Шатыр төсеу технологиясы


Кіріспе
Шатыр деп ғимараттың жоғарғы жағын жауын-шашын, күннің ыстық көздерінен қорғайтын бөлігін атайды. Шатыр, соңымен қатар ғимараттың салынып біткендігін білдіреді. Шатыр қоршау және көтергіш бөліктерден тұрады. Қоршау бөлігі жабылмадан және білеуше мен тақтайдан жасалған торкөздерден, ал темірбетонды тақталардың үстіне орналасқан цементті-құм ерітіндісі немесе асфальттан жасалған тегістегіш қабаттардан тұрады. Көтергіш бөлігі ағаш немесе темірбетонды итарқадан, итарқалық фермалардан немесе темірбетонды панельдерден тұрады.
Ғимарат төбесінен қар, жаңбыр суларын ағызып жіберу үшін шатырды еңкісті етіп жасайды. Шатыр еңкісі жабылма материалына, сонымен қатар салынатын климотологиялық ауданына байланысты болады.
Шатырлардың жіктелуі:
1. Құрылымы бойынша:
а) төбе асты кеңістігі бар;
б) төбе асты кеңістіксіз.
2. Құламаларының санына байланысты:
а) бір құламалы;
б) екі құламалы;
в) үш құламалы;
г) төрт құламалы;
д) көп құламалы.
3. Пайдалану жағдайына байланысты:
а) пайдаланылатын;
б) пайдаланылмайтын.
4. Еңкісі бойынша:
а) құламалы;
б) аз еңкісті;
в) жазық.
Сурет 2 - Шатырлардың сыртқы пішіндері бойынша
Құламалы шатырлардың көтергіш құрылымдары ағаштан, болаттан және темірбетоннан жасалған итарқа, ферма және тақта түрінде болады.
Кіші енді, сонымен қатар ішкі тіреуіштері бар ғимараттарда сүйемелі итарқалар орнатады. Негізгі көтергіш бөлшегі ағаш тақтайдан жасалған итарқа аяғы болып табылады.
Сурет 3 - Болат фермалардың сұлбалары
1 Тақырып сипаттамасы
- Металл шатырды шатырлаушы
Шатырдың болат парағының орауын жазу, тазалау және олифпен майлау. Парақтарды кесу. Қатарлы жабын суреттерін дайындау. Болат парақтан жасалған шатыр бөлшектеу.
Білуге тиіс. Шатырлық болат парақ түрлері, қатарлы жабын суреттерін қолмен дайындау тәсілдері, шатыр болатының олифін тазалау тәсілдері, шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі.
Бір-екі еңісті шатырларды болат шатырмен жабу. Карниз еңісі мен қабырғалық наушалар үшін суреттер дайындау. Дайын тік учаскелерден, бунақтардан, бұрмалар мен астаушалы шұғынағынан суағар құбырлардың тік буындарын әзірлеу. Суағар наушаларды, қалпақтар мен зонттарды түтін және желдеткіш құбырларына орнату. Еңістерді, қосындылар мен тоғыспаларды, оның ішінде рулонды шатыр кезінде, шатырлық болат парағымен әдіптеу. Шатыр жабынының парақтарын ішінара ауыстыру.
Білуге тиіс. Шатыр болатының негізгі қасиеттері, қарапайым шатыр жабындарын белгілеу, жөндеу және құрастыру тәсілдері, суреттер дайындау және жабын бөлшектерін орнату ережесі, материалдар мен шатыр жабыны сапасына қойылатын талаптар.
Үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолық, Т- және Г-үлгілік жоспардағы шатырларды шатыр болаты парақтары мен металочерепицадан еңістерін әдіптей отырып орнату. Дефлекторларды дайындау және орнату. Цинктелген болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу. Суағар құбырларды ілу және ауыстыру. Металчерепицадан жасалған жабындар тұсына баспалдақ, жаяу жүргіншілер көпіршелері мен қар ұстағыштарды орнату.
Білуге тиіс. Шатырды орнату және шатыр болатынан жасалған күрделілігі орташа шатырларды жөндеу тәсілдері, шаблон дайындау және бұйымдардың, бөлшектер мен жабынның фасонды бөліктерінің шаблондары бойынша құрастыру тәсілдері, шатыр болатынан жасалған жабын элементтерін дайындаудың механикаландырылған тәсілдері, болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу ережесі.
Күмбезді, конусүлгілі, тоғыспалы және шатыр болатынан, металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу. Шатырлар мен қасбеттердегі металдан жасалған декоративтік элементтерді (подзорларды, кокошниктерді, флюгерлерді және т. б. ) орнату және реставрациялау. Шатыржалды, тоғыспалы, карнизді және сыртжиек элементтерін пайдалана отырып металчерепицадан жабын орнату.
Білуге тиіс. Әртүрлі белгілеу, тоғысуларды орнату тәсілдері, металдан жасалған шатырлар мен қасбеттердегі әдіптерді реставрациялау және орнату кезіндегі декоративтік-көркемдеу жұмыстарын орындау ережесі, күрделі үлгілегі шатыр жабынының сапасына қойылатын талаптар.
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің алтын жалатылған және мысталған шатырларын реставрациялау және орнату.
Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің жабындарын орнату, қасбеттердегі мысталған парақтарын, қаңылтырын, аллюминий қоспасы әдіптерді реставрациялау және жөндеу тәсілдері, мыс және мысталған парақтарды алтын жалату (гомогенді дәнекермен плакировкалау, сусальды алтынды жапсыру) тәсілдері, заманауи материалдардан жасалған шатыр сапасына қойылатын талаптар.
1. 2 Шатыр төсеудің ақаулары
Қате орнатылған черепица
Желден ұшып кету
Стыковка дұрыс болмауы
Шатырдың майысуы
- Тақырыпты оқуға материалдық-техникалық дайындық
2. 1 Өндірістік оқытудың сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Шатыр төсеу
Сабақтың мақсаты: Шатыр төсеу туралы жалпы түсінік
Міндеттері
Білімділік Шатыр төсеумен оқушыларды таныстыру
Тәрбиелік Оқушылардың шатыр төсеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру
Дамытушылық Оқушылардың шатыр төсеу жұмыстары бойынша ойлау қабілетін дамыту және олардың осы салаға қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың материалды - техникалық жабдықталуы:
- материалдар: черепица, саморез;
- құралдар: дрель, болгарка, құрылыс рулеткасы, қайшы, қарындаш металл сызғыш;
- жабдықтар : саморез үшін арнайы ыдыс, болгаркаға удленитель;
- сабақ тақырыбы бойынша нұсқау - технологиялық карта.
1) Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу;
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Кіріспе нұсқау:
- Сабақтың тақырыбын хабарлау;
- сабақтың мақсатын хабарлау;
- өтілген мәліметтер бойынша білімдерін тексеру;
Жаңа материалды түсіндіру
Шатырдың болат парағының орауын жазу, тазалау және олифпен майлау. Парақтарды кесу. Қатарлы жабын суреттерін дайындау. Болат парақтан жасалған шатыр бөлшектеу.
Білуге тиіс. Шатырлық болат парақ түрлері, қатарлы жабын суреттерін қолмен дайындау тәсілдері, шатыр болатының олифін тазалау тәсілдері, шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі.
Бір-екі еңісті шатырларды болат шатырмен жабу. Карниз еңісі мен қабырғалық наушалар үшін суреттер дайындау. Дайын тік учаскелерден, бунақтардан, бұрмалар мен астаушалы шұғынағынан суағар құбырлардың тік буындарын әзірлеу. Суағар наушаларды, қалпақтар мен зонттарды түтін және желдеткіш құбырларына орнату. Еңістерді, қосындылар мен тоғыспаларды, оның ішінде рулонды шатыр кезінде, шатырлық болат парағымен әдіптеу. Шатыр жабынының парақтарын ішінара ауыстыру.
Білуге тиіс. Шатыр болатының негізгі қасиеттері, қарапайым шатыр жабындарын белгілеу, жөндеу және құрастыру тәсілдері, суреттер дайындау және жабын бөлшектерін орнату ережесі, материалдар мен шатыр жабыны сапасына қойылатын талаптар.
Үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолық, Т- және Г-үлгілік жоспардағы шатырларды шатыр болаты парақтары мен металочерепицадан еңістерін әдіптей отырып орнату. Дефлекторларды дайындау және орнату. Цинктелген болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу. Суағар құбырларды ілу және ауыстыру. Металчерепицадан жасалған жабындар тұсына баспалдақ, жаяу жүргіншілер көпіршелері мен қар ұстағыштарды орнату.
Білуге тиіс. Шатырды орнату және шатыр болатынан жасалған күрделілігі орташа шатырларды жөндеу тәсілдері, шаблон дайындау және бұйымдардың, бөлшектер мен жабынның фасонды бөліктерінің шаблондары бойынша құрастыру тәсілдері, шатыр болатынан жасалған жабын элементтерін дайындаудың механикаландырылған тәсілдері, болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу ережесі.
Күмбезді, конусүлгілі, тоғыспалы және шатыр болатынан, металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу. Шатырлар мен қасбеттердегі металдан жасалған декоративтік элементтерді (подзорларды, кокошниктерді, флюгерлерді және т. б. ) орнату және реставрациялау. Шатыржалды, тоғыспалы, карнизді және сыртжиек элементтерін пайдалана отырып металчерепицадан жабын орнату.
Білуге тиіс. Әртүрлі белгілеу, тоғысуларды орнату тәсілдері, металдан жасалған шатырлар мен қасбеттердегі әдіптерді реставрациялау және орнату кезіндегі декоративтік-көркемдеу жұмыстарын орындау ережесі, күрделі үлгілегі шатыр жабынының сапасына қойылатын талаптар.
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің алтын жалатылған және мысталған шатырларын реставрациялау және орнату.
Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің жабындарын орнату, қасбеттердегі мысталған парақтарын, қаңылтырын, аллюминий қоспасы әдіптерді реставрациялау және жөндеу тәсілдері, мыс және мысталған парақтарды алтын жалату (гомогенді дәнекермен плакировкалау, сусальды алтынды жапсыру) тәсілдері, заманауи материалдардан жасалған шатыр сапасына қойылатын талаптар.
Орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.
Қауіпсіздік техника негіздері:
-техникалық қауіпсіздікті сақтау барысында биіктіктен құлап қалмауды ойластырып, аяқ астына мықты құралды қою керек;
- көзге қорғаныш көзілдірігі мен қолғап кию керек. Себебі болгаркамен кесілген черепица шоқтары көзді жарақаттауы мүмкін;
-болгарка дискі қолды кесу мүмкін;
-жұмыс аяқталған соң құралдарды жинап қолды сумен жуады.
Жұмысты жасау барысында болуы мүмкін қателіктер:
Қате орнатылған черепица
Желден ұшып кету
Стыковка дұрыс болмауы
Шатырдың майысуы
Уақытқа байланысты жұмысты орындауға оқушыларға тапсырма беру :
- Оқушыларға жұмысқа қойылатын талаптар мен бағалау нәтежиесін түсіндіру;
- Оқушыларды жұмыс орындарына бөлу;
- Кіріспе кезеңді қорытындылау;
3) Ағымды нұсқау
Оқушыларды жұмыс орнын шебердің бақылауы:
- бірінші бақылау жұмыс орны мен техника қауіпсіздік негіздерін сақтау мақсатымен ;
- екінші бақылау технологиялық кезеңнің дұрыс орындалуы мен жұмыс әдістерінің дұрыс орындаулуы мақсатымен .
- үшінші бақылау өзін-өзі бақылау кезеңінің дұрыс орындалуы мақсатымен;
- төртінші бақылау жұмысқа қойылған талаптардың дұрыс орындалуы және оқушыларды бағалау.
4) Қорытынды нұсқау
- күннің қорытындысы, сабақтың мақсатының орындалуы;
- әр оқушыны көрсеткіш сапа бойынша бағалау;
- бүгінгі күннің үздіктері (жұмысты өте сапалы орындаған оқушыларды белгілеу)
- жұмыстағы қателіктер, нашар жұмыстар;
- үйге тапсырма;
- жұмыс орнының тазалығы ;
- келесі сабаққа материалды - техникалық жабдықтарды дайындау.
Өндірістік оқыту сабағын өткізу оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттардың орындалуын орындауға септігін тигізеді. Яғни оқушылардың белсенділігін арттырады және оқушылардың өз мамандығына қызығушылықтарын арттырады.
2. 2 Шебердің сабаққа дайындығы
Тақырыпқа дайындық кезінде мен оқу жылының басында оқу жұмысының бағдарламасын, сабақтың үлгі-жоспарын, құрал-жабдықтарды, көрнекі құралдарды, компьютерлік технологияларды, интерактивтік тақтаны алдын-ала дайындап аламын. Тақырыпқа сай әдебиеттерді, ақпараттарды таңдап аламын.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп. Оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Сондықтан да мен осы қасиеттерді өзімнің бойыма сіңдіріп, оны іс жүзінде пайдалана отырып оны оқушыларыма көрсетуге барынша тырысамын.
Әрбір сабаққа мұғалім өз тақырыбы бойынша жоспар құрады. Сондықтан да мен ең алдымен сабақ жоспарымды құрамын. Сабақ жоспарын құруымның мақсаты - сабақты тиімді өткізу. Жеке сабақтың жоспары-ол әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты болып табылады. Мен өз тақырыбым жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар-тиімді өткен сабақ болып табылады.
Сабаққа мұқият дайындалу оның мазмұны мен ұйымдастыру әдісін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндеті деп сезінуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz