Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1 ЭКОНОМИКА негіздерін оқытудың ТЕОРИЯЛЫҚ және әдістемелік негіздері . . .
1. 1 Экономика ғылымының ғылым ретіндегі мәні мен маңызы, зерттеу аясы . . .
1. 2 Экономикалық білім берудің маңызы мен қажеттілігі . . .
1. 3 Қазіргі кезде мектептерде экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесінің зерттелу жағдайына шолу . . .
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРетін ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
2. 1Жалпы орта білім беретін мектептерде экономика негізін оқытудың мәні мен мазмұны . . .
2. 2 Қазіргі кезде мектептерде экономика негізін оқыту ерекшеліктері . . .
2. 3 Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру арқылы салықтық сауаттылыққа үйретудің мазмұны мен ерекшелігі . . .
3 Қазіргі орта білім беретін мектептерде экономика негізін оқытудың әдістемесі . . .
3. 1 Жалпы білім беретін орта мектептерде экономика негізін оқытудың мазмұны мен әдістемесі . . .
3. 2 Оқушылардың экономикалық білім деңгейін арттыру әдістері . . .
3. 3 Экономикалық білім беруді жетілдіру мақсатында факультативтік курстарды ұйымдастыру . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
1-ҚОСЫМША - Нарықтық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздерін танудың сатылары . . .
2-ҚОСЫМША - Кәсіпкерлік тұлғаның негізгі ерекшелік қасиеттері . . .
3-ҚОСЫМША - Экономика негіздерін оқытудың өзіндік ерекше әдістері . . .
4-ҚОСЫМША - Жалпы орта білім беретін мектептерде салық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі . . .
5-ҚОСЫМША - «Экономикалық білім негіздері» оқулығындағы білім мазмұнының ерекшеліктері . . .
4
8
8
12
24
33
33
42
53
61
61
66
69
73
76
78
79
80
81
82
КІРІСПЕ
Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Экономикалық білім беру жай ғана маңызды мәселе емес. Ол туралы білім-дағдылар сұраныс пен оны қанағаттандыру туралы түсінік балалардың санасына мектепке дейін қалыптаса бастайды. Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбек ақы, міндеттер жүктеу оларды бөлу туралы алғашқы ұғымды береді.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздегі саяси-әлеуметтік, құқықтық-экономикалық өзгерістер, ақпараттық ағымның жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі білім беру үдерісі дамуының тенденциялары жалпы орта білім берудегі терең өзгерістерді талап етуде. Сол өзгерістердің бірі мектеп білім алушыларының экономикалық білімін, экономикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі болып табылады.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы халқына жолдауында атап айтқандай, " . . . біздің ұлттық экономикамыз әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда бәсекеге қабілетгі экономикаға" айналмақ. Мұндай жағдайда халқымыздың қасиеттерін нарықтық бәсекеге қабілетті дәрежеге көтеру мәселесі, ең алдымен оның білімділік деңгейіне байланысты шешілмек. Демек, әлемдік бәсекеге қабілетті қоғамды дамыта алатын бәсекелестік қабілеті жоғары "кәсіпкерлік тұлға" тәрбиелеудің жаңаша парадигмасы туындап отыр. "Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамьпу тұжырымдамасы" осындай биік мақсатгарды жүзеге асыруды көздейді.
Мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру қазіргі заман талабына сай құзыреттіліктерді қалыптастыруға мол мүмкіндік тудыруда. Ал, жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың экономикаллық білімін жетілдіру, мәдениетін қалыптастыру сол мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің экономика сабағынан толықтай білім алған қолайлы деп есептейді.
Педагогика теориясы мен тарихында экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері көптеген зерттеулерге негіз болып келеді. Олардың шешімі П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. ғалым-педагогтардың еңбектерінен бастау алған. Бұл ғалымдар жастардың экономикалық дайындығын практикада жүзеге асыру жолдарын қарастырған. Экономикалық білім беруге қатысты зерттеулерге талдау жасай отырып, оларды бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне ғылыми таным теориясы, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылық туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалары жатады.
Ал экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері А. Ф. Аменд, Б. П. Шемякин, А. Е. Эпштейн, А. Т. Шпак, И. А. Сасова т. б. ғалымдардың еңбектерінде атап өтіледі.
Әлеуметтік және психологиялық негіздерді Н. Д. Левитов, В. Д. Попов, К. Омаров, В. М. Соколинский т. б. еңбектерінен табуға болады.
Ғылымдар негіздерін игеру үрдісінде экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жүйесін Ю. К. Васильев, И. А. Мельничук, П. А. Хроменков т. б. ғалымдар жасады. Мәселен, еңбекке тәрбиелеу үдерісі негізінде экономикалық білім беру және тәрбиелеу мәселелері М. Л. Малышев, В. Б. Белова, К. Н. Катханов, А. Ф. Крючков т. б. еңбектерінде көтеріледі. Ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері А. С. Нисимчук, Н. М. Атоев еңбектерінде орын алған.
Экономикалық білім және тәрбие беру мәселелерімен генетикалық жағынан байланысқан экономикалық мәдениетті қалыптастыру саласында төмендегі зерттеулер орын алған: экономикалық мәдениет теориясы мен практикасын қалыптастыру әдіснамасы (Л. Н. Пономарев, В. И. Максакова), экономикалық мәдениеттің әлеуметтік тарамы (Л. П. Буева, Т. И. Заславская, М. И. Сергеев), экономикалық тәлім-тәрбиенің мәні, экономикалық ойлау мен сана ерекшеліктері (Л. И. Абалкин, В. С. Автономов, В. А. Семенов), бастауыш мектепте және қосымша білім беруде салық мәдениетін қалыптастыру (В. В. Антонов, А. П. Балакина, И. И. Бабленкова, Н. Д. Дмитракова, А. А. Мохонина және т. б. ) .
Соңғы кезде мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне арналған қазақстандық ғалым-педагогтардың да зерттеулері кең өріс алып келеді. Экономикалық тәрбие мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін С. С. Сатыбалдин, Е. М. Арын, Қ. Ж. Аганина, А. А. Саипов; ал экономикалық тәрбиенің экологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелерін М. Н. Сарыбеков, К. Жарықбаев, С. Қалиев, А. К. Нургалиева, Қ. А. Сарбасова; ғылыми-әдістемелік жүйесін К. З. Хамитова, М. Анарбаев, Э. И. Қалиева, М. З. Жанбөбекова, Р. А. Садвакасова, Г. Қошанова, А. Ө. Дәулетқұлова, Ш. Сырбаева, С. Б. Нугманова т. б. ғалымдар еңбектерінде зерттеп, ғылыми түрде негіздеген. Еңбекке баулу үдерісі кезінде оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне Б. Абдикаримов, Г. Т. Хайруллин, Б. К. Момынбаев, М. К. Қаламқалиев, К. А. Дүйсенбаев, А. Мүсілімов, Е. Есенжолов; ал экономикалық мәдениеттілікті қалыптастыру мәселесіне Ш. М. Жарылғапов, Р. С. Амандосова, Р. С. Уталиева; мұғалімдер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен экономикалық тәрбие беру мәселесіне А. К. Ахметов, А. Нақпаева, М. Ш. Қадыров, Р. О. Озгамбаева; ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері Ж. А. Жунисбекова, А. Б. Остаева сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Ал бұл еңбектерде салық мәдениетінің кей аспектілері ғана қарастырылып, оны қалыптастыру мәселесі назардан тыс қалған.
Экономикалық білім беруге қатысты ғылыми зерттеулерге жасалған талдаулар жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, оны жүзеге асыру механизмін іске қосу мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп зерттелмегенін көрсетіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен осы мәселенің ғылыми тұрғыда негізделіп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қайшылықтар туындауда.
Халыққа экономикалық білім беру ертедегі грек ойшылдардың (Ксенефонт, Платон, Аристотель және т. б. ), классик экономистердің (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Дж. М. Кейнс) еңбектерінен бастау алғаны белгілі. Біздің заманымызда да көптеген ғалымдар (В. П. Даринский, В. Д. Попов, В. К. Розов, Л. БАзимов, ЛЛЛюбимов, Л. ШЛысенкер, С. С. Сатыбалдин, Қ. Ж. Аганина) бұл мәселеі зерттеумен айналысып келеді.
Жастарды еңбекке баулу мен өндірістік еңбек процесінде оқушыға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселелері классик педагогтардың (А. В. Дистервег, К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, А. С. Макаренко) шығармаларында қарастырылған. Қазақстан ғалымдары да (Г. А. Уманов, Б. Әбдікәрімов, Г. Т. Хайруллин, КАДүйсенбаев, М. Қ. Қаламқалиев, Ә. Мүсілімов) еңбек тәрбиесі жөнінде өздерінің елеулі үлестерін қосқан.
Экономикалық білім мен тәрбие беруді жеке пәндерді оқыту процесінде жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік мәселелеріне Ю. К Васильевтің, И. А. Мельничуктің, Ш. А. Сайыпназаровтың, В. М. Симоновтың, А. С. Нисипчуктің зсрттеулері арналған.
Дегенмен, экономика негіздерімен оқушыларды таныстырудың педагогикалық шарттарын, экономикалық білім берудің педагогикалық қажетгілігі мен мүмкіндігін анықтап, мектеп пәндерін оқыту процесінде экономикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселелерін тиісті деңгейде зерттеуді керек етеді.
Экономикалық ұғымдарды жалпы әдіснамалық және гносеологиялық аспектіде талдасақ, адамзат қоғамында "сауда", "тауар", "ақша", "айырбас", "нарық" үғымдары ертеден-ақ пайда болып, адамдар мен халықтардың күнделікті тұрмысына сіңіп, өмірдің ажырамас "серігіне" айналып кеткен.
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зертгелуі «Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері » атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктерін анықтаудың ғылыми-теориялық негізін айқындап, педагогикалық талалтарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп пәндерін оқытуда оқушыларға экономика негіздері туралы түсінік берудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- мектеп пәндерін оқытуда оқушыларға экономика негіздерін оқытудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін ашу;
- оқушылардың экономика негіздерін қалыптастырудың көрсеткіштерін, өлшемдерін және логикалық-құрылымдық жүйесін негіздеу;
- жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларында кейбір пәндерді оқыту барысында нарықтық ұғымдарының педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мәні мен мазмұнына сипаттама;
- оқушылардың нарықтық үғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын растайтын тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижелері.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептің оқыту процесі.
Зертгеу пәні: жалпы білім беретін орта мектептерде экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктерін негіздеу.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекетгік жалпыға міндетгі стандарттары, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, мұғалімдердің, диссертанттың педагогикалық және оның ғылыми іс-тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған мәселелерге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, нарықтық экономикалық және әдістемелік еңбектерді талдау; нарықтық білім мен тәрбие беру жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелермен танысу және жинақтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- мектептің оқу-тәрбие процесінде экономика негіздерін оқытудың ғылыми-теориялық негіздері жасалды;
- оқушылардың шығармашылық қызығушылығын дамытудағы экономикалық білім берудің, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері анықталды;
- мектептерде оқушылардың экономикалық ұғымдарын қалылтастырудың деңгейі, көрсеткіштері анықталып, логикалық-құрылымдық жүйесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Мектепте оқушылардың экономикалық түсінігінің негізін қалыптастыру мақсатындағы "Нарық пен кәсіпкерлік негіздері" атты факультативтік курстың бағдарламасы жасалды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспе, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімімен, қосымшалардан тұрады.
1 ЭКОНОМИКА негіздерін оқытудың ТЕОРИЯЛЫҚ және әдістемелік негіздері
1. 1 Экономика ғылымының ғылым ретіндегі мәні мен маңызы, зерттеу аясы
Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүру салымы. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономикалық теория - оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Байлықты алу және тұтынуды қанағаттандыру туралы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың негізгі мақсаты - тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті және үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю. Алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ- байлық және ақшаны иемденуде. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен келіспейді.
«Хрематисстика» термині - сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Осыған орай экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзіндік кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Айканомия»- шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз эконамисі Антуан Маккретьен (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты [1] .
А. Макретьен хандармен, жеке бейлеушілерге кеңес берді, мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы. «Саяси экономия» трактат кітабының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап әртүрлі экономика ғылымның пәні туралы әртүрлі ойлар мен анықтаулар айтыла бастады, дамыған бағыты автордың өзінің көзқарасына байланысты анықтала бастады.
Экономикалық ғылым, басқа қоғамдық ғылым сияқты әртүрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтамасыз зерттейді. Оны негізге қарай белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршалл басты негіз түсіндіру молшылықтың материалдық жағдайын жасау және пайдалануға негізделген.
Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым маңызды әлеуметтік институт, экономикалы процестерді түсіндіру, прогноздау және айқындаған заңдар, заңдылықтар негізінде. Материалдық игілікті жасау және пайдаланудың тенденциясын анықтау.
Экономикалық ғылым - білім суммасы, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологияның негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігі ретінде кіретіндер экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде және экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғаммен индивидумның тұтынуын қанағаттандыру.
Экономикалық ғылым пәні және әдісін зерттеу бойынша, экономикалық теориямен ұқсас.
Дүниежүзілік экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен адамдардың экономикалық теория оқу пәні ретінде (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы шаруашылық және адамдар тәртібін әрекеттерді нақты тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.
Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты, заңдар мен заңдылықты ашу, даму тенденциясын проленгировалау, қоғамның мақсатына жету тәсілдерімен әдістерін прогноздайды. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық ғылым әруақытта динамикалық, экономикалық теория оқу пәні ретінде әрқашанда статистикалық әрбір дәуір уақытында.
Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндерін нақтылы анықтасақ, мынадай жағдайда анықтауға болады [2] :
Біріншіден - экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін тауарды айырбастау және іскерлік кезіндегі шектелген ресурстарды пайдалану тәсілі, материалдық және материалдық емес игілікті өндіруде оларға бөлу және тұтынуы қоғам мүшелері.
Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.
Сурет 1. Экономикалық теория пәнінің негізгі бөлімдері
Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын, ол әртүрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.
Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі - үй шаруашылығы жекелеген фирма, бірлестік т. б. қарастырылады.
Макроэкономика елдің экономикасы біртұтас зерттелінеді. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, эономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т. б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздыққа реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.
Мезоэкономика - ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының АӨҚ, ӘӨК, аймақтық экономика т. б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.
Екінші саяси экономияның зерттейтін объектісі шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын анықтайды (2 сурет) .
Сурет 2. Экономикалық процестің объективтік негізі және құбылысы
Экономикалық теорияның пәні мен политэкономияның пәні ұқсас. Дегенмен экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады - адамдардың мінез-құлқын, аптар мен таптардың және материалдық, материалдық емес игіліктер жайындағы қатынастарды, ал саяси экономика жағдайында қатынастарды, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.
Үшінші - экономика деп түсінеміз шаруашылықты басқару, шаруаны жүргізу ережесін сақтау, сонымен қатар саяси проблемалардың да қарастырады. Мысалы, мемлекеттік жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін әйелдерге көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар [3] .
Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны сатып алуға банкіге салу тиімді ме т. с. с.
Кемшілік пен ресурстардың шектелуі болуы оларды пайдалану альтернативтік жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауар мысалында қарастыруа болады - зеңбірктер мен май.
1-вариант. Қоғамның барлық ресурсы мая өндірісін өндіруге бағытталған, 5 млн. кг бұл максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.
2-вариант. 15 мың зеңбірек шығаруға бағытталған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.
3-вариант. Қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.
Альтернативтік мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.
Сурет 3. Альтернативтік мүмкіндік мағынасы
Өндірістік мүмкіншіліктің көбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл анықтайды экономика толық жұмыстылық кезінде альтернативтік болады.
Қажетті талдауға өндірістің техника экономикалық жағдайына қарай (зеңбірек не май) ресурстарды бөлу арқылы өндіруге болады. Ресурстардың толық жұмыс бастылық кезінде барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты көлбеу трансформациясында болады. кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.
Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе не өндірістік комбинациясы жұмыссыздық болса, 4 нүктесінде деп болжасақ май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл ситуация ескертеді, қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтады.
Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.
Трансформация көлбеуі дәлелдеуі мүмкін және өндірістік айырмашылығын білу елдердің экономикалық, одан артық экономика трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтарын ашу, қазба байлықтарының жаңа қорын ашу және т. б. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (финанситық және нақты секторларды инвестициялау) мен тұтыну (жеке) . Қорлануды көбейту (жаңа заводтар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғам бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформациясының сатысына көтерілуі.
Бұл - экономикалық ұғым ретінде сонара қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып, қаржылау қажет, бұған индуктивті әдіс жалпы пікірлер пайымдаудан жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz