Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесін қалыптастыру мәселелері мен даму келешегі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесін қалыптастыру мәселелері мен даму келешегі

ДИПЛОМдық жұмыс

5В050600 - «Экономика»

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . .
3
Кіріспе . . . . . . . .:

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері . . . 1. 1 Бюджет жүйесінің жалпы түсінігі, экономикалық мәні және ұлттық экономиканы басқарудағы рөлі . . .

1. 2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: құрамы мен құрылымы, жалпы сипаттамасы . . .

1. 3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері мен ерекшеліктері . . .

3:

6

6

13

24

Кіріспе . . . . . . . .:

2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қалыптасуы мен атқарылуының қазіргі жағдайын талдау . . .

2. 1 Қазақстанның алдағы уақытқа арналған бюджет саясатының мақсаты мен міндеттері және негізгі бағыттары . . .

2. 2 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талдау . . .

2. 32012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қалыптасуының негізгі параметрлері бойынша талдау . . .

3:

36

36

43

49

Кіріспе . . . . . . . .:

3 Бюджет жүйесін қалыптастыру механизмін жетілдіру жолдары және даму перспективалары . . .

3. 1 Қазақстанда мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру шаралары . . .

3. 2 Бюджет жүйесін қалыптастыру механизмін жетілдіру және

оның даму әлеуетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету . . .

3:

69

69

72

Кіріспе . . . . . . . .: Қорытынды . . .
3: 81
Кіріспе . . . . . . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ……… . . .
3: 84
Кіріспе . . . . . . . .:

А-қосымшасы-2012-2014 жылдарға салалар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары . . .

Б- қосымшасы- үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары . . .

В-қосымшасы - 2012-2014 жылдарға арналған республикалық

бюджеттің басымды шығыстары . . .

Г-қосымшасы - үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске

асырудың негізгі бағыттары . . .

3:

86

87

88

89

Кіріспе

Әрбір елде мелекеттік қаржылардың ең бірінші маңызды компонеті мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақшалай қор - бюджет болып саналады, яғни бюджет жүйесі - елдіңэкономикалық қатынатарына және мелекеттік құрлысына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат.

Бюджет - елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.

Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі болады: мемлекеттік және жергілікті.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға арналған қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.

Республикамызда нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіруге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейтуге аса назар аударылған жоқ. Тиімді бюджеттік саясаттың дамуына кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары мыналар: мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, бюджет қаражатының жетіспеушілігі, кредиторлық берешеектің өсуі, қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер т. б. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура әлемдік қаржылық дағдарысына байланысты өзекті болып отырған оңтайлы бюджет жүйесін қалыптастыру оны ұйымдастыру мен болашақта дамытуға бағытталып отыр. Қазақстандағы жаңадан енгізілген үш жылдық бюджет қарасңында мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері қарастырылады.

Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, бюджет жүйесін қалыптастыру және бюджетаралық қатынасты жетілдіру мәселелерін зерттеумен Интыкбаева С. Ж., Кажикаримов Б. К., Омирбаев С. М., Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С., Мельников В. Д., Бабич A. M., Павлова Л. Н., Вавилов Ю. Я., Сумароков В. Н. сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.

Мемлекеттік бюджет жүйесін қалыптастыру мен бюджетаралық қатынастың тәжірибелік аспектілеріне Ван Хорн Дж. К., Долан Э. Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. т. б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған.

Жалпы Қазақстанда бюджет жүйесін қалыптастырудың, ел экономикасының дамуындағы маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін қалыптастыру және болашақта дамыту жағдайы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік бюджетті жоспарлау және бюджетаралық қатынасты зерттеу болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

- бюджет жүйесінің жалпы түсінігін, экономикалық мәнін және ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін қарастыру;

-бюджет жүйесінің қызметі мен оның орындалу мерзімдерін анықтау, мемлекеттік бюджетке қатысушылар арасында функциональды жауапкершілік пен өкілеттіліктердің нақтылануы;

- бюджет жүйесін басқару мен жүргізудің факторларын анықтау арқылы, оны шешу жолдарын ұсыну.

  • мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың теориялық негізін қарастыру;
  • бюджетаралық қатынасты қалыптастырудың құқықтық негізі;
  • мемлекеттік бюджеттік жоспарлау механизмінің негізгі элементтерін анықтау;
  • бюджетаралық қатынастардың экономикалық мәнін ашу;
  • бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің құқықтық негізін және ұйымдастырылуын талдау;
  • мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысын жоспарлау жағдайын талдау;
  • бюджеттің шығындары бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсаттарын көрсету;
  • мемлекеттік бюджет саясатына ықпал етуші факторлар мен бюджеттік саясат элементтерін анықтау;
  • мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстар бөлімінің 2008-2010 жылдарға арналған болжамын талдау;
  • Қазақстандағы мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру құралдарын қарастыру.

Зерттеу заты болып бюджет жүйесін қалыптастырудың тиімді фискальдық саясатын құрудың теориялық, тәжірибелік және әдістемелік негізі табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде бюджет жүйесін, бюджетаралық қатынастарды қалыптастыру мен жүзеге асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Бюджет жүйесінқалыптастыру мен жүзеге асырудың қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының қаржы қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне негізделген.

Зерттеудің деректік базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының жыл сайынғы бюджеті, Қазақстан Республикасының2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпараттар құрайды.

Жұмысты жазу барысында мынадай жалпы және арнайы әдістер қолданылды: жүйелік, құрылымдық және функциональдық талдаудың диалектикалық логикасы, топтастыру, салыстыру, талдау, зерттеу мәліметтерінің нәтижелерін сурет және экономика-статистикалық көрініс тұрғысында сипаттау т. б.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы сол, оның негізгі теориялық жағдайлары мен қорытындылардың мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мақсатында қолдануға болатын нақты ұсыныстар деңгейіне жеткендігінде.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздері

1. 1 Бюджет жүйесінің жалпы түсінігі, экономикалық мәні және ұлттық экономиканы басқарудағы рөлі.

Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған [1, б. 12] .

Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.

Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.

Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.

Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады [1, б. 26] .

Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.

Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады:

Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;

Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;

Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;

Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;

Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.

Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді. Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар, мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т. б.

Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.

Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық кұрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған каржы ресурстары мемлекетке коғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға әрі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және элеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды-жалпықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты коғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретіндеболады.

Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың бөлгіштік сипаты бар, ацша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады: 1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады; 2) құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдыңзаттай түрінде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағагтандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған, экономикалық, нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану қүнды бөлумен және қайта бөлумен байланысы оның (құнның) қозғалысы үдерісін білдіреді[2, б. 9] .

Мемлекеттік бюджет экономакалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріс пен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қогамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қогамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымы экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің кұны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайта бөлгіштік, тұрақтандыру сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық үғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

«Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін[3, б. 9] .

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
  • федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та-штаттардың, ГФР-да - жерлердің, яғни ландтагтың, Канадада-провинциялардың, Ресейде-федерация субъектілерінің бюджеттері) ;
  • жергілікті бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге катынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Мемлекеттiк бюджет қаржылық ағымдapды бaқылайтын басты экономикалық құрал.

Қазiргi замaнғы мемлекеттердегi бюджет механизмiнiң кеңейтiлген ұдайы өндiрiс үрдiсiне әcepi бюджет құралдарының шаруашылық айналымына түcyiнiң төрт басты жолы арқылы іске асады:

  • кәсіпорындарды тура субсидиялау;
  • экономикаға мемлекеттік инвестициялау;
  • тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алынуы;
  • салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы «балықтық шығындарға» ұшырау.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде мемлекеттік бюджет келесі белгілермен сипатталады:

  • бөлу қатынастарының ерекше экономикалық нысаны;
  • экономикалық салалары, елдің территориялары арасындағы құн бөлуге арналуы;
  • қоғамның тарихи дамуының әр сатысында оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жалпы ішкі өнімді бөлудің көлемдері мен нысандары;
  • қаржы жүйесіндегі басқа элементтерге (кәсіпорындар қаржысы, салықтар т. б. ) қарағанда бюджет орталық орынды алады.

Осылайша, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде өндіріс үрдісінің қатысушылары және мемлекет арасындағы өндірістік қатысушыларды ақша нысанында көрсетеді. Өндіріс, бөлу және қайта бөлу үрдісінде қызмет етеді.

Барлық осы үрдістер белгілі бір кезекпен біртіндеп жүзеге асырылады. Сонымен, бюджеттік байланыстардың жоспарлылығы, мемлекеттің ақша қаражаттарының жоспары ақша нысанында қозғалысы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржылық құжатта бекітілетіндігін көрсетеді. Яғни, басты қаржылық құжат - мемлекеттік бюджет. Қаржылық жоспардың арнайы баптары ақша қаражаттарының қалыптасуы көздері мен бағытты қолданылуын көрсетеді.

Негізгі қаржылық жоспар іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады және сонымен қатар, халық мүддесін қорғаушы мемлекеттің шешімі болып табылады. Негізгі қаржылық жоспардың көрсеткіштері жыл сайын қабылданатын бюджеттік заңдарға сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік емес, Республикалық бюджет қарастырылып бекітілуде [4, б. 3] .

Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттің негізінде Республика экономикасының қаржылық жағдайын бағалау қиын, өйткені онда мемлекеттің барлық қаржы ресурстары көрсетілменген. Сондықтан, Республикалық бюджетті қарастырып, бекіту кезінде Республикалық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешумен байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Осыған байланысты негізгі қаржылық жоспардың көрсеткіштері экономика дамуының объективті заңдылықтарын білуге негізделуі тиіс. Бюджеттік қатынастардың жиынтығы ретінде қаржылық құжат «мемлекеттік бюджет» деген атаққа ие болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Қант өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы
Экспорт пен ұлттық экономика
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу
Бюджеттен тыс қорлар
Салық құрылымының реформалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz