Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты»
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Дипломдық жұмыс
050115 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы
Арқалық 2010 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты»
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
050115 - «Құқық және экономика негіздері»
Арқалық 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі жағдайын талдау . . . 7
1. 1 Қазақстанның өнеркәсіп аймақтарының қалыптасуы . . . 7
1. 2 Қазақстан өнеркәсібінің 2005-2007 жылдардағы жағдайын талдау . . . 16
1. 3 Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі әлеуеті және 2008-2009 жылдары іске
қосылған жобалар . . . 28
2 Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі
бағыттары . . . 34
2. 1 Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру: мүмкіндіктеріміз бен
басымдықтарымыз . . . 34
2. 2 Қазақстан өнеркәсібін әртараптандырудың негізгі бағыттары мен
стратегиялық мақсаттары . . . 42
2. 3 Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың негізгі құралы - “Индустрияландыру
картасы” . . . 45
3 Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру мен жаңартудағы негізгі
мәселелер және оны дамыту перспективалары . . . 50
3. 1 Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың алда тұрған міндеттері және
оларды шешу жолдары . . . 50
3. 2 Қазақстан өнеркәсібін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған
стратегиялық даму жоспары . . . 61
Қорытынды . . . 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76
Қосымшалар . . . 78
Кіріспе
Бүгінгі күні әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстанның экономикалық моделі турбуленттік кезеңнен табысты өте отырып, өзінің тиімділігін, тұрақтылығын және өміршеңдігін көрсетті. Енді біздің экономика өз дамуының дағдарыстан кейінгі кезеңіне көшуде.
Қазақстан дағдарыстан кейінгі жағдайда өз экономикасын индустриялық-технологиялық тұрғыдан дамытуды көздеп отыр.
Бүгінде дағдарыс бәрін өз орнына қойып шықты. Сондықтан да қазір жаңа уақыт туып келеді, әлемдік экономикалық жүйе өзгеруде, қателіктер құны қауырт өсуде, барлық бағыттардағы бәсекелестік күшейе түсуде. Дағдарыс экономиканы әртараптандыруға баламаның жоқ екенін нақты көрсетіп берді.
2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап “Қазақстан-2030” Стратегиясының аясында біз индустриялық-инновациялық жедел даму бесжылдығын бастаймыз.
Бұл әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландыру емес, инновациялық индустрияландыру болмақ. Біздің индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс. Қазақстанды инновациялық индустрияландыру міндеттерін орындау үшін біз өзіміздің нақты мүмкіндіктерімізді негізге алуға тиіспіз. Кәсіпорындардың тауарлары бір жерлерде сатылуы, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Және де біз сыртқы рыноктарда немен тартымды болатынымызды ойластыруымыз керек.
Үкімет өз күш-жігерін мынадай жеті бағыттарға шоғырландырды: агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру; химия, фармацевтжәне қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік және телекоммуникациялар.
Мінекей бұл жеті бағыт Қазақстан өнеркәсібін тұтастай қамтиды. Сондықтанда бұл диплом жұмысының өзектілігі сол, еліміздегі қазіргі жүргізіліп отырған экономикалық ұстаныммен тікелей байланысты. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қазақстан өнеркәсібін әртараптандырудың негізгі бағыттары мен стратегиялық мақсаттары қарастырылады. Елдің орнықты экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілетін қамтамасыз ететін теңгерілген экономикалық құрылымға өтудің стратегиялық міндетін тек өнеркәсіпті белсенді түрде құрылымдық қайта құру және индустриялық дамуға жаңа сапа беру жолымен ғана шешуге болады. Сондықтан мемлекет өз күшін экономиканы одан әрі әртараптандыру және әлем шаруашылығы жүйесіне үйлесімді ықпалдасу үшін жағдай жасауға шоғырландырды. Бұл саясаттың негізгі құралы өңдеуші сектордың дамуын ілгерілету және осының негізінде бір жақты шикізаттық бағдарды бірті-бірте еңсеруге бағытталып отыр. Міне осындай жағдайлар бұл жұмыстың бүгінгі таңдағы өзектілігін анықтап отыр.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол - бұл жұмыста Қазақстан өнеркәсібіның бүгінгі мүмкіндіктері мен басымдықтары өнеркәсіпті әртараптандыру мен жаңартудың негізгі индикаторлары ретінде қарастырылады.
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген, яғни Қазақстан өнеркәсібін әртараптандырудың негізгі бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын айқындау, Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың негізгі құралы ретінде - “Индустрияландыру картасының” маңыздылығын ашу, Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың алда тұрған міндеттерін және оларды шешу жолдарын қарастыру, өнеркәсіпті белсенді түрде құрылымдық қайта құру мәселелерін қарастыру көзделген.
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар отандық индустрияның қарқынды дамуына ықпал етті. Ондаған жылдар бойы ел өнеркәсібі өсімнің орнықты үрдісін көрсетіп келеді. Соңғы жеті жыл ішінде өнеркәсіп салаларының орташа жылдық өсім қарқыны шамамен 9 пайызды құрады. Дағдарыс жағдайындағы ел өнеркәсібінің жағадайында өсу қарқыны көрінбейді. Өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқынының төмендеуі, құрылыс көлемінің қысқаруы және қызмет көрсетудің өсу қарқынының төмендеуіне байланысты 2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 1%-ға төмендеді. Кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқынының 2, 8%-ға дейін төмендеуіне және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің 4, 1%-ға қысқаруымен байланысты 2009 жылы өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқыны 0, 4%-ға төмендеді. Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі негізінен 2009 жылы мұнай өндіру көлемінің 7, 5%-ға артуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруы негізінен металлургия өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруымен байланысты болып отыр. 2008 жылдың аяғында басталған әлемдік сұраныс пен тұтынудың елеулі қысқаруына байланысты, қара металлургия өнімдерін өндіру 30%-ға дейін, түсті металлургия 2%-ға дейін төмендеді. Құрылыста 2009 жылы 2%-ға дейін төмендеді. 2009 жылы электр энергиясын өндiру 82 млрд. кВтсағ көлемінде болды.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- Қазақстан өнеркәсібінің жекелеген салалары бойынша аймақтық қалыптасуы мен даму жағдайын қарастыру;
- Қазақстан өнеркәсібінің ағымдағы жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан өнеркәсібін әртараптандырудың негізгі бағыттары мен стратегиялық мақсаттарына тоқталу;
- Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың негізгі құралы ретіндегі - “Индустрияландыру картасын” және ондағы басты бағыттарды айқындау;
- Қазақстан өнеркәсібін жаңартудың алда тұрған міндеттері және
оларды шешу жолдарын қарастыру;
- Қазақстан өнеркәсібін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын талдау.
Зерттелу объектісі - Қазақстан өнеркәсібі және оның негізгі салалары.
Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Жалпы бұл мәселе кеңестік және отандық оқулықтарда кең орын алды. Себебі, атты еңбектері, сонымен қатар отандық ғалымдар тобы: атты ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды, сондай-ақ, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауларында айқын көрініс тапқан.
Зерттеліп отырған ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығына келер болсақ, бұл ғылыми жұмыста еліміздегі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселе өнеркәсіпті әртараптандырудың негізгі бағыттары жан-жақты мазмұндалған, сондықтанда жоғары оқу орындарының, орта білім беретін оқу орындарының студенттері үшін ғылыми зерттеу тақырыптарына, үйірмелерде, конференцияларда пайдалануға болады.
Деректік база ретінде негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары мен негізгі индикаторлары туралы материалдары, сонымен қатар осы тақырыпты зерттеуші отандық ғалымдардың еңбектері, тақырыпқа қатысты монографиялары мен кітапшалары, оқулықтары, авторефераттары, баспасөз материалдары және мақалалар жинағы алынды.
Жұмыс құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысты жазу барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылды: монографиялық, талдау, конструктивтік-есептік, сызбалық және т. б.
1 Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі жағдайын талдау
1. 1 Қазақстанның өнеркәсіп аймақтарының қалыптасуы
Қазақстан өнеркәсібі өте сан алуан және орналасу жағынан белгілі-бір аймақтарға шоғырланған.
Қазақстан өзін отын-энергетикалық заттармен толық қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар респубикадан тыс жерлерге отындарды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Республикада отын-энергетикалық қорларды шығару оны пайдаланудан 15, 6 %-ке артық, қазып алынатын көмірдің 42%-і республикадан тыс жерлерге тасымалданады, бұл оны ішкі пайдаланудан 1, 5 есе көп. Мұндай шығару оны пайдаланудан 1, 4 есе мол. Республика көмір, мұнай, газ, су ресрустары, жаңғыш тақта тас ыстық су сияқты отын-энергетикалық қорларға ие. Мұнай, газ және көмірдің жалпы қоры 13, 0 млрд. тонна мұнай эквиаленті шамасында немесе бір адам басына шаққанда- 722 тонна мұнай эквивалентіне тең. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттердің алғашқы ондығына енді [1] .
Отын-энергетикалық қорлар республика территориясы бойынша біркелкі орналаспаған. Мысал, пайдаланатын көмір кенінің 100%-і Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда шығарылған мұнай және газ Батыс Қазақстанда, ал су қорының 90% -інен астамы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.
Қазақстанда көмір өнеркәсібінің тууы 19 ғасырдын ортасына жатад, 1855 жылы - Қарағанды, 1869 жылы - Ленгір, 1895 жылы - Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кіші -гірім көмір кен орындары да пайдаланылды. Қарағанды көмір бассейнінің маңызының өсуіне себеп: біріншіден, оған жақын жерде мол темір, марганец және жез рудаларының көздері ашылуы, сөйтіп металлургия, тау - химия және өнеркәсіптің басқа салаларының дамуына қолайлы жағдай тууы; екіншіден, Қарағандының оның өнімін пайдаланатын Оралға, Еділ бойына және Орта Азияға жақын орналасуы. Көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. тонна деп бағаланады және ол 300 шаршы км тығыз қабатта жатыр. Қарағанды көмір қорының 40% -і кокс шығаруға жарамды. Көмірдің құрамында күкірттің және фосфордың аздығы сапалы кокс өндіруге мүмкіншілік береді, ал бұл болса аз күкіртті және азфосфорлы шойын өндіруге өте маңызды.
Павлодар обылысында келешегі мол Екібастұз көмір кен орын орналасқан. 1925 жылдар кезінде бұл отын - энергетикалық аудан тоқтатылып қойылды, себебі КСРО алдында ол кезде басқа мәселелер тұрған, тек 1954 жылдары Екібастұз бассейні іске қосылды. Көмір қабатының қалыңдылығының 160 - 180 м жетуі, ал ұымды тау - геолгиялық жағдай кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік беруі бұл бассейннің бірегейлігін дәлелдейді.
Мұнай және газ өнеркәсібі - отын-энергетика кенінің бұл саласы екі тармаққа бөлінеді: Мұнай және газ шығару, мұнай және газ өндеу. Қазақстанда әсіресе мұнай және газ шығару саласы дамыған.
Қазақстан жерінде бірінші мұнай фонтанын 1889 жылы Қарашұңғыл барлау алқабы атты, кейін Доссор (1911 жылы) және Мақсат (1915 жылы) екі мұнай кәсіпорындары іске қосылды. Осы үш мұнай кен орындары республиканың батысында Атырау обылысында орналасқан. 1965 жылға дейін мұнай тек қана Ембі бассейнінде көптеген қуаты тапшы кен орындарында шығарлған. Бұлған себеп Ембі мұнайлы ауданның ұтымды географиялық орналасуы және мұнайдың жоғары сапалылығы [1] .
Қазақстанда жаңа мұнайлы аудандарды игеру ең маңызды шараларға айналды, ал барлау жұмыстарының мерзімінен және нәтижесінен көптеген халықшаруашылық мәселелердің шешілуі тәуелді болды. 60-шы жылдары геологиялық іздеу және барлау жұмыстарының бағыттарының, сондай -ақ көлемнің шұғылөзгеруіне байланысты мұнай шығыарудың дамуының жаңакезеңі туды. Егер да 1936 - 1940 ж. ж барлық бұрғылау жұмысының көлемі 421 мың млрд . болса, ал 1961 - 1965 ж. ж 926 мың млрд. жетті немесе 2, 2есе өсті, негізінен Маңғышлақ түбегінде жүргізілген барлау жұмыстары арқылы Маңғышлақта ірі мұнай кен шығару орындарын өнеркәсіптік іске қосу республикада мұнай өндеу өнеркәсібінің даму қарқынына және орналасуына айтарлықтай өзгеріс ендірді.
Қазақстан мұнай өнеркәсібінің екінші жолмен дамуы орасан зор инвестицияны және шетел капиталын тартуды қажет етеді. Осы себептен Атырау және Маңғыстау еркін экономикалық аймақтары ашылды, ал көмірсутектер шикізаттар шығаратын және өндейтін Қарашығанақ мұнай компаниясы, Тенгизшевройл сияқты ірі ортақ кәсіпорындары құрылды.
Космостан суретке түсіріп алу және жер бетіндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша, каспий теңізінің солтүстік жағалауында мұнайдың қоры 3 - 3, 5 млрд. тонна газдың қоры 2 - 2, 5 трлн. Куб м. Тең. Қазіргі уақытта республикада келесі өте ісі мұнай- газ кен орындары жұмыс істейді: Теңіз, Қарашығанақ, Өзен және тағы басқасы. Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан обылысында 1979 жылы ашылды, ол 450 шаршы км. Жерді алып жатқан, дүние жүзіндегі ең бір ірі кен орны. Қарашығанақтың қоры 21, 3, трлн. куб. метір газ 644млн. тонна гза конденсаты және 189 млн. тонна мұнай Қарашығанақтың көмірсутектер шикізаттары Орынбор қаласында өнделеді. Бұл кен орнының басты даму мәселесі шикізатты тасымалдау және өндеу, сонымен қатар Түркменстан, Ресей, Өзбекстандағы қалыптасқан кен орындарымен тұтынушылар үшін бәсекеге түсу. Маңғыстау облысында 1959 жылы Өзен кен орны ашылды, онда 1965 жылы мұнай шығару басталды, қордың көзі 1, 1 млрд. тлнна деп есептелінеді. Ақтау қаласының солтүстігіне қарай 300 км. Қашықтықта каспий теңізнің жағалауында «Арман» кен орны орналасқан. Қазіргі кезде осы кен орнында «Маңғыстаумұнайгаз», «Жарқын» акционерлік қоғамдар және «ОRІХ ЕNTRGY» американ компаниясы бірігіп «Арман» деген ортақ кәсіпорыны ашты. Бұлардын әрекет өрісі теңізді барлау және мұнай, газ шығару. Қажет инвестицияның көлемі 110 млн. АҚШ доллары тең [2] .
Қазақстанда мұнай өндеу өнеркәсібінің дамуы 1945 жылы Атырау мұнай өндейтін заводының іске қосылуымен басталды, ол 1959 жылға дейін Түркменстан және Азербайджаннан тасымалданған мұнайларды өндеді.
Қазақстанда мұнай өнімдерін, өндірісн өсіру Атырау МӨЗ қайта құру және кеңейтумен және 9-шы бесжылдықта Павлодар, Шымкент МӨЗ салуымен байланысты. Соңғы екі МӨЗ Тюмен мұнайын өндеуге бағытталған. Осыларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2 мың км. Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры салынды.
Маңызды отын-энергетикалық байлық болып газ саналады. Бірақ та республикада газ өнеркәсібі әзірше кеңінен дами алған жоқ. Қазіргі кезде республикада табиғи газдың болжау қорын барлау өте шамалы. Тек қана Батыс Қазақстанда табиғи газдың болжау қоры 5 трлн. куб. м. деп есептеледі. Қазақстанда жанар-шақпа тас Батыс Қазақстанда Чернозатон, Тоғай, Новошинов, Шығыс Қазақстанда Кендірлік кен орындарында ашылған. Кендірлік кен орнында жанар-шақпа тастың өндірістік қоры 175 млн. т. есептелінеді. Қазақстанда электроэнергетика базасы ХХ ғасырдың 30-шы жылдары құрыла бастады. Ресейді электрлендіру мемлекеттік комиссияның жоспарында Алматы төңіректерінде және Шығыс Қазақстанда бірнеше су электростанциялар салуға көңіл бөлінген. Әуелі шағын электр станциялары олардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін фабрика, заводтар, мұнай кәсіпорындарында және рудниктер жанында салынған. Электр энергиясын өндірудің қосу қарқынын өсіру өнеркәсіптің энергияны көп қажет ететін салаларын дамытуға, ауыл шаруашылығын және транспортты электрлендіруге жағдай туғызады. Электр энергиясын ең көп пайдаланатын өнеркәсіптің химия, түсті және қара металлургия салалары [2] .
Химия өнеркәсібінің дамуы мына бағыттармен жүріп келеді [3] :
- орасан мол фосфорит қорларын игеру және форфорлық тыңайтқыштарды өндіру;
- түсті және қара металлургияның күкірт қышқылдарын пайдаға асыру;
- мұнай -химия синтез өнімдерін өндіру;
- шаруашылық айналымға әр түрлі тұз қорларын енгізу, тағы басқа.
Фосфориттік кендердің орасан зор қорлары және фосфорлық тыңайтқыштарға регионалдық қажеттік Оңтүстік және Батыс Қазақстанда Қаратау және Ақтөбе фосфориттарының негізде ірі фосфор өнеркәсібінің қалыптасып дамуына себеп болды. Қаратау фосфорит бассейні соғстың алдында барлынған. Осы бассейннің негізінде алдымен Қаратау таукен химия комбинаты және Тараз суперфосфат заводы салынды. Кейіннен жаңа рудниктер ашылып, Жаңатас қаласының байыту комбинеаты салынып, мұнай «Қаратау» комбинатының екінші кезеңін құру басталды, 60-шы жылдары Жамбыл- Қаратау аймақтық - өндіріс кешені қалыптасты. Қаратау тау- кен шығаратын бірлестік, Жамбыл суперфосфат, Новожамбыл фосфор завотары «Химия» бірлестігіне енеді. Қаратау фосфориті негізгіде Шымкент «Фосфор» бірлестігі және Орта Азия Республикаларының бірінеше химия өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Тек қана Қаратау бассейінінде Қазақстанның фосфориттік кенінің 80% -і шығарылады. Осында өндірілетін орта кесек фосфориттан электр тогымен қыздыру әдісімен фосфор алынады. Қаратау фосфоритінің құрамындағы ерекшелігі магнийтотығы (44 дейін) жай карбонат (5-104) барлығы. Бұл себептен олар фосфорлық тыңайтқыштар өндіруде тікелей пайдалануға жарамсыз. Фосфорлық шикізатты магнийдің болуы тыңайтқыштарды су тартқыш қылады, ал карбонат фосфорды экстаркция әдісімен алғанда күкірт қышқылының шығынын өсіреді. Сондықтан қаратау фосфоритінен фосфор алу үшін кеңінен электр тоғымен қыздыру әдісін пайдалануы қажет.
Солтүстік Қазақстанның және жақын орналасқан Ресей аудандарының фосфорлық тыңайтқышқа қажеттіктерінің өсуіне байланысты Ақтөбе фосфорит бассейінінің дамуының үлкен маңызы бар. Бұл бассейнде төрт кен орындарының шаруашылық маңызы бар: Шилісай, мұнай бассейн қорының 80%-і шоғырланған - Алға, Богдан және Покров. Ақтөбе фосфоритінің маңызды ерекшелігі - оның қышқыл топыраққа тікелей жармдылығы. Бассейннің тау-кен техникалық жағдайы мұнай фосфоритті ашық қазып алу тәсілін қолдануға мүмкіншілік берді, бұл болса фосфориттен өндіретін натрий бихроматын күкіртті натрий пигмнетті бояу өндірерін Ақтөбе химия заводы және Ақтөбе хром қоспалары заводы жұмыс істейді.
Қазақстанның фосфор өнеркәсібінің маңызды жағы минералдық тыңайтқыштарды өндіруді өсіру, себебі қазіргі кезде Қазақстанфосфоритінің 2/3 бөлігі элементарлық өндіруге жұмсалды.
Қазақстанда мұнай, химия дамуы негізінде пластикалық масса және синтетикалық смола шығаратын өнеркәсіп дамуына ақиқат жағдай жасауға болады. Полиэтилен және пропилен шығаруға Ақтау химия заводы маманданған, ал Ақтау пластмасс заводы соққыға шыдамды және көбіктенетін полистрол өнереді. Теңіз мұнай, газ- кен орнын игермен байланысты Ақтау пластмасс заводының көміртекті шикізаттарға қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Келешекте Атырау, Ақтаумен қатар мұнай, химия дамыған аудандары болып Павлодар, Шымкент саналады.
1942 жылы Теміртау оттегі және кальций карбидін шығаратын Қарағанды синтетикалық каучук заводы жұмыс істей бастады. Осы кезде ол 39 түрлі өнеім өндіретін ірі Жанжақты «Карбид» өндірістік бірлестігіне (ӨБ) айналды. Қарағанды «Карбид» ӨБ жақын және алыс шет елдермен экспорт және импорт жағынан көптеген экономикалық байланысы бар.
Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуының маңызды жағдайы - химия және металлургия салаларын түйдектестіру Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан мүмкіншілігі тек қана қалдық газдан күкірт қышқылын шығарумен шектелмейді, олар сонмен қатар фосфор тыңайтқыштарын өндіртін ірі кәсіпорындар мен бірлестіктерге ұтымды экономика- географиялық жағынан орналасқан. Металлургиялық кәсіпорындарының қалдық газынан өндірілген күкірт қышқылы, оны табиғи шикізаттан өндіругенне 2 есе арзанға түсетіні, ал 1 тонна өнімге шаққанда күрделі қаржының 2, 1 есе аз жұмысалатыны есеппен дәлелденген. Республикада табиғи тұздарды шығыару және өндеу химия өнеркәсіп саласында маңызды орын алады [4] .
Қазақстан экономикасының негізгі салалары тау-кен қазу және металлругия өнеркәсібі Республиканың тау-кен металлургия кешеніне 70-тен артық кәсіпорындар мен мекемелер енді.
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің құрамында қара және түсті металлургияның сыбағалы үлесі 24%-ке тең. Металлургия кешенінің кәсіпорындары республика өнеркәсіп өнімінің 16%-ін өндіреді. Металлургиялық өнеркәсіпте Қазақстанның едәуір экспорттық потенциалы шоғырланған. Жалпы Қазақстанда 32 түрлі пайдалы қазба мен қазынды шығады. 1990 жылы қазып шығарылған өнімнің жалпы құны 18 млрд. доллар болды, оның ішінде жартысынан көбі (554) отын-энергетика кешенінің үлесіне жатады. Түсті металдар үлесіне 18% (3, 3 млрд. доллар), ферросплав-10 (1, 8 млрд. доллар) . Қазып шығарылатын минералдық қорлардың үлкен бөлшегі жақын және алыс шетелдерге экспортқа кетеді.
Республика тау-кен металлургия кешенінің дамуында еліміздің экономикасының басқа салаларындағыдай, бұрынғы одақтас республикалар арсындағы экономикалық байланыстардың үзілуіне және өтпелі кезеңнің күрделілігіне байланысты мынадай жағымсыз жайлар байқалды [4] :
Біріншіден, өндірістің технологиялық деңгейінің төмен қалыпта сақталуы, энергияны көп қажет ететін және экологиялық жағынан зиянды технологияны қолданудың жоғары дәрежеде қалуы. Өндірістік-технологиялы құралдардың деңгейінің және құрылымның нашарлауы және тозуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz