Шара Жиенқұлова


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (1912 - 1991 жж. )

Жиенкулова Шара (1912–1991 гг.)

Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (18. 8. 1912, Алматы - 5. 1991, Алматы) - биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі) . 1929 - 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.

Тұңғыш ойнаған рөлі - Б. Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пен «Қарагөзінде»), т. б. рөлдерді сомдады. 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық драмасында, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында ұлттық билерді орындады.

1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті - «Қалқаман - Мамырда» (1938) Мамырдың партиясын орындады. 1938 ж. «Амангелді» фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды. Балетмейстер Л. А. Жуковпен бірлесіп И. Н. Надировтың «Көктем» балетін қойды. 1940 - 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етіп, 1962 - 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды. 1966 - 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Қазақстанның халық артисі Г. Талпақова, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Қ. Қарабалина, Б. Байжұманова, т. б. Жиенқұлованың шәкірттері. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері дүниеге келді. Жиенқұлова - сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968) . Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған. (Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың өмірі мен өнері жайлы естелік) АСТАНА. ҚазАқпарат - Би өнерінің іргетасын қалап, киелі де рухани дүниенің сырын ашып, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен саңлақтарымыздың тарих қойнауында есімдері жаңғырып тұрары аян. Қаз-қаз басқан ұлттық өнерімізді өркендетуге отызыншы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен табиғи дарындар келіп бас қосты. Олар күнделікті өмір сахнасында тәрбиеленді және кейінгі буынды тәрбиелеп, сахна шеберлерінің қатарына қосылды. Халқымыздың бұлбұлы Күләш десек, би өнеріндегі жарық жұлдызы - Шара Баймолдақызы Жиенқұлованың есімі қазақ баласына танымал. Кезінде ұлы жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Жан тебіренте, терең сезімге бөлейтін келісті өрнек Шараның бойынан айқын сезіледі. Сахнаның еркесі де, сәні де Шара! Оның сезім сергітетін шыншыл өнері мен қайталанбас қолтаңбасы мейлінше жарқырап көрінді. Бұл дарын иесінің туған халқына қызмет етуінің тамаша үлгісі, - деп майталман бишінің өнеріне әділ баға берген. Міне, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, хас өнердің шыңына шыққан Шара мағыналы ғұмырында игі жақсының жанында жүріп, жақсылардан көп үйренген, зердесіне тоқыған жан едіКезінде Алатаудың баурайындағы «Көкайрық» деген қырғыз-қазақ жеріндегі жайлауда болған той-томалақтың бірінде орта бойлы ер адамның би билеуі Шараны қатты қызықтырады. Содан былай балаң қызығушылық па, домбыра, сырнай тартылса билей жөнелетін. Ондайда ағайын-тума «Баймолданың қызы биші болайын деп тұр» деп таңдай қағысатын. Шара Баймолдақызы он бес жасында Алматыдағы қырғыз-қазақ педагогикалық институтына түсіп, би дәстүрін жалғастырып, жүрген ортасын қызыққа бөлейді. Шара апамыз «қазақта би болған ба?» деген сұраққа ертеден көп толғанатын. Кейін оқып, зерттей жүріп бір тұжырымға келеді. Енді сіздердің назарларыңызға біздің алтын қорымызда сақталған Шара Жиенқұлованың би туралы ойын ортаға саламыз.

Шара: « Маған көп адамдар «қазақ халқында би болған ба?», - деп сұрақ қояды. Қазақ халқының үлкен қазынасы күйдің ырғағы, бидің қимылы және әр күйдің өзінің мағынасы бар. Сол мағынаны бидің ырғағына келтіріп қимыл жасасақ, би боп шығады. Халықтық қолөнер - кесте, кілем түрлері, оюлар, осының бәрі бидің қимылдары. Мені халқым бірінші биші деп атайды, сол атақпен қоса маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан мен халықтан жинап жүріп неше түрлі ұлттық ойындардыңнегізінде бидің ырғағын ойлап тауып, солардың бәрін би етіп шығардым. 1936 жылыҚазақстанның Мәскеуде өткен онкүндігінде халық билеріміз заңды өзінің орнын тапты. Содан бері би өнері қаулап өсіп келеді». Шараның кәсіби бишілік жолына түсуі 1928 жылы басталды. Оған себеп - Қазақ драма театрының Алматыға көшіп келуі еді. Театр қаладағы «Орион» клубының үйінде қоныс тепті. Әр ұлттың бас қосқан сауық кештерінде Шара да би билейді. Ең алғаш сахнаға шыққан сахнаға шыққан күні Шараның бақ жұлдызының жанған сәттерінің бірі десе де болғандай. Содан бастап Шара көпшілік қауымға биші ретінде таныла бастады. Ал ең алғаш театр сахнасында Тригердің «Сүңгуір қайық» пьесасына қатысқаны жайлы үнтаспаға жазылып алынған Шара апамыздың ойын оқи отырсақ:

Шара: ҚазПИ-де оқып жүрген кезім. Театр Қызылордадан көшіп келді. Содан кейін театрға байқау басталды. Күләш марқұм бар, екеуміз келдік. Драма театрының әртісі болдық. Ол екеуміз «Сүңгуір қайық» дейтін пьесада көмір таситын титтей баланың рөлінде ойнадық. Ала майканы киіп алып, көмір тасып, бетімізді қараға бояп аламыз да, сахнаға бір жүгіріп шығамыз. Сол рольді екеуміз таласып ойнайтынбыз. Кім бірінші келсе, сол ала майкіні киетін. Бетіне күйе жағатын. Сол ойнап шығатын. Ол кезде сағат та жоқ. «Халық жиналды ма, жиналды, ал бастаймыз» деп бастайтынбыз. Мен Күләштан бұрын ерте келіп отырам. Бетіме күйе жағып, ала майкіні киіп алып, бар ынтамыз сахнаға бір жүгіріп шығу».

Осыдан кейін Шара Баймолдақызы Қазақтың драма театрында Бейімбет Майлинның «Майдан», Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарын», Н. Погодинның «Нан» спектаклінде көрнекті рөлдерді ойнады. Шараның шындап өнерге бет бұруы халқымыздың дарынды ұрпақтарының бірі, белгілі театр актеры Құрманбек Жандарбековпен бас қосқаннан кейін басталған-ды. Ата-ананың ақ батасын алып, серігін тапқан Шара театр тарландары Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов және арқалы ақын Иса Байзақовпен қоян-қолтық араласа бастайды. Ең алғаш гастрольдік сапарға шығуы есте қаларлықтай әсерлі еді. Әміре, Иса, Құрманбек бастаған өнерлі топ Семей, Ақмола, Қызылжар, Кереку жерлерін аралап, қазақ даласын ән мен жырға бөлеген. Тамылжыған биімен көрермен көңілінен шыққан сәттердің әр минуты қымбат еді. Сол сапарда күш атасы Қажымұқан да өз өнерін көрсетті. Сөйтіп жүргенде 1933 жылы Қазақстан өлкелік комитетінің қаулысымен музыка театрын құруға драма театрынан бір топ әртістер бөлініп шықты. Олардың ішінде Қанабек, Күләш, Құрманбек, Манарбек, бишілерден Шара бар еді. Жаңадан театр құрып, балет өнерін кәсіби дәрежеге жеткізу үшін Мәскеудегі Үлкен театрдың бишісі әрі балетмейстрі Александрды Алматыға шақырды. Александр Артемьевич театрдағы барлық әртісті сахнадағы қимыл-қозғалыстарға үйретті. Шара «Қыз Жібектегі» - «Алты қаз», «Тепеңкөк» биін, «Ер Тарғында» - «Алтынай» биін әсем қимыл үндестігімен билеп көрермен көңілінен шыға білді. Бір күні Шараның атына Мәскеуден телеграмма келді. Сол кездегі Наркомның бастығы Темірбек Жүргенов бишіні кабинетіне шақырып: «Шара, сен Лондонда өтетін фестивальге қатысасың» деген. Сөйтіп басшылар қауымы жаңа бағдарлама дайындап, арнайы костюм тіккізіп, Шараны алыс сапарға аттандырды.

Шара: « Сол 1933 жылы Америкада бір биші миллионер бар екен, сол өлерде «ендігі жылы бүкіл жер жүзінің бишісін жинап, той жасаңдар» деп жазып кетіпті. Өмірі Мәскеуді көрмеген адаммын. Мен «Мәскеуге бармаймын, Лондонды да білмеймін» десем де болмай жіберді. Онда Мәскеуге дейін он екі күн жүріп барады. Ұстазым Александр маған би үйретіп, вагонға салып жіберді. Артынып-тартынып қызыл вагонмен келсем, біздің елші мені сапаржайда күтіп тұр екен. Сөйтсем, Лондонда фестиваль өтіпті, Тамара ханым барған екен. Бәрі үйді-үйіне қайтып жатқанда мен келіппін. Бірінші рет Лондонға барып келген бишілермен Үлкен театрдың сахнасында би биледім. Сонда Тамара ханымды тұңғыш көруім»Шара 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан өнер шеберлерінің онкүндігіне қатысады. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйіне жеке билеп шығады. Мәскеу халқы жылы қабылдайды. 1938 жылы «Қалқаман-Мамыр» балеті қойылады. Осы қойылымда Шара Мамырдың рөлін шебер ойнайды. Сол жылы қазақ кино өнерінде алғаш «Амангелді» фильмі түсіріліп, басты рольдің бірі Бануды Шара Жиенқұлова ойнайды. 1939 жылдың аяғында Қазақтың опера және балет театры «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» операларын Ленинградта өтетін өнер шеберлерінің фестиваліне дайындайды. 1940 жылы Қазақстанда ән-би ансамблі құрылады. Ел басына күн туған сол бір жылдары майданға өз еркімен үгіт бригадалары аттанады. Майдан шептерінде «Молдабай», «Шахтер», «Бүркітші» сияқты қазақ билерімен қоса әлем халықтарының биін орындап, халықтар достығын насихаттайды. Өнер бригадасы әскери бөлімшелер мен госпитальдарда қырық бес концерт қойып Алматыға оралады. Шара майданнан оралғанда араға түскен әзәзіл әңгіменің әсерінен өмірлік жолдасы Құрманбектің басқа адамға үйленіп кеткенін естіп, қатты қайғырады. Тумысынан қажырлы да қайратты, өр мінезді Шара уайымға салынып, қатты қапаланғанын сырт көзге білдірмей, әрдайым бабында жүреді. Киелі өнерін әрі қарай жалғастырады. Шара өзінің жеке ансамблімен Қазақстанның, одан әрі Одақ көлемінде, шетелде өнер көрсетіп, көпшілікке танылады. Осындай ұзақ жолда сапарлас болған әнші сіңлілерінің бірі - Сара Мамытова биші жайлы өз ойын былайша жеткізді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шара ұлттық драма театрының артисі
Қазақ би өнерi
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қазақ мемл
Қазақ халық биінің даму тарихы
Қазақ биінің даму жолдары
Балет
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Лексикалық мағынаның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz