Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және
оларды шешу жолдары»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1 Депрессивті шағын қалалар түсінігі және олардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуші
факторлар . . . 7
1. 1 «Депрессивті шағын қала» ұғымы және оны бағалау өлшемдерi . . . 7
1. 2 Депрессивті қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта
қалу себептері және оған ықпал етуші факторлар . . . 11
1. 3 Қазақстандағы депрессивті шағын қалалардың жалпы сипаттамасы . . . 18
2. Қостанай облысы Арқалық қаласының әлеуметтік
экономикалық даму жағдайын талдау . . . 25
2. 1 Арқалық қаласының экономикалық-қаржылық әлеуетінің
даму жағдайы . . . 25
2. 2 Қаланың инженерлік инфрақұрылымдарының дамуы және «Шұбаркөл-
Арқалық» теміржол желісінің қала үшін әлеуеті . . . 30
2. 3 Қаланың әлеуметтік дамуы және «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасының аймақтағы жүзеге асырылу жағдайы . . . 33
3 Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және
оларды шешу жолдары . . . 43
3. 1 Депрессивті қалаларды дамытудың негізгі бағыттары және әлеуметтік-
экономикалық дамуы мен инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру
жолдары . . . 43
3. 2 Арқалық өңірінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері және ары қарай
дамытудың мүмкіндіктері . . . 50
3. 3 Бір салалы қалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы негізінде Арқалық қаласын алдағы уақытта дамыту
перспективасы . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
ҚОСЫМШАЛАР . . . 66
Кіріспе
Депрессивті шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту мәселесі тек қана сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы қамтитын бүкіл қатынастар жүйесінің дамуы болып табылады.
Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттық-жағрафиялық келбеттердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері, қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен депрессивті шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түйіткілді мәселелері жетерлік.
Бұл диссертациялық жұмыстың өзектілігі сол, мұнда ел экономикасының көшін түзеген бүгінгі таңда әлі де болса өтпелі экономика кезінде өзінің әлеуметтік-экономикалық даму келбетін жоғалтқан, өмір сүруге қажетті инфрақұрылымдары қираған, тоналған шағын депрессивті қалалар баршылық. Депрессивті шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр. Үкімет алдына қойылған басты міндеттің бірі даму әлеуеті төмен шағын қалаларды елде жүргізіліп жатқан кешенді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізінде дамыту.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы негізінде депрессивті шағын қала халқының тұрақты дамуы тек халық үшін лайықты тұрмыс жағдайларын жасағанда, депрессивті шағын қалалық жағдайларға бейімделген әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жүйе құрылғанда, антропогендік ықпал мен табиғи жер бедерін жоюға қарсы әрекет жасалғанда, мәдени құндылықтар қорғауға алынғанда, табиғи қорларды ауыл шаруашылығының, жергілікті өнеркәсіптің, туризм мен адам тіршілігінің басқа салаларын қалпына келтіру мақсаттарына сай ұзақ мерзім бойына пайдалану қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін бола алады деген ой жатыр.
Диссертациялық жұмыс депрессивті шағын қалаларды жандандыру, қаладағы әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас үдерісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылады
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген , яғни депрессивті шағын қалаға түсінік бере отырып, оның әлеуметтiк-экономикалық дамуын бағалау өлшемдерiн негіздеу; депрессивті қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептерін, ықпал етуші факторларын анықтау; Қазақстандағы депрессивті қалалардың жай-күйін сипаттау; мысал ретінде Текелі депрессивті шағын қаласының жалпы сипаттамасын және ағымдағы әлеуметтік-экономикалық, инженерлік инфрақұрылымдарын талдау; түйткілді мәселелеріне тоқталу; қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру жолдарын қарастыру көзделген.
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , қазіргі кезде депрессивті шағын қалаларды реформалау жөніндегі мемлекеттік саясат тиімді нәтижелерге жету үшін азаматтардың қатысуы, тартылуы мен өздерін өздері дамытуын қолдау үшін жағдай жасауда. Бұл адамдарға өкілеттілікті беруді, олардың бейтарап қызметтері барысында баламалар іздестіруге, шешімдер қабылдау мен оларды жүзеге асыру жауапкершілігін мойнына алуға деген білім алуды, дағдылануды және ептілікке үйренуді көздейді. Мұндай әлеуметтік қатысу механизмдерін енгізу мен кеңінен тарату қала тұрғынын жаңа сапалық деңгейде дамытады.
Жұмыстың мақсаты - Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес тәуелсiздiк жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған Қазақстанның депрессивті шағын қалаларының даму әлеуетiн анықтау және осы қалалардың болашақтағы даму бағытын жарақтау болып табылады.
Ол үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
- депрессивті шағын қала түсінігі және оны бағалау өлшемдерiн негіздеу;
- депрессивті шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептері және оған ықпал етуші факторларды анықтау;
- Қазақстандағы депрессивті шағын қалаларға сипаттама беру;
- Арқалық депрессивті шағын қаласының жалпы сипаттамасы және ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау;
- Арқалық шағын қаласының инженерлік инфрақұрылымдарын талдау;
- Арқалық қаласының негізгі түйткілді мәселелеріне тоқталу;
- депрессивті қалаларды дамытудың негізгі бағыттары және әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру жолдарын қарастыру;
- Арқалық депрессивті шағын қаласын орта мерзімді болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді бағдарламасына тоқталу.
Диссертация жұмысының зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның депрессивті шағын қалалары және оның ішінде Текелі қаласы алынған.
Диссертация жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде ғылыми зерттеудің жүйелілік, тарихи, логикалық, үлгілеу, талдау, жіктеу, жинақтау т. б. тәсiлдерi қолданылған. Сонымен бірге, жұмысты жазу барысында экономикалық-статистикалық, монографиялық, сондай-ақ салыстыру, тәжірибе сияқты зерттеудің эмпирикалық әдістері мен құрылымдық талдау тәсілдері де қолданылды.
Диссертация жұмысының ақпараттық көздері ретінде ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасының аумақтық дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, сондай-ақ, тақырыпқа сәйкес отандық және шетелдік деректер оқулықтары, басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық статистика агенттігінің материалдары, сонымен қатар, зерттеу объектісі болып табылатын қалалық әкімшілік басқармасы мен қаржы және экономикалық жоспарлау бөлімінің мәліметтері және аймақтық бағдарлама бойынша жасалған жылдық есептер, ағымдық баспасөз беттерінде, ғылыми-зерттеу конференцияларында жарияланған мақалалар мен авторлық ғылыми-тәжірибелік жұмыстар пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы мен логикасы келесі қағидаларға негізделген:
1. Жұмыс депрессивті шағын қалалардың экономикасын, әлеуметтік саланы немесе қоғамдағы әкімшілік өзгерістерді шағын қалалардағы көкейкесті мәселелері тұрғысынан талдау, әлдебір өзгерістердің салдары мен ақырғы мақсаттарын неғұрлым толығырақ бағалауды мүмкін етеді.
Осы қағидаға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау берілген, депрессивті шағын қалалардың жiктелу негiздерi анықталып, оларды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қажеттiлiгi ашып көрсетiлген.
2. Рыноктық өзгерістер тұсында жиналған әлеуметтік қателіктер елдегі кезекті өзгерістердің дамуына кедергі жасап, қоғамның мойнына шексіз жүк болып орналасты. Осы орайда қаладағы басқару жүйесі мен бірінші кезекте мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі мәселе заңды түрде туындады.
Жұмыстың 2-тарауында Текелі қаласының қалыптасуы мен орналасу ерекшелiктерiне тоқтала отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуына шолу жасалған. Бұл тарауда қаланың соңғы жылдардағы экономикалық өсімі мен әлеуметтік саладағы құрылымдардың қазiргi жағдайы мен даму мүмкiндiктерi қарастырылған. Текелі қаласының жалпы ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы, ондағы экономикалық үрдістер толығымен сипатталған.
3. Бүгін қала алдында тұрған мәселелердің шешімі экономикалық әдістермен ғана табыла қоймасы анық. Әлеуметтік дамытудың ауқымды бағдарламасымен қатар ғана экономикалық өсу адам тұрмысының сапасын арттыруға үлес қоса алады. Оның үстіне жұмысымыздың 2-тарауында талданған әлеуметтік жағдай тиімді демографиялық саясатты, адам капиталының дамуы және кедейлікті төмендету үшін жағдай жасауды әрі қоғамдық капиталдың дамуы немесе халықтың қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін дамытуды көздеген жөн.
Жұмыстың 3 - бөлiмiнде қаланың болашақтағы даму бағыттары анықталып, әрі қарай дамыту бағыттары мен нақты салалар бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен жобалар қарастырылған.
Жұмыстың қорытындысында зерттеудің барысында алынған негізгі нәтижелер ықшамдалған және айшықталған түрде берілген.
Жұмыстың хронологиялық шегі 2004-2010 жылдарды қамтиды.
Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың жалпы көлемі 70 беттен тұрады (қосымшаларды есептемегенде) .
1 Депрессивті шағын қалалар түсінігі және олардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуші
факторлар
1. 1 «Депрессивті шағын қала» ұғымы және оны бағалау өлшемдерi
Қала - табиғатты игеруге ден қойған белсенділік әлемі, ауыл - табиғатқа мойынсұна отырып, соның ыңғайына төселуге негізделген жартылай бағыныштылық әлемі. Қала - адам тіршілігіне лайық жаңа кеңістікті игеруден басталатын ауылмен салыстырғанда жаңа кеңістікті иемденуден, жартылай адами, жартылай табиғи емес, толығымен дерлік адами, яғни жасанды қылудан басталады.
Қала - толықтай дерлік жасанды орта, осы тұрғысынан алғанда да, мазмұндық тереңділігінен сыр тартсақ та, қала - мәдени феномен, яғни адамның өзінің қолынан шыққан, оның идеясынан туындаған дүние. Тіпті арыға тереңдер болсақ, қала - өркениет феномені. Ол да жазу, хат, баспагерлік, коммуникация құралдарының дамыған формалары сынды өркениет тұсында, яғни мәдениеттің өзін туындатқан табиғи ландшафтпен ғана қанағаттанбай, өзіндік қарым-қатынас орталығын жасақтағанда дүниеге келетін құбылыс. [1]
Қала болсын, өркениет болсын тайпалық санадан босанып шыққан адамға қатысты деп айтуға болады. Қала, өркениет әлемі - жаңа технология әлемі кәсібилік, маманданғандық және индивидуализм сынды қасиеттерге басты назар аударатын болды. Шындап келгенде, “өркениет” ұғымы адамзат мәдениетіндегі “қалалық революция” (Л. Уайт) нәтижесінде орнықты. Қала - кейінірек “өркениет” деп аталған мәдениет түрінің орталығына айналды. Сол қалалар бастапқыда қолөнершілердің жинақталып тұрып жатқан мекені ретінде пайда болған еді. Қолөнершілер - бір кәсіпке арнайы маманданған адамдар шоғыры - қаланың алғашқы тұрғызушысы да, қаланың алғашқы тұрғыны да.
Жалпы, қолөнер мал шаруашылығы және жер өңдеумен салыстыра алғанда сол дәуірдің инновациялық, жаңашыл әрекет түрі, жаңашыл экономика түрі болған еді дей аламыз. Өйткені, мал шаруашылығын былай қойғанның өзінде, тіпті, жермен айналысқан шаруашылық түрінің өзі де адамның көне әрі дағдылы, табиғи қажеттілік негізінде дүниеге келген, табиғаттан барды - жан-жануар мен жерді игеру негізінде пайда болған әрекет түрі. Ал қолөнер болса, шындығында, мән-мағынасы жағынан нағыз шығармашылық, жасампаздық танытатын әрекет түрі. Себебі ол табиғаттағы даяр дүниені алып, соны пайдалану немесе өңдеуді місе тұтпай, сол табиғатта бұрын-соңды болмағанды туындататын болған әрі қолөнер бұйымдары көбінде тікелей өмірлік қажеттіліктерді өтей де қоймаған нағыз мәдени бұйымтай болған. Соның нәтижесінде адамның өзіндік санасының өсуі орын алды, оның жаңа типі қалыптасты.
Сонымен, нағыз қолөнершілер гильдиясы қалыптасқанда, яғни қолөнер әскери жорықтар мен жер өңдеу өнімдеріне керек-жарақтыны берумен ғана шектелмей, өз алдына кәсіби маманданған әрекет түріне айналғанда, көпшілік тұтынатын тауарды жасау ісін жолға қойғанда, сауда-саттық алмасу-айырбас мүмкіндігін беретін ақшалай делдалдыққа әкелгенде ғана қала қалыптасып, оның төңірегінде өркениеттілік үрдістер басталады. Ауыс-түйісті есептесу үшін ғылымдар ішіндегі ең дерексіз ғылым - математика дүниеге келеді. Жинақталған білім-ақпарат қорын келесі ұрпаққа мирас етудің жаңа тәсілі - хат, жазу-сызу пайда болады. Одан соң сол хатты таныту қажеттілігінен туындаған білім берудің әлеуметтік институты дамиды. Дінге қызмет етуден біржола кете қоймағанымен, ғылым, өнер бірте-бірте өз дербестігін сезіне бастайды. Сөйтіп, қолөнер дамыған жерде сауда-саттық қарым-қатынасы, есеп-қисап, жазу-сызу өрбиді, қалалар салынады, онда кәсіби мамандану процесі жүреді, білім беру ісі жолға қойылады, мемлекеттік қызмет түрлері көрініс табады. Бұдан біз термин этимологиясының бекерден бекер қала ұғымымен мойындаймыз.
Қазақ тіліндегі “өркениет” сөзінің “өркендеу”, “өсу” деген мағыналық коннотациясы да өркениеттің мәдени дамудың белгілі бір алдыңғысынан гөрі кеңірек аймақты қамтып, көбірек байланыстар орнатып, жан-жағына таралуын білдіретіндігінен де біз тегі мәдениеттен өрбіген жаңа қоғамдық сатыны өркениет ұғымына сыйдырамыз. Қала қашанда орталық. Ол сауда-саттықтың, саяси-әкімшілік биліктің, әскери, мәдени және діни әлеуеттің қордаланған орны. Неміс әлеуметтанушысы Ф. Теннис қаланы адамдар шоғырланған ірі елді мекендер деп қана емес, сонымен бірге, қоғамды ұйымдастырудың жаңашыл түрі деп те анықтайды.
Әлеуметтік өмір саласында шындық қашанда оны рационалды түсіндіруден кеңірек әрі күрделірек. Сондықтан да шындық толығымен танылады деу астамшылық болар еді. Өркениет рулық санадан кету Қала дегенде ауылдағы көзге көрінетін бірен-саран жанның орнына ығы-жығы адам көз алдыңа елестейтіндігі, оның сауда-саттық, асығыс-үсігістік, өмір ырғағаының тезддігі, жылдамдығы деген сынды нақты сұрақтар
Қала да мәтін сынды оқыла алады. Ол да өркениет идеясының жемісі.
Қала - тірі организм. Ол өседі, өнеді. Қала алаңнан, қауым жиналатын базардан басталады. Сонымен қатар, діни көзқарас басым қалалар мешіттен (ислам елдерінде), не шіркеулерден (христиан елдерінде) қала адамдардың жауын-шашын, суық, дүлей боран сынды адам ағзасына қауіпті ауа-райының өзгерістерінен бас сауғалайтын немесе ұрпақ қамын ойлайтын ошақ басымен ғана шектелмейді. Қала азаматтардың еркін, өз қалауымен бас біріктіріп, түрлі ұйымдарға жинақталатын жері, сондай кеңістіктің болуынан басталады. Қала - шексіз коммуникативтік кеңістік, қарым-қатынас аймағы. Сондықтан да ол коммуникация құралдарының күрделенуімен қатар жүреді, қатар түрленеді.
Шағын депрессивті қала дегеніміз ұйымдастыру-шаруашылық, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік қызметтерді локальды деңгейде атқаратын муниципальды құрылымның ерекше субъектісі.
Шағын қалалар деп, халқының саны 50 мың адамнан тұратын қалалар саналады.
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін зерттеу кезінде қала тұрғындарының маңызды ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
Шағын қалалардың мәселелері жайындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, шағын депрессивті қалалардың муниципальды құрылымның субъектісі ретінде келесідей талаптар ескеріледі:
- тұрғылықты халықтың болуы (халық саны) ;
- атқаратын экономикалық қызметінің ауқымы (қала халқының көбінің айналысатын қызметінің түрі) ;
- адамдардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін әлеуметтік және Рыноктық инфрақұрылымдардың дамуы;
- жергілікті тұрғыдағы мәселелерді шешуге жауапты жергілікті басқару органдарының болуы;
- тұрғын халықтың өмір сүру сипаты.
"Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысына сәйкес осындай қалаларды анықтау үшін шағын қалаларды тоқтаған қалаларға жатқызудың мынадай өлшемдерi және олардың тиiстi шектi мәндерi пайдаланылды: [2]
- өнеркәсіп өнiмiн өндiру көлемі халықтың жан басына шаққанда орташа республикалық деңгейдiң 20%-ынан төмен;
- ресурстық базаның жоқтығы немесе сарқылуы;
- экономикалық қызметтiң ірі орталықтарынан қаланың шалғай орналасуы;
- қалалардың өнiм өткiзудiң iрi рыноктарынан алыстығы;
- соңғы үш жыл iшiнде жұмыссыздықтың орташа деңгейi орташа республикалық көрсеткіштен 50 пайыз және одан да жоғары болды;
- өнеркәсiпте жұмыс iстейтiндердiң орташа айлық жалақысы республика бойынша орташа айлық жалақымен салыстырғанда 1, 5 есе төмен;
- өндiрiстiк инфрақұрылымның мешеулiгi;
- қолайсыз экологиялық жағдайлар.
Осы өлшемдердiң жиынтығы бойынша тоқыраған қалалар санатына мына шағын қалаларды жатқызуға болады: Державинск, Степняк (Ақмола облысы), Алға, Шалқар (Ақтөбе облысы), Абай, Қарқаралы (Қарағанды облысы), Арқалық, Жітіқара (Қостанай облысы), Арал (Қызылорда облысы), Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы) .
Мұндай шағын депрессивті қалалар - сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-ғұрпымыз бен рухани тршiлiгiмiздiң қайнары. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтiк факторлардың өзi-ақ бiзден шағын қала барынша байсалды қарауымызды талап етедi.
Кез келген революциялық сiлкiнiстер кезiнде барлық түйткілді өзгерiстер ауыртпалығының шағын қалаларға түсетiнi мәлiм, әрi мұны тарих та дәлелдеп отыр. Мұны Қазақстан да бастан кештi.
Әлеуметтiк қолдау шаралары бәрiнен бұрын қала тұрғындарының қажеттi табыс деңгейiн қамтамасыз ететiн, әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi жоғары депрессивті шағын қалаларға тiршiлiктi қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Депрессивті шағын қалалардың келешектiлiгiн айқындау, әлеуетке қол жеткiзуге әсер ететiн факторларды зерделеудi және олардың негiзiнде депрессивті қалалардың өсу мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн қолда бар әлеуеттiң жиынтық көрсеткiшi бойынша жiктеудi талап етедi. [3]
Шағын депрессивті қалаларды бағалау жіктемесі 1-сызбада көрсетілген.
Сызба 1. Шағын депрессивті қалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалау жіктемесі
Бұл дипломдық жұмыста шағын қалаларға берілген көптеген анықтамалардың ішінен біз тек мына анықтамаға тоқталдық.
Сонымен, шағын қала дегеніміз - халқының саны 5-тен 50 мың адам аралығында болатын муниципалдық құрылымның ұйымдастырушы-басқарушылық қызметін атқаратын, жеткілікті дамымаған өндірістік базасымен сипатталатын, Рынок инфрақұрылымдарының жекелеген элементтері бар және тұрғын үйдің төменгі деңгейімен, экстенсивті аз қабатты үйлері бар, жер учаскелерінің үй шаруашылығына жақын орналасуымен және олардың табиғи шаруашылыққа белсенді қатысуымен сипатталатын ерекше түр.
Шағын депрессивті қалалар көбіне өнеркәсіптік өндірістің бір түріне маманданады. Сондықтан да олардың өмір сүру қарқындары мен деңгейі сол өнеркәсіптік өндірістің даму деңгейіне байланысты болады.
Депрессивті шағын қалалардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi мен олардың келешектiлiгiн бағалайтын аса маңызды параметрлер болып, өлшемдердiң 4 тобы айқындалды: экономикалық әлеует, инженерлiк инфрақұрылымның даму деңгейi, әлеуметтiк объектiлермен қамтамасыз етiлуi және экологиялық қауiпсiздiк. Депрессивті шағын қалалардың даму деңгейлерін осы 4 параметр негізінде жіктеуге болады. Ол Қосымша А -да келтірілген. [4]
Депрессивті шағын қалалардың әлеуетiн бағалау кезiнде экономикалық даму басымдықтары ескерiле отырып, әрбiр көрсеткiшке салмақ берiлдi, бұл олардың мәндiлiгiн балдардың жиынтық мөлшерi сомасында сипаттайды. Экономикалық әлеует көрсеткiштерi неғұрлым үлкен салмақты иеленедi, келесі салмақты инженерлiк инфрақұрылым көрсеткiштерi, ал әлеуметтiк объектiлермен қамтамасыз етiлу сипаттамалары соңғы салмақты иеленедi.
1. 2 Депрессивті қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептері және оған ықпал етуші факторлар
Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар Рыноктарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы Рыноктарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
Экономиканы рынок жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты рынокқа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады. [5]
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1, 8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5, 2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189, 9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz