Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі
Індетті (жұқпалы) аурулар және паразитизм туралы жалпы ұғым
Індеттенген өсімдіктердегі физиологиялық өзгерістер
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Ырықсыз иммунитет факторлары
Ырықты иммунитет факторлары
Фенолды қосындылар мен фитонцидтер
Аса сезімталдық және фитоалексиндер

Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің
патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың,
вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл патогенді микроорганизмдер
өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт
бетінде өсіп дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық
процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.
Сонымен індетгі аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру
туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын,
одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы,
микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай
аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа сау өсімдіктерге, немесе
жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хауанаттар, сондай-ақ,
індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таралатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз
жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға
(нематодтар), насекомдарға байланысты ауруларды ажырата білген жөн.
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты
жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан
жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп,
өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық-жоңышқа, беде, түйежоңышқа,
сиыр жоңышқа, кендір, темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда
бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және
гетеротрофты болып бөлінеді:
Автотрофтылар — өздігінен анорганикалық заттардан фотосинтез
процесінде (жасыл өсімдіктер), немесе хемосинтезге байланысты (бактериялар)
органикалық заттар түзетін өсімдіктер.
Гетеротрофтылар өздігінен, дербес тіршілік ете алмайтын, тек дайын
органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Оларға саңырауқұлақтардың
барлығы, бактериялардың басым көпшілігі, актиномицеттер және басқа түссіз
өсімдіктер жатады.
Дайын органикалық қоректік затгарды пайдалану тәсілдеріне байланысты
гетеротрофтар - сапрофиттер және паразиттер (тоғышар) болып бөлінеді.
Сапрофиттер өлі организм қалдықтарымен (топырақ саңырауқұлақтары,
бактериялар), ауыл шаруашылық өнімдерімен (зең саңылауқұлақтары, сапрофитті
бактериялар), қоректенеді. Паразиттер - барлық тіршілік өмірін немесе
белгілі кезеңін (сатысын) басқа өсімдік организмінің үстінде (бетінде)
өткізеді немесе денесінің ішіне енеді де, тірі клеткалардың, ұлпалардың
құрамындағы органикалық заттармен қоректенеді.
Патогендер факультативті сапрофиттер, облигатты және факультативті
паразиттер болып бөлінеді.
Облигатты, немесе шүбәсіз паразиттер, өздерінің тіршілік әрекеттеріне
қажетті қоректік затгарды өзі тіршілік ететін организмен алып, өсімдік опат
болғанда сонымен бірге тіршілігін жояды.
Факулыпативті (бейімделгіш) сапрофиттер - жартылай паразиттер
тіршілігінің бір бөлігін ғана тірі өсімдік организмінде өткізеді. Егер
өсімдік (қожасы) болмаса, онда тіршілігінің басқа сатыларында өздігінен
өсімдіктердің қалдықтарындағы органикалық заттармен қоректеніп, дербес
тіршілік етеді.
Факультативті паразиттер, немесе жартылай сапрофиттер өздігінен
қалыпты сапрофиттік тіршілік ете алады. Бірақ, жеке дамуының белгілі бір
кезеңінде өсімдік ұлпаларына ауысып, сол арқылы қоректеніп, тіршілігін
жалғастырады.
Ең соңында, саңырау құлақтардың бір тобы тек өлі өсімдік және басқа да
органикалық қалдықтармен ғана қоректеніп, тіршілік етеді, паразит ретінде
кездеспейді. Бұлар шүбәсіз (облигатты) сапрофиттер деп аталады. Олардың
біразы топырақтағы патогенді микроорганизмдердің тіршілік әрекеттеріне
қолайсыз әсер етеді және антибиотикті дәрілік заттар алуға пайдаланылады.
Паразиттердің біразы өсімдіктердің тек белгілі түрлерінде ғана
тіршілік етіп, басқа түрлерге ұрынбайды. Ондай паразиттер монофагалар деп
аталады. Мысалы, сабақ қастауыш ауруын туғызатын Urocystis occulta тек қара
бидайға ғана бейімделген. Факультативті сапрофиттер немесе факультатвиті
паразиттер белгілі өсімдіктерді таңдамай әр түрлерге, туыстастарға,
тұқымдастарға жататын өсімдіктер организмінде тіршілік ете береді. Олар
полифагалар деп аталады. Мысалы, Botrytis cinera кез келген шөптесін
өсімдікте өсіп-дамып, сұр шірік ауруын туғызады.
Паразитгердің белгілі бір түрлерге мамаңдануымен қатар өсімдіктің
белгілі оргаңдарына да маманданатындары, бейімделетіндері болады. Біреулері
өсімдік тамырларында, басқалары сабағында, үшіншілері жапырақтарда, жұмсақ
жемістерде өсіп-дамиды. Қастауыш ауруын туғызатын Claviceps purpurea тек
дәнді дақылдарының гүл шоғырларында өмір кешеді.
Өсімдіктерде ауру қоздырғыш организмдердің паразипік қасиеттері өне
бойы бір қалыпты болмай, тіршілік жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады.
Паразитизмнің алға қарай дамуы — сапрофиттіктен облигаттылыққа, одан
паразиттік бағытқа жүзеге асуы.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер арқылы ғана тіршілік ететін организмдердің
паразитгік өмірге бейімделушілік белгілерінің біртіндеп дамуына байланысты,
өсімдіктердің оған қарсы қорғаныштық белгілерінің жетіліп дамуы қажет
болады. Осыған байланысты гетерофтылардың дамуы, автотрофты организмдердің
де қорғанушылық қасиеттері күрделеніп, бейімделушілік, қарсы тойтарыс
берушілік қасиеттерінің күшеюіне ықпалын тигізеді.
Организмдердің өзара әрекеттестіктерінің жоғары сатыға көтерілуін
эволюциялық тұрғыдан алға ілгерілеушілік (прогресшілдік) деп қарауға
болады. Себебі, осындай әрекетгестіктердің нәтижесіңде өсімдік түрлерінде
жаңа физиологиялық функциялар қалыптасып, олардың жоғалып кетпей, тірі
қалып жер бетінде таралуына мүмкіндік туды. Екінші жағынан селбесушілік пен
паразиттік қасиеттердің қатар дамуын кері шегінушілік деп қарамауға да
болмайды. Себебі, бұл жағдайда тиісті организмдердің жеке топтарының
біршама физиологиялық функциялары жойылып, морфологиялық сипаттары
қарапайымданып, дербес тіршілік ету қабілеттіктерінен айырылып, басқа
организмдерге қайтымсыз тәуелді болып қалады.

Көпшілік жағдайда індеттенген өсімдіктердің тыныс алуы жоғарылайды.
Бұл өзгеріс індетке шалдыққан ұлпада синтездік процестердің жеделдеуіне
байланысты болуы мүмкін деп түсіндіріледі. Кейінірек, ұлпаға індетті
микроорганизм толық жайғасқан соң, тыныс алу бәсеңдейді де, тоқтап қалады.
Тыныс алудың жеделдеуі, негізінен, өсімдік ұлпасында ғана байқалады.
Дегенмен, тыныс алудың көтерілуі індет қоздырушы (патоген) организмінің зат
алмасу өнімдеріне, соның ішінде улы заттарына байланысты болуы мүмкін.
Кейбір тәжірибелердің нәтижелеріне сәйкес тат ауруы мен ақ ұнтақ,
ауруын туғызатын саңырауқұлақтардың әсерінен өсімдік ұлпаларында тыныс
алудың гексозомонофосфаттық жолының үлесі жоғарылайтындығы байқалған.
Қалыпты жағдайда тыныс алудың бұл жолы қосымша, бағынышты орын алатындығы
белгілі.
Вирустың әсерінен темекі жапырақтарында некроз (ұлпаның жансыздануы)
ауруы пайда болғанда тыныс алудың жоғарылауы гликолиздік және
пентозофосфаттық циклге байланыстылығы байқалады. Бірақ, саңырауқұлақтың
әсерінен соңдай ауру пайда болған жағдайда, ұлпадағы тыныс алудың
жоғарылауымен қатар пентозо-фосфаттық цикл ферменттерінің де ырықтығы
жоғарылайтындығы байқалады.
Демек, патогенді ауруларға тезімді өсімдіктерде тыныс алу
қарқындылығының күшеюі пентозофосфаттық циклге көбірек байланысты деуге
болады. Бұның өзі патогенді микроорганизмдердің әсерінен өсімдіктегі тыныс
алу процестеріне қатысатын ферменттік жүйелер де өзгерістерге ұшырайды
деуге мүмкіңдік береді.
Көптеген патогендік ауруға шалдыққан өсімдіктердің індеттенген
ұлпаларында фотосинтез қарқындылығы төмендейді. Бұл некротрофтардың
әсерінен хлоропластардың тез ыдырауына байланысты болуы мүмкін. Бірақ,
мүндай нәтиже биотрофтармен ауырған өсімдіктерде де байқалады. Соңғы
жағдайда фотосинтез қарқындылығы кейде біршама жоғарылайды, соңынан
бәсендейді.
Бидай өсімдігімен жүргізілген бір тәжірибеде Erysiphe graminis пен
індеттелген жапырақтың фотосинтез қарқындылығы, сау жапыраққа қарағанда, 10
есе төмендегенін байқады. Бұның себебі, фотосинтезге ықпал ететін басқа
өзгерістермен қатар хлорофилл мөлшерінің азаюына байланысты деп ұйғарылды.
Негізінен, облигатты паразиттердің әсерінен кейбір аурулардың нәтижесінде
жапырақтың зақымдалған бөлігінің айналасында жасыл аралшықтар пайда
болады да, жапырақтың басқа бөліктері түссізденеді. Сондай аралшықтарда
фотосинтез қарқындылығы төмендейді. Бұл жағдай патогендік
микроорганизмдерден бөлінетін кейбір жеделдеткіш заттардың (ауксин, кинин)
әсеріне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, жасыл аралшықтарда зат
алмасу өнімдері (көмірсулар, амин қышқылдар және белоктар) көбірек
жиналады.
Өсімдіктердің патогенді микроорганизмдерге төзімділігі ұлпалардағы
қосыңдылардың — белоктардың, ферменттердің мөлшеріне, арақатынастарына,
ырықтығынша, т.б. тығыз байланысты. Көптеген зертгеушілер патогендерге
төзімсіз өсімдіктерде індеттенген соң негізінен тат саңырауқұлақтарының
әсерінен азотты қосындылардың мөлшері көбейетіндігін байқады. Сондай-ақ
нуклеин қышқылдарының арақатынастарында да өзгерістер болатыңдығы
анықталды: төзімсіз ұлпаларда іңдетгенуден кейін РНҚ мөлшері көбейіп, ДНҚ
мөлшері өзгермейді.
Қоректену жолдары әртүрлі патогендердің індеттенген өсімдік
ұлпаларындағы белоктардың синтезделу процесіне әсерлерін салыстырып
зерттегенде түрліше нәтижелер алынды. Факультативті паразит Bothrytis
cinera әсерінен төзімді сорттарда барлық процестер қарқынданады. Ал
облигатты паразиттердің әсерінен төзімді өсімдіктерде белок синтезделу
процесі қарқынды жүреді де, төзімсіздерде төмендейді.
Жалпы айтқаңда індетгеуші организмдердің әсерінен азотты қосындылар
алмасуының өзгерулері өсімдіктердің төзімділік-төзімсіздік деңгейлеріне,
патогендердің қоректену ерекшеліктеріне байланысты.
Патогеңді микроорганизмдердің өсімдіктердің басқа да физиологиялық,
биохимиялық процестеріне әсерлері туралы мәліметтер баршылық. Мысалы,
патогендердің әсерінен өсімдіктерде су алмасу процестерінің өзгеретіндігі
байқалды. Транспирация қарқындылығы өсімдік ұлпаларының өткізгіштігінің
жоғарылауына байланысты күшейеді.
Патогенді микроорганизмдердің өсімдіктердің зат алмасу процестеріне
әсерін және өсімдіктердің қорғаныштық белгілерінің физиологиялық,
биохимиялық негіздерін иммунитет құбылысынан толығырақ түсінуге болады.

Иммунитет туралы жалпы ұғым. Өсімдік организмінің патогенді
микроорганизмдерге, олардың уытты заттарының әсеріне берілмеушілік, қарсы
әрекет етушілік қасиеті — иммунитет деп аталады. Өсімдіктер иммунитеті деп
олардың патогендер арқылы пайда болатын ауруларға, сол ауруларды қоздыратын
- туғызатын белгілі микроорганизм және басқа қолайлы жағдайлар бола тұрса
да қабылдаушылығы, берілмеушілігіне байланысты биологиялық қасиетін айтады.
Өсімдіктердің төтеп бергіш (иммунды) түрлеріне, сорттарына аурудың жұғуы,
немесе оны қоздыратын патогеннің енуі мүлде мүмкін болмайды, немесе
қоздырғыш енген бойына опат болып, өсімдіктің өсіп-дамуына ешқандай ықпал
жасай алмайды. Сонымен, төзімдшік деген ұғым жалпылау кеңірек тараған, ал
иммунитет деген ұғым төзімділік құбылыстарының тек бөлігі және ең жоғары
түрі.
Қалыптасу жолдарына байланысты иммунитет табиғи тумыстан және табылған
(біртіндеп пайда болған) деп бөлінеді.
Тумыстан немесе табиғи иммунитет өсімдіктердің өте тұрақты (дәл),
айқындалған ауруларға мүлде мойымастық, ұрпақтарына ауысатын, бірақ сыртқы
орта жағдайларынан және паразиттердің бейімделушілік ерекшеліктерінен
өзгере алатын қасиеті. Табиғи иммунитет өсімдіктің морфологиялық
өзгешеліктері сияқты түрлік белгісіне жатады. Соған байланысты көптеген
өсімдіктер өздеріне үйреншікті емес паразиттермен жұғысуға қабілетсіз
болады.
Өз кезегінде табиғи иммунитетті ырықсыз (активсіз) жөне ырықты
(активті) деп бөлуге болады.
Табиғи ырықсыз иммунитет өсімдіктердің өз ұлпаларында паразиттердің
дамуына, олардың барлығына, немесе жоқтығына байланыссыз, кедергі жасауға
арналған қасиеті. Ондай қасиетгері жабын ұлпаларының құрылысымен, клетка
сөлінің реакциясы, ұлпаларында белгілі химиялық қосындылардың (алкалоидтар,
фенолдар, таниндер, фитонцидтер, т.б.) болуымен анықталады.
Табиғи ырықты иммунитет деп денесіне паразит ұрынған жағдайда немесе
енгенде ғана өсімдіктің қарсылық көрсетушілік қасиетін айтады. Бұл жағдайда
өсімдіктің ауруларға төзімділігі ырықты қорғанушылық процестерінің, ерекше
қоздырғыштардың ұлпаларға енуіне және таралуына байланысты іске қосылуымен
бейнеленеді.
Өсімдіктердің ондай ырықты реакцияларына, індетті оқшаулауға
бағытталған некроздардың (жансызданған), антиферменттердің,
антитоксиндердің, сондай-ақ клеткалық жаңа құрылымдардың пайда болуы
жатады. Тауып алған (табылған) иммунитет - өсімдіктің аурумен залалдану
нәтижесінде қалыптасатын төзімділік қасиеті.
Өсімдіктердің белгілі түрінің немесе сортының бір ғана емес, бірнеше
ауруларға бірдей төзімділік қасиеті топтық, немесе комплекат иммунитет деп
аталады.
Өсімдіктердің белгілі бір ауру жұқтырушы организмге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz