Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні, заңды ұғымы
және экономикалық маңызының негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2Меншіктің тарихи нысандары, меншік нысанын жіктеу өлшемдері,
негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі ... ...
2 ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕСІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Жеке меншіктің экономикалық рөлі және оны қалыптастырудың
объективті қажеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері ...
2.3Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының
қалыптасу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің рөлі және оны арттыру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Жеке меншіктің Қазақстанда шаруашылық жүргізуші субъектілерді
қалыптастырудағы кемшіліктері және оның дамыған елдерде шешілу
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.ҚОСЫМША.Меншікнысандары мен олардың негізгі белгілері ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.
Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым товар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік товар өндірісіне тән).
Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).
Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.
Үшінші біриемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.
Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі.
Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай.
Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмтылушылығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Доғалова Г. Н. Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәжірибесін талдау және жаңа құрылымдаудың міндеттері. Алматы “Экономика” -1998ж, 3-83 б.
2. Байтуғанов Ж. М., Әуелбаев С. Ш. Нарықтық экономика. Алматы – 1995ж., 138-146 б.
3. Жүнісов Б. А., Мәмбетов Ұ. Е., Байжомартов Ұ. С. Нарықтық экономика негіздері. Алматы-1994ж, 6-36 б.
4. Нұрғалиев Қ. Р. Қазақстан экономикасы. Алматы “Қазақ университеті” 1999ж.., 184-188б
5. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Алматы “Экономика” 2001ж, 19-30 б.
6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. “Кәсіпорын экономикасы”. Алматы “Экономика”2003ж., 43-48б.
7. ҚР Конституциясы. Алматы “Жеті жарғы” 2000ж
8. Н. Ә. Назарбаев. “Қазақстан – 2030”. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы – 2001ж.,83-84б.
9. Мәуленова С. С. “Экономикалық теория”. Алматы “Экономика” 2004ж. 43-48 б.
10. Шеденов Ө. Қ., “Жалпы экономикалық теория” Ақтөбе – 2004ж. “А-Полиграфия” 21-32б.
11. Крымова “Эономикалық теория” Алматы 2003 18-25б
12. Әубәкіров “Экономикалық теория негіздері оқулық” Алматы-1998 168-179б.
13. Әбубәкіров М.Ә.Байжұмаев, В.Б., Жақыпова Ф.Н., Ғабеев Г.П.
«Экономикалық теория» Алматы «Қазақ университеті» 1990ж.
14. Әбубәкірова М.Ә., Досқалиева В.Қ., Досқалиев С., Қабдиев Д.Қ.
«Экономика» оқу құралы Алматы 1998 ж.
15. Әбубәкірова М.Ә., Жатқанбаев Е.Б., Нәрібаев К.Н.
«Экономикалық теория негіздері» Оқулық Алматы,1998ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
5В050509 - Қаржы мамандығы бойынша
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Меншіктің ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1 Меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні, заңды ұғымы
және экономикалық маңызының негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.2Меншіктің тарихи нысандары, меншік нысанын жіктеу өлшемдері,
негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі ... ...
2 Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселелесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Жеке меншіктің экономикалық рөлі және оны қалыптастырудың
объективті қажеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктері ...
2.3Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының
қалыптасу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ жеке меншіктің ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ Оны мемлекеттік реттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің рөлі және оны арттыру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Жеке меншіктің Қазақстанда шаруашылық жүргізуші субъектілерді
қалыптастырудағы кемшіліктері және оның дамыған елдерде шешілу
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1-ҚОСЫМША.Меншікнысандары мен олардың негізгі белгілері ... ... ... ... .
3
7
7
20
28
34
34
39
48
53
53
55
63
66
67
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.
Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым товар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік товар өндірісіне тән).
Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).
Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.
Үшінші біриемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.
Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі.
Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай.
Ұлттандыру - жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмтылушылығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне мемлекеттік кәсіпорындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендіру - мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі. Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы.Адамзат тарихында экономиканы ұйымдастырудың негізгі үш әдісі анықталған: нарықтың, әміршілдік және аралас экономика. Бұл әдістердің әрқайсысына тән артықшылық және кемшілік қасиеттері бар. Алайда, қоғамдық өндірушілер мен тұтынушыларды тиімді байланыстыратын ең қолайлы тәсіл ретінде нарық механизмі танылып отыр. Нарық механизмі экономиканың ең басты үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) өте қарапайым және ыңғайлы түрде шешеді.
Жұмыста қазіргімынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген.Ізденіс барысында аталмыш тақырыптың толық мазмұнда ашылуы үшін бірнеше сұрақ - мәселелер қарастырылды. Бұл мәселелер республика экономикасындағы жеке меншік қатынастарының алатын орны, даму жағдайлары, қажеттілігі және оның кәсіпкерлікті жетілдірудегі ролі және тағы басқалары - жекелеген тарауларға бөлініп талқыланды.
Қарастырылып отырған тақырыптың күрделілігі және сан қырлылығы, шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелердің болуы және оларды кешенді түрде зерттеудің қажеттілігі осы жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндетің айқындайды.
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ, Қазақстанның меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық жағдайларға бейімделу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өткізудің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
1991 жылға дейін шаруашылығы әкішілдік әміршілдік формада ұйымдастырылып келген ТМД елдері, оның ішінде Қазақтан да әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылатын нарық механизміне ынғайланды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, нарық күрделі экономикалық категория ретінде белгілі бір әлеуметтік - экономикалық жағдайда, тиісті шарттар орындалғанда ғана дұрыс қалыптасып, өмір сүреді. Нарықтың ең негізгі шарттарының бірі - меншік қатынастарының алуан түрлі нысандарының болуы және олардың тең құқылығы. Осы шартты қанағаттандыру мәселелерін талқылау барысында таңдап алған тақрыптың өте маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінеді. Өйткені, республика экономикасының перспективалық болашағы көбіне меншік қатынатарының саналуандығы және тең құқықтың дамуы жағдайында шаруашылықтың қаншалықты дәйекті жүргізілетіндігіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында көптүрлі меншік қатынастарының, соның ішінде жеке меншіктің қалыптасу кезеңдерің және өсіп-өркендеуінің бағыттары мен нәтижелерін жүйелі түрде, зерттеу еңбектеріне сүйене отырып суреттеу.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста төмендегідей міндеттералға қойылады:
- меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні, заңды ұғымы және экономикалық маңызының негізгі белгілерін қарастыру;
- меншіктің тарихи нысандары, меншік нысанын жіктеу өлшемдері, негізгі белгілері;
- мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісін қарастыру;
- жеке меншіктің экономикалық рөлі және оны қалыптастырудың объективті қажеттілігін талдау;
- Қазақстандық экономикадағы меншікті қайта құрудың ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасу жағдайын талдау;
- Қазақстандық жекешелендірудің нәтижелері, кезеңдері мен нысандарын қарастыру;
- кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің рөлі және оны арттыру мәселесін қарастыру;
- жеке меншіктің Қазақстанда шаруашылық жүргізуші субъектілерді қалыптастырудағы кемшіліктері және оның дамыған елдерде шешілу жағдайын қарастыру.
Зерттелу объектісі - Қазақстанда жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасу жағдайы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - диплом жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Ел басы өз еңбектерінде жеке меншікті дамытудың стратегиялық маңыздылығын ерекше айтып жүр. Қазақстан - 2030, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына, Дағдарыстан дамуға атты еңбектерінде Қазақстанның жеке меншік институтын дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері -- Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -- міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Ал, практикалық маңыздылығы негізін Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайында жеке меншік қатынастарының кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы орны мен ролі жөніңдегі пікірлермен тұжырымдар құрайды.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері,дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан-2030 стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне оқыған дәрісі, 2007 жылғы жас ғалымдармен кездесуінде сөйлеген сөзі, Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдық мерей тойында сөйлеген сөзі, Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық актілері, Қазақстан даму институтының зерттеу нәтижелері мен мәліметтері, Қазақстандық саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстардың құжаттары, бағдарламалары, ғылыми-энциклопедиялық және қоғамдық саяси анықтама сөздіктер, зерттеу тақырыбына байланысты Қазақстандық және шетелдік авторлардың іргелі ғылыми еңбектері, әр түрлі мерзімдік басылымдар мен арнайы әдебиеттер пайдаланылып, оларға талдау жасалынды. Сондай-ақ, дипломда Қазақстан Республикасында жеке меншік институтын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолданылды.
Диплом жұмысының жазылуының деректік базасынегізін Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайында жеке меншік қатынастарының кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы орны мен ролі жөніңдегі пікірлермен тұжырымдар құрайды.
Жұмыс құрылымы диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Жұмысты жазу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: монографиялық, талдау, конструктивтік-есептік, сызбалық және т.б.

НЕГІЗДЕРІ
1.1 Меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні, заңды ұғымы және экономикалық маңызының негізгі белгілері
"Меншік" ұғымы әрбір экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер - қоғамдық өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберіне материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады.
К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік - бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес - құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұның құрайды. Алайда "меншік" ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәсені - қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Меншік - адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.
Меншік проблемасымен біздің әрқайсымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып отырамыз. Адамдар "менікі" және " басқанікі" , "біздікі" деген ұғымдарды айыра білу қажеттілігіне ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына, үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік ықпалын талдайкеліп түсінуге болады.
Меншік - адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттарды иемденудің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі. Ол әр-қашанда бұйымдармен байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен).
Меншік - ол иеле - ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ - та - ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты - настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты - лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа - шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас - тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам - дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол - данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:
oo өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
oo өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
oo қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.
Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу талап етіледі.
Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады. Меншік құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер реттейтін ереженің басым бөлігін құрайды.
Меншіктің шынайы қатынастары оның экономикалық жүйелерінің негізін құрай отырып тарихи - мәдени, ұлттық, географиялық, демографиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс құралдарын меншіктену өндіріс процесінде болатын адамдар арасындағы экономикалық өзара қатынастар, өзара байланыс сипаты ғана емес, сонымен бірге өндіріс өнім, тауар қызмет оның айырбасталу және тұтыну формаларын да анықтайды.
Мемлекет заңнама негізінде " ойын ережесін " бекітеді: кім, қандай жағдайда, қандай жүріс жасай алады?
Сонымен қатар меншік құқығы өз мақсатын көздеген адамдардың таңдау еркіндігін анықтай отырып, не және кімге тән, меншік иесінің ауысуы қалай өтеді деген мәселелерді айырады.
Бұл ретте меншіктің обьектісі мен субьектісі деген ұғымдарғы айыра білу қажет. Мәселен: бұл - Абайдың үйі дегенде, үй меншік обьектісі, ал, Абай - субьектісі болып саналады
Егер меншікті адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп қарайтын болсақ, онда оған жауап беруге болады. Меншіктік қатынас - заттарға байланысты адамдар арасындағы: субьект: обьект деген формула арқылы айқындалады. Басқаша айтқанда, Меншік қатынасы дегеніміз игілікті иемдену мен оның басқаның иелігін алу жөніндегі субьектілер арасындағы қатынастар жүйесі болып шығады.
Меншік иесі заттардың пайдалы қасиеттері әрқашанда өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге немесе соған жуықтауға жағдай жасап белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі болмай тұрып - ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі ретінде пайдалануға болады.
Меншіктің өндіріс факторларына қатынастарынан меншік қатынастары және еңбек нәтижелері шығады. Меншік табыс әкеле бастаған сәттен бастап өзін экономикалық жағынан ақтай алады. Меншік қатынастарын бір жағында - жеке меншік, ал екінші жағында - қоғамдық меншік бар екі полюс секілді түсінуге болады.
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар - дың негізі жеке меншік негізінде экономи - калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық - тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады. Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал - пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи - ка - лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.
Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі - мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы - лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы.
Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны көрінбейтін қол деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.
Меншік дегеніміз не деген сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Француз социалисі Пьер Жозеф Прудонның \1809-1865жж\ меншік-ұрлау деген мағынаны береді деген.
Меншік-адамның затқа жай қатынасы ғана емес,меншік осы затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.
К.Маркс меншіктің әлеуметтік-экономикалық мән-мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе.
К.Маркс Гегель философиясын талдау барысында ол, жеке меншікті жойып, әлемдік құрылысты түбірімен өзгерте алатын пролетариат күшінің рөлін түсінді, әрі пролетариаттың мүддесін қорғады.
1844 жылы Маркс пен Руге шығарған Неміс-француз жылнамасында Ф.Энгельс Саяси экономия сынының очерктері еңбегін жариялайды. Энгельстің бұл мақаласы Маркстің экономикамен одан әрі айналысуына септігін тигізеді. Маркс бұл еңбекті жаңа, пролетарлық саяси экономияның кемеңгер очеркі деп атады. Экономикалық мәселелермен айналысуының нәтижесі ретінде Маркс 1844 жылдың экономикалық-философиялық қолжазбаларын шығарды, бұл еңбек ССРО-да алғаш рет 1932 жылы жарияланды. Бұл еңбегінде Ф.Энгельс секілді К.Маркс өндіріс шығындарының негізгі элементтеріне: жалақы, капиталдан алынатын пайда, жер рентасына талдау жасайды. Осы талдаудың негізінде Маркс жеке меншікті шеттетілген (оқшауланған) еңбектің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол былай деп жазды: ... жеке меншік бір жағынан, шеттетілген еңбектің өнімі, екінші жағынан оны шеттетудің,шеттетуді жүзеге асырудың құралы.
Жеке меншіктің мәнісін одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек пен капитал арасындағы диалектикалық байланысты талдайды. Жұмысшы, - деп жазды ол, - капиталды өндіреді, капитал жұмысшыны өндіреді. Сондықтан буржуазиялық қоғамда жеке меншік қатынасы - бұл еңбек, капитал және олардың өзара қатынасы. Егер жеке меншікті Маркс оқшауланудың салдары деп қарастырса, оқшауланудың өзі еңбек бөлінісінің салдары болып шығады.
Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы алғашқы зертеулік қадамдарын К.Маркс пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп жазған Неміс идеологиясы еңбектерінде қарастырады және бұл еңбекте Маркс пен Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.
1844 жылғы тамыздың аяғында Энгельс Манчестерден Германияға келді. Жолда ол Парижде К.Маркспен танысты, олар бұрын да бір-бірінен хат алып тұратын. Осы күннен бастап жұмысшы табының екі ұлы көсемінің достығы басталды.
Парижде Маркс пен Энгельс Қасиетті әулет (1844 жылдың аяғында жазылып, 1845 жылы басылып шықты) деген кітабын жазды. Бұл олардың бірлесіп жазған алғашқы еңбектері болатын. Бұл кітап негізінен сол кездегі буржуазияға қарсы дербес таптық күресте пролетариаттың әлсіздігі туралы айтылған сындарғы қарсы жазылды. Керісінше, сын айтушы ағайынды Бруно мен Бауэрге қарсы Маркс пен Энгельс пролетариаттың өзін өзі азат етіп қана қоймай, оның азаттығы тұтас қоғамның азаттығының алғы шарты болатындығын дәлелдейді. Пролетариаттың жеке меншікті құрта алатын тап екенін, оның әлемдік тарихи рөлін негіздейді.
Сөйтіп, ұсақ буржуазиялық социализмнің әр түрлі ілімдеріне қарсы күресте олар революцияшыл пролетарлық социализмнің теориясы мен тактикасын жасады.
1845 жылы Маркс Пруссия үкіметінің талап етуімен Парижден қуылып, Бельгияға көшті. Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасуының келесі кезеңі, оның 1847 жылы Философия қайыршылығы деген еңбегінің жариялануы болып табылады. Мұнда ол ұсақ буржуазиялық социализм теориясы мен Прудонның анархизмін күйрете сынады.
Буржуазиялық экономистермен салыстырғанда Прудон жеке меншік қатынастардың жемісін адамшылыққа жат қылықтарға жатқызады (Жеке меншік дегеніміз не?).
Буржуазиялық экономия ғылымын сипаттай келе Маркс, жеке меншік - саяси экономияның барлық ой-пікірінің алғы шарты болып табылады,- деп жазған болатын. Осы тұрғыда Маркс Прудонның еңбегін былайша сипаттайды: Прудонның Жеке меншік дегеніміз не? шығармасы, саяси экономия көзқарасы тұрғысынан алғанда, саяси экономия іліміне тағылған сын,-деп жазды. Бірталай жыл өткен соң, 1865 жылы И.Б.Швейцерге жазған хатында Маркс саяси экономияның ғылыми тарихында, еске алуға тұрғысыз шығарма,-деп одан әрі қатты сынға алады.
Алайда жоғарыда келтірілген П.Ж. Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар арасындағы қатынас екендігін сипаттайды.
Ал қазіргі батыстық экономикалық пікірлерге көңіл аударар болсақ, мысалы П. Хейненің Экономикалық ойлау бейнесі деген әйгілі кітабында меншіктенуді адамдар арасындағы қатынастар ретінде қарастырған.
Мұнда П.Хейне 1991 жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты американдық экономист-Рональд Коуздың меншік және рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып, меншік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды.
Меншік қатынастарын бір жағында - жеке меншік, екінші жағында - қоғамдық меншік бар екі поляс түсінуге болады.
Капиталистік жүйе жағдайында материалдық қорлар үкіметтік емес, институттар мен жеке адамдардың меншігі болып табылады.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынады, яғни жеке меншік иесі болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.
Бұл жеке меншік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі бар. Мәселен, есірткі өндіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң жүзінде тиым салынған.
Коуз теоремасы меншік құқығының мазмұны мен бөлінуінің қорлар бөлінуіне де, сондай-ақ айырбастың көлемі мен жағдайына, табыстың бөлінуі мен деңгейіне, бағаның құрылу процесіне және сыртқы эффектіге ықпалын дәлелдеуге арналған. Бұл теорема 1960 жылы жарияланған Әлеуметтік шығындар проблемалары деген мақаласында тұжырымдалынған. Қазір ол Батыста соғыстан кейінгі кезендегі экономикалық ойдың ең бір озық жетістігіндей қабылданған.
Коуз теоремасы төтенше (сыртқы) тиімділік проблемасына арналған. Ол меншік құқығын бөлісу арқылы рынок процесіне қатысушылардың ішкі шығындарын қалай өзгертуге болатындығын дәлелге келтіреді. Р. Коуз өзінің логикалық толғамын қараға таптауы арқылы түйіндейді. Егер ранчо қожайына өзінің табындарымен егінді таптатқаны үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмаса, онда ол өзінің мал басы мәселесін шешкенімен, біреудің зиян шеккенін қаперіне де алмайды. Егер ранчо қожасынан оның біреуге келтірген зиянына тең боларлықтай айыппұл төлеуін талап етер болса, онда ол өз ісінің терістігін сөзсіз түсінер еді. Мұндай жағдайда оның сыртқы әрекеті ішкі жандүниесіндегі (интернальды) арпалысқа айналары хақ.
Р. Коуздың логикалық толғамында бұл басқаша түсінідірледі: ол фермер мен мал өсіруші қатынасынан мемлекетті төрелік міндеттен алып тастап, егіннің тапталынуына байланысты адамдардың өз беттерінше келісімге келулерінің мүмкін екендігін айтады. Ол мұндай жағдайда ранчо қожасы өзінің жасаған зиянкестігі үшін жауапкершілікке тартыла ма, тартылмай ма, оның ешқандай мәні жоқ деп ойлайды.
Р. Коуздың айтуынша, егер мал өсіруші егіндікті малына таптатқандығы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмаса, оған одан келер зиян да бірдей болып шығады. Бұндай жағдайда диқангер тапталған егіннің құны үшін, оның бұдан былай мал басын өсірмейтіндігіне уәдесін алады. Коуз мынандай қорытыңды жасайды: егер меншік құқығы айдай анық және түсінікті болса, егер адамдар өз еріктерінше жасалған алмасу нәтижесін нық сақтайтын болса, онда ешқандай сыртқы мәселе туындамайды. Нарықтық ақсату болмайды, олай болса, болған іске түзету ендіру мақсатында мемлекеттің араласуына ешқандай негіз жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік құқығының ұғымы мен мазмұны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1-ші тармағында былай делінеді: Меншік құқығы - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы.Меншік құқығының жіктелуі 1-суретте көрсетілген:
Сурет 1. Меншік құқығының жіктелуі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабында былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қозғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудағы көлемі мен шегі, олардың қорғалу кепілдігі заңменен анықталынады.
3. Жер және оның қойнауындағы қазба байлық, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады. Жер, сондай-ақ, бекітілген негізге, жағдайға және ауқымға орай жеке меншіктік те бола алады.
Шынайы шындыққа келетін болсақ, таза түрдегі жеке және қоғамдық меншік сирек кездеседі. Мемлекеттік, әртүрлі топтық (кооперативтік, үлестік (пай), акционерлік) болып бөлінетін көп түрлі формадағы меншіктердің араласып, құраласқан, әртүрлі нұсқалары бар.
Сонымен, меншік дегеніміз экономика мен құқықтың бөлінбес тұтастығы болып шығады.
Меншік туралы көзқарастар әртүрлі. Солардың ішіндегі негізгі концепциялар 2-суретте келтірілген.
Құрал-жабдықтар
Адам 1
Адам 2
меншік
Сурет 2. Меншік туралы тұжырымдамалар
Бірінші тұжырымдамада меншікті адамның затқа қатынасы ретіндегі экономистердің қөзқарасы берілген. Ал, екінші сұлбада меншік экономикалық категория ретінде, адамдардың өндіріс құрал- жабдықтарын және еңбек нәтижесін имдену жөніндегі өзара қатынасы түсінігі берілген.
Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Қоғамда халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы қоғамның жекелеген жүйелері арқылы орындалады: әртүрлі кәсіпкерлік пен (аңшылық, балық аулау және т.б) айналасуы, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал , табыстың өз өнім, жалақы, зейнетақы, пайда, процент т.б түрін алады
Иемденудің тәсілдері мен формалары көп. Мәселен , өнімді өндіру, оны бөлу, айырбастау сфераларының еңбегі арқылы, әйтпесе сыйлық алу, мұра қалдыру арқылы да иемденеді.
Бірақ та меншіктің экономикалық және оның құқықтық мәнін ажырата білу қажет.
Сурет 3. Меншіктің экономикалық, құқықтық мәні
Меншік иелері үш типке бөлінеді:
1. Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.
2. Меншік иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.
3.Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.
Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. Меншік - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату - бұл толық меншік емес.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихи бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.
Еңбектік жеке меншік тұлғалары - жеке басты шаруалар, қол өнершілер мен басқада адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, aймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.
Меншік заңдары:
1.Өз еңбегінің өнімін иемдену;
2.Бөтен біреудің еңбегінің өнімін иемдену.
Меншік субъектісі ретінде - мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.
Меншік объектісі ретінде - жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. Меншік пен иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.
Меншік әдетте мүлік қатынастарын заңды реттеуді білдіретін заңды ұғымдар білдіреді, ал оның экономикалық маңызына анықтама анық берілмеген. Құбылыстар тұрғысынан алып қарағанда меншік ол не, кімге және қандай мөлшерде тиесілі екенін тіркейтін мүліктік қатынас ретінде болады. Меншіктің зады мағынасы рим құқығы заманынан бері меншік дәстүрлі иелену, пайдалану, оны басқару өкілеттігін білдіреді.
Қазақстан Республикасы заңнамасында, яғни Қазақстан Республиасы Конституциясынд, Азаматтық кодексте, арнайы заңдар мен өзге де нормативтік актілерде меншік мәселесі әр түрлі деңгейде қарастырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде меншіктің құқықтық маңызы жүйелі түрде айтылған.
Тиісті баптар белгіленген ретпен жазылған жазылған және субъектірлер, объектілер мен меншік құқығының маңызы деп аталатын үш аспектіні қамтиды.
Қазастан Республикасы Азаматтық кодексінің Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар деп аталатын ІІ тарауында меншік құқығының мағынасы жөнінде айтылады. Тарауда Қазақстанда жеке меншік, мемлекеттік және өзге де меншік нысаны танылады деген конституциялық ереже нақтыланады.
Меншіктің экономикалық маңызының негізгі белгілері.
Меншіктің маңызы қарастыратын экономикалық көзқарастың заңды (құқықтық) көзқарастан айтарлықтай айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтарды талдаудан меншіктің экономикалық мағынасының негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде меншікке экономикалық құбылыс ретінде игілікті алудың әлеуметтік анықтамасы деген анықтама беруге болады.
Меншіктің осы анықтамасын нақтылау қажет. Біріншіден, игілікті басып алу, сыйға алу, мұрагерлікпен алу, қазына табу, ұрлау және тағы басқа арқылы тәсілдері құқықтық жағынан реттелуге тиісжәне тіпті белгіленген экономикалық мағынасы да болуымүмкін болса да игілікті алудың осы тәсілдері экономикалық ғылымда қарастырылмайды. Экономикалық ғылым игілікті (өндірістік - экономикалық қызмет құралдары мен нәтижелерін) өндіріс, айырбастау, бөлу арқылы алуды зерттейді.
Екншіден, экономикалық көзқарас үшін сатып алынатын объектінің маңызы зор. Бір жағынан, объектілердің факторларға, өндіріс жағдайлары мен құралдарына және екінші жағынан, тұтынушылық игілікке бөлінуінің әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Өндіріс жағдайын монополиялы түрде сатып алатын адам осындай құқығы бар және еркін, алайда мұндай мүмкіндігі жоқ адаммен салыстырғанда ерекше әлеуметтік мәртебеге ие болады. Бірегей ұдайы өндірістік емес немесе күрделі атқарылатын өндіріс жағдайлары немесе ұсыныс көп түспейтін рұқсат құқықтары сатып алынғанда бұл айқын көрінеді. Мысалы көлемді жерде иелену осы жердің иесін әлеуметтік-экономикалық жағынан ерекшелейді және жерді иеленбейтіндер мен осы жер телімін пайдаланушылар оған экономикалық жағынан тәуелді болады. Ерекше жедел ақпараттың иесі ақша, қор және өзге нарықтар осындай ерекше жағдайға ие болады. Қазақстанның нақты жұмыс істейтін өтпелі эконмикасында қолма-қол ақша айналымы өтетін банктердің иелерінің жағдайы ақшаға өте зәру клиенттермен салыстырғанда өте жақсы болды. Өндіріс жағдайына монополияға ие болған субъектілердің айрықша артық жағдайы экономикалық биліктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Үшіншіден, меншіктің өндіріс құралдарымен қосылуы экономикалық жағынан өте маңызды және адамдардың өндірістік-экономикалық қызметінің әлеуметтік сипаты мен өнімнің әлеуметтік нысанын айқындайды. Меншік қатынастына кейбір қатысушылардың экономикалық билік жасауынан басқалар оған экономикалық жағынан тәуелді болады. Экономикалық жағынан тәуелділер өндірістік-экономикалық қызметтің қажетті жағдайларына қол жеткізіп, өндіріс құралдарымен (сол немесе басқа тәсілмен монополияландырылған) осы құралдардың иелерімен келісіп және солардың шартымен ғана қосыла алады. Аталмыш жағдай өндірістік-экономикалық қызметке барлық қатысушылар өндіріс құралдарымен тең қосылу мүмкіндігі бар қатысушлармен салыстырғанда айырмашылығы бар, тіпті оған қарсы деп айтуға болады.
Төртіншіден, иемдену деген ұғым меншіктің негізгі сипаттамасы қатарына жатады. Бұл жерде табиғаттың дайын өнімін емес өндірістік-экономиалық қызметтің қоғамдық-жағдай процесінде иемдену жөнінде айтылады. Мұның өзінде бір қатысушы игілікті иемденген жағдайда басқа қатысушы осы игілікті жоғалтады. Егер қарама-қарсы бағытта басқа игіліктің барабар саны келсе, онда иемдену-жоғалту айырбас жасау нысанында болады. Егер игілік бір бағытта қозғалса немесе барбар емес қарама-қарсы ағын ақса, бұл жағдайда игілік тегін алынып, тегін беріледі. Мысалы ретінде құлдың, басыбайлы шаруаның, тәуелсіз жалдамалы қызметкердің басқа адамға тиесілі фирмада өнім шағаруын келтіруге болады. Осы өнімді тиісінше құл иеленуші, феодал, фермер, фирманың иесі өзі иемденеді.
Бесіншіден, табыс меншікті сатудың аса маңызды нысаны оның әкелуінің және экономикалық белгісі болып табылады. Табыстың нысаны (еңбекақы, рента және тағы басқа) меншік иесінің себеп пен салдар сияқты жағдайымен байланысты.
Алтыншыдан, меншіктің маңызын экономикалық көзқарас үшін өндіріс процесі кімге тиесілі деген сұраққа берілетін жауаптың маңызы зор. Меншіктен алынған өнімді (табыс) осы өнімді өндіретін процеске ие болған адам иемденеді. Меншіктің мазмұнына қойылатын құқықтық көзқарас даяр объектілермен жұмыс істейді және оларды иемдену құқығын растайды. Объектіні жасау процесі жоғарыда айтылғандай, құқықтық көзқараста қарастырылмайды.
Жетіншіден, заңгерлер мен экономистер иелену деген ұғымның басқа бірнеше ерекше маңызын қарастырады. Заңгерлер заттың тағдырының, яғни оның сатылуының, сыйға тартылуының және тағы басқа мүмкіндігін қарастырады. Иеленудің экономикалық маңызы табысты бөлу нәтижелерін нақты иемдену үшін жағдай жасау деп түсініледі. Сөйтіп, меншіктің экономикалық маңызының ерекшелігіне мыналар жатады:
Меншік - бұл зат және адамдардың затқа деген көзқарасы емес, заттармен байланысты болуы мүмкін адамдардың арасындағы қатынастар (өндіріс құралдарымен және нәтижелермен) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz