Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)
050506 - «Экономика»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және
әлеуметтік көрсеткіштер негізінде . . . 6
1. 1 Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы . . . 6
1. 2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мәні және жұмыссыздық түрлері, негізгі себебтері. 13
1. 3 Жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесін реттеудің шет елдік
тәжірибесі . . . 23
2. Қостанай облысы Арқалық қаласының демографиялық және
әлеуметтік жағдайын талдау . . . 26
2. 1 Арқалық қаласындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық:
демографиялық және әлеуметтік жағдайға талдау . . . 26
2. 2 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму және демография . . . 31
2. 3 Арқалық қаласында жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесін
шешу және жетілдіру жолдары . . . 35
3. Қазақстанда жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесін
демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде талдау және
оны дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау . . . 39
3. 1 Қазақстандағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесін
демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде талдау . . . 39
3. 2 Қазақстандағы ішкі еңбек нарығының басты мәселелері . . . 48
3. 3 Қазақстанда жұмыссыздық пен жұмысбастылық мәселесін реттеудің
стратегиялық бағыттары, даму мақсаты және негізгі индикаторлары . . . 50
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Қосымшалар . . . 69
Кіріспе
Қазақстан Үкіметінің негізгі мақсаты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу және ол лайықты еңбектің ілгерілеуін және әлеуметтік қорғаудың конституциялық кепілдерінің іске асырылуын қамтамасыз ету.
Мемелекет басшысының « . . . халықтың барлық буындарының өмір сүрудің жоғары сапасы мен озық әлеуметтік стандарттарына» қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс адам капиталын дамытумен байланысты мәселелерді алдыңғы қатарға шығарды [1. 1-2бет] .
Адам капиталын дамыту үшін лайықты еңбекке қолжетімділікті ұлғайтудың ерекше мыңызы бар.
Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап көрсеткеніндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлікті еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең пәрменді құрал болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмысыздар мен халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және тағы басқа пайдаланылды.
Тақырыбымның бүгінгі таңдағы өзектілігіне келер болсақ, 2007 жылдың екінші жартысынан басталған әлемдік қаржылық дағдарыс күннен күнге тереңдеп, ел экономикасының барлық салаларына зардабын тигізуде. Осыған орай елдің әр аймақтарында жұмыссыздықтың кең қанат жаюуы әлемдік еңбек ресурсының үлесі біркелкі жұмсалмайтындығын дәлелдеп отыр.
Сонымен, жұмыссыздық әлем дамуының ең күрделі әрі ө зекті мәселелерінің бірі деп танылуда. Оның салдарынан халықтың күнкөріс деңгейі төмендеп, әлеуметтік қауіпсіздік деңгейі төмендеп, қылмыстық құбылыстар күшейіп, демографиялық теріс жағдай етек алатыны белгілі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы сол, қазір дағдарыс жағдайына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мен жұмыссыздықты жоюға бағытталған бірнеше мақсат қойылып отыр [2. 3бет] :
- Жұмысынан (жұмысының болмауы) айрылу қатерін басқару;
- Еңбек құқықтарының бұзылуы қатерін басқару;
- Көші-қон процестерін басқару;
- Қарттық, мүгедектік, асыраушысынан айрылу және өзге әлеуметтік қатерлердің басталуы салдарынан туындайтын қатерлерді басқару;
- Табыстың белгіленген ең төменгі шекті деңгейінен төмен болу қатерін басқару.
Бұл мақсаттар жүзеге асар болса, жұмыссыздық ауқымы біраз қысқарары сөзсіз. Бірақ мұның барлығы ұлттық және халықаралық бағдарламалардың қаншалықты бірлесіп әрекет етеріне тәуелді болмақ.
Бүгінде біз әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан «дағдарыстан - дамуға, жаңаруға» бет бұрдық.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туған болатын. Адам потенциялын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қорғау мен қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан бұл мақсаттар бүгінгі күні де күшін жоймайды.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сонда - мұнда жұмыссыздық пен жұмысбастылық жайындағы түсінік біраз кеңейтіліп отыр. Жұмыссыздық пен жұмысбастылық әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштер тұрғысынан талданып отыр.
Жұмыстың негізгі мақсаты :
- Қазақстандағы қазіргі жұмысбастылық пен жұмыссыздыққа объективті баға беру;
- Елде жұмыссыздықты жою жолында кедергі келтірерлік жайттарды анықтау;
- Жұмыссыздық мәселесін әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштер тұрғысынан зерттеудің негізгі бағыттары мен көзқарастарын қарастыру;
- Жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың басты тұстарын анықтау;
- Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында елдегі жұмыссыздықтың әлеуметтік-демографиялық салдарын болдырмауға бағытталған Үкіметтің стратегиялық бағыттарын талдау.
Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:
- жұмыссыздық факторларын анықтау;
- қазіргі жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесін түйсіну;
- халықтың әлеуметтік көмекке қажеттілігін бағалау;
- жұмыспен қамту мен жұмыссыздыққа қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін қарастыру.
Жұмыстың зерттелу объектісі - Қазақстан Республикасының еңбек нарығы.
Жалпы жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне , яғни зерттелу деңгейіне тоқталсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда әлемдік өзекті мәселелердің алдыңғы қатарына шықты. Сондықтанда жұмыссыздық мәселесі жан-жақты отандық және шетелдік ғалымдар тұрғысынан зерттелген. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталсақ, Мальтузиандық мектептің ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылды. Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күштеріне сұраныс төмендейді деген. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызыметтердің тұтынушылық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді деген. Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Жұмысссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланысты пайымдаған А. Филлипс жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған. Экономикалық теорияда бұл құбылыс филлипс қисық сызығы деп аталады [3] .
Жұмысты орындау барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылады: монографиялық, талдау, конструктивтік-есептік, сызбалық және т. б.
Қолданылған әдебиеттерге келсек, жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік оқулықтар және еліміздегі әрекет етуші заңдар мен құқықтық-нормативтік материалдар, Ел басының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай-ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.
1. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде
1. 1 Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы
Еңбек нарығы - бұл нарықтық ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асыру.
Қоғамның даму жағдайы халқының санымен, еңбек ету құрамымен, шығармашылық мүмкіншіліктерімен анықталады. Американдық экономист Нобель сыйлығының лауреаты Пауль А. Самуэльсонның анқтамасы бойынша, халық кез келген шаруашылықтың негізгі факторы [3] .
Еңбек ресурстары - ол қызмет көрсетуге материалдық игіліктер өндіруге қабілетті, дене күші және зияткерлік мүмкіншіліктері бар халықтың еңбекке жарамды бөлігі. Еңбек ресурстары-бір жағынан әр түрлі салаларда экономикалық қызметпен айналысатын адамар, екінші жағынан нақты және әлеуметті жұмыскерлерден құралады. Еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын оқып білуден бұрын, халықтың құрамына, құрылымына, санының өзгеруіне назар аударған жөн.
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі деп тууы мен өлуінің нәтижесінде халық ұрпағының үздіксіз жаңару процесін айтады. Халықтың ұдайы өсіп- өнуі үш типке бөлінеді. Ұлғаймалы ұдайы өсіп-өнуде туу саны өлу санынан жоғары, жай ұдайы өсіп - өнуде туу мен өлу тең, өсім жоқ, кішіреймелі өсіп - өнуде туу өлуден төмен, халықтың абсолюттік саны кемиді. Халықтың ұдайы өсіп- өнуінің тек қана демографиялық емес, экономикалық және әлеуметтік аспектілері бар. Ол еңбек ресурстарының қалыптасуын, аймақты игеру, өндіргіш күштер жағдайын, әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуын анықтайды. Халық және еңбек ресурстарының сандық және сапалық параметрлері бар. Демографиялық процестерді талдау, бағалау, еңбек ресурстарын басқару стратегиясын жасауға қажетті.
Халықтың ұдайы өсіп - өнуін сипаттау үшін туу, өлу және табиғи өсу көрсеткіштері пайдалынылады. Туу мен өлу 1000 адамға есептеледі және коэффициенттер жүйесі, кестелер көмегімен өлшенеді.
(1)
(2)
Кт және Кө - туу және өлу коэффициенттері;
Т - бір жылдың ішінде туғандар саны;
Ө - бір жылдың ішінде өлгендер саны;
Хс- халықтың орташа саны.
Туу мен өлу санының айырмасы оң болған жағдайы табиғи өсім деп аталады. Халықтың орташа саны жылдың ортасына, орташа арифметикалық саны ретінде жылдың басы мен соңына немесе халықтың жыл басындағы санына оның өсімінің жартысын қосумен анықталады [3] .
Кесте 1.
Қазақстан Республикасы халқының саны мен табиғи қозғалысы
1. Жыл басындағы тұрақты халықтың саны, мың адам
2. Халықтың 1000 адамға шаққанда, адам
а) туғандар саны
ә) өлгендер саны
б) табиғи өсім (+)
15219, 3
18, 42
10, 37
8, 05
15396, 9
19, 71
10, 27
9, 44
15565, 6
20, 47
10, 27
10, 20
Кесте мәліметтері Қазақстан Республикасы халқының саны, табиғи қозғалысын көрсетеді, онда туғандар саны көбейіп, өлгендер санының кемуін және миграция халықтың жалпы санының қосылғанын көрсетеді.
Халықтың саны, оның өзгеру қарқыны, елдің тарихи және әлеуметтік - экономикалық даму байланысынан тыс, ешнәрсенің айғағы бола алмайды. Мысалы, халық саны өсу қарқынының жоғарлығы, барлық жағдайда жақсылық, ал төмендеуі жамандық деп айтуға болмайды. Халықтың әлеуметтік - экономикалық тұрмыс жағдайын, қоғамның даму деңгейін, басқа да құбылыстар мен көріністерді талдау қажет. Табиғи ресурстардың шегі болған жағдайда, бақылаусыз халық санының өсуі, олардың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне соқтырады. Халық санының кемуі, экономиканың ілгері басу мүмкіншіліктерін төмендететін қолайсыз саяси және әлеуметтік экономикалық жағдай.
Кесте 2.
Қазақстан Республикасының халқын жасы және жынысы бойынша бөлу (жыл басына)
Барлық халық саны, мың адам
Оның ішінде мына жастағылары, жасы:
Кесте мәліметтеріне сүйенсек, кейінгі он жыл ішінде 9 жасқа дейінгі балалардың, 20-60 жасқа дейінгі халықтың үлесі артқанын және 10-19 бен 60 жастан асқан адамдар үлесінің азайғанын көреміз. Бүндағы маңызды мәселе - халықтың санын болжамдау.
Болжамдық есептер халық санының болжалды өзгеруін анықтауға, демографиялық жағдайды бағалауға бөлек аймақтардағы, жалпы елдегі еңбек ресурстарын анықтауға, олардың білімдік және кәсіби біліктілік деңгейлерінің өзгеруін, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін әлеуметтік - экономикалық және экономикалық факторларды қадағалауға мүмкіншілік береді. Келешектегі халық санын анықтауда ретроспективті экстополяция әдісі, тым ұзақ жылдарға - жасына қарай қайта ауыстыру әдісі қолданылады.
Сонымен қатар халық, сандық бағалаудан басқа әр түрлі сапалық көрсеткіштермен сипатталады. Оларға: білім деңгейі, кәсіби біліктілік құрылымы, халықтың деңсаулығы, мәдениет деңгейі, жыныстық, жастық құрамы, өмір сүру ұзақтығы, ой және дене еңбегімен айналысатындардың арақатынасы, материалдық өндіріс пен өндіріс емес ортада еңбекпен қамтылғандар құрылым, көші - қон көрсеткіштері, ұлттық этникалық құрылым жатады.
Кесте 3.
Қазақстан халқының әр жылдардағы саны және оның жастық құрылымы
Кесте мәліметтері еңбекке қабілетті жасқа дейінгі жас халық үлесінің қысқаруын, ал еңбекке қабілетті адам үлесінің ұлғаюын көрсетеді.
«Еңбек ресурстары» түсінігін анықтауда, біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөлінеді [3] :
- еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар (туғаннан 16 -ға дейін) ;
- еңбекке жарамды жастағы адамдар;
- еңбекке жарамды жағары, яғни зейнеткерлер.
Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттілігіне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. Былайша айтқанда, еңбек жасындағы адамдардың еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, мысалы, 1-ші 2-ші топтағы мүгедектерді айтуға болады және еңбек жасында емес, бірақ еңбек істеп жүрген топ, мәселен, еңбек ететін зейнеткерлер мен жас өспірімдер.
Осы жағттарды ескерсек, еңбек ресурстарына мыналар жатады:
- еңбекке жарамды жастағы адамдар, 1 - ші, 2 - ші топтағы мүгедектер мен жеңілдік жағдайда зейнет ақы алатын еңбек етпейтін адамдардан басқасы;
- зейнет жасындағы еңбек етуші адамдар;
- еңбек етуші өспірімдер.
Нарықтық экономика халықаралық еңбек ұйымы ұсынған әрі халықаралық парктиада қабылданған еңбек ресурстарын есепке алудың басқаша түріне ауысуының қажеттілігін талап етті.
Халықаралық еңбек ұйымының жіктеу жүйесіне сәйкес халық экономикалық белсенді, экономикалық белсенді емес болып бөлінеді.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық - тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі үшін жұмысшы күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына еңбекпен қамтылған және жұмыссыздар, жұмыс іздеуші, еңбек етуге дайын адамдар кіреді.
Экономикалық белсенді емес халық - еңбек ресурстарына кірмейтідер, оларға жататындар:
а) оқушылар, жасына және жеңілдік жағдайға байланысты зейнетақы алатын;
ә) зейнеткерлер, жасына және женілдік жағдайға байланысты зейнетақы алатын;
б) зейнетақы алатын мүгедек адамдар;
в) үй шаруашылығымен айналыстын, бала және ауру туыстарын бағатын адамдар;
г) жұмыс ісдеп шаршаған, жұмыс іздеуді тоқтақан адамдар;
д) табысына байланыссыз еңбек етудің қажеттілігі жоқ басқа да адамдар.
Жұмыспен қамтылған халық деп жұмыспен қамтылуына қарай жалданып жұмыс істейтін немесе өз бетінше жұмыспен айналысатын қызметкерлерге жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар.
Ал жалдамалы қызметкерлер дегеніміз - айлықақы, сыйлықақы, үстеме және т. б., немесе заттай нысанда ақы төлеу көзделген жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар. Өз бетінше жұмыспен айналысу - бұл сыйақы мөлшері тауар өндіру (өткізу) және қызмет көрсетуден алынатын табысқа тікелей тәуелді боатын жұмыспен қамтылу.
Ал жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз, оны іздеумен белсенді айналысатын, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кіруге әзір адамдар. Еңбек ресурстар құрылымы жан - жақты. Ол еңбек ресурстарын барлық жағынан сипаттайтын бөлімдерден құралады. Еңбек ресурстары құрамымының кейбір элементтерін қарап көрелік.
Сурет 1. Еңбек ресурстарының құрылымы
Еңбек ресурстарының жыныстық құрлылымы. Бұл көрсеткіштің кәсіби - салалық және ауқымдық бөлімдерде еңбекті қолдану ортасында тиімді жұмыспен қамтылу үшін ерекше маңызы бар және де қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін ерлер мен әйелдердің сандық арақатынасын білу арқылы анықталады. Еңбек ресурстарының жыныстық құрылымы республика ауқымдары және еңбекпен қамту сферасы бойынша бөлінеді.
Республикада еңбек ресурстарының құрамында әйелдерге қарағанда ерлердің үлесі жоғары. Өйткені әйелдер зейнет демалысқа ерлерден бас жыл бұрын шығады. Бірақ ерлер арасында өлім санының көбеюіне байланысты бұл көрсеткіш өзгеріп отырады.
Еңбек ресурстарының білім денгейі.
Бұл көрсеткіш оқушылар мен студенттердің санымен, жоғары білімді мамандардың үлес салмағымен, оқу мерзімінің орташа ұзақтылығымен анықталады. Білім деңгейі халықтың алған білімне байланысты топтарға бөлінеді, салауаттылық пайызы, оқу мерзімінің ұзақтығы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Жоғарғы білім жүйесіндегі кәсіптік дайындау бағыты зияткерлік әлеуметтің сапасы туралы маңызды мәлімет береді. Қазір оның құрылымы біздің елімізде және Батыста едәуір айрықша.
Дамыған елдермен салыстырғанда бізде білім саласының мамандары және инженерлер көп дайындалатынын, ал медицина және гуманитарлық мамандар дайындау жағынан едәуір кейінде екендігімізді көрсетеді.
Еңбек ресурстарының сандық өзгеруі келесі көрсеткіштермен сипатталады, еңбек ресурстарының абсолюттік өсімі, өсу қарқыны, өсім қарақыны.
Абсолюттік өсім еңбек ресурстарының кезең басындағы және сонындағы санының айырмасымен анықталады.
Өсу қарқыны еңбек ресурстары санының кезең соңындағы және басындағы арақатынасымен есептеледі.
Егер де бірнеше жылдар аралығындағы өсу қарыны қарастырылса, онда орташа жылдық қарқыны келесі формуламен орташа геометриялық жолмен анықталады.
(3)
Т жк - жылдық орташа өсу қарқыны;
n - жылдар саны;
R C - кезеңнің соңындағы еңбек ресурстары;
R Б - кезеңнің басындағы еңбек ресурстары.
Өсім қарқыны мына формуламен есептеледі:
(4)
Еңбек әлеуеті - ол ресурстық санат, ол «әлеует» түсінігінің анықтамасына сәйкес еңбек көзінің ресурстары, құралдары, мемелекеттің, қоғамның, жеке адамның белгілі аяда мүмкіншіліктерін қамтамасыз етуге, белгілі мақсатқа жетуге, кейбір міндеттерді шешуге қолданылады. Ал кәсіпорынның еңбек әлеуеті - ол адамдардың мүмкіншілікті шамаларының шегі, өндіріске қатысатын кәсіби білім және жиналған тәжірибе деңгейі, онда олардың психофизиологиялық ерекшеліктері қоса есептеледі [3] .
Кәсіпорынның еңбектік әлеуетіне жатады: бірнеше жыныстық-жастық жұмыс топтары, әр түрлі әлеуеттік мүмкіншіліктері бар, таңдап алған мамандықтары бойынша жұмыс сатждары, білімдері, кәсіби сапалы біліктілік деңгейі бар. Ол ұйымдастырушылық және техникалық факторлардың әсерімен қалыптасады, өйткені әрбір кәсіпорын өзінің мамандану бағытын ескеріп соған сай өндіріс процесін жүргізу негізінде қажетті құралдармен жабдықталады.
Әлеует шамасын және пайдалануын анықтағанда, ең маңыздысы өлшем көрсеткішін дүрыс таңдау. Көлемнің басты көрсеткіші ретінде адамдар саны алынып, қолданылады, ал пайдалану көрсеткіші адам / жыл. Жұмыскерлердің орташа тізім саны айымалы көрсеткіш боландықтан, ол әлеует шамасын бағалағанда эталон бола алмайды, сондықтан динамиканы талдағанда, оны тек түзетуші коэффициенттермен қолдануға болады. Коэффициенттерді есептеу тым ауыр, сол себептен жаңа көлем көрсеткішін іздеген жөн.
Бірқатар ғалымдар көлем көрсеткіштері ретінде адам / сағатты қолдануды ұсынады, ол тұрқты және динамиканы дұрыс көрсетеді, тек жұмыс күндер саны бойынша толықтыруды талап етеді (әр кезеңдермен салытырғанда) .
Еңбек әлеуетінің көлем көрсеткіші ретінде адам/сағат қолданылатынын көптеген экономисттердің жүргізген зерттеулері жеткілікті түрде дәлелдейді. Ол тұрақты және барлық экономикалық есептерде кез келген деңгейде қолданылу мүмкіншілігі бар.
Өндірістік ұжымының әлеуеттік жиынтық жұмыс уақытының қоры күнтізбелік уақыт қоры мен резерв құрастырушы емес, яғни бұнда жұмыс - істелмеген уақыттар, үзілістер айырмасына тең. Резерв құрастырушы емес уақытқа үзілістер мен жұмыс істелмейтін күндер, белгіленген уақыт шығыны, экономикалық құқықтылық мәні бойынша қажет, бірақ та жұмыс уақытын ұзарту резерві бола алмайтындар жатады. Резерв құрастырушы емес уақытқа демалыс күндер, мейрам күндері тағы қосымша демалыс күндері жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz