Банктік қызметтегі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМдық жұмыс

Тақырыбы: «Банктік қызметтегі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету»

5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . .
3
Кіріспе . . . . . . . .:

1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздері . . . … . . .

1. 1 Несиенің мәні мен маңызы. Несиелендіру жүйесі және оның элементтері . . . …… . . .

1. 2 Несиенің қайтарымдылығының мәні мен маңызы және несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары . . . … . . .

1. 3 Банктік несиенің қайтарымдылығының қамсыздандырудың шетел тәжірибесі.

3:

6

6

13

24

Кіріспе . . . . . . . .:

2 Банк қызметіндгі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету жағдайын талдау.

2. 1 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау - коммерциялық банкте несиелік портфельді басқарудың негізі . . .

2. 2 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз етудің негізгі формасы ретіндегі кепіл түсінігі, түрлері және кепілзат механизмі . . .

2. 3 Банктік кепілдік түсінігі, кепілдік түрлері және олардың берілу механизмі . . .

3:

31

31

38

49

Кіріспе . . . . . . . .:

3 Несие тәуекелін және Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету формаларын жетілдіру жолдары… . . .

3. 1 Несиелік тәуекелді басқару әдістері . . . ….

3. 2 Банктік тәуекелдерді басқарудың кезеңдерін, тиімділігін көтеру жолдарын жетілдіру.

3:

60

60

71

Кіріспе . . . . . . . .: Қорытынды.
3: 77
Кіріспе . . . . . . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ……… . . .
3: 79
Кіріспе . . . . . . . .:

Қосымша А - Кепілдіктер мен кепілдемелер мөлшерлемелері . . .

Қосымша Б - Несиелік тәуекелді бағалау . . .

3:

81

83

Кіріспе

Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жж арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.

Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.

Диплом жұмысының өзектілігі . Екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы алатын орны ерекше болып келеді. Ұлттық табыс пен қоғамдық өнімді және өндіріс процесінде туындайтын несиелік қатынастардың мәні, банктік несиенің өндіріске және елдің экономикалық келешектің үздіксіз дамудың ынталандыруына белсеңді әрекет етуін дәлелдейді. Сонымен бірге, банктердің республиканың инвестициондық процесіне қатысуына, қазіргі уақытта экономикадағы несие қайтарымдылығына қатысты мәселелердің сақталуына байланысты жол бермейді. Макроэкономикалық деңгейде саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері салдарынан, несиелік қатынастардың «дағдарыс» себептеріне несиелендіру тәртібінің жетілдірілмегендігін, елдің қаржы саласына жағымсыз әсер туғызған, банктердің негізсіз несиелердің ұсынғанын жатқызуға болады. Елдің тұрақты дамуы үшін және өндірістік секторларды банктік несиелендіруді кеңейту мақсатында мезгілінде несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешу өте маңызды және өзекті болып табылады. Қарыз алушыларға несиені бере отырып, банктер өздерін қауіпқе төдіреді. Осыған орай банктік несиелендіру зерттеу процесіне одан әрі көңіл бөлуге және оның мәнін қайта қарастыруға, несиелік қатынастар субъектілерінің өздерінің міндеттемелерін орындаудағы жауапкершіліктерін және рөлдерін күшейту механизмді іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыдан жұмыстың өзектілігін байқауға болады.

Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген . Коммерциялық банктер нарықтық экономика жағдайында клиенттермен несиелік қарым-қатынастарды құрастырғанда, көптеген қиын міндеттерді шешеді. Олардың барлығы да үлкен несиелендіру үрдісінде көрініс табады. Несиелендіру - бұл банктердің маңызды операциялардың бірі болып табылады. Ол субъектілердің несиелендіру үрдісіне көз қарастарын, несие берушілер мен қарыз алушылардың қарым-қатынастарын, қарыз алушылармен несиелерді пайдалануын, несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарын, борыштың пайда болуы сияқты мәселелерді қамтиды.

Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.

Демек, Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай да күмән тудырмайды.

Ендеше, Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыру барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер, өз кезегінде диссертациялық зерттеу жұмыстың мақсаты болып және басты міндеттерін анықтап отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты - банктік қызметтегі несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарымен және әдістермеін танысу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • несиенің экономикалық мазмұнын ашу, несие формаларына тоқталу;
  • несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының теориялық негіздерін білу;
  • отандық банктердің несиелерді қамтамасыз ету нысандарына талдау жасау;
  • несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелерімен және даму перспективаларымен танысу;
  • Қазақстандағы ЕДБ-дің несиелік қоржынының сапасын басқару ықпалына баға беру;
  • проблемалық несиелерді айқындау және олармен банктердің жұмысына баға беру;
  • екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие тәуекелін болжау әдістерін ұсыну.

Зерттеу пәніне: Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету қызметін ұйымдастыруға байланысты қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы жатады.

Зерттеу обектісіне: Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету жүйесі жатады

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету жүйесінде орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (О. И. Лаврушин, В. А. Кудрявцев, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.

Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады

1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздері

1. 1 Несиеніңмәні мен маңызы. Несиелендіру жүйесі және оның элементтері

Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде, экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шарушылық субъектiлерiмен қатар, мемлекет те, үкiмет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенiң пайда болуын өнiмдердi өндiру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан iздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бiр қолдан екiншi қолға ітуiн бiлдiредi десе, шынымен де, осындай айырбас кезiнде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипаттайды. Несиелiк қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұған деген негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз кібiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ, бұл жерде ақша мен несиенiң әртүрлi ұғымды бiлдiрiп, әртүрлi қатынастарды түсiндiретiнiн естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қажаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт іткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бiр жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз тілеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға ітуiн қамтамасыз ете отырып, несие берушiлер мен қарыз алушылар арасындағы несиелiк қатынасты бейнелейдi. Несиенiң көмегiмен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе тіңiрегiнде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негiзде пайдалануға берiлетiн ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да ізара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын кізi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипатайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Экономикалық категория ретiнде, несие - кәсiпорындар, ұйымдар және бiрлестiктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз тілеу шартында белгiлi бiр мерзiмге уақытша пайдалануға беру негiзiнде қалыптасатын індiрiстiк қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бiр бiрiмен ізара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастар субъектiлерi жатады. Несиелiк мәмiле бойынша несиелiк қатынастар субъектiсiне қарыз берушi және қарыз алушы жатады.

Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастың бiр жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр бiрiмен жақын сіздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әртүрлi. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешiгуi мүмкiн, бiрақ, бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше білiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiредi.

Несиенiң экономикадағы орыны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде тімендегiдей қызметтердi атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету
  • ғылыми-техникалық прогресстi жеделдету.

Несиенiң қайта бөлу қызметi, кез келген елдiң ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына із үлесiн қосады. Несиенiң бұл қызметiнiң кімегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы болады. Несиенiң бұл қызметiнiң, қаржының қайта білу қызметiнен айырмашылығы қаржының бөлiнуi әкiмшiлiк негiзде жүргiзiлсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негiзiнде жүзеге асырылады.

Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнiң iс жүзiне асуы несиенiң экономикалық мәнiнен туындайды. Шаруашылық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсуi мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттiлiктi туындатады. Мiне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары іздерiнiң меншiктi қаражатқа деген жетiспеушiлiктiң орнын толтыру үшiн несиенi пайдаланады. Бұл дегенiмiз капитал айналымын қамтамасыз етiп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкiндiк жасайды.

Ал, келесi қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелiк шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкiндiк бар. Бұл қызметi iске асу процесiнде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенiң бұл қызметi несиелiк ақшалар: чектер, вексельдер, несиелiк карточкалар кімегiмен жүзеге асырылады. Несиенiң бұл қызметi арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және тілем айналымына да ықпал етедi.

Капиталдың шоғырлану процесi қызметi экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi індiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкiндiк бередi.

Несиенiң ғылыми-техникалық прогресстi жеделдету қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметiн қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң кімегiнсiз кіптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттiк қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседi. Сондай-ақ несие індiрiске ғылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады.

Несиенiң формалары, оның құрылымымен және белгiлi бiр дәрежеде несиелiк қатынастардың мәнiмен тығыз байланысты келедi.

Несиенiң формасы - бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң яғни, әр алуан сыртқы және iшкi ізгерiстер барысында толық сақталатын кірiнiсiн бiлдiредi .

Несие берушiлер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай ізгергенiмен де, несиенiң формасы сол күйiнде сақталады.

Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай . Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi - коммерциялық , ал ақша түрiндегi несиенi - банктiк деп атайды.

Қалған несиенiң түрлерi осы екi формасыың тәжiрибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға қарызға берген тауарын бiлдiредi.

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың іту процесiн жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушiлер ретiнде кәсiпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие кібiне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретiнде, қарыз алушының кірсетiлген соманы уақытында тілейтiндiгiн куәландыратын арнайы қарыздық мiндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылғы төмендегiдей:

  • қарыз берушi рілiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметтi сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында берiледi;
  • қарыз капиталы інеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенiң орташа құны сол кезеңдегi банктiк пайыз мілшерiмен салыстырғанда тімен болады;
  • қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәмiленiң заңи түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн тіленетiн ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Қазақстанда тұтыну несиесi кеңiнен дамып отырған несиеге жатады. Екiншi деңгейдегi банктер тәжiрибесiнде тұтыну несиесiнiң мынадай түрлерi қолданылуда:

  • автомобилдiк несие;
  • ұзақ мерзiмде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берiлетiн несие;
  • тұрғын үйдi жіндеу жұмыстарына берiлетiн несие;
  • кейiнге қалдымайтын қажеттiлiктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с) берiлетiн несие

Мұнда автомобильдiк несие бойынша жаңа және жүрiлген автомобильдердi банк несиесi кімегiмен алуға болады.

ұзақ мерзiмде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • жиһаз;
  • сантехника;
  • аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;
  • компьютер және оргтехника;
  • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйдi жөндеу жұмыстарына: үйдiң iшiнде және сыртында құрылыс және басқа да жіндеу жұмыстарын жүргiзу жатады.

Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi.

Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты - бұл пайыз түрiнде табыс алу.

Несиенiң түрлерi коммерциялық және банктiк несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерiнiң клиенттерiне әр түрлi несиелер бередi. Олар мынадай белгiлерiне байланысты жiктеледi:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
  1. Қаржылық институттарға берiлетiн несиелер:
  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы-несиелiк мекемелерiне.
  1. Қаржылық емес агенттерге берiлетiн несиелер:
  • інеркәсiп салаларына;
  • ауыл шаруашылығына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • жабдықтау-сату ұйымдарына;
  • кооперативтерге;
  • жеке кәсiпкерлерге.
  1. Тұтыну мақсатына берiлетiн несиелер.
Мерзiмiне қарай: қысқа мерзiмдi (1 жылға дейiн) ;
  • орта мерзiмдi (1 жылдан 3 -5 жылға дейiн) ;
  • ұзақ мерзiмдi (5 жылдан жоғары) .
  1. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
  • негiзгi қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.
  1. Қамтамасыз ету дәрежесiне қарай:

Қамтамасыз етiлген:

  • кепiл-хатпен,
  • кепiлдемемен;
  • кепiлдiкпен

Сақтандырылған.

Қамтамасыз етiлмеген:

  • сенiм (бланктiк) несиесi.
  1. Қайтарылу дәрежесiне қарай:

1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бiрақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2) Күмәндi несиелер - қайтарылу уақыты кешiктiрiлген, мерзiмi ұзартылған және банк үшiн тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердiң жiктеу ережесiне сәйкес, күмәндi несиелер iшiнара білiнедi: 1-санатты күмәндi, 2-санатты күмәндi, 3-санатты күмәндi, 4-санатты күмәндi, 5-санатты күмәндi.

  1. Үмiтсiз несиелер- қайтару уақыты кешiктiрiлген, мерзiмi іткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
  1. Валютамен берiлуiне қарай:
  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасында.
  1. Берiлу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесi - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi ітеуге берiлетiн несие.

2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi, індiрiс ғимараттарын, жердi және т. с. с. ) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.

3. Овердравт несиесi - клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалды бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.

4. Овернайт несиесi - ітiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi.

5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша ітелетiн қысқа мерзiмдi несие.

6. Банкаралық несие - банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi.

7. Ломбардтық несие - тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие.

8. Лизингтiк несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие.

9. Рамбурстық несие - шикiзаттарды iшке алып кiру және жартылай фабрикат және дайын інiмдердi сыртқа шығару тәжiрибесiнде пайдаланылатын несие.

10. Сенiм несиесi - банктiң сенiмiне кiрген, тілем қабiлетi жоғары клиенттерге берiлетiн несие.

11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.

IХ. Несиелеу объектiсiне қарай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі ипотекалық несиенің даму болашағы және қызмет ету бағыттары
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері мен нысандары
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Банк несиесі
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Халықаралық несиенің түрлері мен формалары
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару
Банктік несиенің қайтарымдылығын камтамасыз ету жолдарын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz