XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр құндылығы
1.1 Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Жыраулық поэзияны зерттеудің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ. XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр көрінісіндегі ерекшеліктер
2.1 Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен Асанқайғы,Қазтуған,Шәлгез шығармаларының үндестігі мен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.Белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір –өлім, қуаныш – қайғы, сенімділік – опасыздық, әділдік – әділетсіздік, дос –жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, «ұлттық идея», «намыс»,«ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтайтүсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген XIXғасыр қазақ әдебиетінің күрескер ақын-жыраулары Махамбет Мұрат,Базар сияқты жыраулық дәстүрді жалғастырушы өкілдердің шығармаларын Асанқайғы,Шәлгез,Қазтуған шығармаларымен үндестігін,астарлы мәтін арақатынасын анықтау,саралау.
Зерттеудің әдістері.Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, сипаттама, салыстыра талдау,қорыту т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылымилығы. Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен Асанқайғы,Шәлгез,Бұқар,Доспамбет шығармаларындағы негізгі ой-қорытындылар мен мақсаттар анықталып, олардың мағынасы ұлттық-танымдық,тарихи тұрғыдан қарастырылады;
- Мұрат пен Асанқайғы үндестігінің рөлі айқындалады;
- Махамбет пен Шәлгез сөзқолданыстары мен өлең жолдарының байланысын талданады;
- Махамбет өлеңдерінде көрініс тапқан жыраулар поэзиясының сөз үлгілері (жеке сөз, сөз тіркестері немесе өлең жолдары) таза лингвистикалық себептер мен дәстүрлік сабақтастыққа байланысты танылып, сыртқы формасы, құрылысы жағынан сай келгенімен, өзге тың мазмұнды, ерекше мәнді қамтитын дүниелер екеніне назар аударылады.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері.
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісін анықтап,жы-
раулық поэзия өкілдерінің шығармаларын саралау.
-XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің өкілдерін нақтылау, теориялық еңбектерге шолу жасау;
-Өткен дәуір жыраулық дәстүр өкілдерді мен XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі өкілдердің шығармаларын салыстыра зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: XIX ғасыр ақындары Махамбет,Мұрат,Базар шығармалары, “ Бес ғасыр жырлайды„(1989); “ Ақын -жыраулар поэзиясы„(2001);“ Ғасырлар толғауы„(1977).
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ әдебиетінің қайсы бір кезеңі болмасын бәрі де белгілі тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты дамиды. ΧV–ΧVІІІ ғасырлардағы көркем әдебиеттің жайын халық әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар туды. Осы жырлар негізінде,әдеби тіліміз де дами түсті. Бұл

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТЕР
1. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы.Жазушы, 1979.-324 б.
2. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы,Санат. 1976.-454 б.
3.Әуезов М. ХІХ мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. Алматы.Жазушы, 1933.452 б.
4.Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары: Жинақ / жинаған С.Сейфуллин. -Алматы: Қазақстан баспасы,1931.152б.
5. ХҮІП-ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті / Редакциясын басқарған Қ.Жұмалиев. - Алматы: 1967. -582
6.Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: Жазушы, 1967. - 388 б.
7. Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы: Жазушы, 1991. - 422 б.
8. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. - Алматы: Ғылым, 2001. - 375 б.
9. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика. - Алматы: Ғылым, 2001. - 280 б.
10. Ақатай С. Інжу-маржан секілді. - Алматы: Өнер, 1995. - 200 б.
11. Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. - Алматы: Жазушы, 1977. - 320 б.
12. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы: Қазақстан мемлекеттік педагогикалық баспасы, 1960. - 244 б.
13. Бердібаев Р. Жыршылдық дәстүр. - Алматы: Қазақстан, 1980. -218 б.
14. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. - Алматы: Ғылым, 1994. - 320 б.
15. Жармұхамедов М. Көненің көзі. - Алматы: Санат, 1996. - 144 б.
16. Жамбыл Жабаев. 2 томдық шығ. жинағы. Алматы. Жазушы, 1982 ж.365 б.
17. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы редакциясы, 1998. - 758 б.
18.Танабаев Ө. Жыраулар поэзиясы және табиғат. - Алматы: Қазақстан, 1999. - 140 б.
19. Досмұхамедов X. Аламан. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 172 б.
ғылымы: 09.00.03. - Алматы: 1998. - 263 б.
20.Мұқанов С. ХҮІІІ - XIX ғасыр әдебиетінен очерктер. - Алматы: Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1942. - 247 б.
21. Аймауытов. Ж. Шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1989. - 558 б.
22. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлардың сыры. - Алматы: Жазушы, 1970. - 192 б.
23.Әуезов М. Уақыт және әдебиет / Құрастырған алғы сөзін жазған Ы.Дүйсенбаев. - Алматы: Қазмем көркем әдебиет баспасы.- 1962. - 428 б.
24.Омарұлы Б.Бұғауға бағынбаған жырлар.-Алматы:Ана тілі,19

Қостанай мемлекеттік педагогикалқ институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Дәулетхан Бердігүл Дәулетханқызы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:Сейсембай Г.А
аға оқытушы
Қостанай,2014 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр құндылығы
1.1 Жыраулық поэзияның қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жыраулық поэзияны зерттеудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ. XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр көрінісіндегі
ерекшеліктер
2.1 Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен Асанқайғы,Қазтуған,Шәлгез
шығармаларының үндестігі мен
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.Белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи
шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды,
қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен
қарасын (өмір –өлім, қуаныш – қайғы, сенімділік – опасыздық, әділдік –
әділетсіздік, дос –жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, ұлттық
идея, намыс,ерлік, ақиқат, өршіл рух, елім, жерім деген
ұғымдарды айшықтайтүсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне,
астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген XIXғасыр қазақ
әдебиетінің күрескер ақын-жыраулары Махамбет Мұрат,Базар сияқты жыраулық
дәстүрді жалғастырушы өкілдердің шығармаларын Асанқайғы,Шәлгез,Қазтуған
шығармаларымен үндестігін,астарлы мәтін арақатынасын анықтау,саралау.
Зерттеудің әдістері.Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру,
сипаттама, салыстыра талдау,қорыту т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылымилығы. Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен
Асанқайғы,Шәлгез,Бұқар,Доспамбет шығармаларындағы негізгі ой-қорытындылар
мен мақсаттар анықталып, олардың мағынасы ұлттық-танымдық,тарихи тұрғыдан
қарастырылады;
- Мұрат пен Асанқайғы үндестігінің рөлі айқындалады;
- Махамбет пен Шәлгез сөзқолданыстары мен өлең жолдарының байланысын
талданады;
- Махамбет өлеңдерінде көрініс тапқан жыраулар поэзиясының сөз үлгілері
(жеке сөз, сөз тіркестері немесе өлең жолдары) таза лингвистикалық себептер
мен дәстүрлік сабақтастыққа байланысты танылып, сыртқы формасы, құрылысы
жағынан сай келгенімен, өзге тың мазмұнды, ерекше мәнді қамтитын дүниелер
екеніне назар аударылады.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері.
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісін анықтап,жы-
раулық поэзия өкілдерінің шығармаларын саралау.
-XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің өкілдерін нақтылау,
теориялық еңбектерге шолу жасау;
-Өткен дәуір жыраулық дәстүр өкілдерді мен XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі
өкілдердің шығармаларын салыстыра зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: XIX ғасыр ақындары Махамбет,Мұрат,Базар
шығармалары, “ Бес ғасыр жырлайды„(1989); “ Ақын -жыраулар
поэзиясы„(2001);“ Ғасырлар толғауы„(1977).
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ әдебиетінің қайсы бір кезеңі болмасын бәрі де белгілі тарихи
әлеуметтік жағдайларға байланысты дамиды. ΧV–ΧVІІІ ғасырлардағы көркем
әдебиеттің жайын халық әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл
кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар
туды. Осы жырлар негізінде,әдеби тіліміз де дами түсті. Бұл кезең – қазақ
хандығы құрылып,тайпалар бірлестігінің дербес мемлекеттің нығая бастаған
дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті
айқындала түсті. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі.
Заманалар жасаған көркем сөз кестелері, асқақ арман, ұшқыр қиял
жемістері – халық өнерпаздары жасаған өлмес, өшпес мәңгілік мұра. Әр халық
өзінің рухани мәдениетінің деңгейін көркемөнер туындыларының нәрлі қорлары,
сан–салмағы, сән-сәулетінің аумағымен өлшейді, бағалайды.
Атадан балаға ауысқан, үрім-бұтаққа мұра болып жеткен шебердің
бізі, шешеннің тілі туғызған өнер құдіреттерін рухани байлығынан санайды.
Берік материалдық негізде дамыған рухани мәдениет адам баласы қоғамының
жетіле түсуінде шешуші рөл атқарады. Адам баласы өзінің өсіп өркендеу
жолында өмір сүруі үшін тікелей қажет нәрселерді алып қоймайды, соған қоса
рухани азық болатын өнер мұраларымен де сусындап отырады .Барлық
материалдық және рухани байлықтардың нағыз иесі халық кемеңгерлігі деген
қағиданың маңызы да осындай заңдылықтарын таныта білгендік болса керек[1,26-
бет].
Қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әлеуметтік қайшылықтар да
айқындала береді. Әр топ өз көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал
іздейді. Кейбір үстем тап өкілдерін әдебиет осы мақсатта пайдалануға әрекет
жасады, оған ізгілік көрсетіп, өз пікірлерін танып, қошеметшіл поэзиясының
кейбір түрлерін туғызды.
Қара күш біреудің беделін күшейтеді, екінші біреуді төмендетеді.
Поэзия әлемінде бір адамның екінші біреуді қалай жеңгенін, қандай олжа
түсіргенін жырлау пайда болды. Жеңімпаздар жеңілгендерді өзіне бас идіреді
және өздерінің құқықтарын мойындатады. Осы тұста поэзияда қошеметшіл жырлар
туады. Ал, кейнірек, жеңімпаздар озбырлығы күшейе келе, жеңілгендердің
күңкілі, үні естіле бастайды, олар наразылық білдіреді. ΧІІІ–ΧІV ғасырлар –
моңғол шапқыншыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына
қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап
,тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алды. Қазақ хандығының
дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның әдебиеті, әдеби тілі
қалыптасуға бет алды. Ілкі шығармаларда жоқтау сияқты салт жыры ертегі –
аңыздар басында болса, кейін жеке адамды дәріптеген туындылар көбейіп,
әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял – ғажайып аңыздар туды,
онда адамның әртүрлі ғаламат күштерге қарсы күресі бейнеленді. Бұл жағдай
тарихи сюжеттерді өмірге әкелді. Қолбасы батырлар не хандар дәріптеліп,
олардың қаһармандық бейнелері жасалды. Халықтық туындылардың ол кезде
шығарушылары шешендер мен жыраулар еді[2,95-бет].
Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қышпен тасқа ою ойып, мәрмәрдан мүсін
салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл
сөз шеберлері болған. Оларды халық әртүрлі атаулармен атап қадірлеген.
Айталық, қапияда сөз тауып, өз сөзінің жүйелі логикалы күшінің арқасында
асқынған дауды шешкен, бітіспес жауды бітімге жүгіндірген, жүрместі
жүргізген өнерпазды халық – шешен деп атаса, заманының қоғамдық ойын
жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөзді термелеп, афористік ақылдарға толы
жыр шығарған сөз өнерпаздарын – жырау деген атауға ие еткен.
Жыраулық поэзия – ΧV–ΧVІІІ ғасырдағы қазақтың халық поэзиясы.Біздің
дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ΧV ғасырдың орта шеңінен бастап қазақ
халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп,
қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар поэзиясы қазіргі
Қазақстан қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр
алады. Ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн
қалыптастыру нәтижесінде кемелденеді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша
жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен - ақ кемелдікті көркем келісімді
аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде
шектелмеген. Содан да болар жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар
буырқанып, ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман
мен адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен
парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік жайлы сан - салалы ойлар
тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық
сипатын аңғартады.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген
сүйіспеншілігі ,елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер
іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген
ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау
да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап,
шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр
үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса, бір
кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген,
бейбіт, тыныштық өмірді қалаған[3,254-бет].
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы
кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа
әдебиеттің ізбасарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп
саналады.Жыраулық поэзияны XIX ғасырда Дулат,Шортанбай,Мұрат,Махамбеттер
жыраулық поэзияның қол жеткен табыстары мен игіліктерін игере отырып, соны
ілгері қарай дамыта білді. Елге, ер - азаматқа ақылгөй болған жыраулар
қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт - бағдарын, идеялық тұғыры мен
көркемдік биігін айқындап кетті. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары
бүгінгі күндерге там - тұмдап болса да жеткен ақын – жыраулар творчествосы
сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Оларда ел өміріндегі елеулі
оқиғалар, феодалдық қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет - ғұрып, салт -
санасы бейнелі тілмен көрініс тапқан. Демек, жыраулар поэзиясы -
халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп
түсірген, өшпес, өлмес мұра.
І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ
1.1 Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы
Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі
барлық кезеңдердің сарапшысы.Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге,
батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел
тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын
толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір
кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы
зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа
шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып
бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу
тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ
ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып
–жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге,
халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір
аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып,
аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп
жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату
қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне
әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының
зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ
мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір
кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар
поэзиясы қалыптасты[4,125-бет].
XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ
хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы
кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ
фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық
жырлар сияқты халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке
авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың
жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие
болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.
Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан
айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, Жыр-(көне түркі тілінде иыр)-
1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында
қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры
деген анықтама Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында берілген екен. Ал,
зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде атты
еңбегінде Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту
деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар
қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады,-деп көрсеткен екен.
Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады деп сөз өнерін, тіл
тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды қадірлеген
болуы керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр
әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай
хандарға, сұлтандарға, әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне
айналғаны анық. Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар
өздері өлең және жыр деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға
болады.
1.Өлең.
2.Жыр. Өлшем жағынан минусин татарларының батырлық жырларына ұқсас,
өлеңге қарағанда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып
келіп отыратын үш бунақтан (көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас соңына
келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде деп белгілі зерттеуші
В. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақ поэзиясының арғы атасы
іспеттес.(Радлов В. В. Алтын сандық Алматы 1993 жыл 10- бет) жалпы жыр
өлшемі поэзияда ерте туған өлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың ұйқас
түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен дара ұйқасты және аралас ұйқасты болып
екіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің салалары көп. [5,30-бет].
Жырау -ақпа-төкпе,суырыпсалма өлең сөзді қару еткен өнер
адамы,халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы,қысылғанда жол
табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына
салып сынай, салмақтай білетін,болжағаны болып,айтқаны келетін тапқыр да
көреген дана абызы, кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бұйрық берер
әміршісі, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ биі, жөні
келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер қолбасы
болған. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді көкейкесті
мәселелер тұсында толғанған. Халық өзгелерден гөрі қайғырғанды демеп,
қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты
қадірлегенген.[6,30-бет].
Жыраулық өнердің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата-баба дәстүріне
негізделуімен айқындалады. Қаһармандық эпос,батырлықты паш ететін көлемді
жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы мұндай қаһармандық жырлар
этникалық тарихқа құрылып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып, дамып отырған.Бұл -
жыр-дастандардың әдеби мәтіні мен музыкалық мақамына бірдей қатысты
құбылыс. Жыраулық дәстүрді жалғастырудың маңыздылығы осы ерекшеліктерімен
айқындалады.
Дәстүр - ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, өмір мен
поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірибесіне сүйенеді. Осыдан келіп
жыраулық дәстүрдің ұлттық сипаты деген ұғым туады. Бүгінде Қазақстанның
кейбір аймақтарында ғана сақталып, оның өткеніне, көне сарындарына қатысты
мәліметтер жеткізетін бұл қазынамыздың ұлттық тарихымызға,мәдениетімізбен
өнерімізге, әдебиетімізге қатысы аса зор. Ғылым тілінде мұны ұлттық сипат
десек, сол ата-бабаларымыздың рухымен жеткен дәстүрден көз жазып қалмау
үшін оны дамытып, жетілдіріп отырудың қажеттілігі айқындалады. [7,90-бет].
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да
маңызды орын алар тұлға. Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық
дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-
жыр сөзінен туындайды деген түсінік жырауға Қазақ әдебиетінің
энциклопедиясында берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар
XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде.
Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б.
жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір
жырауларына тән қасиет - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық
мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап,
данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы
болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы
қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен
жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты[8,325-бет].
Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар
жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік
заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған
батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат
ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді
насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып,
қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал
келтіретін болсақ, Доспамбеттің:
Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма,-деген
жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып, әрқашан алғы шепте жүріп, жоу
оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын байқаймыз.
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады, –
дейтін Асан қайғының
терең философиялық толғаулары да осы жыраулардың еншісінде[9,452-бет].
Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып, аңызға айналып жүрген
жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар
шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы
жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз
жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.
Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің Диуани-лугат-ат
түрк еңбгінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз
болады. Онда Шөже жырау – жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы
айтылады. Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр), Сыпыра жырау (XIV ғасыр)
есімдері арқылы біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын білеміз.
Дегенмен XV-XVII ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген
шағы болып табылады. [10,120-бет].
XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға
қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық
сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап
көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа
тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды.
XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін
қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі
дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру
нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен
ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы
философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты
болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау
Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау,
Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби
салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып
табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір
жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал
тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған
батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін
мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе
қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз
бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар
болатын.
Солардың бірі Сыпыра жыраудың келер ұрпаққа арнаған жыры бата
іспеттес және онда болашаққа деген сенім мазмұны да ұялаған.
Көп ішінде сөйлесем,
Жас жігіт саған қарасам –
Қара лашын тұйығынсын
Асылыңа қарасам –
Құс алатын қырғисың
Қызыл тілге келгенде
Сар садақтың оғындай
Көлденеңдеп сырғисың
Көрмегеннен сұраймын
Асылыңды білдірші
Қай ұлыс елдің, жарқыным?!
Сөзді жұптап, түйдектеп
Бәйге атындай шұлғисың!
– деп келетін жыраулар поэзиясының ауқымы шектеулі емес. Қоғамдық-
әлеуметтік, тарихи жағдайлардың кейбір мәселелеріне байланысты, халықтың
көңіліндегі мұң-мұқтажын болжау, танып тоқтам айту, сол жыраулық мақаммен
сөйлеу, жыраулық сарынмен жеткізу де кездеседі қазақ әдебиетінде. Мысалы,
Махамбет поэзиясының Қазтуған, Шалкиіз, Марғасқа жырларымен астарласып
жатуы[11,145-бет].
Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған қызметіне келетін болсақ –
сөз өнерін сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып жүрген жыраулардың аса
бір ел тарихындағы халық қамы үшін маңызды рөл атқарған тұсы қазақ хандығы
дәуірі болды. Бұл кезеңде әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан тұсында
саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қандай заманда болмасын кез-келген хан,
сұлтан тұсынан бірлі-жарым жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды, хан
өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз келген хандар жұрт арасына іріткі салушы
ретінде түсініп жағымсыз көретіндері де болды. Бірақ жыраулардың қай-
қайсысы да халық жанының жанашыры болып, барлығының поэзиясы бірге ең әуелі
қазақ халқының құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді. Жыраулардың
арасында кейбірі хандарды мадақтап жыр арнаған болса да, халықты үгіттеп
ханға жығып беру мақсатында жыр айтқандар болған жоқ.
Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес,
сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп
кездестіреміз.
XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында жырау деген атақ өте сирек
қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл
аралас жеңіл терме, шырқап салар әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер
лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың қыздырмасы болар небір
шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды. Ақындар
поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен де
өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында тақырып етіп, өлең өнері жаңа
сатыдан көрінді.
Қазақ халқының XV-XVIII ғасырлары қалыптастырған жыраулар
поэзиясы кейіннен дарынды ақындар өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да
фольклорлық сипатта болғанмен авторы халық қана деп түсінетін ұғымнан
алысырақ, анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға болатын, қоғамдық-
әлеуметтік маңызы зор көркем сөз туындылары дүниеге келді. Ол туындылар
әдеби өмірдің қалыптасу жолдарынан мәлімет беретін, тарихтың сырларын
айқындайтын құнды дүниелер болды.
Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырлар сол кездері биік
сатыға көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары Ер Сайын, Ер Көкше, Қыз Жібек,
Күлше қыз сынды жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл
кезең жырдың, жыршының және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ
әдебиетінің өзіндік әдеби стилі қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті
жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің ауыр даму кезеңдерін
өткергенмен, әдеби ілгерілеп, дами берді [12,122-бет].
1.2 Жыраулық поэзияны зерттеудің маңыздылығы
“Жырау” сөзінің мәні, жыраулар өнері туралы В.В Радлов,Г.Потанин,
Ш.Уәлиханов және кейінгі дәуір зерттеушілері сан пікірлер айтып,
халқымыздың табан асты суырып салып өлең шығарғыш қасиеттерін таңдана
айқан.
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? “Бұл дәуірдегі әлеумет
тіршілігінен, - дейді М. Әуезов: Ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне
түсіріп , алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл
заман сыншысы сөйлесе,шешілмеген жұмбақ,түйіні шатасқан сөздерді ғана
сөйлейді,өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын
болжайды.Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді.Айтпақ жайларын
ашып,ұғымды қылып айтып бермейді,әдейі көмескілеу, жұмбақ қып
айтады.Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы,көптің
жайы туралы немесе көпке арналып ақыл,өсиет есебінде айтылады”.
Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының
идеялық–көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден
қойған.Ол “Ескі ақындық” деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін,
“Жыраулар поэзиясын” аса жоғары бағалаған.
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды – артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында “терең сыр” барын таниды.Олардың жырында
“қыран құстың ұшқаны”, “ақбөкеннің жүрісі”, “жайдақ желдің желісі”, “мөлдір
судың аққаны”, “жел жетпейтін құландар жүйріктігі”, “адам жанының жайма
шуақ кезеңі” – баршасы,көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани
тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген.
Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та “Батыр
Баян”поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,
- деп аса қадірлеген.Демек, жыраулар поэзиясы халқымыздың неше ғасырлық
өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген,өшпес,өлмес мұра[13,187-
бет].
Профессор Е.Ысмайлов жырау мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп
берді.Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз,қазақ әдебиетінің
көне өкілдері деп танытты. Жыраудың ақыннан өзгешелігі – шығармаларының
сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келуінде.Адам баласы басындағы
қайғыны,зарды, ел ішіндегі ауыртпашылықты толғау, әлеуметтік,елдік
мәселелерді көтеру,тағы басқа әр түрлі өткен – кеткен күйлерді шерту,
болашақты болжап,ақыл айтып,батагөйлік ету,шешендік түйіндер жасап,терең ой
қозғау – жыраулардың дәстүрлі ерекшеліктері. Ә.Дербісәлин қазақ әдебиеті
тарихын байыпты зерттеп, толғамды ой-пікірлер айтумен тынбай, көне дәуір
әдебиеті туралы ғылыми құндылығы жоғары кітаптар жазып, кейінгі ұрпақтарға
мұра етіп қалдырды.
1982 жылы шыққан “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы” атты
кітапқа байыпты алғы сөз жазды.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихы соңғы жылдарға дейін көбінесе XVIII
ғасырдың соңғы тұсынан бастап зерттеліп кел гендігі мәлім. Яғни, қазақ
әдебиетшілері арасында осы мәселе тұрғысында екі түрлі пікір қалыптасты.
Көптеген зерттеушілер қазақ әдебиетінің тарихын Бұхардан бастап, оған
дейінгі әдебиетті жоққа шығарды. Ә.Дербісәлин “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ
поэзиясы” атты кітапта қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай үлесі бар,
бірақ көптеген еленбей, ескерілмей кеткен ақындар шығармашылығын сөз еткен.
Әсіресе, қазақ деп аталатын халықтың бір ұлыс құрамында қауымдасқан кезінен
бастап қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері Асанқайғы,
Қазтуған, Шалгез жыраулардың поэзиясына ерекше тоқталған. Ең алдымен сөз
болып отырған дәуірдің поэзиясы фольклор емес, алғашқы тұстан бастап
фольклордан іргесін бөлектеп, кәсіби әдебиет жасауға бағыт ұстаған, баяу да
болса өзгеше бір көркемдік іздену, даралану, жолы, әрине, өмір мен өнердің
даму заңдылығынан туған жыраулар мұрасы жаңаның басы емес, көненің жалғасы
екендігін танытады.
Осы дәуірде өмір сүрген жыраулар поэзиясының өзара тұстастық, салғастық
күйде дамығандығын көрсетеді. Көне дәуір әдебиетін, зерттеу барысында
Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдықов құрастырған
“Ертедегі әдебиет нұсқалары” жинағы мен М.Мағауиннің “Алдаспан” еңбегін
ерекше атайды. Ә. Дербісәлин әсіресе, “Ертедегі әдебиет нұсқалары”
жинағында терең көрсеткен. Бұл еңбек екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде V-
ХVІІІ ғасырлар поэзиясы сөз болады. 1-бөлімде зерттеушілер “Орхон-Енисей”
жазбаларынан бастап Рабғузидың “Қиссас-сул-әмбия” кітабына дейінгі жазба
деректердің қазақ тіліне, мәдениетіне қатысы туралы айтылады, “Себебі, бұл
жазба ескерткіштерге дейін ,бір халыққа телініп келді. Ал, біз, болсақ осы
аймақты мекендеген ру-тайпалар жеке-жеке халық болып топтасқанға дейінгі
дәуілерде пайда болғандықтан, бұл ескерткіштерден тіл, тарих, этнография
тұрғысына қаншалықты ортақтығымызды айқындауға қажетсіз”, — деп келелі
пікір қозғайды.[13,244-бет].
Ә. Дербісәлин толғау жанрының да туу тарихы мен дамуын,
қалыптасуын, өсу жолын толғау жанры хақында зерттеу еңбегінде терең
айқындайды. Бұл зерттеуінде автор жеке ақындар творчествосының ауыз
әдебиетінен бөлініп шығуы мен жанрлық ерекшеліктеріне тоқталған.Орыстың
халықтық поэзиялық мұраларымен салыстыра отырып, тууы, дамуы жолдары
арасынан бірлік, заңдылык іздейді. Толғау жанрының түп негізіне күрделі
эпикалық жырларды ала отырып, өзінше тың тұжырымдар, жасайды. Қазақ
әдебиетіндегі толғаудың қай жанрдан бөлініп шығуы мүмкін дей келе, батырлар
ғасырынан бастау алуының себебін былайша түсіндіреді: “Ең алдымен толғау
өзінің даму тарихы бойынша өлеңдік түр жағынан негізінен жырға ұқсас болса
(поэзиядағы ең көне түр жеті-сегіз буынды жыр өлшемінің әр түрлі еркін,
шұбыртпалы ұйқастары негізінде, туғаны белгілі), екіншіден - мазмұны
жағынан да сол жырдан, әсіресе батырлар жырынан алшақ кетпейді, көбіне-көп
елдік, ерлік тәрізді қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор мәселелер негізінде
туып, өріс алады. Толғау деген сөздің төркінін былайша түсіндіреді: әуел
баста толғау деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан деп тұжырым
жасайды. Түр жағынан да, атқаратын қызметі жағынан мұның кәдімгі сөйле
деген сөзден еш айырмасы жоқ, тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында
дей келе, Қ.Жұбановтың да осы сөздің этимологиясы жөніндегі пікірін
келтіреді.Толғау жанры жөніндегі С.Мұқановтың, Е.Ысмайыловтың,
М.Ғабдуллиннің, З.Ахметовтың пікірлерін келтіре отырып, барлығының ойы,
тұжырымы бір арнаға тоғысатындығын айтады[14,221-бет].
Ерте-ерте заманда, ешкі кұйрығы келте заманда жер бетін мекендеген
халықтардың ешқайсысы ән дегеннің не екенін білмепті. Өлеңсіз өмір —
тұл.Қасиетті өлеңнің сарынын естіп көрмеген адамзат күлкісіз, қуанышсыз күн
кешіпті. Ол кездерде жиын-той, ойын - сауық деген болмапты. Жұрттың бәрі
тұнжырап жүреді екен, өйткені қайғы келсе, қаза келсе көңілді серпілтер
сырлы өлең ол заманда әлі адамньң қолына түсе қоймаған екен. Бір рет
көңілін мұң шалған адам, бір рет қасіреттің дәмін тартқан адам сол мұңлы
күйінде, сол қасіретті күйінде өмірден өксіп өтеді екен, өйткені ол кезде
қасиетті өлең жер бетінен аулақта жүрген екен.
Ол заманда қайнардан шықса да, жиегін көгал көмкерген қиыршық малта
тасты бойлай ақса да бұлақ сылдырламапты, самал жел соққанда тоғай
сыбдырламапты, көкжиектен құлан иектеніп даланың әсем таңы атқанда боз
торғайлар шырылдамапты, бүкіл даланы басқан өлі тыныштықты тек гулеген жел
ғана бұзады екен.
Ақыры, күндердің бір күні сырлы өлең, сұлу өлең, қасиетті, құдіретті
өлең, әлде жеті қат көктің ең биігінде тұра беруден жалығып, кең даланың
үстіне төңкерілген көк күмбездің аясында сайран салғысы келді ме, әлде
қуаныш, сүйініштен ада, көңілдерін кір басқан сорлы адамзатқа жаны ашып,
бір қайырымды тигізейін деді ме, әйтеуір өзінің ежелгі мекенін тастап,
әлемнің төрт бұрышын түгел араламақ болып сапарға шығыпты. Өлең өзінің
көңіл-күйіне қарай кейде жерге жақындап ұшады, кейде қыран қалықтар биікте,
ал кейде тіпті жоғарыда шарықтайды екен.
Өлең жерге жақындап ұшқанда сол маңайды мекендеген елге оның бар сазы,
бар сарыны, әні, күйі, жыры тегіс анық естіледі екен де, жұрт қолма-қол
қағып алып үйрене қояды екен. Өлең биігірек ұшқан жерлерді мекендегендер де
жырдың мән-мағынасын біршама ұғып үлгеріпті.
Ал өлең тіпті шырқап ұшқан жерлерге оның сарыны жетпей, ол жерді мекендеген
халықтар ән-күйден, жырдан мүлде мақрұм қалған екен.
Өлең қазақ даласының үстімен жер бауырлап өтіпті дейді, қазақтардың
ақындығының сыры осында көрінеді.
Бұл — қазақтың көп аңызының бірі. Алайда, ол халқымыздың өлең-
жырды қаншалық қадірлегенін көрсетеді, көркемөнерге көзқарасынан елес
береді. Г.Потаниннің сөзімен айтқанда, бұл аңыз қазақтардың ақындық өнердің
ерекше құдіреттілігі, қасиеттілігі жөніндегі түсінігін бейнелейді [15,146-
бет].
Жыр — қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі суырып
салып айтуға бейім тұрады,—дейді П.И.Пашино.Қазақтар сөз өнеріне жетік
келеді. Бұл — жұрттың бәріне: “оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп
білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет”,— дейді А.Брем.
Сөз өнеріне мұндай мән берілген жерде ғылым-білімнің төмендігіне
қарамастан поэзия дамып, биік өреге жетуі заңды кұбылыс.
Ал, енді осы бай жырды тудырушылар кімдер?
Жыршы кім? деген сұрауға Қазақ әдебиеті энциклопедиясында: Жыршы –
жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен
мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды деген
жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған.
Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы
болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы
жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи
оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген.
Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып,
қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір
аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар
тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.
Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және
бірегей тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы
батырлар мен елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа
көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы
ертеде.
Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең адам
жандүниесінің өнері. Қазақ сөз өнерінің өкілдері ескіде өздерінің
репертуарларына және орындайтын шығармаларының сыр-сыйпатына қарай ақын,
жырау деп бөлінген.Бұлардың өзіндік ерекшеліктері жайында әдебиетші
ғалымдарымыз біраз пікірлер айтқан.Олай болса мен жыраудың творчестволық
тұлғасы және олардың жырларындағы өзгешеліктер жайына тоқталсам.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен
толғауларды орындайтын және халық поэзиясының өкілі.Жырау деген атаудың
өзінің жыр сөзінен шыққандығы күмән туғызбайды. Жырау сөзін Қырым
татарлары тек ақын деген ұғымда ғана емес, сәуегей, балгер мағынасында
қолданады екен.Соған қарағанда сәуегейшілік, батагөйшілдік, яғни абыздың
кейбір функцияларын атқару осы заманда жасаған жыраулардың бәріне ортақ
қасиет болуға тиіс.
Бұл — қазақтың ғана емес, Европаның ертеректе жасаған сөз өнері
өкілдерінің де басынан өткен жай. Мәселен, көне Англиядағы англо-сакстардың
жыраулары скоптар мен глимендер тек акын, жыршы ғана болмаған, олар табиғат
кұбылыстарына сүйене болжам айтады екен, кейде тіпті зікірші, арбаушы
қызметін де атқаратын болған.
Жыраудың ең сүйікті жанры — толғау. Толғау, осы сөздің өзінен де
көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға
да, сезімге де қатысы бар. Сондықтан да толғаудың өзін ойға кұрылған
толғау, сырға құрылған (лирикалық) толғау деп жіктеуге болар еді.
Ой толғауларда жырау — ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл,
тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін
афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау
өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын
баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді.
Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын
өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін.
Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің “Шағырмақ бұлт жай
тастар”, “Асқар, асқар, асқар тау”, “Ор, ор қоян, ор қоян”, Бұқардың
“Айналасын жер тұтқан”, “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Ай заман-ай, за-ман-
ай”сияқты туындыларын келтіруге болады.
Ал сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін — сезім, эмоция. Жырау ел
басына түскен ауыртпалыққа, немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің
реакциясын білдіреді.Лирикалық толғаулардың үлгісі ретінде Қазтуған мен
Доспамбет шығармаларын, Шалкиіздің “Балпаң, балпаң басқан күн”, Бұқардың
“Кіші қара қалмақ бүлерде” сияқты жырларын атауға болады.
Жырау репертуарынан әр түрлі тақырыптағы арнау жырлар да үлкен орын алады.
Мұндай жырлар әдетте әмірші атына қарата айтылады. Оның белгілі бір іс -
әрекетін мадақтап қостау, я даттап наразылық білдіру, немесе белгілі бір
оқиғаға байланысты ақыл, кеңес беру тұрғысында келеді.
Арнау жырларының үлгісі — Шалкиіздің би Темірге наразылық ретінде
айтқан “Аспанды бұлт құрсайды” және оны хан сапарынан тоқтау үшін айтқан
“Қара бас күшпен шалдырып” деген сөздермен басталатын шығар-малары,
Жиембеттің Есім ханға айтқан өлеңі, Бұқардың “Абылайды орыспен соғысам
дегенде айтқаны”,Байтоқ,Жанұзақ жырлары.
Өзі де жорықтарға қатынасып отырған, кейде тіпті батыр, қолбасы да
болған жыраулар әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырлар туғызуға тиіс еді.
Біздің заманымызға жеткен бұл тақырыптағы шығармалар батырдың өзіне, атына,
қаруына мадақ, немесе жауынгерлерді ерлікке, жаудан тайсалмауға шақырған өр
ұран, я болмаса қайрау бермеген қара қанжардай қайтпас ерлерді мадақтау
түрінде келеді.
Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бӛлек ӛз
жанры бар. Жыраудың мақсаты, міндеті - не болса сол, көңіл ашар, әлде не
дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи
оқиғаның мазмҧнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе, әрі жырау, әрі би болады,
- деген М.Әуезовтің осы пікірі жыраудың бүкіл табиғатын ашып тұр емес пе?
Жыраулық дәстүр өзінің тарихында соншама қарқынды дамып келді де,
кешегі патшалық Ресейді қазақ жерін отарлау
уақытында әлсіреп барып, белгілі бір кезеңдерде өзінің қоғамдағы жетекші
тұлғалық орнынан ажырап қалды.Кешегі Махамбеттің:
Арғымақ сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп!
Азамат, сені сақтадым,
Бір қадеме керек деп!
Жабыдан туған жаман ат,
Жау қарасы көрінсе,
Шаба алмайды бөжектеп, - немесе:
Ат - жігіттің майданы
Қылыш - ердің пәруәні,
Атақты ермен бір күлген
Бола ма жанның арманы?-деп,
Махамбет төніп тұрған ажалға қасқайыпқарсы жүріп сарбаздардың алдына
түсіп, жауға қарай кете барған. Жырау әрқашан өз елінің жауынгерлерінің
рухын көтеріп, намысын оятып, жігерінжаниды.Кешегі Кенесары, Наурызбайдың
қасындағы Нысанбай жыраудың:
Қолдаудан өтіп ақ найза
Қойныңа қаның құйылмай,
Қақыратып ақ етті
Белдікке барып ұйымай,
Жантайып жатсаң жастанып
Ақ төсегің бұйырмай,
Ат үстінен алшайып
Ажалға қарсы ұмтылдық
Алланың берген сыйын-ай!-
деп, халық үшін, ел үшін отқа түскенді алланың берген сыйындай көріп, шейіт
болуды үлкен абырой санайды.Жырау – жоғары адами болмысқа берiлетiн Ақыл-
ой,күрделi сана иесi.
Жырау – дүние сырларын белгiлi бiр заңдылықтарымен түсiндiрiп,талдауға
қабiлеттi философ, өмiрлiк күрделi мәселелерде халқына жол сiлтеушi
ақылман,адамгершiлiктiң, адамдықтың жолына уағыздаушы идеолог, сөз шеберi,
шешен,сонымен бiрге адам бойында болатын небiр мiнез-құлық, әдеп,
салттыңсипатын дәл танып, болжал жасай алатын көреген, дүниенiң қалт еткен
сәтiндәл бейнелеп, сөз-суретiне сала алатын суреткер, ойлаудың күрделi
қисынынкелтiре алатын логик-ойшыл, көзi қырағы, көңiлi ояу тарихшы,
шежiре.Жоғарғы қабiлеттiң осынша қабаттарын бiр өзiнiң бойына жинаған
жыраулықболмыс көркем сөз жүйесiнде жинақталған бiртұтас когнитивтiк
құрылымда танылатын тұлға [16,13-бет].
ІІ XIX ҒАСЫР ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
2.2 Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен Асанқайғы,Қазтуған,Шәлгез
шығармаларындағы үндестік пен сабақтастық
Жыраулық дәстүрдің соңы ХVIII ғасырмен аяқталып қалған жоқ, дәстүр өз
жалғасын тапты. ХІХ ғасырда өмір сүріп, зар заман поэзиясын өмірге әкелген
Дулат, Шортанбай, Мұрат,Махамбет,Базар,Жамбыл сынды тұлғалар да жыраулық
дәстүрдің іргетасын бекітіп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz