Сылақ жұмыстарының технологиясы.Сылақ түрлері



Есептің мазмұны
Кіріспе
1. Әрлеу технологиясының жалпы сипаттамасы.
2. Түсқағаз. Түсқағазды таңдау.
3. Әрлеу жұмыстарының құрал.жабдықтары
4. Түсқағазды жабыстыру жұмыстары.
5. Түсқағазды жабыстыру кезіндегі ақаулар.
6. Қауіпсіздік ережесі.Еңбек қауіпсіздігі.
Қорытынды
Кіріспе
Сырлау жұмыстары. Тұрғын үйді әрлеуге желімді, әкті, майлы, эмальды және су-эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады. Желімді сырмен тебен қабырғаны сырлайды да, ал әкпен бөлменің төбесін ақтайды. Олифа, майлы және эмальды сырлар – панель, есік, терезе, газ пештерін және су құбырларын; су эмульсиялы сыр-төбе мен қабырғаны ақтауға; лак сырланған есік, терезе, еденді жылтыратып өң беру үшін қолданылады.
Жұмыстың алдында алдын-ала сылақтың қалыңдығын анықтап алу тиіс. Тегіс кірпіштің бетіне қалыңдығы 5 мм жеткілікті деп бағдарланады. Штукатурканы жұқа қабат қылдырса кірпіштің тігісі көрінеді және кейін аталған тігісті немесе басқа суретті бояу, көрсетпеу мумкіндігі азаяды. Кірпіштің қалауы дұрыс қаланбаса, сылақ қабатын көбейту керек, себебі қабырғаның тегіс емес жерлерін жасыруға болады. Егер кірпіш қалауы тік орындалмағанда қабаттың қалыңдығын көбейту арқылы қабырғаның адыр-бұдырлығын жасыруға болады. 5 мм-денде жіңішке аз қалаумен тегіс бетонды бетті жабуға болады.Сылақ жұмыстарын ұйымдастыру
Сырлауға дайындау
Тұрғын үйді әрлеуге желімді, сумен араластырылатын эмульcияны және майлы бояулар пайдаланылады. Көптеген лакты-бояулы материалдарды магазиндерден дайын немесе жартылай фабрикаттар күйінде сатып алуға болса, енді біреулерін, мәселен желімді сырлы қолдан жасауға да (су, бор, бояғыш пигмент және желім арқылы) болады.
Тұрғын үйді сырлағанда бояулық сілтіге төзімділігін де ескерген жөн. Жаңа әктелген қабырға мен бетон ұзақ уақыт қа дейін еттілік қасиетін сақтайды, соның негізінде эмальды және майлы сырдың құрамында болатын алкидті смолалар тез бүлінеді. Металл заттарды тат пен кірден металл щеткамен тазалайды. Сыланған қабырға, металл немесе ағаш заттарды майлы бояумен сырламас бұрын, оған олифа жағыл алған жөн. Бұл бояудың сырланатын затқа жақсы жұғуына септігін тигізеді. Бұрын ақ, сырмен боялған затты қайтадан сырламас бұрын ыстық сумен жуып, қырғышпен тазалаған жөн, егер кетпесе, 3% сірке суы немесе тұз қышқыл ының ерітіндісімен сүртеді. Сыланған қабырғалары дақ пен ысты тотияйын ерітіндісімен (1 л ыстық суға 50-ден 100 г дейін тотияйын қосады), ал майлы дақтарды 2 процентті ыстық сода ер і тінді-сімен кетіруге болады. Егер қабырғалары немесе төбедегі дақ тотияйынның ерітіндісімен сүрткенде кетпесе, онда үстінен мырышты ақ бояумен сырлап жіберу керек. Төбе мен қабырғаны тотияйын ерітіндісімен бір-екі рет сүрту қажет. Ерітіндіні басқа заттарға шашыратып алмас үшін сақ болған дұрыс. Желімді бояулы пайданалар алдында сырланатын жерді тегістеп алады да, қайнатылған сабынды, тотияйын және ашудас қосып жасалған сумен жуалы. Қоспаның құрамын анықтаған кезде тотияйынның әсерімен кейбір бояулық түсі кететін ін де ескерген жөн. Бояулық түсіне қарай кей жағдайда қайнатылған сабынды немесе ашудасты қоспаны пайдаланған дұрыс.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Уикипедия;
2. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл., 1990;
3. http://decoclassic.kz/kz/gallery/shtukaturka;
4. http://proza.kz/ru/prose/out-of-genre/23536.ulmeken_jetegen.silaq-jumistari-janindagh;
5. Өңдеу жұмыстарының технологиясы пәніндегі лекциялар.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Есеп
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
өндірістік тәжірибе бойынша
_________________________

Жетекші
________ ________________________
(бағасы) (аты-жөні)

Мекеменің жетекшісі тобының студенті
____________________ _________________________
(аты-жөні)
_________________________
М О (күні, қолы)

Тапсырма
Өндірістік тәжірибесі бойынша
0104000 Кәсіптік оқыту мамандығының
4 курс 9КПО 11-1 тобының студенті

___________________________________ ___________________________________ _______
(аты-жөні)

Есептің мазмұны
Кіріспе
1. Әрлеу технологиясының жалпы сипаттамасы.
2. Түсқағаз. Түсқағазды таңдау.
3. Әрлеу жұмыстарының құрал-жабдықтары
4. Түсқағазды жабыстыру жұмыстары.
5. Түсқағазды жабыстыру кезіндегі ақаулар.
6. Қауіпсіздік ережесі.Еңбек қауіпсіздігі.
Қорытынды

Тапсырманың берілген күні
Тәжірибенің аяқталу мерзімі

Біліктілік деңгейі бойынша қорытынды
Білім алушы______________________________ _________________
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______________________
осы мамандық бойынша ________ бастап ________ 20__ дейін
тәжірибеден өтті.
Біліктілік бойынша сынақ жұмысын __ орындады.
___________________________________ _______________________(жұмыстың аты және оған қысқаша мінездеме)
___________________________________ _______________________
___________________________________ _______________________
___________________________________ ___________________________________ __________________________________________ ___________________________________ __________________________________________ ___________________________________ ________
Жұмысқа мөлшерленген мерзім бойынша өткізілген уақыт_____
жұмсалғаны_____ сағ.
Орындаған жұмысы және өндірісте жеткен жетістігі үшін оқушы
___________________________________ ___________________________________ ______________________________________________
осы мамандық бойынша_____________тарифтік санатты меңгерген.

Мекеме басшысы М О
_______________________________
(қолы)
Өндірістік тәжірибе күнделігі
Оқушы______________________________ ______________________
(аты-жөні)


Технологиялық тәжірибенің бағдарламасына сәйкес орындалған (игерілген) әр күнгі жұмыстардың атауы
Бөлек тақырыптардың орындау технологиялық тәжірибе жұмысының мерзімдері
Мекеменің
технологиялық тәжірибе жетекшісінің қолы

басталуы
аяқталуы

1
Қауіпсіздік техникасы.Практиканың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу.Тапсырма беру.

Кіріспе
Сырлау жұмыстары. Тұрғын үйді әрлеуге желімді, әкті, майлы, эмальды және су-эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады. Желімді сырмен тебен қабырғаны сырлайды да, ал әкпен бөлменің төбесін ақтайды. Олифа, майлы және эмальды сырлар - панель, есік, терезе, газ пештерін және су құбырларын; су эмульсиялы сыр-төбе мен қабырғаны ақтауға; лак сырланған есік, терезе, еденді жылтыратып өң беру үшін қолданылады.

Сылақ жұмыстарының технологиясы
Жұмыстың алдында алдын-ала сылақтың қалыңдығын анықтап алу тиіс. Тегіс кірпіштің бетіне қалыңдығы 5 мм жеткілікті деп бағдарланады. Штукатурканы жұқа қабат қылдырса кірпіштің тігісі көрінеді және кейін аталған тігісті немесе басқа суретті бояу, көрсетпеу мумкіндігі азаяды. Кірпіштің қалауы дұрыс қаланбаса, сылақ қабатын көбейту керек, себебі қабырғаның тегіс емес жерлерін жасыруға болады. Егер кірпіш қалауы тік орындалмағанда қабаттың қалыңдығын көбейту арқылы қабырғаның адыр-бұдырлығын жасыруға болады. 5 мм-денде жіңішке аз қалаумен тегіс бетонды бетті жабуға болады.
Сылақ қаншалықты жіңішке болғанымен 3 қабаттан тұрады:
1. Обрызг;
2. Грунт;
3. Накрывка.
Обрызгты өңделетін бетке әртүрлі тегіс емес жерлерді тегістеу үшін және оларды болдырмау үшін жағады. Бұл қабаттың қалыңдығы 4-5 мм (тас қабырғалары үшін) және бетон қабырғалар үшін қалыңдығы 10 мм-ге дейін болады.
Грунт - сылақтың 2 қабаты, қалыңдығы 10-20 мм. Оны обрызг кепкеннен кейін жағады.
Накрывка (өңдеу қабаты) - бұл сылақтың соңғы қабаты. Оның қалыңдығы
2 мм-ден артық болады. Бұл қабат үшін майлы араласпа қолданылады.
Араласпаны соколға қажетінше жағы арқылы қабат мүмкіндігінше неғұрлым тік болады. Соколды сол қолға, ал қалақты оң қолға аламыз.

Араласпа
Сылақ қабаты

обрызг
грунт
накрывка
Әкті (әк; құм)
1:(2,5-4)
1:(2-3)
1:(1-2)
Әкті гипсті
1:(0,3-1) : (2-3)
1:(0,3-1) : (1,5-2)
1:(1-1,5:1)
Әкті цементті
1:(0,2-0,1) : (3-5)
1:(0,5-1)
1:(1-1,5) : (2-3)
Цементті (цемент; құм)
1:(2,5-4)
1:(2-3)
1:(1-1,5)
Цементті әкті
1:(0,3-0,5) : (3-5)
1:(0,7-1) : (2,5-4)
1:(1-1,5) : (1,5-2)
Гидратты әкті қолдану кезінде
1:4,7
1:4
1:(3-33)

Сылақтың түрлері.
Сылақ түрлері:
1. Әкті сылақ (араласпа);
2. Цементті араласпа;
3. Су өткізбейтін араласпа.
Әкті сылақтар кірпішпен жақсы ұштасады. Ал бетонмен нашар ұштасады, себебі бетон қабырғаларды өңдеу кезінде обрызгты, цементті немесе әлті-цементті араласпамен орындайды. Әкті араласпалар баяу қатады және қатаю кезінде суды бөліп шығарады. Егер араласпаның құрамдас бөліктерін дұдыс таңдамаса онда сылақты қабырғаға жаққаннан кейін біраз уақытта онда жарықтар пайда болады.
Әкті араласпаны дайындау тәсілі:
Жаңа сөндірілген әкті 0,315 мм елек арқылы өткізу керек, яғни араласпаның құрамына нашар сөнген бөлшектер түспеуі керек. егер олар араласпаның құрамына енсе ақаулар пайда болады.
Араласпаның құрамына әкті-сұйықтықты қосады. Сонымен қатар суды қосып араласпаны дайындайды. Дайын болған араласпаны арнайы жәшіккі саламыз және үстінен қажетті мөлшердегі құмды қосамыз. одан кейін араласпаны мұқият араластырамыз. Араласпаны ұзындығы 100-130 см ағаш құралмен араластырамыз. Әкті араласпалар баяу қатаяды. Осы процессті жүргізу үшін құрамына гипс қосамыз. Гипс қосу нәтижесінде әкті-гипсті араласпаны аламыз. Оны дайындау тәсілі келесідей: арнайы ыдысқа суды құямыз, одан кейін өлшеп алынған гипсті біртіндеп суға қосамыз және алынған гипсті араласпаны әкті араласпаға қосамыз. 1 кг гипске 1 л су және 2 л әкті араласпа қажет. Араласпаның қатаю уақыты: 5-20 минут.
Цементті араласпа. Ыдысқа өлшеп алынған құмды себеміз, одан кейін үстіне цементті қосамыз. Осы құрамдас бөлшектерді құрғақ түрде араластырамыз. Одан кейін суды қажетті мөлшерде қосып, араласпаны дайындаймыз. Дайын болған араласпаны 1-1,5 сағат ішінде қолдану керек. Қазіргі уақытта арнайы дайын құрғақ араласпалар бар. Бұл құрғақ араласпалардың сапасы жоғары болады.
Су өткізбейтін араласпалар. Оларды жертөрелерді, ғимараттардың сыртқы қабырғаларын, ғимараттың цоколды бөліктерін өңдеу үшін қолданылады. Бұл майлы-цементті құнды араласпалар. Олардың арақатынасы - 1:1 және 1:3. Қатынасы 1:1 кезінде қосымша церрезит немесе натрий алюминаты қосылады. Церрезит қосылған сұйық-шыны араласпалар ең кең таралған түрі болып табылады. Церрезит - бұл заводта дайындалған сары немесе ақ түсті қою қоспа. Сұйық шыны қосылған араласпалар 1:50, 1:10 арақатынаста болады. Бұл араласпалар тез қатаяды (1-2 минуттан кейін). Натрий алюминиты қосылған цемент араласпалары 1:2 және 1:3 арақатынаста болады. Бұл араласпалар үшін М400 маркалы портландцемент қолданылады. Бұл араласпаны қолдану кезінде арнайы қолғапты, қорғаушы киімді кию керек. Себебі, натрий сілтілік қасиетке ие.
Қабырғаға арналған декорациялық жабындарды бірнеше түрге жіктеуге болады: декортивті сылақ, венециялық сылақ, флокты жабын, фактуралық сылақ, құрылымдық сылақ, декоративті және мозаикалық бояулар.
Жабындардың барлығы құрамы, пайдалану сипаты, технологиялық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Бағалар диапазоны да әр алуан. Сол себепті әрлеу материалдарының сан алуандығынан қателесу қиын емес.
1. Декоративті сылақ - байланыстырушы материал, фактуралық және түсті толықтырғыштан құралады. Нәтижесінде қабырғада көптүсті және біртүсті суреттер пайда болады. Сонымен қатар, тегіс және бедерлі қабат алуға болады. Декоративті сылақ ғимаратқа маңызды ерекшелік бере отырып, әр түрлі фактура қалыптастыра алады. Мысалы, егер әрлеуде көне мүсіндер, шамдар болмаса декоративті жабынның көмегімен антикалық үлгіні көрсетуге болады. Мұндай сылақты жасау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Қабырға міндетті түрде тегіс, құрғақ және таза болу керек. Декоративті сылақ кез келген негізге: ағаш, бетон, металл, керамика, кірпіш және тағы да басқаларына жағыла береді. Сылақтың көмегімен иесінің мінезіне, талғамына және қалауына сай декоративті жабын жасауға болады.
2. Венециалық сылақ. Бұл әрлеу материалын орта ғасырларда Италиялық шеберлер ашқан. Венециялық сылақ бірегей өрнектерімен және құрылымдық ауысуларымен мәрмәр қабырғаның қайталанбас үлгісін көрсетеді. Қабырғаға арналған мұндай декоративті жабын әдемілігімен ғана емес, тамаша технологиялық мүмкіндіктерімен де тартымды болып келеді. Мұндай жабынның құпиясы құрамында (әкті және мәрмәр ұнтақ қосу) және жағудың ерекше техникасында. Венециялық сылақты жағудың бірнеше тәсілдері бар: жылтырсыз немесе қосымша жылтырмен. Бұл үшін мамандар арнайы балауыз немесе мата қолданады. Мәрмәр қабат қалыптастыра отырып декоративті сылақ жүргізу өте қымбат тұрады. Мұндай декоративті жабын ішкі әрлеуге классикалық сипат беру үшін пайдаланылады. Қазіргі таңдажоғары сапалы материалдар мен жетілген технологиялар арқасында нағыз өнер туындыларын жасауға болады. Алайда, үдерістер күрделі болғандықтан бұл технологиялар жоғары дәрежелі мамандардың білімі мен біліктілігін қажет етеді.
3. Декоративті бояулар - бетте әр алуан табиғи ағаш, жібек, барқыт және тағы басқа әсерлер тудыруға мүмкіндік беретін қабырғаға арналған декоративті жабын. Сонымен қатар кез келген фактураны қалыптастыруға болады. Барлық декоративті бояулар негізінен тегіс болып келеді, сол себепті бетке шаң жинақталмайды. Жағу технологиясы немесе бояу құрамына тәуелді сан алуан суреттер мен әсерлер тудыруға болады. Мысалы, кейбір бояулардың құрамында алтын немесе күміс түсті металл реңкті пигменттер болады. Сол себепті декоративті сылақ жүргізілген қабырғада түрлі өрнектердің болуы таң қаларлық жағдай емес. Мұның барлығы ішкі әрлеуге өзіңіз таңдаған үлгіге сәйкес сипат беру үшін қажет. Декоративті бояулардың артықшылығы қолданудың жеңілдігі, әр түрлі әсерлерге тұрақтылығы, адгезия және бу өткізгіштігі. Сонымен қатар, қабырғаның декоративті жабыны аз уақыт ішінде жасалады. Кемшіліктері де жоқ емес, қабырға алдын ала мұқият дайындық жұмыстарын жасауды талап етеді. Декоративтік бояулар дайын күйінде сатылады және оның бағасы басқа әрлеу материалдарымен салыстырғанда төмен болады.
4. Фактуралы сылақ - қабырғалардың фактурасын өзгертуге мүмкіндік беретін декоративті жабын. Оның ерекшелігі ылғалға төзімділігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығымен қатар, жағу кезінде арнайы білімді талап етпейтіндігі. Бүгінгі таңда фактуралы сылақтың сан алуан болуы әр түрлі түстегі әр алуан фактура жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, акварельді көркемсурет, атласты драпировка және тағы басқаларын имитациялауға болады. Фактуралы сылақ дайын түрде болады, оны жаққан сәтте қабырғада түрлі жүлгелер түзіледі. Мұндай сылақты жағу арқылы әр түрлі әсерге: ағаш қабығы, бедерлі сурет т.б қол жеткізуге болады. Пайдаланылатын тығыздағышқа тәуелді сылақ түрін өзгертуге болады. Ол әр түрлі кемшіліктерді жасыруға мүмкіндік береді. Фактуралы сылақтың негізгі үш түрі бар: тон, тінжегі және қой. Олардың барлығы бір - бірінен құрылымы бойынша ерекшеленеді. Фактуралы сылақты таңдағанда оны күту шарттарына алаңдамауға да болады, себебі ол кәдімгі сумен және жуғыш құралдармен жақсы жуылады. Мұндай сылақтың ең үлкен артықшылығы- бұл декоративті жабынды арнайы мамандардың көмегінсіз өзіңіз жасай аласыз.
5. Құрылымдық сылақ әр түрлі түйіршіктер қосылған біртекті емес сылақ массасы түрінде болады. Мұндай жабынның беті құрамындағы кварц кесектері, тас қиқымдары немесе ағаш талшықтары есебінен бедерлі болады. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті қабырға жабындары Батыс Еуропа елдерінде кең қолданылған. Әрлеудің бұл үлгісі сол жақтан келген. Көбісі мұндай жабын ғимаратты сыртқы жағынан әрлеу үшін пайдаланады деп есептейді. Алайда бұл қате пікір. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті жабын әрлемеге ерекше сән береді. Құрылымдық сылақ кез-келген бетке: ағаш, кірпіш, бетон, гипсокартон, металл және тағы басқаларына жағыла береді. Мұндай сылақтың өзгешелігі пластикалылығы, ұзақ мерзімге жарамдылығы және оңай жағылатындығы болып табылады. Кәсіби маман емес адамның өзі де оны еш қиындықсыз қолдана алады. Қазіргі кезде құрылымдық сылақты минералды, полимерлі силикатты және латексті негізде шығарады. Бірақ ішкі әрлеу жұмыстары үшін сулы негіздегі сылақ ыңғайлы болады, себебі оның иісі болмайды және ауа райының әсеріне ұшырамайды. Ірі түйіршікті сылақты пайдалану арқылы бедерлі, ал ұсақ түйіршікті сылақты пайдалану арқылы тегіс бет алуға болады. Бірақ сурет жағу тәсіліне және қолданған құралдарға тәуелді болады.
6. Флокты жабын - әр түрлі пішінде және түсте болатын ұсақ акрилді кесектер немесе бөлшектер. Пішіні жағынан бұл жабын чипске ұқсас болады. Бұл декоративті жабынның негізгі ерекшелігі тозуға төзімділігі. Флокты жабынның түсі өңбейді және ол саңырауқұлақтармен зақымдалмайды, жақсы жуылады және жөнделеді, иісі болмайды және алғашқы қанықтығын жоғалтпайды. Сонымен қатар, материал жақсы жылу оқшаулағыш қасиетке ие. Флок әр түрлі материалдарды: тері, шиншил, барқыт т.б имитациялауға бейім. Флокты жабын үш қабаттан тұрады. Акрилді негізге акрил кесектері жағылып (дәстүрлі флоктар), арнайы лакпен бекітіледі. Бөлшектер әр түрлі пішінде: шеңбер, дұрыс пішінді немесе пішінсіз болуы мүмкін. Сол себепті пішіні, өлшемі және түсі әр алуан бөлшектерді араластыра отырып қайталанбас әрлеу жасауға болады. Флок - экологиялық таза жабын екендігін айта кету керек. Оны тегіс емес қабырғаны бояу үшін пайдалануға болады. Флоктың түрлері мен артықшылықтары көп екендігіне қарамастан құны басқа декоративті жабындардан төмен.
7. Мозаикалық бояулар - құрамында бояудың негізгі түсінен өзгеше түсті капсулалар болатын бояулар. Арнайы құрылымының арқасында бұл түстер өзара араласпайды. Қабырғаны мозаикалы бояумен декоративті бояуды арнайы мамандарға тапсырған жөн, себебі үдеріс біршама күрделі және арнаулы құралдардың болуын қажет етеді. Сонымен қатар, қабырғаларды да жұмыстың алдында жақсылап өңдеу қажет. Мұндай бояумен боялған қабырғаларда барқыт әсері болады. Бояу құрамына кіретін капсулалар ірі және ұсақ болуының арқасында әр түрлі суреттер салуға мүмкіндік туады. Мозаикалық бояулар тегіс жағылады,жоғары температураларға төзімді болып келеді және ұзақ мерзімге жарамды болып табылады. Мұндай бояуы бар қабырғаныбүлдіріп алудан қорықпастан жуа беруге болады. Мозаикалық бояумен боялған қабырғада ұсақ ақаулар мен кемшіліктер көрінбейді.
Сәндік сылақтарды жағу бойынша барлық жұмыстарды өңдеу жұмыстарында мол тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған өз ісінің хас шеберлері орындайды.

Сәндік сылақтардың артықшылықтары:
* Айрықша болу мүмкіндігі: түс пен фактураның мол таңдауы. Сылақ қолмен жағылады. Сіз тек әдемі қабырғаға ие болып қана қоймай, нағыз өнер туындысының иесі боласыз.
* Жарасымдылық: материалдың тігісі жоқ, дайын қабырға біртұтас бейне іспетті көрінеді.
* Қолайлылық: сәндік сылақтар кішігірім сызаттар мен үй жануарының тырнақ іздерінен қорықпайды, оны сабынды ерітінідімен оңай жуып алуға болады.
* Экологиялық тазалық: толық кепкеннен кейін ешқандай зиянды заттар мен иістерді бөлмейтін таза өнім.

Сылақ жұмыстарының құрал-жабдықтары
Сылақ жұмысын жүргізу алдында қабырғаны мұқият және оны әртүрлі аспаптармен тексереді. Олар:
1. Ватерпас - бұл төбенің көлденендігін тексеруге арналған аспап.
2. Рейка с отвесом - бұл сыланатын беттің көлденеңдігін және тікбұрыштылығын тексеруге арналған аспап.
3. Ағаш және металл бұрыштық тап (угольники) - бұрыштар мен откостарды шығаруға арналған аспап.
Сылақ жұмыстарында келесі құралдар қолданылады:
- қалақтар;
- үккіштер;
-тегістегіштер.
Қалақты сылақ араласпасын араластыру үшін қолданады. Араласпаны бір орыннан екінші орынға ауыстыру үшін және оны қабырғаға жағу үшін арнайы құрал (сокол) қолданылады. Ағаш үккіштерді сылақ араласпасын тегістеу үшін қолданылады. Үлкен үккіштің (теорка) негізгі өлшемдері 800х100 мм және қалыңдығы 20 мм, ал кіші үккіштің өлшемдері 350х30-55 мм және қалыңдығы 5-10 мм. Кіші үккішті бұрыштарды шығару үшін және оларды тегістеу үшін қолданады. Оларды ағаштан, яғни қылқанжапырақты орман ағаштарынан жасайды. Олардың келесі әртүрлі өлшемдері болады: ұзындығы 140-150 мм, ені 100-120 мм, қалыңдығы 20-25 мм. Үккіш тақтасына әртүрлі материалдарды бекітіп, қабырғаның қалыңдығына байланысты қолдануға болады.
Правило (инструмент аты) - бұл ағаштан жасалатын құрал. Ұзындығы 1700-2000 мм және квадраты немесе тікбұрышты пішінді қимасының өлшемі 20х70 мм-ден 30х100 мм-ге дейін болады. Олар қабырғаның түзулігін, тегістігін тексеруге және бөктерді (откал) дұрыс пішінге келтіруге қажет.
Отрезовка - бұл кіші өлшемді қалақ. Ол кіші жөңдеу жұмыстарын жүргізуге және сылақ жұмыстарының қателіктерін дұрыстауға және қабырғадағы тегіс темес жерлерді өңдеуге пайдаланылады.
Болат щетка - қабырғаны шаңнан, қалдық араласпадан, түсқағаздардан тазарту үшін қолданылады.
Сылауға арналған щетка (кисть) қабырғаларды өңдеу үшін, яғни сылау алдында қабырғаны сумен дымқылдату үшін және лас жерлерді тазарту үшін колданылады. Сылауға арналған қабырғаны алдын-ала дайындау үшін арнайы балғалар, пышақтар, қайшылар, болаттан жасалатын щетка, скарпель, металл шпатель, бучарда, шпунт, ростовка, қалақтар және т.б. құрал-жабдықтар қолданылады.
Сырлау және әрлеу жұмыстарында әр түрлі:
- бояужаққыш;
- арнаулы бояғыш біліктер (валик);
- бояубүріккіш (краскопульт);
- пульверизаторлар пайдаланылады.
Аумақты жерлерді сырлау үшін қылы ұзын дөңгелек бояу жаққыштар, ал есік, терезе, разиаторларды сырлауға шағын бояу жаққыштар, суэмульсияны пайдаланғанда малма бояу жаққыштар (ұзынша ағаш сапқа орнатылған), ал желімді және казеинді сырлар үшін әктеуге арналған бояу жаққыштар қолданылады. Флейц-кистінің қылы ұзын, талшығы жіңішке әрі қатқыл болады. Онымен сырлаған жер біртегіс әрі жылтыр болып шығады. Жаңа боялған жердің ұзына бойын флейцтің ұшымен қатты батырмай сырлайды, сонда бояу жаққыштың ізі қалмай, біртегіс болып шығады.
Сырлауға арналған қыл шөткелерді қалай таңдау керек?
Үйде жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін ұзақ уақыт ағаш шебері немесе сылақшы болуға тура келеді. Осы кезде біаз нәрселерді білу керек. Ендігі мақаламыз сырлау жұмыстарына арналады. Сырлауды бастамас бұрын құралдарды дайындап алу керек. Олар: валиктер, қылшөткелер. Әрі қарай сыр бояулар таңдалады: лак, сыр бояу немесе эмаль. Құралдарыңыз атқарылатын жұмысқа сай болуы қажет.
Қазір құралдардың алуан түрі бар. Төмендегі нұсқаулар оларды дұрыс таңдауға жәрдемін бееді.
Нұсқау № 1
Кейде бояу сырлау жұмыстарына аэрозольдық баллондар алынады. Олардың көптеген кемшіліктері бар. Біріншіден қымбат, екіншіден бояу көп ысырап болады. Және тегіс жағу қиын. Өте өткір иісі бар, сондықтан боялатын затты кепкенше үйде ұстауға болмайды.
Нұсқау № 2
Қылшөткелерді қолдану үшін белгілі бір дағды керек. Бояу немесе лак тегіс жағылғанын қадағалап отырған жөн.
Аэрозольдерге қарағанда қылшөтке үнемділеу. Бояу көлденең және тігінен екі бағытта жағылады. Кішігірім бұйымдарды немесе бұрыштарды сырлағанда кішкентай қылшөткелер қолданылады. Бөлменің желдетіліп тұруына назар аударыңыз.
Нұсқау № 3
Енді валиктер туралы сөз қозғайық. Валиктер бізде елуінші жылдардан бастап қолданыла бастады. Валиктер тегіс емес қабырғаның өзінде біқалыпты бояу қабатын жағуға мүмкіндік береді. Валиктің қабырғаға түсіретін қысымын өзгерте отырып, әр түрлі реңдер, фактуралар алуға болады. Валиктердің базарлардан, дүкендерден көптеген түрін табуға болады.
Сырлау құралдарының түрі өте көп, ең кең тарағаны - қылшөткелер. Олардың өлшемдері де, қылдарының түрі де әр алуан. Бояу түріне, әдісіне қарай қылшөткелерді дұрыс таңдау керек. Синтетикалық шайырлар негізіндегі лактарға арналған, әктеу жұмыстарына арналған, сызықтар жүргізу үшін немесе су эмульсиялы бояуларды жағы үшін арнайы қылшөткелер түрлері бар.
Әрине, қылшөткенің басты жұмыс элеенті - қылы. Боялу сапасы шөтке қылына тікелей байланысты. Ол бояуды барынша көп сіңіруі керек, сонда бояу ыдысына қайта-қайта қол жүгірте бермейсіз. Қылдары тек үлкен ғана емес, иілгіш те болуы керек, Жұмсақ қылдарда бояу қалып қояды да, қалың жағылады. Ал тым қатты болса, қыл ізі көрініп қалуы мүмкін. Жұмыс істеп болғаннан кейін қылшөткені мұқият тазалап жуып қою керек, әйтпесе пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Басты ереже - боялатын бет үлкен болған сайын, қылшөтке жалпақ болуы керек. Кішкентай шөткелер орындықтарды, жақтауларды сырлау үшін қолданылады.
Енді қылдарының түріне тоқталайық. Лактар немесе еріткішті сырбояулар үшін жасанды синтетикалық емес, табиғи қылы бар шөткелер қолданылуы керек. Олар қылының құрылымына қарай бояуды жақсы сіңіріп, үнемді тегіс жағылуына жағдай жасайды. Мұндай қылшөткелер Қытайда жасалынып, ондаға елдерге экспортталады.
Ал су негізіндегі бояулар үшін синтетикалық қылы бар шөткелер қолданған дұрыс. Табиғи қылдар ылғалдан пішінін тез жояды. Сонымен қатар қылдарының орналасуына да назар аудару керек. Х-тәрізді орналасқан қылдар бояуды жақсы сіңіріп, тегіс жағады. Бояудың шашырауына жол бемейді, яғни еденді қайта-қайта сүртіп отыруға қажеттілік жоқ.
Қылшөткенің пішініне тоқтала кетелік. Бұрынғы жөндеу жұмыстарынан қалған ескі шөткелерді қолдану әрқашан тиімді бола бемейді. Мысалы, кішкентай ескі шөткемен төбені үні бойы сырлауыңыз мүмкін. Алтын уақытыңыз зая кетеді. Ал жалпақ шөткелер өнімді әрі тез, бояу жағу сапасы да жақсы.
Дөңгелек шөткелер трубалар мен құбырларды сырлауға ыңғайлы. Ал фасад үшін арнайы шөтке сатып алыңыз. Аздап шығынданғанмен, жөндеу жұмыстары кезінде өте қымбат алтын уақытыңызды үнемдейсіз!

Әмбебап ВОЛМА-Слой сылағы
ВОЛМА-Слой әмбебап сылағы - минералдық және химиялық қоспаларды пайдаланумен, жоғары адгезияны, суды тоқтатушы қабілеттілікті және тиімді жұмыс уақытын қамтамасыз ететін гипстік тұтқыр, жеңіл толтырғыш негізіндегі құрғақ сылақ қоспасы.
Сылақ тұсқағазды жапсыру, бояу, керамикалық плиткамен қаптауда қабырғалар мен төбелерді тегістеуде қолданылады. Қолдану технологиясын сақтау кезінде қосымша сылауды қажет етпейді, бетін жалтыр қылады.
ВОЛМА-Слой әмбебап қалыпты ылғалдылығы бар температурасы +5-тен +30 ºС -қа дейінгі температурадағы жайлар ішінде қолданылады.

ВОЛМА-СЛОЙ сылағы. Ішкі және сыртқы жұмыстарға. Қолмен жағуға арналған.
ВОЛМА-Слой гипстік сылағы - минералдық және химиялық қоспаларды пайдаланумен, жоғары адгезияны, суды тоқтатушы қабілеттілікті және тиімді жұмыс уақытын қамтамасыз ететін гипстік тұтқыр, жеңіл толтырғыш негізіндегі қолмен төсеу құрғақ сылақ қоспасы.
Сылақ қосымша сылауды қажет етпей, тұсқағазды жапсыру, бояу, керамикалық плиткамен қаптауда қабырғалар мен төбелерді тегістеуде, декоративтік элементтерді даярлауда, жаңарту жұмыстарын жүргізуде қолданылады.

ВОЛМА-СЛОЙ-МН машиналық сылағы
ВОЛМА-Слой-МН гипстік сылағы - минералдық және химиялық қоспаларды пайдаланумен, жоғары адгезияны, суды тоқтатушы қабілеттілікті және тиімді жұмыс уақытын қамтамасыз ететін гипстік тұтқыр, жеңіл толтырғыш негізіндегі құрғақ сылақ қоспасы.

Сылақ қосымша сылауды қажет етпей, тұсқағазды жапсыру, бояу, керамикалық плиткамен қаптауда қабырғалар мен төбелерді машиналық әдіспен тегістеуде қолданылады.

Сылақ жұмыстарын ұйымдастыру
Сырлауға дайындау
Тұрғын үйді әрлеуге желімді, сумен араластырылатын эмульcияны және майлы бояулар пайдаланылады. Көптеген лакты-бояулы материалдарды магазиндерден дайын немесе жартылай фабрикаттар күйінде сатып алуға болса, енді біреулерін, мәселен желімді сырлы қолдан жасауға да (су, бор, бояғыш пигмент және желім арқылы) болады.
Тұрғын үйді сырлағанда бояулық сілтіге төзімділігін де ескерген жөн. Жаңа әктелген қабырға мен бетон ұзақ уақыт қа дейін еттілік қасиетін сақтайды, соның негізінде эмальды және майлы сырдың құрамында болатын алкидті смолалар тез бүлінеді. Металл заттарды тат пен кірден металл щеткамен тазалайды. Сыланған қабырға, металл немесе ағаш заттарды майлы бояумен сырламас бұрын, оған олифа жағыл алған жөн. Бұл бояудың сырланатын затқа жақсы жұғуына септігін тигізеді. Бұрын ақ, сырмен боялған затты қайтадан сырламас бұрын ыстық сумен жуып, қырғышпен тазалаған жөн, егер кетпесе, 3% сірке суы немесе тұз қышқыл ының ерітіндісімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырлау жұмыстары
Қасбет әрлеуге арналған сатылар
Қасбеттерді әрлеу жұмыстары
Сылақ жұмыстарына арналған машиналар
Сылау жұмыстарына арналған құралдар
Құрылыстық сылақ түрлері
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің күнтізбелік жоспарын анықтау, құрылыстық бас жоспарын жобалау
Құрылыс
12-қабатты және екі қабатты авто паркингті тұрғын үй комплексі
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру туралы
Пәндер