Қазақстандағы несие нарығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы, несиенің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Несие нарығы туралы түсінік және несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Қазақстандағы несие нарығының мәні, мазмұны және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1 Несие нарығының несиелік белсенділігін анықтайтын
факторлар талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Кредиттік портфель сапасының динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Несие нарығының қазіргі жағдайын 2010.2011 жылдар
бойынша кешенді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
3.1 Несие нарығының қызметін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.2 Несиелік портфельді басқару шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.3 Несие нарығының мәселелері мен оны шешу жолдары, даму перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

А.қосымшасы . Мерзіміөткен төлемдері бар кредиттер жөніндегі мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Б.қосымшасы . Баланстантыс есептен шығарылған, мерзімі өткен
және жұмыс істемейтін кредиттер мен оларға құрылған провизиялар..
В.қосымшасы . Тәуекелдәрежесіне қарай несиелердің жіктелуі ... ... ..
КІРІСПЕ

2010-2011 жылдар қазақстандық қаржы секторы үшін барлық жағынан, ағымдағыміндеттерді шешу тұрғысынан алғанда да, сондай-ақ оның келешекте сапалы əрі тұрақтыдамуына алғышарттар жасау тұрғысынан да бетбұрыс кезең болды.
Біріншіден, корпоративтік сектордың жандануы мен ішкі сұраныстың ұлғаюын қосаалғанда, 2010 жылы Қазақстан экономикасында үстем болған оң үрдістер жағымдысыртқы конъюнктурамен қатар еліміздің қаржы секторының қалыпты түрде қалпына келебастауына негіз бола отырып, оның белсенділігіне əсер етпеуі мүмкін емес еді.
Екіншіден, өз ауқымы жағынан кеңес одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, тіптіəлемдік қоғамдастықта да теңдессіз болып табылатын шаралар – тəуекелдердікредиторлармен бөлісу арқылы үш қазақстандық банктің сыртқы міндеттемелерін қайтақұрылымдаудың табысты аяқталуы – банк секторын одан əрі оңалту үшін қажетті«іргетас» қалады. Соның нəтижесінде қайта құрылымдау барысында болған банктергежүктелген борыштық жүктеме елеулі түрде азайып қана қоймай, сонымен қатар жылбасында реттеушінің алдында тұрған жүйелік сипаттағы проблема – жалпы алғандасектордың сыртқы борыштарын қайта қаржыландыру мəселесі де шешілді.
Үшіншіден, 2010 жыл Үкіметтің, Ұлттық Банктің жəне Агенттіктің бірлескендағдарысқа қарсы бағдарламасының қорытынды жылы болды, оны іске асыру қаржысекторының тұрақтылығын жəне экономиканың өсуін жаңарту үшін оны кредиттеукөлемін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Халықаралық қаржы институттарының осыбағдарламаны əлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде ең табысты жүргізілгенбағдарламалардың бірі ретінде танығанын атап өткен жөн.
Дипломдық жұмыстың негізінде несие нарығының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызып, экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады деген ой жатыр.
Демек бұл дипломдық жұмыс халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін күштердің дамуының біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған.
Қазақстандағы несие нарығының қазіргі жағдайы мен оның алдағы уақыттағы даму перспективасы бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.
Жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, барлық экономика салалары үшін ең басты қаржыландыру көзі болып отырған несие нарығы мәселесіне арналып отыр. Сондай-ақ бұл үкiметiмiздiң үдемелі инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасына сәйкес болып табылады.
Қазіргі Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің алдында тұрған мәселе несие нарығының жəне несие ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етужəне жалпы несие жүйесіне деген сенімділікті қолдау, несиелік қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерінқорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, нсеие нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған несие ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Коробова Г.Г. Банк ісі /оқу құралы/ М.: Экономист. – 2001ж 295-691б.
2 Лаврушин О.И. Банк ісі. /оқу құралы/ М.: Финансы и статистика, 2005ж 276-405б
3 Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»/Оқу құралы.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.-248 бет.
4 Панова Г.С. Коммерциялық банктердің несие саясаты. М.: 1997ж. 107-154б.
5 Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники: учебник. – Алматы: Экономика, 2005. – 298с. – с.47-65
6 Банковское дело: учебник/ под ред. Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой Л.П. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 592с. – с. 239-380
7 Хавелинская Е.Д. Банктік несие //Аудит и финансовый анализ, 2003 ж., №4 -361-37
8 Мельников В.Д. Основы финансов: учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005. – 560с. – с. 496-499
9 Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Пер. с англ. со 2-го изд. – М.: «Дело Лтд», 1995. – 768с. – с.198-276
10 Смағұлова Р.С., Мәдіханова К.Ә. және басқалары. – Қаржы, ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2008.- 86б
11 Құлпыбаев С. Және т.б. Қаржы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 51-64 б.
12 Романюк Д.В. Моделирование кредитно-депозитной политики банка. Дис.к.э.н. Алматы. 1998ж. с.23
13 Айтбембетова А.Б. «Исторические становление и развития кредитных отношений в Казахстане» -Алматы: КазГУ им.Аль-Фараби 1999ж. с.46
14 Статистический ежегодник 2011. www.stat.kz
15 Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. Исаков Ұ.М., Бохаев Д.Т. – Алматы: Экономика баспасы, 2008. 103 б.
16 Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары». Оқу құралы. -Алматы: ИздатМаркет, 2004.-118бет.
17 Нигматова К. ЕДБ-нің несиелік портфелін басқару тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау. //Экономика негіздері. №4-5 (41), 2010. 17-20 б.
18 Сәдірмеков М. Қазақстандағы қаржы нарығының қазіргі жағдайы және одан туындайтын мәселелер. //Экономика негіздері. №4-5 (41), 2010. 12-15 б.
19 Қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген индексінің негізінде банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын бағалау. – Астана 2011 ж. 22-34б.
20 Кредит нарығын дамытудың сапалық өлшемдері туралы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 10 ақпан №06 баспасөз релизі. 9-13б
21 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. -Астана, 2010 жыл
22 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылға есебі. –Астана 2011 ж.
23 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
24 Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктердің операциялары” Алматы ИЗДАТ МАРКЕТ 2004ж.
25 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. -Астана, 2010 жыл
26 Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. –Алматы: 2002
27 Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер. «Қазақ университеті» - Алматы, 2004 ж.
28 Акбергенова И. "Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана" - Алматы: Білім 1995ж.
29 О кредитных товариществах: Закон РК от 28 марта 2003 года
30 Крилевский Н.А. Банктің клиенттік базасының дамуының негізгі жолдары // Деньги и кредит, 2001ж., №9 6-32б.
31 «Коммерциялық банктердің қаржылық қызметін басқару». //Экономика негіздері. 4-5/2006.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы несие нарығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы

5В050900 - Қаржы мамандығы бойынша
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4

1 несие нарығының теориялық және әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы, несиенің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Несие нарығы туралы түсінік және несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Қазақстандағы несие нарығының мәні, мазмұны және құрылымы..

7

7

10
17

2 Қазақстандағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Несие нарығының несиелік белсенділігін анықтайтын
факторлар талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кредиттік портфель сапасының динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.3 Несие нарығының қазіргі жағдайын 2010-2011 жылдар
бойынша кешенді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

24

24
27

36

3 Қазақстандағы несие нарығын жетілдіру жолдары және даму перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Несие нарығының қызметін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Несиелік портфельді басқару шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Несие нарығының мәселелері мен оны шешу жолдары, даму перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

46

46
48

55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .

68

А-қосымшасы - Мерзіміөткен төлемдері бар кредиттер жөніндегі мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Б-қосымшасы - Баланстантыс есептен шығарылған, мерзімі өткен
және жұмыс істемейтін кредиттер мен оларға құрылған провизиялар..
В-қосымшасы - Тәуекелдәрежесіне қарай несиелердің жіктелуі ... ... ..

70

71
72
Кіріспе

2010-2011 жылдар қазақстандық қаржы секторы үшін барлық жағынан, ағымдағыміндеттерді шешу тұрғысынан алғанда да, сондай-ақ оның келешекте сапалы əрі тұрақтыдамуына алғышарттар жасау тұрғысынан да бетбұрыс кезең болды.
Біріншіден, корпоративтік сектордың жандануы мен ішкі сұраныстың ұлғаюын қосаалғанда, 2010 жылы Қазақстан экономикасында үстем болған оң үрдістер жағымдысыртқы конъюнктурамен қатар еліміздің қаржы секторының қалыпты түрде қалпына келебастауына негіз бола отырып, оның белсенділігіне əсер етпеуі мүмкін емес еді.
Екіншіден, өз ауқымы жағынан кеңес одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, тіптіəлемдік қоғамдастықта да теңдессіз болып табылатын шаралар - тəуекелдердікредиторлармен бөлісу арқылы үш қазақстандық банктің сыртқы міндеттемелерін қайтақұрылымдаудың табысты аяқталуы - банк секторын одан əрі оңалту үшін қажеттііргетас қалады. Соның нəтижесінде қайта құрылымдау барысында болған банктергежүктелген борыштық жүктеме елеулі түрде азайып қана қоймай, сонымен қатар жылбасында реттеушінің алдында тұрған жүйелік сипаттағы проблема - жалпы алғандасектордың сыртқы борыштарын қайта қаржыландыру мəселесі де шешілді.
Үшіншіден, 2010 жыл Үкіметтің, Ұлттық Банктің жəне Агенттіктің бірлескендағдарысқа қарсы бағдарламасының қорытынды жылы болды, оны іске асыру қаржысекторының тұрақтылығын жəне экономиканың өсуін жаңарту үшін оны кредиттеукөлемін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Халықаралық қаржы институттарының осыбағдарламаны əлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде ең табысты жүргізілгенбағдарламалардың бірі ретінде танығанын атап өткен жөн.
Дипломдық жұмыстың негізінде несие нарығының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызып, экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады деген ой жатыр.
Демек бұл дипломдық жұмыс халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін күштердің дамуының біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған.
Қазақстандағы несие нарығының қазіргі жағдайы мен оның алдағы уақыттағы даму перспективасы бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.
Жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, барлық экономика салалары үшін ең басты қаржыландыру көзі болып отырған несие нарығы мәселесіне арналып отыр. Сондай-ақ бұл үкiметiмiздiң үдемелі инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасына сәйкес болып табылады.
Қазіргі Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің алдында тұрған мәселе несие нарығының жəне несие ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етужəне жалпы несие жүйесіне деген сенімділікті қолдау, несиелік қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерінқорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, нсеие нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған несие ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады.
Дипломдықжұмыстың мақсаты - Қазақстандағы несие нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, несие нарығынамакроэкономкалық тұрғыдан кешенді талдау жасау, сондай-ақ несие нарығын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
oo несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болу жағдайына, несиенің атқаратын қызметіне тоқталу;
oo несие нарығы туралы түсінікке жалпы сипаттама беру және несие нарығы құралдарының түрлері мен формаларын қарастыру;
oo Қазақстандағы несие нарығының мәні, мазмұны және құрылымын зерделеу;
oo несие нарығының несиелік белсенділігін анықтайтын факторларды талдау;
oo кредиттік портфель сапасының динамикасына талдау жасау;
oo несие нарығының қазіргі жағдайын 2010-2011 жылдар бойынша кешенді талдау;
oo несие нарығының қызметін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
oo несие нарығының мәселелері мен оны шешу жолдары, даму перспективасын қарастыру.
Зерттеу пәні - Қазақстанның несие нарығы аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне Қазақстанның несие нарығы жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несие нарығын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Несие нарығының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой Л.П, О.И.Лаврушин, Крилевский Н.А., Коробова Г.Г., Хавелинская Е.Д., Романюк Д.В., В.И.Колесников, Е.Ф.Жуков, және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ., Смағұлова Р.С., Мәдіханова К.Ә, Құлпыбаев С., Ғ.С. Сейітқасымов, У.М.Искаков, Н.Н.Хамитов, Ж.О. Ихданов, А.С. Смағұлов, Т.Ә. Есіркепов, С.Б. Мақыш, және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Коммерциялық банктердің несиелік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің несиелік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар несие саясатын одан әрі жетілдіру барысында ескерілуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 несие нарығының теориялық және әдіснамалық негіздері

1.1 Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы, несиенің атқаратын қызметі

Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экномикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.[1,б.295]
Теоррияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалырдың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экномикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. [2,б.276]
Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол "өндіргіш капитал" болып табылады, ал, банктер "несие фабрикасы". Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды.
Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі ( қайта бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол - ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.
Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән - бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.
Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма - қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.
Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма - қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.[3,б.248]
Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.
Осы кездегі шаруашылықта қолдағы аұшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.
Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт - неисе осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ - ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.
Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:
-алтынның орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет;
-несиелеу барысында төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма - қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма - қол есептер жасалынатын ақшалар келіп түседі.

1.2 Несие нарығы туралы түсінік және несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары

Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы - несие нарығының дамуына себепкер болады. Ссудалық капитал қозғалысының мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнінқалыптастыратын күн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.
Несие нарығы - механизм. Оның көмегімен қаржы қаражаттарына мұқтаж болған кәсіпорындар мен азаматтар және оларды анықталған шарттарда бере алатын ұйымдар мен азаматтар араларындағы өзара байланыстарын белгілейтін механизм.Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, белінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. [4,б.107]
Несие нарығының мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды. Дәлірек айтқанда, банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме - мұның еш мәнісі жоқ.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асырылады.
Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды рөлі ұсақ және бытыраңқы ақша қаражатын біріктіріп, өндіріс пен капиталды нарыққа шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын болсақ, оқшау процесс ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізгенде ғана маңызды болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау -- нақты жинақтаумен өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы негізінен халық жинағының есебінен қалыптасатыны белгілі. Ал олардың мөлшері елдін жалпы ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Несие нарығының негізгі міндеттері: [5,б.47]
+ тауар айналысының несие арқылы қызмет көрсетуі;
+ халықтың, мемлекеттің, кәсіпорындардың, шетел инвестицияларының ұсақ, жекеленген ақша жинақтарының бірігуі және шоғырлануы;
+ ұлттық экономиканың материалдық өндірісін қаржыландыруының сыртқы көздерін қамтамасыз ететін несиелі капиталға ақша қаражаттарының ауысуы;
+ мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға және халыққа займдарды (қарыздарды) беру;
+ капиталдың орталықтандыруы мен жинақтауын жылдамдату, қаржы-өнеркәсіп топтардың пайда болуына жағдай жасау.
Несиелі капиталдың негізгі көздері:
- несие ұйымдардағы депозиттік шоттарда жинақталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың уақытша пайдаланбайтын қаржы қорлары;
- өнеркәсіп және сауда капиталының айналым үдерісінде уақытша пайдаланбайтын және негізінде, заңды тұлғалардың несие ұйымдардағы шоттарында жинақталған ақша капиталдары.
Несие нарығын институционалды тұрғысынан алғанда - ол несиелі капиталдың қозғалысын іске асыратын арнайы несие - қаржы мекемелер жиынтығы.[5,б.49]
Дамыған нарық экономикасы бар елдерде несиелі мәмілелер жасалады:
1) ақшаны қарызға алып, қарызға беретін несие институттарымен (коммерциялық банктермен немесе басқа мекемелермен);
2) құнды қарыздардың ерекше нарығында әр түрлі қарыз міндеттемелердің шығаруын, қозғалысын қамтамасыз ететін инвестициялық немесе сәйкес ұйымдарымен.
Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары.
Несие нарығының құралы - несие. Ол (несие) айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.
Оны нақты шындыққа айналдыратындай белгілі бір шарттары болуы керек.
Біріншіден, несие беруші де, қарыз алушы да экономикалық байланысқа қарай, міндеттемелерді орындауға материалдық тұрғыдан кепілдеме бере алатындай заңды дербес субъектілер ретінде алға шығуы керек.
Екіншіден, несие беруші мен қарыз алушының мүдделері бірдей болғанда ғана несие қажеттілікке айналады.
Несие мәмілесі жүзеге асу үшін оның қатысушылары, бірінші жақ -- ссудаға ақша қаражаттарын беруге, екінші жақ -- оны алуға екі жақты мүдделік танытуы керек. Несиелік қатынас субъектілерінің өзара мүдделеріне негізделген экономикалық байланыс тұрақтылығымен сипатталады, әрі несие шеңберіндеп тұтас жүйе ретінде анықталады.[6,б.239]
Тауарларды өткізудегі сату-сатып алу процесінде сатушы оның (тауардың) ақшалай эквивалентін әрдайым бірден ала бермейді. Сатып алушы тауардың құнын белгілі бір мерзім ішінде төлеуі мүмкін. Бұл арада сатып алушы қарыз алушыға, ал сатушы несие берушіге айналады. Несие беруші мен қарыз алушы - бір полюсте эквивалент алудың, ал екінші полюсте оны төлеудің мерзімі ұзартылатын барлық жағдайларда -- қатысушыларға айналады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынасының субъектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр түрлі несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі топ-тары болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:[7,б.361]
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
+ Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
oo макқатты қорларға;
oo банктерге;
oo қаржы-несиелік мекемелеріне.
+ Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
oo өнеркәсіп салаларына;
oo ауыл шаруашылығына;
oo саудаға;
oo дайындау ұйымдарына;
oo жабдықтау-сату ұйымдарына;
oo кооперативтерге;
oo жеке кәсіпкерлерге.
+ Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
2. Мерзіміне қарай:
+ қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
+ орта мерзімді (1 жылдан 3 -- 5 жылға дейін);
+ ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
3. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
+ негізгі қорларға жұмсалатын;
+ айналым қаражатына жұмсалатын.
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
+ Қамтамасыз етілген:
- кепіл-хатпен;
oo кепілдемемен;
oo кепілдікпен.
+ Сақтандырылған.
+ Қамтамасыз етілмеген:
oo сенім (бланктік)несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
+ Стандартты несие -- қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
+ Кумәнді несиелер -- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:
oo 1-санатты күмәнді,
oo 2-санатты күмәнді,
oo 3-санатты күмәнді,
oo 4-санатты күмәнді,
oo 5-санатты күмәнді.
+ Үмітсіз несиелер -- қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай:
+ ұлттық валютамен;
+ шетел валютасында.
7. Берілу шартына қарай:
+ Тұтыну несиесі -- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
+ Ипотекалық несие -- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
oo тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
oo түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
oo тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
+ Овернайт несиесі -- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
+ Револьверлі несие - әр өтеген сайын қайта жалғастырылатын көп мәртелі несие. Несие капиталының ұлттық және дүниежүзілік нарықтарында қолданылатын, одан әрі жалғастырылатын несие, ол қарыздың белгіленген лимиті мен өтеу мерзімі шеңберінде автоматты түрде несие келісіміне қатысушы жақтардың арасында қосымша келіссөз жүргізбестен беріледі.
Револьверлі несие беру туралы келісім несие бағыты сияқты ресімделеді.
+ Синдикатталған несие - банктердің екі немесе бірнеше несие беруші синдикаттары (консорциумдары) бірдей шарттарда бірыңғай құжаттамаларды пайдалана отырып, жалғыз сенімді адамның басқаруымен берілетін несие.Ұйымдастырушы - банк несие құжаттамалардың дайындығы және синдикаттың ұйымдастыруы бойынша жауапты. Ұйымдастырушы қарыз алушының нарыққа шығуына, оның және басқа қарыз берушілер арасындағы мүдделер балансын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын делдал болады. Тұтастай алғанда, синдикатталған заимға (қарызға) келесі белгілер тән: Синдикатталған займды (қарызды) тарту кәсіпорынның қарыз алушы ретіндегі жоғары мамандығын көрсетіп, оның беделін көтереді. Синдикатталған займ (қарыз) арқылы компания қарыз беруші базасын кеңейтіп, шығындарда (шығасыларда) үнемдейді. Қарыз берушілер үшін артықшылықтар мынада: банктер несие портфелін (қоржынын) аз ғана соманы беру арқылы жан-жақты дамыту, түрлерін көбейту мүмкіндігін алады.
+ Онкольдық несие -- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
+ Шетелдік несиелері - шет елдерде пайдалану үшін шетел азаматтарына тиетін жергілікті банк несиелеуінің үлесі, бөлігі. Шетелдік банк несиелері көбінесе үкіметаралық деңгейде жүзеге асырылады. Халықаралық несиелерді жалпы келесі түрде көрсетуге болады.
+ Еуропалық несиелер - шыққан жерінен тысқары орналасқан банктерге салынған еркін айналыстағы валютадағы несиелер. Еуровалюталық нарықтың елеулі сипаттамасы заимдар (қарыздар) жергілікті несиелер нарығынан айрықша, күнде өзгеріп тұратын пайыздық мөлшерге - Либор (Лондон банкаралық ұсыныстардың пайыздық мөлшері) белгіленген өсім негізінде іске асырылуымен білінеді. Бұл өсім әдетте жарты жылда 1 рет қайта қаралады.
+ Банкаралық несие -- банктердің бір-біріне беретін несиесі.
+ Ломбард несиесі - бұл қысқа мерзімді несиенің нысаны, ол тез өтетін (сатылатын) құндылықтардың (құнды қағаздар, айналыстағы тауарлар, құнды материалдар және т.б. кепілдігімен беріледі. Құнды қағаздардың кепілдік ретіндегі тартымдылығы оларды сақтау бойынша шығындардың аздығымен, әр коммерциялық банктарда бұл операцияны ұйымдастыруға қажет мамандардың болуымен, кепілдік затының жоғары өтімділігімен байланысты.
+ Овердрафт (ағылш. Овердрафт - жоспардан жоғары) -- клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
+ Маусымдық несие -- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
+ Лизингтік несие -- банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
+ Сенім несиесі -- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
+ Консорциалдық несие -- ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
+ Инвестициялық несиелер -- жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
+ Инновациялық несие -- банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
+ Вексельдік несие -- банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
+ Рамбурстық несие -- шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
+ Контокорренттік несие -- клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
+ Ломбардтық несие -- тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
+ Форфейтингтік несие -- сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
+ Факторингтік несие -- жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
+ Экспорттық несие -- экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
+ Несиелік желі -- келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
8. Несиелеу объектісіне қарай:
+ меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
+ материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
+ сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
+ азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
+ ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
+ театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
+ күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
+ тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Несие нарығы - әртүрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.[8,б.496]
Несие нарығының негізгі қатысушылары - несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы. Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің рөлін өсімқорлар орындаған. Оның дамуына қарай акшалай несиені берушілердің орнын банк мекемелері басты. Ал тауарларды ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің) өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін. Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайында несие беруші банк ссуданы тек өз ресурстарының есебінен ғана емес, сонымен бірге өз шотында сақтаулы жатқан тартылған ресурстардың есебінен, жұмылдырылған бағалы қағаздарды орналастыру арқылы беруі мүмкін.
Қарыз алушы -- несие қатынасында несие алатын және алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті жақ. Өсімкорлық кезеңінде несиені ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ аса ірі жер иеленушілер немесе бай адамдар пайдаланды. Кейін банктердің пайда болуына қарай қарыз алушылардың шоғырлануы жүзеге асты. Бұл арада банк ұжымдық несие беруші ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ерекшеліктері болды:[9,б.198]
- ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
- қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласындада, өндіріс саласында да пайдалана алады. Несиеберуші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысуфазасында береді;
oo қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығына пайдаланғаннанкейін қайтарады. Карыз алушы ссуданы қайтару үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушімен есеп айырысуға жеткілікті қаражаттыбосатып алатындай етіп ұйымдастыруы керек;
oo қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалықпайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын несие берушіге қарыз алушының тәуелдіболатынын естен шығармауымыз керек.
Несие қозғалысының зандылығы несие нарығында пайда болатын несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға мүмкіндік береді.
Несие беруші мен қарыз алушы несие қатынасына түсу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерінің бірдей екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін. Егер орындарын алмастыратын болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.

1.3 Қазақстандағы несие нарығының мәні, мазмұны және құрылымы

Несие нарығының мәні мен рөлі оның функциясын анықтайды. Несие теориясында оның функциясының мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Алайда өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функциясында, айналымның несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:[10,б.86]
+ несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
+ шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
+ ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;
+ мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аса қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына ықпал ету.
Қазақстан Республикасының тәжірибесінде банктердің несиелік салымдарының негізгі обьектілері негізінен экономиканың өңдеуші секторларының кәсіпорындарының: жеңіл -- тамақ өнеркәсіптерінің, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестің - қысқа мерзімді айналым қаражаттары болып табылады.
Несиелеу субьектілері - бұл несие алушы ретінде қатынасқа түсетін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке түлғалар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі ережелері келесі қалыпта: [11,б.51]
1. Несиелеу жүйесі коммерциялық банктің ресурстарынанегізделеді.
2. Несиелік операциялар коммерциялық сипатқа ие.
3. Несиеліксалалардың көлемі банк ресурстарына ғана емессонымен біргеміндеттірезервтер мен экономикалықнормативтерге де байланысты өзгеріп отырады.
4. Банктің несиеліксаясаты келісім негізінде жүзегеасырылады.
5. Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін несиелердің формасына өту көзделіп отыр.
6. Несиелеу жүйесі келесі принциптергенегізделіп отыр:мерзімділік жәнеақылық немесетөлемділік, қайтарымдылықпен несиенің көзделген мақсатқа жұмсау.
7. Сонымен бірге несиелеу моделін құрастыру үшін сол несие
алушының өндірісінің экономикасы негіз болу қажет.
Несиелік саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген факторларды есепке алу қажет: [12,б.23]
сыртқы факторлар, яғни банк қызметіне тәуелсіз, инфляцияссудалық деген ұсыныс пен сұраныс т.б.
ішкі факторлар, яғни банктердің жеке қызметіне байланыстыкапиталдың жеткіліктілігі, несиелердің түрлеріне тиістітабыстылық пен тәуекелділік деңгейі, депозиттердің келіп түсутұрақтылығы, банк қызметкерлерініңқабілеттілігіменмам андану дәрежесі т.б.
Коммерциялық банктер нарықтағы негізгі несие берушілерге жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландыру несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды талап ететін РЕПО-ны ұсынады. Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін Ұлттық банк белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемеден төмен белгілей алмайды.
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі агенттігі несие нарығында реттеуші орган ретінде танылады. Мәселен, бұл орган кастодиан-банктің, брокер-банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.
Коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк және мамандандырылған коммерциялық банк болуы мүмкін екендігі белгілі. Отандық тәжірибеде бүгінгі таңда, әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мысал ретінде Тұрғын үй құрылыс банкі АҚ-ны айтуға болады. Оның негізгі бағыты - халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.
Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымы.
Несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктер және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзімге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.[13,б.46]
Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымын былайша көрсетуге болады.

Сурет 1. Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымы

1-суреттен көріп отырғанымыздай Қазақстанда несие нарығының басты қатысушысы коммерциялық банктер. Қазақстанда 01.01.2012 жағдай бойынша барлығы 38 коммерциялық банк бар.[14]
Екінші деңгейдегі банктер осы күнгі жағдай бойынша:
1. RBS (Kazakhstan)" EБ" АҚ (бұрынғы атауы - "ABN АМРО Банк Қазақстан" ЕАБ АҚ)
2. "Bank RBK" Банкi" АҚ (бұрынғы атауы -"Қазақстандық инновациялық коммерциялық банк" АҚ)
3. "Хоум Кредит Банк" АҚ ("Алма-Ата" ХБ" АҚ)
4. "АТФБанк" АҚ
5. "Альфа-банк" ЕБ АҚ
6. "Альянс Банкі" АҚ
7. Punjab National Bank-Қазақстан еншілес банкі АҚ
8. БанкПозитив Қазақстан (Банк Апоалим Б.М. банкісінің еншілес банкісі) АҚ (бұрынғы атауы - ДЕМИР КАЗАХСТАН БАНК АҚ)
9. "Еуразиялық банк" АҚ
10. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
11. "Заман-Банк" АҚ
12. Казкоммерцбанк АҚ
13. "Kaspi Bank" АҚ
14. "ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ" ЕБ АҚ
15. "Қазинвестбанк" АҚ
16. АҚ ЕБ "Қазақстандағы Қытай Банкі"
17. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (бұрынғы атауы-ББ "Лариба-Банк" АҚ)
18. "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ
19. "Пәкістан Ұлттық банкісінің" Қазақстандағы ЕБ АҚ
20. "Delta Bank" АҚ
21. "Нұрбанк" АҚ
22. "СЕНІМ-БАНК" АҚ
23. "Ситибанк Қазақстан" АҚ
24. "ТАИБ Қазақ Банкі" ЕБ АҚ
25. "Темiрбанк" АҚ
26. Ресей Жинақ банкі АҚ ЕБ (Бұрынғы атауы -"ТEXAКABANK" АҚ)
27. "Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ
28. "БТА Банкі" АҚ
29. "Банк ЦентрКредит" АҚ
30. "Цеснабанк" АҚ
31. "Эксимбанк Қазақстан" АҚ
32. "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ
33. МЕТРОКОМБАНК АҚ
34. "Астана-Финанс" банкі АҚ
35. "Банк Kassa Nova" АҚ
36. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
37. "Шинхан Банк Қазақстан"АҚ
38. "Al-Hilal" Ислам Банкі" акционерлік қоғамы
Қазақстанда осы уақытқа дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға ғана беріліп келсе, ал қазіргі күні елімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрлері пайда болғаны байқалады. Оның үстіне несие берушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырып, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.
Қаржы мекемелерінің несиелік портфельдеріне қарай, несие нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады.
Қазақстан Республиксына тән несие нарығының сегменттері.[15,б.103]
Бүгінгі таңда басқа несие нарықтарына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы ерекше дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың құнын біртіндеп, бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Банктік қызметтер теориясының аспектілері
Ипотекалық несиенің мәні, қағидалары және оның құрылымы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің талдауы
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының банкттерінің қызметтері
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары
ҚР қаржы нарығы
Коммерциялық банктің операциялары
Пәндер