Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ.КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ.КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.1 Экономикалық білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың
мәні және педагогикалық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
2.2 Экономикалық білім беруде қолданылатын инновациялық
технологиялардың озық үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Тиімді инновациялық технологиялар арқылы экономикалық білім
беру үрдісінің дамуын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ.КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.1 Экономикалық білім беруде инновациялық технологиялық
әдістемелерді қолдану тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.2 Экономикалық білім беру барысында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой.өрісін дамыту ... 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

ҚОСЫМША А . Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және
мазмұндық нобайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
ҚОСЫМША Б . Жаңа педагогикалық технологиялар.болашақ мұғалімдердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі ... ... ... ... ... ... ... .69
ҚОСЫМША В . Экономикалық білім беруде дамыта оқыту технологиясын
пайдаланудың артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
ҚОСЫМША Г . Модульдік технологияның жалпы сипаттмасы ... ... ... ... ... ... .71
КІРІСПЕ

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын талап етеді. Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, оқушының табиғи дарындарын пайдалана отырып, өз бетінше білім алудың негізін салу болып табылады.
Экономикалық сабақтарда оқушының шығармашылық қабілеті есеп шығара білуден басталады. Ал оқушыға тиімді білім беру үшін қазіргі кезде сабақта жаңа технологиялардың түрлерін қолдану оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жүмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда экономикалық білім беруде - өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі сол, мұнда қазіргі заманғы инновациялық-компьютерлік технологияларды экономикалық білім беру барысында қолдану жолдары қарастырылған. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі инновациялық-компьютерлік технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.
Жұмыстың мақсаты – экономикалық білім беруде инновациялық-компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық алғышарттарын қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасына тоқталу;
- экономикалық білімді инновациялық технологияларды пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін айқындау;
- экономикалық білімді арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- экономикалық білімді арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын ұсыну;
- экономикалық білім беруде қазіргі заман технологияларын пайдаланудың озық үлгілерінің жалпы сипаттамасын ұсыну;
- жоғарғы оқу орындарында қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологияларын экономикалық білім беруде қолдану тәжірибесін талдау;
- экономикалық білім беруде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын қарастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 К.М.Беркімбаев, Л.К.Керимов. Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, 2008. 68-76б
2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың құрылымдық-логикасы: «Шоқан тағлымы-12» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.- Көкшетау, 2007.- І том.- 340-342б.
3 Жаңа педагогикалық технологиялар- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы //Ізденіс.- Алматы, 2007.- №4. 13-21 бет
4 Педагогикалық технология болашақ мұғалімдердің білім сапасын арттырудың құралы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Тараз.- І том.- 2007.- 173-177б.
5 Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану маңызы //Білім беру.- Алматы, 2007.- №5. 19-26 бет
6 Левина М.М. Технологи профессионального педагогического образования – М: Знание. 2001 -с. 51-90.
7 Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесінде қолдану принциптері// Хабаршы.- Түркістан, 2008.-№3. 63-67 бет
8 Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Павлодар, 2008.- І том. 141-146 бет.
9 Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет
10 Экономикалық білім берудіңпедагогикалық технологиялары. Оқу әдістемелік құрал. Шымкент. 2006. 82б.
11 Ақпараттық-компьютерлік технологиялар негізінде экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері. Әль-Фараби ат. ҚҰУ, Хабаршы журналы, педагогикалық ғылымдар сериясы, №3 (22), Алматы, 2007. 112-114 б.(К.М.Беркімбаев, Ж.Ахметовамен бірлестікте).
12 Экономикалық білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. // Білім-Образования. 2007. №4, 101-103 б.(К.М.Беркимбаевпен бірлестікте)
13 Жастардың экономикалық білімін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелер. «М.Әуезов-жаңа дәуір данышпаны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент. 2007. 199-202 бет.
14 Студенттерге экономикалық білім берудегі инновациялық мәселелер. //Білім берудегі менеджмент . Алматы, 2007. 61-63 б.
15 Современные инновации образовательных технологии. Материалы междун. конф. Чехословакия: Прага 2008. С. 87-90.(соавторстве Л.Бектурганова, К.Ешанкулова)
16 Жоғарғы оқу орындарындағы инновациялық білім беру технологиясы туралы. // Білім берудегі менеджмент. 2008. №3 78-80 б.
17 Жүйелі оқытуды жеделдету - инновациялық технология. «Жас ғалымдардың қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу проблемалары және оларды шешу мәселелері» атты жас ғалымдардың конференциялық материалдары, Астана, 2008. 52-55 б. (Ә.Ә.Жолдасбековпен бірлестікте)
18 Инновациялық техноогияларды қолданудағы ізгілендіру принциптері. Халықаралық конференция. Шымкент.2009ж.104-106 б.
19 Аяғанова Л. Жаңа технологиялар сабақта. «Бастауыш мектеп» - 2003 - №4. 21-24 б.
20 Әбдікәрімұлы Б. Мәлібеков М. «Білім берудегі педагогикалық технологиялар». Ізденіс – Поиск – 2003 - №2 200 - 203 бет.
21 Әнуар Ж. Оқытудағы жаңа технологияларын оқыту үрдісіне «21 ғасыр мектебі» - 2003. - № 2. - 6-7 бет.
22 Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерек шеліктері «Бастауыш мектеп» - 2000. -№8,9 – 3-6 бет.
23 Медетбекова Н.Н. Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Алматы, 2010ж.
24 Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 48-62б.
25 Дидактикалық ойындарды математика сабағында пайдаланудың әдістемесі //М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент 2009. (Оқу–әдістемелік құрал) 15-26 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 
 
Тақырыбы: Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы
экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары

 
5В011500 - Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Инновациялық-компьютерлік технологияларды қолданудың теориялық
әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
1.1 Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың жалпы

сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2 экономикалық білім беруде Инновациялық-компьютерлік технологияны
қолданудың педагогикалық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Экономикалық білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың
мәні және педагогикалық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2.2 Экономикалық білім беруде қолданылатын инновациялық
технологиялардың озық
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
2.3 Тиімді инновациялық технологиялар арқылы экономикалық білім
беру үрдісінің дамуын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 47

3 Инновациялық-компьютерлік технологияларды экономикалық білім беруде
қолдану тәжірибесінің мәселелері мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.1 Экономикалық білім беруде инновациялық технологиялық
әдістемелерді қолдану
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 51
3.2 Экономикалық білім беру барысында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту ... 54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...66

Қосымша А - Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және
мазмұндық
нобайы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.68
Қосымша Б - Жаңа педагогикалық технологиялар-болашақ мұғалімдердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
моделі ... ... ... ... ... ... ... . 69
Қосымша В - Экономикалық білім беруде дамыта оқыту технологиясын
пайдаланудың
артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...70
Қосымша Г - Модульдік технологияның жалпы
сипаттмасы ... ... ... ... ... ... . 71

Кіріспе

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар
қолданудың маңызы зор.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы
және терең білімнің, іскерліктің болуын талап етеді. Оқушының белсенді
шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет
етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы
педагогикалық әдістермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, оқушының табиғи
дарындарын пайдалана отырып, өз бетінше білім алудың негізін салу болып
табылады.
Экономикалық сабақтарда оқушының шығармашылық қабілеті есеп шығара
білуден басталады. Ал оқушыға тиімді білім беру үшін қазіргі кезде сабақта
жаңа технологиялардың түрлерін қолдану оқушылардың мүмкіндіктері мен
талаптарын жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып
отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында
жақсы жүмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық
қабілеттерін арттырады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда экономикалық білім беруде - өз бетімен
жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға
айналып отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі сол, мұнда қазіргі заманғы инновациялық-
компьютерлік технологияларды экономикалық білім беру барысында қолдану
жолдары қарастырылған. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны
оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың
маңызы зор. Қазіргі инновациялық-компьютерлік технология ұғымы іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен,
оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу
процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп
түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге
жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді
және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым
емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-
қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді.
Жұмыстың мақсаты – экономикалық білім беруде инновациялық-
компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық алғышарттарын қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасына
тоқталу;
- экономикалық білімді инновациялық технологияларды пайдалана отырып
арттырудың теориялық негізін айқындау;
- экономикалық білімді арттырудағы инновациялық технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- экономикалық білімді арттыру мақсатындағы инновациялық
технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын ұсыну;
- экономикалық білім беруде қазіргі заман технологияларын пайдаланудың
озық үлгілерінің жалпы сипаттамасын ұсыну;
- жоғарғы оқу орындарында қолданылып жүрген оқытудың қазіргі
технологияларын экономикалық білім беруде қолдану тәжірибесін талдау;
- экономикалық білім беруде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын
қарастыру.
Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде, отандық
Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Ш.Т.Таубаева еңбектерін
атауға болады.
Инновациялық-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және өзіндік
ерекшеліктерін П.И.Пидкасистый, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова,
Я.А.Пономарев, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман секілді біршама шет елдік ғалымдар
зерттеген.
Соңғы жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық инновация мәселесіне
ерекше мән беріп (Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, Қ.Құдайбергенова,
С.Н.Лактионова, Р.Р.Масырова, Қ.М.Нағымжанова С.А.Көшімбетова және т.б.)
еңбектерінде әсіресе оқу-тәрбие процеестерде оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін пайдалану туралы қарастырған.
Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық
ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты
процесстер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары,
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім
беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және
ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқыту
үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен отандық ғалымдар:
Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева,
Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде
қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін
нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде.
ТМД елдерінің оқыту жүйесінде кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалай
оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген ғалымдар: Д.Дьюри мен
В.Килпатрик болатын. 1) Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов,
В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың
теориялық зерттеулерінің нәтижесінде; 2) Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова,
В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде
енгізілгені анықталуда.
Зерттеу объектісі – экономикалық білім берудің қазіргі заманғы
инновациялық-компьютерлік технологиялары.
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ, бүгінгі күні мектептегі оқу
пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің
бірі – экономика. Экономиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық
жетістіктерін экономикалық білім беруде қолдану арқылы танымдылық іс-
әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын
алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы
программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше
ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс
істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен
өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген, яғни
экономикалық білім беруде оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын
дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, есептер шыңғару
шеберліктерін жетілдіруге көмектесетін оқыту технологияларын пайдалану
жолдары мен олардың қолданыстағы озық үлгілеріне сипаттама беру. Сонымен
қатар жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға
қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану
мәселелерін шешу көзделген.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы сол жұмыс
экономикалық білім беруде сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа
ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз
бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік
дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы
шығармашылықтарын дамыту жолдарын қарастырады.
Зерттелу деңгейіне келер болсақ, экономикалық білім беруде
инновациялық-компьютерлік жаңа технологияларды пайдалану мәселесі зерттелу
үстінде және күннен-күнге толықтырылуда.
Диплом жұмысының жазылуының практикалық базасы экономикалық білім
беруде қолданылатын инновациялық-компьютерлік жаңа технологиялардың
тәжірибедегі озық үлгілері.
Жұмыс құрылымы диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 Инновациялық-компьютерлік технологияларды қолданудың теориялық
әдістемелік негізі

1.1 Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың жалпы
сипаттамасы

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, мектептегі
білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта
құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл
педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз
арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу
үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың
тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің
теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық
ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық
технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас
технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік
технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы
түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор технология
дегеніміз не? - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға
өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру
жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы
анықтама жоқ. [1]
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және
деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын
қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми
орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл
білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру,
қаржыландыру, мониторинг және т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім
беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес.
Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды
тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған
үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп
атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы
жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын,
нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен
нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі
жүргізуге көмектеседі. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:

Сурет 1. Педагогикалық технология

Педагогикалық технология төмендегідей бөліктерден құралады:
- диогностикалық жолмен мақсат қою деңгейін және оқушылардың білімді
меңгеру сапасын, дамыту дәрежесін, тәрбиелік деңгейін обьективті түрде
анықтау, бақылау;
- мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою;
- жеке тұлғаны тұтас дамыту.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің
даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау
арқылы іске асырылады. [2]
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін
барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу
мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың
жаңа технологияларын жасауды көздейді (Қосымша А).
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-
бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі
жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа
мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті – тұлғаның өзіндік даму
тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму – бұл ішкі және сыртқы әлеммен
байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы
икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік
талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір
студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға
мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ
мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық
технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, оқушыларды тұлғалы-бағдарлы
оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;
- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа
білім, талаптар ұсыну;
- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және
оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. [3]
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру оқытушылардан да, оқушылардан да осы
әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы
зерттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғақтайды. Біз осының барлығын
және модель құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы
жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес жаңа педагогикалық
технологиялар болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштері,
деңгейлер қарастырылады (Қосымша Б).
Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып
(психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-тәжірибелік зерттеулерге
теориялық талдау; педагогикалық оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің
барысын бақылау; мұғалімдер мен студенттер арасында сауалнамалар жүргізу;
болашақ мұғалімдер қызметінің нәтижелілігін талдау; мұғалімдер мен
студенттердің өзін-өзі бағалауы, сұрақ-жауап), сандық және сапалық жағынан
талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл моделдің құрамын
анықтауды, біз болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейлерін бағалап,
сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін
жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырдық.
Жаңа педагогикалық технологиялар - болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру моделін педагог біліктілігі берілген маман
сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және
психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі
педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек
қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер
алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: Технология – бұл қандай да болсын
істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе, Б.Т. Лихачев
педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер
ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты
педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір
жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті
өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі
түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылым дейді. [4]
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту
үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара
әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып
меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин Педагогикалық
технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын
барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы
және жұмыс істеу реті, - деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университетінің докторанты Ш.Т. Таубаева және Атырау университетінің
докторанты Б.Т. Барсайдың пікірлерінше, педагогикалық үрдіс технологиясы
дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің
қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес
анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының,
дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің
жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға
ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты
ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі
болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне,
жинақтылығынаұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре
тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-
тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың
үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды
құрамдас бөлігі (компоненті). [5]
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын,
нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму
болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы
білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің
әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы
мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі
де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруы болып отыр.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды
қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім
жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие
үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ
беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт
берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі
әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік
тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.
Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл
бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің
өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға
болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық
мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды
білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға
болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі
деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма
беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар,
ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы
тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік – компетенттік
тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға
тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика
жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға
өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы
оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны
жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға
мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде
де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім
алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс
атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал
етеді. [6]
Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың
қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды
меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған
жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі,
математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі
тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту
технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта
оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте
жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы
(В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың
компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру,
сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету,
проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема,
тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру,
үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – оза оқыту
(С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту,
деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және
жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырып – қарқынды
оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.), блоктық-модульдық
технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.[7]
Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның
бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-
әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру
арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті
тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекетті
оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері
ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып,
өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне,
топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге,
адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне,
ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті
шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта оқушылардың оқу
біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің
сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру,
сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.
Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында
болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын,
ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз
халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық
қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған,
толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ
өз тілегін,өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім –
тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе
жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық
енгізуде шешуші рөл атқарады.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.
Ғалым педагог Л.В.Занков: Оқыту – оқушының рухани дамуын қамтамасыз
етуі қажет, - дейді. [7]
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады, - деп тұжырымдайды. [7]
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен
танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын
толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары
талап қоюды қажет етеді.
Әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие
мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндерін, оқушылардың белсенділігі
мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндерін іріктеп алуға байланысты.

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде
болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы
жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі
шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда
табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра
түспек. [8]
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып
төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
• мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым
тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
• мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете
біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
• мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
• мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана
білуі.
• мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар
түрінде топтай білуі.
• балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек
конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
• сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі
қызықты элементтерді пайдалану.
• әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі
шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін
табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: Елдің өзегі білік, кілті
– тіл, қадір қасиеті – кісілік деген екен.[8] Ойлап отырсақ, осы
тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен,
өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік
ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін біздерге, педагогтарға арнап
айтқандай сезіледі.
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және
экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарға компетентті тұлға
ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын
пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай
оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы
арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай
оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

1.2 Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану
ерекшеліктері

Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі —
маңызды мәселелердің бірі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен
сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі
инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді .
Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. [1]
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық,
жаңарту дегенді білдіреді немесе "инновация" — бұл нақты қойылған
мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-
тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген
мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің
нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже -
жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану,
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ
уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс,
жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың
еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның
түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп
айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген
идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі
кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,
тарату мәселесін қарастырады. [2]
Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық
технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер
бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа
технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту
кезеңдері арқылы іске асады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік
тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін
қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін
жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.[3]
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті
адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының
барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес,
мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы
білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.
Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші
болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға
ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі
жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан,
инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру
мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері
болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда
болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар
себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі,
мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары
сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі
жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады.
Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары
жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. [4]
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр,
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз
өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта
құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.
Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.
Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің
нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар.
Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық
дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім
берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай,
қажетті шарттары да болып табылады.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген
инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының
прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік
әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден
құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән
дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол
қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше
ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі
екенін де айтуымыз керек.
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты
көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және
қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан
біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып
отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз . Білім беру жүйесінде
инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде,
күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. [5]
Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған
деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның
негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір
маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа
салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы
және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы
сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты
шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар
бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып
табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың,
сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және
мазмұнын да жаңалыққа жетелейді.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса
мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру
барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық
әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар
аударылуда.
Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп
отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан
туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен
оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста
дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының"
басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен
қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім
кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып
отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық
жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім
алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында
көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші
мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы
өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік
жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық
жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан
туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат — мазмұн — форма — әдіс — оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа
технология бойынша оқып үйрену — меңгеру — өмірге ендіру — дамыту болып
өзгерген.
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның
тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін
қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан
болашаққа нақты ұсыныс керек.
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне
жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық
технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология
– бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы
деген ұғымды білдіреді.
Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік
ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек.
Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту
үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім. Кәсіби шеберлік
ІІ – бөлім. Біліктілік дағдылары
ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы –
оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін
қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау
кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен
сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке
айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык
ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.
Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда,
олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың,
құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.
Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды,
көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен
айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау
қабілетін арттырады. [7]
Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке
аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі
психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы
әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқу ойындарын
қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
• ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
• ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
• ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және
қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім
қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
• ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі
белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің
қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың
маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын
іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі
қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу
технологиясы 3 кезеңнен тұрады. I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру,
оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті
материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау,
пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау,
талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
(әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу
керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми
сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда
ұйымдастырылуын ойластырған абзал.
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,
осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.
Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз
ісіне мұқияттылықты талап етеді.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал
білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мен де өз әріптестеріммен қатар оқушы оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз
үлесімді қосып келемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін
белсенді ету - басты мақсатым.
Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-
әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
1. Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
2. Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
4. Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
5. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы
жаңалықтарымен таныстырып отыру.
6. Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
7. Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін
бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын
бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды,
нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе
жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының
сөзінен, тұжырымынан байқауға болады
Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп
санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану,
танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Ұстаздық
тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс –тәсілдерін қолданудан сабақтың
тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім.
Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Сондықтанда жер
бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник, интернет
арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады.

2 экономикалық білім беруде Инновациялық-компьютерлік технологияны
қолданудың педагогикалық алғышарттары

2.1 Экономикалық білім беруде инновациялық технологияларды
қолданудың мәні және педагогикалық алғышарттары

Қазіргі педагогикалық теорияда экономикалық білім берудің ғылыми
негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас
анықтауға зерттеушілер ұмтылуда.
Педагогикалық әдебиеттерде экономикалық білім берудің мазмұнын
айқындауға және экономикалық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы
ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып,
экономикалық білім берудің мақсаты - жас жеткіншектерге экономикалық
қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының
негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары
экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей
етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру,
пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың
экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы
арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды,
адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға
пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-
қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен,
экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын
қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер
енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру,
өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты
жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьщтан барлық
халық ппіруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің
тиімділігіне байланысты.
Сонымен, экономикалық білім берудің мазмұны мен міндеттерін зерттеуді
қарастырудан туындаған тұжырым, экономикалық білім беруде мынадай басты
ұстанымдарды ескеру қажет. Олар:
1. Экономикалық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз
жүргізу.
2. Оқу процесінде экономикалық білім беруде инновациялық
технологияларды пайдалану.
3. Экономикалық оқу материалдарын әлемдік, ұлттық және өлкелік өзіндік
мәселелерін ұғындырып түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу.
4. Студенттердің экономикалық білімін арттырудағы ғылыми-практикалық
іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен ұштасуы тиіс.
Жаңа оқу пәндерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҰСЫНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Оқушылардың MS Access программасының мүмкіндіктерімен танысып, оны компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Педагогикалық технологияларды меңгеру
Пәндер