Қоғам және адам


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

Радиотехника және Байланыс Факультеті

Әлеуметтік пәндер

кафедрасы

№ 1 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Қоғам және адам» (2. 14)

Орындаған: БПСк-13-1

тобының стунденті Игібаев М. Т.

Тексерген: Орынбекова Д. С.

Алматы, 2014 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Әлеуметтік жүйедегі тұлға

ІІІ. Тұлғаның әлеуметтануы

ІV. Қоғамдағы тұлғаның әлеуметтік тәртібі

V. Қорытынды

Кіріспе

Социология білімінің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas» - латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мән пәнін ашып бере алмайды.

Социологияны оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олардың ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта жігер арттыру . Байыбына бармай, адасуды алданыш етуге апарып соғатын себептердің бірі - күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулақ салу, енжарлық, немқұрайлық. Осылардан арылу үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт бағдар сілтеу керек. Адамдардың қоғамдық қарым-қатынастар жайлы негізгі ұғымдар мен категорияларды, қоғамдық өзгерістердің мәнін дұрыс түсінуіне социология пәнін оқып үйренудің көмегі тиетіні сөзсіз.

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мүмкін емес. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйымдастыру», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық» т. б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Соның бірі менің семестрлік жұмысымдағы басшылыққа алған тақырып - «Қоғам және адам».

«Қоғам» деген термин социологияда адамдар арасында болып жататын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады.

Социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамныңі әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, «Адамдардың» айтарлықтай кең қауымдастықтары, арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т. б. ) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі - адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттері, өзара байланыстары.

І. Әлеуметтік жүйедегі тұлға

Адам көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Адамның мәнін қарастырмастан бұрын «адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарын ажыратып алған жөн. «Адам» ұғымы барлық индивидтерге тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді сипаттауда қолданылады. Индивид - биоәлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға - қоғамдық қатынастардың субьектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.

Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымынан үш элементті «ол», «мен» және олардан жоғары «супер эго» түрінде қарастыратын З. Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады. «Ол» - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкіпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін-дүркін оған кіріп отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұстауға тырысады, «меннен» жоғары, моралдық нормалар мен принциптердің жиынтығын құратып, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы іспетті.

Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктер мен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моралдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд мұны шешудің механизмі ретінде «олдық сублимациясын» (ығыстырылуын) ұсынды. Фрейд «Біздің психикалық тіршілік иесін «ол», «мен» және «меннен жоғары» деп бөліп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы ұғымымыздың алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық өмірдің арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» дееп жазған екен. «Меннің» айрықша түсінісу ықпалының әсерінде екені анық былайша айтқанда, «ол» үшін түйсіктің маңызы қанша үлкен болса, «мен» үшін түйсінудің маңызы да соншалық. Мұнымен бірге «мен» де «ол» сияқты түйсік әрекетіне бағынады. «Мен» олардың жетілдірілген бөлігі болып саналады(1) .

Ұзақ уақыт Фрейдтің идеясы ғылымға жат саналып келді. Бірақ уақыт өте келе көпшілік оның қате екендігін түсінді. Фрейдтің танылғанынан танылмағаны көп биологиялық пен әлеуметтік ұштасып жататын адам мінез-құлқы мен тұлғаның сан қырлы құрылымы идеясына негізделген еңбегі кеңінен мойындала басталды.

Сонымен тұлға биологиялық пән әлеуметтіктің шегінде орналасқан күрделі нысан. Тұлғаларда қайталанбас, тек сонан ған тән қасиеттермен бірге көпке ортақ сипаттар бір-бірімен ұштасып жатады. Әлеуметтік жүйенің белсенді құрамдас бөлігі болатын тұлғалар қолдағы бар мүмкіндіктерден қажеттісін таңдап алу еркіндігін пайдаланып, болашақ өмірінің жобаларын жасайды; алдына мақсат қойып, оған қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмылдырады; объективті әлеуметтік құрылымдарда, әлеуметтік байланыс жүйесінде тұрақты өзгерістерге қол жеткізеді. Өз кезегінде объективті әлеуметтік болмыс, көбінесе, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру процесінің бағыты мен мазмұнын анықтап отырады. Қоғамның стратификациялануы тұлғалардың түрлі типтерін (жұмысшы тұлғасы, зиялы тұлғасы, жетекші тұлғасы, дәрігер тұлғасы, инженер тұлғасы, т. б. ) қалыптастырады. Базистік тұлға (қоғамдағы кеңінен таралған сипаттарға ие тұлға) мен идеал тұлға (қоғамда эталон ретінде жарияланған тұлға) ұғымдары да бар.

Тұлға құрылымындағы екі сипатты бөліп көрсетуге болады: сыртқы байланыстар жиынтығы мен әлеуметтік өмірмен көбіне өзара ықпалдастық сипатын анықтайтын ішкі иедалдық байлық.

Орталығы индивид болып саналатын сыртқы әлеммен әртүрлі бағыттағы байланыстардың жиынтығы тұлғаның базисі болып табылады. Адамның сыртық әлеммен байланыстарының сипаты, бір жағынан, оның әлеуметтік жүйедегі жағдайына (мәртебесіне), екінші жағынан, оның қызметіндегі нақтылы нысандармен анықталады.

Қызмет нысандарын кәсіптік және рухани қызмет түрлеріне бөлуге болады. Қызмет түрін таңдауға адамның әлеуметтік жағдайы ғана емес, оның жеке бағыты (әсіресе кәсібіне қатысы жоқ қызмет нысаны болғанда) мен қоршаған ортаның өзіне тән айрықша құрылымы да әсер етеді.

Осылайша қазіргі кезде бұрыннан қалыптасқан қоғамдағы тұлғалардың типологиялық құрылымында әртүрлі өзгерістер жүріп жатады.

ІІ. Тұлғаның әлеуметтенуі

Әлеуметтану - адамды әлеуметтік өмірге енгізетін күрделі процесс. Адам экономикалық, қоғамдық-саяси басшылық, мәдени, педагогикалық, т. б. істерді атқара жүріп, материалдық, және рухани игіліктерді жасаушы.

Әлеуметтануға қатысты әртүрлі көзқарастар бар. Америка психологы, әрі социологы Ч. Кули тұлға «менінің» басқа тұлғалармен салыстырғандағы ерекшеліктерін біртіндеп түсіну процесін зерттеді. Көптеген ізденістердің арқасында ол өзіндік «меннің» ұзақ уақытты керек ететін қайшылықты шытырман процесте қалыптасқандығын және басқа да тұлғалардың, яғни әлеуметтік ортаның қатынасынсыз жүзеге аса алмайтындығы анықталды. Кулидің көзқарасы бойынша, әрбір адам өзінің «менін» өзі қарым-қатынаста болатын басқа адамдардың ықпалымен қалыптастырады.

Кулидің пікірі бойынша, тұлғаның «мені» объективті факторларға қатысты ғана тумайды. Қарапайым баланың өзі талпыныстарды дұрыс бағаланып, мақталып жатса, өзінің күшіне, дарынына сенімді болып өседі; ал қабілетті, дарынды баланың әр қимылын айналасындағылар терістеп отырса, ол бала өзіне-өзі сенімсіз болып, бойындағы бар жақсы қасиеттерінен айырылып қалуы да мүмкін. Әрбір адам өзінің ақылды немесе ақымақ, сүйкімді немесе сүйкімсіз, қадірлі немесе қадірсіз екендігін басқалармен болған қарым-қатынасына, олардың бағалауына қарай отырып айқындайды.

Басқалардың пікірінен туындайтын адамның «мені» оны алғаш зерттеушінің атымен «Кулидің айнадағы мен» аталып кетті. Ол айнадағы «меннің» құрылымындағы үш сатыны анықтайды: 1) басқаларға дейінгі өз түсінігіміз; 2) басқалардың пікіріне біздің қалай қарайтындығымыз; 3) бұл пікір туралы біздің сеніміміз. Мысалы, сіз бір топ адам сөйлесіп отырған бөлмеге кіріп келген кезіңізде, олар сізден сыпайы түрде кешірім сұрап тарқап кетеді. Осындай жағдай бірнеше рет қайталана берсе, онда олардың сізбен әңгімелескісі келмейді деген пікір туындайды. Немесе керісінше, сіз бөлмеге кірген кезде адамдар сіздің маңыңызда айналшықтап жүріп алса, сізбен қызу әңгімелессе, онда олардың іс-әрекеттері сізді жағымды әсерге жетелейді.

Адам айнадан өзінің физикалық бейнесін көрінетіндігі сияқты басқа адамдардың оның мінез-құлқына, сыртқы көрінісіне деген пікірлері арқылы адамның әлеуметтік «мені» қалыптасады.

Сонымен әлеуметтік айна бізге ұдайы әсер етіп, өзі де өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс, әсіресе, адамның өсу жолдарынан анық көрінеді: балалық шағында адам өзінің қабілетін жанында жүрген адамдардың ой-пікірімен бағалап, таразыға салады. Өсе келе ол өзін жақсы түсінетін тұлғалардың пікірімен ғана санасатын болады. Есейе келе адам мамандардың пікірлеріне көбірек көңіл бөліп, өзінің әлеуметтік «менінің» бейнесін жасауға тырысады.

Тұлғаның әлеуметтенуіне әлеуметтік орта мен тұлғаны әлеуметтендіретін дәуір көп ықпал етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың аяғында Қазақстан Республикасында трансформациялық процестердің, жаңа экономикалық қатынастардың белең алуы арқылы қоғамдық санада елеулі өзгерістер пайда болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық механизмін қайта құру процесі бұрыннан қалыптасқан мінез-құлық стереотипін түбірімен өзгертіп, өтпелі дәуірдің жағдайына бейімделу және үйрену сияқты транзиттік кезеңнің құбылыстарымен қатар жүруде.

Елдегі нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірбиесі бізді меншік нысандарының, шаруашылық құрылымдарының жүйесінде түбірлі қайта құрулары куәсі етті.

Тұлғаның әлеуметтендіру процесі - бұл тек индивидтің бойындағы табиғи қасиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының нәтижесі. Осындай тәсілмен ғана әлеуметтендіру процесі құрылымын, оның объективті және субъективті факторларын, механизмін ашуға, адамның тұлға ретінде өмір сүру аясын анықтауға мүмкіндік туады.

Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т. б. тікелей ықпал жасаумен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің маңызы зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдардың және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Екінші әлеуметтендіру жас кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды болып табылады. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды.

Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастықұ шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысында шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді.

Жасөспірім кезеңге (13-19 жас), яғни «күрделі», «өтпелі», «қиын», «түбегейлі», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымын қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен рөлін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Ерекшеліктері: бұл - параллельді құндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агенттерінен - ата-аналардан, мектептен, құрбы-құрдастардан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұл жасөспірімнің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерде шындығында жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге әсер етеді. Мұндай жағдай жастардың адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірімдер толқиды, өзіне сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Бұған ата-аналар мен мектептің орынсыз шектеулері қосылады, мұндай шектеулер жақсы нәтиже бермейді. Осының барлығы осы сатыда жасөспірімдер белгілі бір әлеуметтік мәртебеге ие болуға және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға ұмтылады. Бірақ қоғамда бұл ұстанымдарды экономикалықжағынан тәуелсіз адамдар ғана берік және тұрақты ұстай алады, ал тым «ерте есею» көптеген жас адамдар үшін қайғылы аяқталады, әлеуметтанушылардың сөзімен айтқанда, әлеуметтендірудің табиғи процесі бұзылады, бұл олардың алдағы өміріне қатер төндіреді.

Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайына сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық, саяси жағынан жетіледі. Бұл сатының биік белесі - адамның зейнетке шығуы, ол белгілі бір жасқа жеутіне байланысты бірнеше мәртебелерін жоғалтады және атқарып келген бірнеше рөлдерін тоқтатады. Есейген тұлға нақты өмірдің сан алуан қажеттілгі туғызатын әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесі мен рөлін қабылдау немесе оларды өзгрету арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.

Адам қартайғанда, яғни әлеуметтендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш-қайраты мейлінше қайтып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ ол енжар формаға айналады. Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде адамдардың әлеуметтік мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметтік тұрғыдағы рөлдерінің шеңбері де тартыла түседі.

Әрбір қоғам мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тәжірбиесін жұмылдыратын жақсы тұлғаның болуын қалайды. Сондықтан да әлеуметтік сипаттың дұрыс қалыптасуына сол қоғам өз талаптарын қояды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпараты құралдары, т. б. арқылы жүзеге асырылады. Тұлғаны қалыптастыру процесі - әрі қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын процесс. Солай дегенмен де, объективтік жағдай бірдей болғанымен, әр түрлі субъективтік жағдайларының қалыптасуына орай, яғни соларға баға беру қатынастарының салдарынан әр түрлі типтегі тұлғалардың қалыптасуы да мүмкін.

Кез келген тұлға өзінің әлсіздігі мен шарасыздығын психолгиялық тұрғыдан сезінсе - ол сол қоғамдағы құрылыстың заңды түрдегі салдары болыпр саналады, өйткені мұндац қоғамда жеке адамның рөлі мүлде төмендетіледі. Адам қоғамдағы жағдайдың (ситуация) бақылаусыздыққа ұшырғандығына әлденеше рет көз жеткізге соң, оқиғалардың барасын өз әрекетімен өзгертуге мүмкін еместігін түсінеді де, оны жөндеудің жолдарын ізденуден жалпы бас тартады. Тұлға өзін сырттан ықпал еткісі, беделі арқылы әмірін жүргізісі келетін билік құрылымының шешімінен тыс өзі қабылдаған шешімге сүйенген кезде өзін-өзі еркін сезінеді. Бұған көнбеген жағдайда тұлға тек қана әлгілердің айтқанын орындаушы болудан бөтен жол таба алмайды.

Қазіргі таңда ТМД елдеріндегі қоғамның жалып сипаттамасы - құнды және практикалық қайта бағдарлауға көшу, яғни экономикалық саласында - жеке меншік формасындағы мемлекеттік жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға өту, рухани салада - таптық құндылықтарын жалпы адамзаттық құндылықтарға көшу. Біздің өмір сүріп жатқан кезеңді өтпелі кезең дейді. Бұл әлеуметтік жүйенің ерекше тұрғыдағы және сапалы түрдегі өз бетінше өмір сүруге ұмтылу қалпы, олай дейтініміз - бұл кезең өмірлік құбылстардың тұрақсыздығы, дағдарыстары, әр түрлі балама құрылымдардың пайда болуы арқылы ерекшеленеді.

ТМД елдерінде жағдайлардың тез өзгеруі адамдардың алдына жаңа әрі тосын міндеттер қоюда. Мұндай міндеттерді шешуге қалыптасып отырған тәрбие жүйесі де, бұған дейінгі бүкіл өмір тәжірбиесі де адамдарды дайындаған емес. Адамның осындай жағдайда жақсы өмір сүруіне белгілі бір тұлғалық белгілері мен мінез-құлық, тәртіп дағдылары әсер етеді. солардың арасынан ең алдымен іскерлікті, адамның қуаттылғын, белсенділігін, бұрынғыға балама өмір қалпын таңдау қабілеттілігін және әрқилы оқиғалардың дамуына орай соған бейміделіп, жауапкершілікті, профессионализмді және біліктілікті ерекше айтуға болады. Бұл белгілердің жарым-жартылай ғана қолданылуы бұрынғы жүйенің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз етті және әлі де болса кездесіп отырған әлеуметтік бұрмалаушылықтарды тудырды.

Сонымен осы бөлімді қорытындылай келе тұлға әлеуметтануы арнайы әлеуметтану теорияларының бір саласы ретінде тұлғаның әлеуметтендірілуі мен қалыптасуын, т. б. мәселелерін зерттейді және бұл келесі мәселе «Қоғамдағы тұлғаның әлеуметтік тәртібі» тығыз байланысты.

ІІІ. Қоғамдағы тұлғаның әлеуметтік тәртібі

Тәртіп - бұл басқа индивидтер бақылауда болатын индивидтер қозғалысынң, актілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын зерттеуге Америка социологтары Ч. Кули мен Г. Мид еңбектерінде қалыптастырылған «символдық интеракционизм тәртібі» тұжырымдамасы айтарлықтай үлес қосты.

Ч. Кули әлеуметтік ортаны алғашқы және кейінгі деп бөлуді ұсынды. Ол алғашқы ортаны (отбасы, құрдастар ортасы, көршілер, жергілікті орта) жеке тұлға қалыптасып, әлеуметтенетін, ал тәртібі жекелік, тұлғалық сипатта болып, қарапайым байланыстармен, іс-әрекеттермен ерекшеленетін негізгі әлеуметтік ұя санады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және қоғам
Қоғам және жеке тұлға
Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында
«Қоғамдық білім негіздері»
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Қоғам және мәдениет. Қоғам философиялық ұғым ретінде
ХІХ.ғасырдың әлеуметтануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz