындықсыз қолдана алады. Қазіргі кезде құрылымдық сылақты минералды, полимерлі силикатты және латексті негізде шығарады. Бірақ ішкі әрлеу жұмыстары үшін сулы негіздегі сылақ ыңғайлы болады, себебі оның иісі болмайды және ауа райының әсеріне ұшырамайды. Ірі түйіршікті сылақты пайдалану арқылы бедерлі, ал ұсақ түйіршікті сылақты пайдалану арқылы тегіс бет алуға болады. Бірақ сурет жағу тәсіліне және қолданған құралдарға тәуелді болады.

6. Флокты жабын - әр түрлі пішінде және түсте болатын ұсақ акрилді кесектер немесе бөлшектер. Пішіні жағынан бұл жабын чипске ұқсас болады. Бұл декоративті жабынның негізгі ерекшелігі тозуға төзімділігі. Флокты жабынның түсі өңбейді және ол саңырауқұлақтармен зақымдалмайды, жақсы жуылады және жөнделеді, иісі болмайды және алғашқы қанықтығын жоғалтпайды. Сонымен қатар, материал жақсы жылу оқшаулағыш қасиетке ие. Флок әр түрлі материалдарды: тері, шиншил, барқыт т. б имитациялауға бейім. Флокты жабын үш қабаттан тұрады. Акрилді негізге акрил кесектері жағылып(дәстүрлі флоктар), арнайы лакпен бекітіледі. Бөлшектер әр түрлі пішінде: шеңбер, дұрыс пішінді немесе пішінсіз болуы мүмкін. Сол себепті пішіні, өлшемі және түсі әр алуан бөлшектерді араластыра отырып қайталанбас әрлеу жасауға болады. Флок - экологиялық таза жабын екендігін айта кету керек. Оны тегіс емес қабырғаны бояу үшін пайдалануға болады. Флоктың түрлері мен артықшылықтары көп екендігіне қарамастан құны басқа декоративті жабындардан төмен.

7. Мозаикалық бояулар - құрамында бояудың негізгі түсінен өзгеше түсті капсулалар болатын бояулар. Арнайы құрылымының арқасында бұл түстер өзара араласпайды. Қабырғаны мозаикалы бояумен декоративті бояуды арнайы мамандарға тапсырған жөн, себебі үдеріс біршама күрделі және арнаулы құралдардың болуын қажет етеді. Сонымен қатар, қабырғаларды да жұмыстың алдында жақсылап өңдеу қажет. Мұндай бояумен боялған қабырғаларда барқыт әсері болады. Бояу құрамына кіретін капсулалар ірі және ұсақ болуының арқасында әр түрлі суреттер салуға мүмкіндік туады. Мозаикалық бояулар тегіс жағылады, жоғары температураларға төзімді болып келеді және ұзақ мерзімге жарамды болып табылады. Мұндай бояуы бар қабырғаныбүлдіріп алудан қорықпастан жуа беруге болады. Мозаикалық бояумен боялған қабырғада ұсақ ақаулар мен кемшіліктер көрінбейді.

Сәндік сылақтарды жағу бойынша барлық жұмыстарды өңдеу жұмыстарында мол тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған өз ісінің хас шеберлері орындайды.

Сәндік сылақтардың артықшылықтары:

1. Айрықша болу мүмкіндігі: түс пен фактураның молтаңдауы. Сылақ қолмен жағылады. Сіз тек әдемі қабырғаға ие болып қана қоймай, нағыз өнер туындысының иесі боласыз.

2. Жарасымдылық: материалдың тігісі жоқ, дайын қабырға біртұтас бейне іспетті көрінеді.

3. Қолайлылық: сәндік сылақтар кішігірім сызаттар мен үй жануарының тырнақ іздерінен қорықпайды, оны сабынды ерітінідімен оңай жуып алуға болады.

4. Экологиялық тазалық: толық кепкеннен кейін ешқандай зиянды заттар мен иістерді бөлмейтін таза өнім.

Сылақ жұмыстарының құрал-жабдықтары

Сылақ жұмысын жүргізу алдында қабырғаны мұқият және оны әртүрлі аспаптармен тексереді. Олар:

1. Ватерпас - бұл төбенің көлденендігін тексеруге арналған аспап.

2. Рейка с отвесом - бұл сыланатын беттің көлденеңдігін және тікбұрыштылығын тексеруге арналған аспап.

3. Ағаш және металл бұрыштық тап (угольники) - бұрыштар мен откостарды шығаруға арналған аспап.

Сылақ жұмыстарында келесі құралдар қолданылады:

- қалақтар;

- үккіштер;

-тегістегіштер.

Қалақты сылақ араласпасын араластыру үшін қолданады. Араласпаны бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін және оны қабырғаға жағу үшін арнайы құрал (сокол) қолданылады. Ағаш үккіштерді сылақ араласпасын тегістеу үшін қолданылады. Үлкен үккіштің (теорка) негізгі өлшемдері 800х100 мм және қалыңдығы 20 мм, ал кіші үккіштің өлшемдері 350х30-55 мм және қалыңдығы 5-10 мм. Кіші үккішті бұрыштарды шығару үшін және оларды тегістеу үшін қолданады. Оларды ағаштан, яғни қылқанжапырақты орман ағаштарынан жасайды. Олардың келесі әртүрлі өлшемдері болады: ұзындығы 140-150 мм, ені 100-120 мм, қалыңдығы 20-25 мм. Үккіш тақтасына әртүрлі материалдарды бекітіп, қабырғаның қалыңдығына байланысты қолдануға болады.

Правило (инструмент аты) - бұл ағаштан жасалатын құрал. Ұзындығы 1700-2000 мм және квадраты немесе тікбұрышты пішінді қимасының өлшемі 20х70 мм-ден 30х100 мм-ге дейін болады. Олар қабырғаның түзулігін, тегістігін тексеруге және бөктерді (откал) дұрыс пішінге келтіруге қажет.

Отрезовка - бұл кіші өлшемді қалақ. Ол кіші жөңдеу жұмыстарын жүргізуге және сылақ жұмыстарының қателіктерін дұрыстауға және қабырғадағы тегіс темес жерлерді өңдеуге пайдаланылады.

Болат щетка - қабырғаны шаңнан, қалдық араласпадан, түсқағаздардан тазарту үшін қолданылады.

Сылауға арналған щетка (кисть) қабырғаларды өңдеу үшін, яғни сылау алдында қабырғаны сумен дымқылдату үшін және лас жерлерді тазарту үшін колданылады. Сылауға арналған қабырғаны алдын-ала дайындау үшін арнайы балғалар, пышақтар, қайшылар, болаттан жасалатын щетка, скарпель, металл шпатель, бучарда, шпунт, ростовка, қалақтар және т. б. құрал-жабдықтар қолданылады.

Аумақты жерлерді сырлау үшін қылы ұзын дөңгелек бояу жаққыштар, ал есік, терезе, разиаторларды сырлауға шағын бояу жаққыштар, суэмульсияны пайдаланғанда малма бояу жаққыштар (ұзынша ағаш сапқа орнатылған), ал желімді және казеинді сырлар үшін әктеуге арналған бояу жаққыштар қолданылады. Флейц-кистінің қылы ұзын, талшығы жіңішке әрі қатқыл болады. Онымен сырлаған жер біртегіс әрі жылтыр болып шығады. Жаңа боялған жердің ұзына бойын флейцтің ұшымен қатты батырмай сырлайды, сонда бояу жаққыштың ізі қалмай, біртегіс болып шығады.

Сырлауға дайындау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4 қабатты 20 патерлі тұрғын үй
Сылақ жұмыстарының технологиясы.Сылақ түрлері
Қасбеттерді әрлеу жұмыстары
Қасбет әрлеуге арналған сатылар
Сылақ жұмыстарына арналған машиналар
Таксокомбинаттың техникалық қызметінің мінездемесі
Екі қабаты демалыс үй
Алматы облысының Талғар ауданы Қызылқайрат елді мекенін сумен қамтамасыз етуді қайта жабдықтау жобасы
Құрылыс монтаж жұмыстарының әдістерін қабылдау және негіздеу
“КазТрансОйл” АҚ зиянды шығарындыларын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz