Сандық хабар таратуға көшудің Қазақстандық үлгісі



2012 жылдың шілде айынан бері сандық-эфирлік трансляция Қазақстанда да басталды. Көптеген шалғай орналасқан, бұрын ары кетсе 3-4 телеарна тамашалап отырған елді мекендердің халқы енді жақсы сапада 15 арнаға дейін қабылдай алады. 2015 жылдың соңына қарай сандық эфирлік телехабар тарату желісімен Қазақстан Республикасы аумағының 95 пайызын қамту көзделіп отыр. Қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30 арнаға дейін, өзге аумақтар деңгейінде 15 телеарнаны сандық сапада абоненттік төлемсіз тамашалай алады.
2006-жылы Халықаралық электр байланысы Одағына мүше елдер қол қойған «Женева-2006» келісіміне сәйкес Қазақстан 2015-жылға дейін толықтай сандық эфирлік телехабар таратуға көшуі тиіс.
Бұл тапсырманы жүзеге асыру жұмыстары екі кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең – 201-жылы DVB S2 стандартындағы жерсеріктік телехабар тарату желісін іске қосу.
Екінші кезең – аналогтық эфирлік желіні жетілдіру, әрі 2011-2015 жылдары сандық эфирлік телехабар тарату стандартына толық көшу.
2007 жылы Қазақстан Республикасында цифрлық телерадиохабарларын таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Жоба мақсаты – телерадио хабарларын таратудың сандық инфрақұрылымын құру және дамыту, қазақстандық ақпараттық өнімді сапалық және сандық жағынан күшейту, хабар тарату нарығын қалыптастыру жолымен ақпараттық саланы нығайту.
Қазіргі заманғы әлемде теледидар мен радионың рөлі үлкен. Мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отырып, теледидар мен радио қоғамның тілін, дәстүрін сақтауға, діни және материалдық құндылықтар деңгейін қалыптастыруға әсер етеді. Бүгінгі күні телерадио хабарларын таратуды дамыту ғаламдық сандық революция шеңберінде жүзеге асырылады. Сандық теледидар мен радионың пайда болуы - осы саланың 100 жылдық тарихындағы ең күрделі және көп үміт күттіретін кезең. Сандық теледидар хабарларын тарату саласындағы соңғы жетістіктер әлемдік телекоммуникацияны дамыту барысын күрт өзгертеді. Теледидар хабарларын таратуды бағалаудың техникалық өлшемдері - бағдарламалардың саны мен олардың сапасы жаңа тұтыну мүмкіндіктерімен – интерактивтілікпен және көп функционалдықпен толықтырылады. Бұл 90-жылдары неғұрлым көп таралған жылжымалы байланыс және Интернет қызмет көрсетулеріне сандық интерактивті хабар тарату қосылғанын білдіреді. Осыған орай республикада телерадиохабарлар таратуды уақтылы енгізу маңызды басымдық болып табылады. Мәселенің өзектілігі жалпыәлемдік үрдістермен - "Женева-2006" келісімі шеңберіндегі Халықаралық Электробайланыс Одағы белгілеген, сандық хабар таратуды енгізу үшін (оның ішінде Қазақстан үшін) өтпелі кезең болып 2007 - 2015 жылдар болып айқындалды. Жерүсті сандық хабар таратуды дамытудың бастапқы кезеңі - 2006 жылы іске асыру аяқталған. Бұл телерадиохабарларын таратудың салалық бағдарламасына сәйкес пысықталғанын атап өткен жөн. Осы бағдарлама шеңберінде тестілік сандық хабар тарату, жиілік ресурсын айқындау, көп бағдарламалы хабар тарату

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сандық хабар таратуға көшудің Қазақстандық үлгісі
2012 жылдың шілде айынан бері сандық-эфирлік трансляция Қазақстанда да басталды. Көптеген шалғай орналасқан, бұрын ары кетсе 3-4 телеарна тамашалап отырған елді мекендердің халқы енді жақсы сапада 15 арнаға дейін қабылдай алады. 2015 жылдың соңына қарай сандық эфирлік телехабар тарату желісімен Қазақстан Республикасы аумағының 95 пайызын қамту көзделіп отыр. Қазақстандықтар облыс орталықтары деңгейінде 30 арнаға дейін, өзге аумақтар деңгейінде 15 телеарнаны сандық сапада абоненттік төлемсіз тамашалай алады.
2006-жылы Халықаралық электр байланысы Одағына мүше елдер қол қойған Женева-2006 келісіміне сәйкес Қазақстан 2015-жылға дейін толықтай сандық эфирлік телехабар таратуға көшуі тиіс.
Бұл тапсырманы жүзеге асыру жұмыстары екі кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең - 201-жылы DVB S2 стандартындағы жерсеріктік телехабар тарату желісін іске қосу.
Екінші кезең - аналогтық эфирлік желіні жетілдіру, әрі 2011-2015 жылдары сандық эфирлік телехабар тарату стандартына толық көшу.
2007 жылы Қазақстан Республикасында цифрлық телерадиохабарларын таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Жоба мақсаты - телерадио хабарларын таратудың сандық инфрақұрылымын құру және дамыту, қазақстандық ақпараттық өнімді сапалық және сандық жағынан күшейту, хабар тарату нарығын қалыптастыру жолымен ақпараттық саланы нығайту.
Қазіргі заманғы әлемде теледидар мен радионың рөлі үлкен. Мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отырып, теледидар мен радио қоғамның тілін, дәстүрін сақтауға, діни және материалдық құндылықтар деңгейін қалыптастыруға әсер етеді. Бүгінгі күні телерадио хабарларын таратуды дамыту ғаламдық сандық революция шеңберінде жүзеге асырылады. Сандық теледидар мен радионың пайда болуы - осы саланың 100 жылдық тарихындағы ең күрделі және көп үміт күттіретін кезең. Сандық теледидар хабарларын тарату саласындағы соңғы жетістіктер әлемдік телекоммуникацияны дамыту барысын күрт өзгертеді. Теледидар хабарларын таратуды бағалаудың техникалық өлшемдері - бағдарламалардың саны мен олардың сапасы жаңа тұтыну мүмкіндіктерімен - интерактивтілікпен және көп функционалдықпен толықтырылады. Бұл 90-жылдары неғұрлым көп таралған жылжымалы байланыс және Интернет қызмет көрсетулеріне сандық интерактивті хабар тарату қосылғанын білдіреді. Осыған орай республикада телерадиохабарлар таратуды уақтылы енгізу маңызды басымдық болып табылады. Мәселенің өзектілігі жалпыәлемдік үрдістермен - "Женева-2006" келісімі шеңберіндегі Халықаралық Электробайланыс Одағы белгілеген, сандық хабар таратуды енгізу үшін (оның ішінде Қазақстан үшін) өтпелі кезең болып 2007 - 2015 жылдар болып айқындалды. Жерүсті сандық хабар таратуды дамытудың бастапқы кезеңі - 2006 жылы іске асыру аяқталған. Бұл телерадиохабарларын таратудың салалық бағдарламасына сәйкес пысықталғанын атап өткен жөн. Осы бағдарлама шеңберінде тестілік сандық хабар тарату, жиілік ресурсын айқындау, көп бағдарламалы хабар тарату жөніндегі ұсынымдар әзірлеу жөнінде бірқатар іс-шаралар өткізілген болатын. Сонымен бірге Қазақстанда сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу жөніндегі одан арғы жұмыстарды жүргізу, орталықтандырылған стратегияны әзірлеу, ұйымдық, экономикалық және институционалдық проблемаларды жою, техникалық параметрлерді айқындау жөнінде шаралар кешенін қабылдауды талап етеді. Сандық телерадиохабарларын таратуды уақтылы енгізу қажеттілігі сондай-ақ, әсіресе шекаралық хабар тарату аймақтарында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне негізделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның шекара маңындағы бірқатар елді мекендер қалыптасқан жиілік құрылымына байланысты отандық теледидар орнына көрші мемлекеттердің теледидар арналарын көруге мәжбүр болып отыр. Радиохабарларын тарату саласында да осындай жағдай қалыптасқан. Сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу осы мәселені болдырмауы тиіс. Тұтастай алғанда телерадио хабарларын таратуды енгізу ауқымды мемлекеттік қолдауды талап етеді. Теледидар мен радионы цифрлау үдерісін бастаған елдердің тәжірибесі - мұның айқын дәлелі. Іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде мемлекет өзі сандық телерадиохабарларын таратуға көшуге бастамашы болып отыр. Бұдан басқа, бұл мәселе мемлекеттік уәкілетті құрылымдардың қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес проблемалар кешенін оңтайлы қарастыруды талап етеді. Олардың қатарына сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу мен оның жұмыс істеуінің нормативтік- құқықтық базасын әзірлеуді және қабылдауды, хабар таратудың техникалық стандарттарын бекітуді, рынокқа қатысушылардың жұмыс істеу жағдайларын айқындауды, радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды, инфрақұрылым объектілерінің әзірлігін қамтамасыз етуді, халықтың әлеуметтік әлсіз санатын қолдау жөнінде шаралар қабылдауды жатқызуға болады. Мемлекет барлық үдерістің үйлестірушісі болуы тиіс, өйткені сандық телерадиохабарларын таратуды енгізу жоғары дәрежелі әлеуметтік жауапкершілікті болжайды. Телерадиохабарларды тарату жүйесінің сандық технологияға көшуі, ең алдымен халықтың қалың жігіне бағытталуы тиіс, өйткені дәл осы әлеуметтік фактор мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігінің негізгі индикаторы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының эфирлік телерадиохабарларын тарату кешені өзара байланысты үш негізден тұратын күрделі жүйені білдіреді:
- телерадиобағдарламаларын қалыптастыру сегменті (теле және радиоарналар, контентті қалыптастырушы теледидар және радио студиялары);
- спутниктік телерадиохабарларын тарату сегменті - телерадио белгісін бірыңғай сандық стандартқа түрлендіру және оны спутниктен жерүсті желілерге тарату;
- жерүсті телерадиохабарларын тарату сегменті - спутниктен белгіні қабылдау және бөлінген радиожиілік жолақтары бойынша жерүсті бөлу.
Эфирлік телерадиохабарларын таратудан басқа қалалық жерлерде аналогтық және сандық форматтағы әр түрлі технологиялар негізінде кабельдік теледидар желілері айтарлықтай дамып келеді. Осы құрауыштар жиынтығы еліміздің телерадиохабарларын таратудың бірыңғай инфрақұрылымын құрайды. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру сегментін әр түрлі меншік нысанындағы 89 электрондық ақпарат құралдары, оның ішінде 52 телеарна және 37 радиостанция құрайды. Олардың ішінде республикалық деңгейде 11 телеарна және 5 радиостанция хабар таратуды жүзеге асырады. Өңірлік электрондық БАҚ-тар саны 73-ті құрайды. Бұл ретте өңірлік теле және радиоарналарды тарату аумағы, әдетте, бір елді мекенмен шектеледі. Хабар таратудың барынша кең аумағы республикалық арналардың иелігінде. Сонымен, республика аумағын хабар таратумен қамту - "Қазақстан" телеарнасы 98,06 %-ті, "Хабар" - 98,19 %-ті, "Еларна" 93,2 %-ті, Еуразия бірінші арнасы - 78,82 %-ті, "Шалқар" радиосы - 36,09 %-ті құрайды. Республикалық деңгейде хабар тарататын басқа теле және радиоарналар қамтудың анағұрлым төмен көрсеткіштеріне ие, олар 1-кестеде келтірілген.
Тұтастай алғанда, телерадиохабарларын таратумен халықты қамтуда қалыптасқан жағдайды тым қанағаттанарлықсыз деп сипаттауға болады. Толық көлемде республикалық хабар таратумен тек ірі елді мекендердің - облыстық және аудан орталықтарының тұрғындары қамтылған. Ауылдық аумақтар көбіне тек мемлекеттік арналарды (Қазақстан, Хабар, Еларна телеарналары) тамашалайды.
Спутниктік телерадиохабарларын тарату сегментін спутник арқылы жерүсті қабылдау-беру құрылғысына қалыптастырылған бірыңғай теледидар ағынымен тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін спутниктік хабар тарату операторлары білдіреді.
Соңғы жылдары республика аумағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Қазір ақпарат ғасыры
Әлеуметтік медиа маркетинг және бұқаралық ақпарат құралдары
Ток - шоудың басқа бағдарламалардан артықшылығы
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары
Авторлық құқықтың түсінігі
Ұйымдағы басқару құжаттарының міндеттері
Пәндер