Аспалы төбе технологиясы


Кіріспе
Біз бұл тәжірибеде әркім өзіне ұнаған тақырыпты алдық. Менің тақырыбым жоғарыда көрсетілгендей аспалы төбе және оның жасалу технологиясы. Аспалы төбе орнату ол технологиялық жағынан өте жеңіл әрі тиімді өңдеу жұмыстарына жатады. Қазіргі таңда аспалы төбе түрлері де түстері де әр алуан. Қай түс, қай фасон ұнасада әр адамның талғамына сай төбе таңдай алады. Аспалы төбелер - жабынға орналасқан сəндік экран. Интерьерде аспалы төбелер сəулеттік, функциональды технологиялық жұмыстарды шешуге мүмкіншілік береді. Инженерлік коммуникация орналасуға оңай. Аспалы төбелердің құрылымы түрлі сəулеттік шешімдерге мүмкіншілік береді, пайдалануға оңай. Аспалы төбелердің функциялары:
•акустикалық
•сəулетті сəндік.
- Тақырып сипаттамасыАспалы төбе технологиясы
Аспалы төбелер технологиясының жалпы сипаттамасы. Аспалы төбе ғимараттың төбесіне бекітілген сәнділік, өңдеулік қалқа. Акустикалық және сәулеттік талаптарға жауап беру ретінде мұндай төбелер кинотеатрлада және де басқа да қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде жасалады. Аспалы төбелердің көтергіш бөлігі төмендегі бөлшектерден тұрады:
- аспалар;
- бекіту және реттеу тетіктері;
- қаңқа;
- тірек бұрыштамалары.
Толтырма -төбенің беткі жазықтығы, гипсокартон табақтарынан, минералды мақта немесе гипсотақталардан, алюминий профильдерінен жасалады
Аспалы жабындар соңғы жылдары үлкен аралықты өндірістік ғимараттар құрылысында кең қолданыс табу үстінде.
Аспалы жабынның негізгі артықшылығы- оның көтергіш конструкциясында-темір арқандар (болат арқандар) - тартылуға ғана жұмыс жасайды осыған байланысты темір арқандардың қиылысуын тек қана беріктік шарттарына байланысты таңдап алынады. Сондай- ақ, аспалы конструкциялар монтаждау барысында жұмыс жасауға жеңіл, сонымен қатар оларды ғимарат жоспарының түрлі конфигурациясында пайдалануға болады.
Конструктивті схемаға байланысты жабын аспалы (бірарқансымсыз және екіарқансымсыз) немесе аспалымсыз, жазық немесе аумақты, біраралықты немесе көпаралықты болуы мүмкін.
Жалпы құрал-жабдық туралы:
Өртке қауіпсіз полимерлік газ баллондарының бірегей сипаттамалары:
-жұқалық;
-өртке қауіпсіз;
-коррозияға қарсы.
Төсем ұстауыш (қысқыш) 100 мм. Аспалы төбенің төсемін жаю үшін арналған. Бригадаға 6данасы ұсынылады.
Шпатель тігісі жоқ аспалы төбенің монтажы үшін қолданылады.
Тескіш-алюминий багеті саңылаулар тесу үшін арнайы қол тескіш. Тескіш игерілген, ерекше алюмини багеттің мөлшер астында, қатал бір сызық бойынша бір саңылауларға тесу мүмкіндік беретін шектеуші.
Лазерлік қашықтық өлшегіш қашықтықты өлшейтін лазерлік-сәулелі құрал.
- Аспалы төбені жөндеу кезіндегі ақау
«БиЛюкс»электр жылытқышы мүлдем дерлік қызмет көрсетуді қажет
етпейді деуге болады. Оның сенімді жұмыс істеуі үшін төмендегі екі шарт
орындалса (тек электр желісінен айрылғаннан кейін) болғаны:
1. Айырып, әбден суытқаннан кейін ластанған корпусын дымқыл шүберекпен, ал жылу бөлетін бетін спиртпен сүрту.
2. Қоректендіру кабелінің бүтіндігін, клемма ажыратқыштарының керілуін тексеріп тұру (жылына 1 рет) .
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жылытқышты пайдалану барысында қызу немесе суу кезінде тықылдаған дыбыс естілуі мүмкін, жұмыс режиміне көшкенде бұл дыбыс жойылады.
Ықтимал ақаулары
1. Жылытқыш дұрыс жылытпайды
-Термореттегіш тұтқасының бағытын немесе электр желісінің кернеуін
тексеру керек
2. Жылытқыш жұмыс жасамай тұр
-Электр желісінде кернеудің бар-жоқтығын тексеріңіз;
-Қоректендіргіш кабельдің бүтіндігін тексеріңіз;
-Клеммалық қысқыштардағы сымның дұрыс бекітілгендігін тексеріңіз;
-Термореттегіштің жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз;
-Өкілетті дилерлермен хабарласыңыз.
2. Тақырыпты оқуға материалдық-техникалық дайындық
2. 1 Өндірістік оқытудың сабақ жоспары
Пән: Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Аспалы төбелер технологиясының жалпы сипаттамасы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға аспалы төбелер туралы мағлұмат беру.
2. Аспалы төбелер технологиясы туралы жалпы түсінік
Міндеттері
Оқытушылық: Білім, білік және дағдыларын осы пән арқылы оқушыларға үйрету.
Білімділік: Аспалы төбелермен оқушыларды таныстыру. Аспалы төбелер технологиясының жалпы сипаттамасы туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және олардың осы технологияға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың материалды - техникалық жабдықталуы:
-материалдар :аспалы төбе. .
-құралдар: уровень, отвес, угольник, шпатель.
-жабдықтар : шпатель
-сабақ тақырыбы бойынша нұсқау - технологиялық карта.
1) Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу;
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Кіріспе нұсқау:
- Сабақтың тақырыбын хабарлау;
- сабақтың мақсатын хабарлау;
- өтілген мәліметтер бойынша білімдерін тексеру;
Жаңа материалды түсіндіру
Аспалы төбелер технологиясының жалпы сипаттамасы. Аспалы төбе ғимараттың төбесіне бекітілген сәнділік, өңдеулік қалқа. Акустикалық және сәулеттік талаптарға жауап беру ретінде мұндай төбелер кинотеатрлада және де басқа да қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде жасалады. Аспалы төбелердің көтергіш бөлігі төмендегі бөлшектерден тұрады:
- аспалар;
- бекіту және реттеу тетіктері;
- қаңқа;
- тірек бұрыштамалары.
Толтырма -төбенің беткі жазықтығы, гипсокартон табақтарынан, минералды мақта немесе гипсотақталардан, алюминий профильдерінен жасалады. Аспалы төбе құрылымдарының ең көп тарағандары:
- Қаңқасы мырышталған болаттан жасалатын гипсокартондар;
- Қанқасы алюминий профильдерімен жасалған минералды мақталы тақталардан;
- Қаңқасы алюминий профильдерімен жасалған пенопласт тақталары.
Ғимараттың ені жеткілікті үлкен болғанда және ішкі тіреуіштер болмаған жағдайда шатырдың көтергіш құрылымдары есебінде ағаштан, болаттан, темірбетоннан жасалған үш бұрышты, аз еңкісті және итарқалық фермаларда қолданылады.
Аспалы төбелердің міндеті - үйдің ішкі көрінісі тиісті сәулеттік түр, акустикалық қолайлылық беру және күш алатын жамылғы мен төбе түзілістері аралығында әр түрлі инженерлік жүйелер ұстауды қамтамасыз ету.
Жұмысты ұйымдастыру
Бүгінде керме төбелердің сәтен (жібі тығыз атлас тәрізді мата), айна төбе, маталы төбе, көп деңгейлі төбе, фотобаспа, жұлдызды аспан, күңгірт төбе, жылтыр төбе, фактур төбе сияқты түрлері бар екен. Орнатылуы оңай, жылдам, бағасы тиімді, күтімді аса қажет етпейді және белгілі бір ережелер негізінде матамен өзіңіз жуып, тазалап отыра аласыз. Жоғарғы қабаттан ағып кететін суларды ұстап қалады (1 кв. м. 100 л суды ұстайды) және созылған күйі бүйлінбейді, қыздырып қалпына келтіруге болады, шаң жинамайды. Кепілдігі - 10 жыл.
Өздеріңіз білетіндей, керме төбелер антика заманынан бері адамзатқа белгілі. Бірақ, ол кезде материал жібек мата болған көрінеді. Кейіннен ол төбелердің уақыт өте келе бүлінуі және жасалу технологиясы күрделі болғандықтан, ғамарат төбесін жасаудың басқа да көптеген түрлері белгілі бола бастады.
Керме төбенің жаңа деңгейі өткен ғасырдың 60 жылдарынан басталады. Франсуздық кәсіпкерлер керме төбелердің материалы мен жасалу технологиясын жетілдіру жолында нәтижеге жетеді. Олар материал ретінде поливинхлоридті (ПВХ) пайдаланып, оны қыздыру арқылы керіп қояды. Керме төбелерді «франсуз төбелері» деп те атайды жұрт. Айта кетейік, бұл атау керме төбенің қай елде шығарғаны маңызды емес, ал бұлай аталуының себебі, нарыққа керме төбені жаңа әдіспен шығарушылардың атымен аталып кеткен болатын. Ал, төбелерді ұстап түратын шеткі қаңқалары багетпен қабырғаға не төбеге бекітіліп, соның арқасында өте әдемі әрі түзу көрінетін төбені тамашалауға болатын көрінеді. Төбені қыздыру барысында газ-баллоны арқылы отпен қыздырады. Бүгінде керме төбе орнатушылар жарылғыш қауіпі жоқ баллондарды пайдаланады. Оны орнату әдетте 3-4 сағат уақыт алады. Бірақ, бұл көрсеткіш бөлме ауданына, материал түріне де байланысты. Керме төбелер бүгінде пәтерге, офистерге, асхана, дәмхана, тойхана, сауда орындарының төбелеріне орнатуға сұранысы жоғары.
Акустикалық «Акмигран» тақтайшалардан жасалған төбелерді екі тавр түріндегі алюминий бағыттағыштар арқылы бекітеді. Бағыттағыштар ды бекіткен соң фриз тақтайшаларын тіреу үшін қабырғалар мен бағаналарға металл қума бөлшектерін орнатады.
Тақтайшаларды алюминий профильдерінің сөрелеріне кертпелерімен кіргізеді, сөйтіп біртіндеп кезекпен жылжытып, бағыттағыштар аралығындағы барлық қатар толтырылады. Тақтайшалар өзара пластмассалық шпонтілік көмегімен қосылады.
«Акмигран» тақтайшаларынан жасалған төбе көлденеңінен дәлме-дәл, бір түсті болу керек. Бойлай және көлденең жіктері тура келу керек. Дайын төбені су эмульсиясы, синтездік бояулармен сырлауға болады.
Акустикалық төбелері және қабырғалар әрлеуі акустикалық тақтайлардан, ішкі жағы матамен желімделген құрғақ гипс сылағының тесілген тақталарынан орындалуы мүмкін. Тақтайшалар ағаш қаңқаға шегелеп бекітіледі. Тақталар қаптаудан кейін су эмульсиясы бояуымен сырланады.
Аспалы жабындар
Аспалы жабындар соңғы жылдары үлкен аралықты өндірістік ғимараттар құрылысында кең қолданыс табу үстінде.
Аспалы жабынның негізгі артықшылығы- оның көтергіш конструкциясында-темір арқандар (болат арқандар) - тартылуға ғана жұмыс жасайды осыған байланысты темір арқандардың қиылысуын тек қана беріктік шарттарына байланысты таңдап алынады. Сондай- ақ, аспалы конструкциялар монтаждау барысында жұмыс жасауға жеңіл, сонымен қатар оларды ғимарат жоспарының түрлі конфигурациясында пайдалануға болады.
Конструктивті схемаға байланысты жабын аспалы (бірарқансымсыз және екіарқансымсыз) немесе аспалымсыз, жазық немесе аумақты, біраралықты немесе көпаралықты болуы мүмкін.
Өндірістік құрылыста аспалы темір арқанды типті конструкция немесе иілімді типті конструкциялар кең қолданыс тапты.
Аспалы конструкцияның кемшілігі болып тірек конструкцияның құрылуының қиындығын, сондай-ақ жүйенің қаттылығын атап өтуге болады
Жазық жабынды ғимараттарда әр колоннаға бір шұңқырдан артық қойылмайды. Шұңқырдың орналасуы жобада стандартты бойлық байламмен 450 мм, сонымен қатар көлденең осімен 500 мм. Мұндай байлам унифицирленген тақтайша жабынының біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік ғимаратың аэрациясы жабынның аэрациялы немесе ашылатын қақпағы бар жарық фонарларын пайдаланады.
Грильято аспалы төбесі
Грильято төбелерінің кескіндері қорғаныс сәндік жамылғысы бар 3003Н24 қорытпасының алюминий таспасынан жасалады. 3003 қорытпасы суық кескіндеу технологиясы үшін арнайы жасалды және үздік қалыптау қасиеттеріне, сонымен қатар тот басуға қарсы жоғары беріктікке ие. Ыстық эмальдау әдісімен алюминий жолақтың бетіне лакбояғыш жамылғы жағылады. Таспаны бояу қалыңдығы 20-22 микрон болатын берікті және тозуға тұрақты полиэстер бояғышымен екі рет жағу арқылы үздіксіз циклді индукционды пешінде іске асырылады, бұл бояудың бірқалыпты қалыңдығын және бояудың жоғары адгезиясын қамтамасыз етеді.
Таспаның қалыңдығы: 0, 4-0, 5 мм. Полиэстер жамылғының қалыңдығы: 20-22 микрон. Таспаның ені: 70 мм, 90 мм, 110 мм
Уақытқа байланысты жұмысты орындауға оқушыларға тапсырма беру :
- Оқушыларға жұмысқа қойылатын талаптар мен бағалау нәтижесін түсіндіру;
- Оқушыларды жұмыс орындарына бөлу;
- Кіріспе кезеңді қорытындылау;
3) Ағымды нұсқау
Оқушылардың жұмыс орнын шебердің бақылауы:
- бірінші бақылау жұмыс орны мен техника қауіпсіздік негіздерін сақтау мақсатымен ;
- екінші бақылау технологиялық кезеңнің дұрыс орындалуы мен жұмыс әдістерінің дұрыс орындалуы мақсатымен .
- үшінші бақылау өзін-өзі бақылау кезеңінің дұрыс орындалуы мақсатымен;
- төртінші бақылау жұмысқа қойылған талаптардың дұрыс орындалуы және оқушыларды бағалау.
4) Қорытынды нұсқау
- күннің қорытындысы, сабақтың мақсатының орындалуы;
- әр оқушыны көрсеткіш сапа бойынша бағалау;
- бүгінгі күннің үздіктері (жұмысты өте сапалы орындаған оқушыларды белгілеу)
- жұмыстағы қателіктер, нашар жұмыстар;
- үйге тапсырма;
- жұмыс орнының тазалығы ;
- келесі сабаққа материалды - техникалық жабдықтарды дайындау.
2. 2 Шебердің сабаққа дайындығы
Шебердің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады - пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын - оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т. б. реттеуден тұрады (құралады) . Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Шебердің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Шебер бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру - сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz