XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Жұмағанова Аягөз

XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші: Сейсембай Г. А

аға оқытушы

Қостанай, 2014 жыл

Мазмұны:

Мазмұны . . . 2

Кіріспе . . . 3-4

I. XIX ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы шиеленісті кезеңі

1. 1. XIX ғасыр поэзиясындағы өнер тақырыбы . . . 8-9

1. 2 Зар заман ақындары және шығармашылығы . . . 9-15

II. XIX ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктері.

2. 1. XIX ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиет . . . 18-20

2. 2. XIX ғасыр поэзиясындағы ғылым тақырыбы . . . 20-31

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

КІРІСПЕ

Курыстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ әдебиетіндегі поэзияны зерттей отырып, өнер, білім, ғылым тақырыптарының мақсатын, шығу тарихын айқындау.

Курстық жұмыстың мақсаты:

XIX ғасыр қазақ поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыптарын айқындап, сол салада еңбек еткен өкілдердің еңбектерін дәріптеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • XIX ғасыр қазақ поэзиясын зерттеу;
  • Поэзияның әр саласына шолу жасау;

Курстық жұмыстың нысаны: XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыптары.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс ең алдымен, мазмұнынан, кіріспеден, екі тараудан және жеке тараушалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

XIX ғасырдың алғашқы тұсынан бастап қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ашық көрініп тұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды. Поэзияның бұл дәуірде шарықтап өскені соншалық: Атырау, Сыр, Есіл, Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Шыңғыс баурайынан және тағы басқа жерлерден көрінген белгілі ақындардың өзі оңдап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген. ХІХ ғасыр әдебиет өкілдері: Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Мұрат, Әбубәкір, Бұқар, Шортанбай, Ыбырай, Абай, Ақан, Сегіз сері, т. б. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ. [1, 34 бет]

I. XIX ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы шиеленісті кезеңі.

XIX ғасыр қазақ халқының әдебиеті тарихындағы аса күрделі, шиеленісті кезең. Алмағайып жаугершілік замандар кейін қалып, хандық дәуірді де бастап өткізіп, қазақ ұлысы қоғамдық қатынастардың келесі бір жаңа белесіне қадам басты. Білектің күшімен, найзаның ұшымен терезе теңестіріп келген қазақ елінің басына саяси күрестің ең бір озбыр, сұрқия құрығы төніп тұрған. Қос қолтықтан алған Ресей патшасының, Қоқан хандығының қыспағы тынысын тарылта түскен, «Ақтабан-шұбырынды» деген атпен тарихтан мәлім жаугершілік қырғыннан шыққан қазақ елінің әдеби шығармаларда түзілген. Осы ғасырда қазақ әдебиеті өз тарихында бұрын-соңды болып көрмеген түлеуді, жаңғыру процесін бойынан өткізді. Қазақ хандығы кезінде елдік рухын берік бекіткен ұлттық әдебиет енді қазақ ұлысының дағдарысты алмағайып күндеріне килікті.

Етектен тартып, жағадан алған отарлау саясаты әуелі атамекен ауқымын шиырлап келіп, хандық басқару, елдік құрылым жүйесінің жүйкесін талмау тұстардан әлсіретті. XIX ғасырдың алғашқы жылында қазақ елінің тарихи қоғамдық құрылымы біржола ыдырап, елдік басқару жүйесі түбегейлі өзгеріп біткен болатын. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде патша үкіметі қазақ қауымына жаңа саяси-әкімшілік басқаруды қосып, Ресей империясы құрамына бой ұсынбаған аумақтарды одан әрі қосып алу мақсатына біржолата кірісті. Империялық отарлау саясаты, озбырлығы нақтылыққа ұласты. Хандық дәуір, хандық бүлік ыдыратылып, оның орнына Ресей патшалығы әкеліп енгізген аумақтық-әкімшілік басқару жүйесі орнықты. [1, 256 бет]

Хандық құрылымның ыдырауымен бірге қазақ елінің әлеуметтік ортасына да іріткі түсіп, халықтық бірлік жүйесіне жарықшақ кірді. Көп хан сайлау секілді «демократиялық» еркіндік біртіндеп хандық бірліктің біржола әлсіреп, Ресей аймақтық Әскери губернаторлығына тікелей бағынышты кіріптарлыққа түсуіне әкеліп соқса, XIX ғасырдың алғашқы кезеңінде хан атаулының біржола жоғалып, қазақ даласы батысында да, шығысында да аға сұлтандар мен сұлтандық басқару жүйесінің ықпалына көшті. Бірақ шын мәнінде, сол аға сұлтанның өзі қазақ аймақтарын бірнеше бөлікке бөліп, қадағалап отырған әскери-губернаторлар кеңесіне тікелей бағынышты еді.

Сөйтіп, қазақ елінің ел басқарушылары шағын-шағын әскери-губернаторлықтардың кеңсе қызметшілерінің лауазымдық құзырынан да төмен пірәдарлыққа ұшырағандығын байқамай да қалды. Атақоныс, жер ең бір әлеуметтік ауыр мәселеге айналды. Жерге иелік те біртіндеп сұлтандардың сол арқылы Ресей патшасы губернаторларының билігіне көшті [3, 15 б. ] .

«1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы алғашқы патшалық реформа ретінде дәстүрлі биліктің бүкіл жұлын-жүйесін үзіп, саяси-әлеуметтік және шаруашылық тіршіліктің барлық саласын қамтыды, оның үстіне қазақ қауымының ішіне іріткі түсіріп» ішкі-сыртқы қайшылықты өршітіп тереңдетіп жіберді. Ал, «XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің жүз жылдан астам уақыт бойғы қазақ даласына шапқыншылығы осы өңірдің барлық жер аумағын түгелдей дерлік» империя құрамына қосып алуға әкеліп соқты. «XIX ғасырдың 10-20 жылдары патша үкіметі, қазақ халқының арасында хан ұрпақтарының беделі түскенін көрді де, 1822 жылы «Сібір қазақтарын уақытша билеу ережесі» дейтін заң шығарып, Отарлық Қазақстандағы хандықты жойды». Бұл өктемдік, сөз жоқ халықтың наразылығын күшейтті. Соның барлық қайшылығы мен зардаптары әдеби шығармалардың өзегіне түсті.

Міне, осындай тарихи шындықтар, одан туындаған өзге де көптеген ұлттық, саяси-әлеуметтік мәселелер қазақтың әдебиетіне де әсер етті. Ақындар ұлыстың ұлы мұраттарын аңсап, елдің көкейіндегі сөзін толғады. Ел-жұрт жүрегіндегіні қозғамаған көркем сөздің күні қараң еді [3, 16 б. ] .

Әдебиет тарихына, «Бес ғасыр жыраулары» деген жалпы атпен кірген жыраулар поэзиясының әлеуметтік тақырыбы, көркемдік бітімі, халықтық мақсат-мүддесі қаншалықты айқындалып, жинақталып, тұтастықпен көрінсе, нақ осы белгілер XIX ғасырдағы әдеби-көркемдік даму үрдісінің басты арқауына айналды. Жаңа дәуір ақын-жырауларының сол Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберділердің тегеурінді жігерінің, өткір сөз түйіндерінің, күрделі троптарының ұшқындары, іздері сезілсе, бір жағынан, нақ сол шығармалар тақырып жаңалығымен, көкейкесті әлеуметтік мәселелдерімен, ағымдағы тарихпен етене жақындығымен жаңаша бастау көзін ашқандай еді. Типологиялық тұрғыдан қазақ әдебиетінің ежелгі замандардан бастау алатын адамзаттық мәдениет табиғатымен сарындас, ұқсас. Әдебиет тарихы, әдеби мұра нұсқалары арқылы ұлт тарихы, халық санасының қалыптасу жолы танылады.

Қазақ даласында XIX ғасырда патшалық Ресей отарлаушылары жүргізген бұл саяси-әлеуметік реформалар сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының өзекжарды тақырыбына айналмауы мүмкін емес еді. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпы халықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болды. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі әдебиет мұраты ғана жолынан да, жүрісінен де жаңылмады [3, 17 б. ] .

Бірқатар ақындар шығармашылықтары мен сөздерінде адамдықтың, ақиқаттың бұзылғаны, әлде бұзылатындығы жайлы күйінішті леп, күрсіністі болжам жиірек байқалады. Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебі осы кезеңде күшейіп, қазақтардың ғасырлық мұңын толғады. Бұл замандағы әдеби нұсқалар өзегінен өксіген қасіретті сөзге, азаттық жайлы ұлттық арманға толы еді.

Содан барып, қазақ халқының рухани дүниесінде басталған бұл күйзелісті даму жағдайы, екіұдай көркемдік шындық тайталасы, ұлттық қасиет үшін жанталас тұтас екі ғасырға созылғандығы аян [3, 18 б. ] .

XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты ерекшеліктері байқалады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. «Құран Кәрім», өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақын кітап «Сейфілмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының баспаханасынан жарық көрді. Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасырлар табалдырығында қол жеткізді. «Иғлан наме», «Қисса-и-Шәкір-Шәкірат…», «Атымтай», «Ер Тарғын», тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет көруі сол кезеңнің үлесіне тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен бірге, әдебиеттің де тарихи даму заңдылықтарының ерекше жаңалығы.

Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды [3, 19 б. ] .

Әрі батыр, әрі жыраулар бітімі жалпы қазақ халқының хандар дәуіріндегі әдебиетінде жарық жұлдыздай жарқыраса, XIX ғасырда да сөз ұстаған ақындар рухани дүниедегі дәстүрлі әлеуметтік көшбасшылығын жалғастырды. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің, жыраудың әлеуметтік мәртебесінің оқшау биіктен көрінуі сонау ежелгі түркі дәуірлерінен жалғасқан әдеби-әлеуметтік дәстүрдің ғасырлар бойғы үздіксіз өрбіген дәстүрінің белгісі. Жыраулық дәстүрдің осыншама тарихи сабақтастығы қазақ әдебиетінің де заманалар бойы желісін үзбеген эстетикалық рухани шынжырының беріктігін меңзесе керек [3, 20 б. ] .

XIX ғасыр ақындардың шығармалары дәстүрлі сипаттарымен бірге жаңашылдық рухымен ерекшеленеді. Көбінесе толғау, тебіреніс үлгісіндегі шығармалар ақын-жыраулардың поэтикалық символдарды шебер қолданып, түрлендіруімен, өлең өлшемдерінің өзін барынша еркін құбылту мүмкіндігімен дараланып, поэзияның қайталанбас бітімді анықтарына айналды [3, 13-25 бб. ] .

1. 1. XIX ғасыр поэзиясындағы өнер тақырыбы

XIX ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары - Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836-37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 - 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай - Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры) . Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр») . Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т. б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары - Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т. б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады.

Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбетбастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 - 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т. б. жырларын шығарды. "Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас", "Сағынам ауызға алсам Исатайды", "Исатай - ел еркесі, ел серкесі" деген жолдарының өзінен-ақ өмі-ріндегі ең сүйікті, ең ардақты санаған шын дос, қымбаттысынан айырылған шерлі жыраудың мұңды зары мен терең сыры байқалғандай болады. Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген болса не дер едің дегенде: Бармысың, жауға түскен алтыным-ай! Самалым, саз қонысым, салқыным-ай! Жауыңның қоржынына түсіп едің, Шықтың ба аман-есен, жарқыным-ай! Ақ алмас, алтын сапты, қылышым-ай Жатпапты асыл пышақ қап түбінде, Шықтың ба қабын жарып, ырысым- ай! - деп, мойнынан құшақтар едім дейді. Осы үзіндінің өзінен-ақ Шернияздың Исатайды қандай дәрежеде сүйіп, қандай дәрежеде жақсы көретіндігі айқын көрінеді. [4, 162бет]

1. 2. Зар заман ақындары және шығармашылығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Сөзден ұтылған хан
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Жыраулар тарихы
Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz