Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)


РЕФЕРАТ
«Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж. ж. ) »
Қызылорда, 2010 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің қалыптасуы, мұнай кеніштерінің ашылуы, қоршаған ортаға мұнай өндірісінің әсері
в) Мұнай компанияларының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізген ықпалы
3. Қорытынды
1899 жылы 18 қарашада Қазақстанның Қарашұңғыл атты мекенінде 1894 жылы Л. Н. Леман басқаратын 1-ші мұнай серіктестігі 40 метр тереңдіктен алғашқы Қазақстандық мұнайды бұрқақ түрінде алды. Осы кезден бастап бір ғасырдан астам уақыт Қазақстан мұнай өнеркәсібі, оны игеруші мамандары, ұйымдастырушы басшылары туралы сан-сапалы ғылым бағыттарында әр түрлі мәліметтер, есептер, зерттеулер жарияланып дербес тарихнамалық тақырыпқа айналды [1, 6б] .
Қазақстан-мұнай мен газға бай ел. Мұнай өнімінің қоры бойынша ТМД елдері арасынан Ресейден кейінгі екінші, әлемде оныншы орынды иеленсе, табиғи газдың қоры бойынша ТМД елдері арасында төртінші, ал әлемде он бесінші орында. Республикада 164 ашық мұнай кен орны бар, солардың ішінен өнім өңдеумен 60 кен орыны айналысады. Ал газ кен орындарының саны 142. Табиғи газдың жинақ қорының 95 пайызы елдің батыс аймағында орналасқан. Газдың ең ірі бекітілген қоры Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кенішінде шоғырланған. Еркін газдың ірі қорлары Каспий маңы ойпатында орналасқан Имашев, Жаңажол, Теңге, Ұрықтау, Өзен, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Қаламқас кеніштерінде шоғырланған [2, 24 б] .
Еңсесін көтеріп, дамушы елдер қатарына қосылған Қазақстан мемлекетінің экономикасындағы елеулі орын алатын Қызылорда облысындағы мұнай-газ өнеркәсібінің кешегі-бүгінгі тыныс-тіршілігін, ой елегінен өткізу, өнеркәсіптің кеңестік дәуірі мен күні бүгінге дейінгі тарихи жолындағы жетістігі мен кемшілігін, қиыншылығын жүйелі түрде саралай келіп қана, қандайда бір тұжырым жасауға, пайымдауға болады. Мұнай-газ өндірісіне Қазақстанның өнеркәсіп орындары ішінен алғашқылардың бірі болып шетел инвестициясының тартылуының өзі осы саланың еліміз экономикасында алатын рөлін көрсетіп берді.
Еліміздің территориясында 200-ден астам мұнай және газ кен орындары бар. Батыс аймақтың төрт облысында алынатын мұнай қорының 90 пайызы шоғырланған. Атап айтсақ, осы аймақта: Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары бар.
Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол) . Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.
Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дәлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.
Тарих ғылымы адамзат және қоғам дамуын зерттейтін ғылым саласы болғандықтан экономикалық дамудағы басты сала мұнай-газ тарихын зерттеуді нысанаға алдық. Отанымыздың құрамдас бір бөлігі,
Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағындағы- Қызылорда облысының мұнай саласының қалыптасуы мен даму тарихын зерттеу магистрлік диссертация жұмысының өзектілігін маңыздандыра түсері айғақ. Облысымыздың жер қойнауы зәру табиғи қазба байлықтарға тұнып тұр. Мұнай шикізатының 300-350 млн. тонна, газдың 60-100 млрд. текше метр мөлшеріндегі қорына барлау жасалды. Жаңа кен көздерін ашудың болашағының бар екендігі анықталып, қошқыл көмір мен жанғыш тақта тас орындары табылып отыр. Темір тастың, фосфориттің, молибден- ваннадий және циркон -титан кендерінің, шыны өнеркәсібі үшін жоғары сапалы кварц құмының, әр алуан құрылыс материалдарының қоры жеткілікті. Жеріміз алтын мен күміске де кенде емес деген болжам бар.
1983 жылы Құмкөлде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды, одан Оңтүстік Торғай ойпатындағы алғашқы мұнай кен орнының ашылуын белгілеген мұнай көзі 1984 жылы атқылады. 1987 жылы қараша айында ҚСРО ГПЗ 89, 4 млн. тонна көлемінде мұнайдың ірі шығарылатын қорының ашылғаны бекітілді [12, 123б] .
Құмкөлдің пайда болу тарихы, - деп есіне алады, бұл күндері марқұм болған, ол кезде «Құмкөлмұнай» МГӨБ бастығы болып жұмыс істеген М. Г. Саламатов, - ол кезде онымен өз тарихын қалайда байланыстарғандардың барлығын өзіне тартпай қоймайды. Оны игерудің алғашқы жылдарындағы өткен оқиғаларды қазір тек өте бай қиялда ғана елестетуге болады. Вагондар мен киіз үйлердегі өте жайсыз өмір, өңменіңнен өтетін аязды жел және жалынды ыстық күндегі өте ауыр жұмыс, бірақ бұл өлкеде еш уақытта кездеспеген мұнайды өз көзіммен көрсем деген құмарлық-осның бәрі иықтарында Атырау мен Маңғышлақты игерудің бай тәжірибесі бар көшбастаушылардың, үзеңгілестерді тығыз біріктірді. Тап осылардың осы ежелгі мекенде өз халқы үшін керекті және пайдалы іс атқарып жатырмыз деген ойлары бүгінгі күні Құмкөл мұнайын шындыққа айналдырды. Маған Құмкөлді алғашқы ашушылардың ұжымын басқаруға үлкен құрмет көрсетілгенше және сөйтіп осы бірегей кен орнын игеруге өз үлесімді қосқаныма шексіз бақыттымын. Бұл жылдар мен үшін өзін өзі сынау мен танудың тағы бір кезеңі болды [13, 132б] .
Мұнай-газ кен орындарын барлаушылардың 1986 жылы қол жеткізген табыстары ішінде Оңтүстік Торғай өңірінен Құмкөл мұнай-газ кенішінің ашылуы еді.
Құмкөл мұнай-газ кен орындарын игерудегі жетістіктер негізінде 1991 жылы басқарма мұнайшылары алғашқы 1 млн тонна мұнай өнімін өндірді. Осы жылы сәуірде КСРО мұнай өнеркәсібі министрлігі «Құмкөлмұнай» өндірістік бірлестігін құрды.
1996 жылы «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд» компаниясы Қазақстан Республикасымен арада қол қойылған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес Құмкөл кен орындары тобын иеленетін және басқаратын «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады. Сол сәтте Құмкөлдегі өндіру деңгейі шамамен күніне 55000 баррель мұнайды құраған еді. Аталған сатып алу мәмілесінің шеңберінде «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд» АҚ-ндағы 100%-дық үлесті; «Құмкөл-ЛУКойл» ЖАҚ-ндағы (қазіргі «Торғай Петролеум» АҚ) 50%-дық үлесті және «Қазгермұнай» АҚ-ндағы 50%-дық үлесті сатып алды [14, 1б] .
1987 жылдың басында бағдарламалар бойынша сейсмикалық материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде Қазақстанда тәжірибе-әдістемелік экспедициясында Құмкөл кен орнына тікелей жанасып жатқан батыс және шығыс бөліктерінің құрылымы айқындалды.
Ащысай мұнай кен орны - Оңтүстік Торғай ойпатындағы алғашқы кен орны, 1989 жылы ашылған, Оңтүстік-Торғай ойпатының ішінде кеніштің ашылуы Қазақстанның экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды, өйткені осыған байланысты Қазақстанның күнгей облыстарының мұнай өнімдеріне зәрулігін қамтамасыз ету қажеттегі туды.
Игерудің технологиялық схемасы бойынша Ащысай кен орында өндірістік игеру жұмыстары 1990 жылы басталды.
Енді қоршаған ортаға мұнай өндірісінің әсері жайлы айтатын болсақ, Қызылорда облысын, «Сыр өңірін»- тарих атасы Геродот еңбектерінде, Аристотельдің «Географиясында», араб ойшылы Истархи (900 жылдар) жазбаларында, ағылшын көпестері Томпсон мен Готтың естеліктерінде, Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде-жері құнарлы, өсімдіктердің көптеген түрлері өскен, төрт түлік малды өсіруге жайлы, экологиялық табиғаты таңғажайып аймақ екендігін жазып, тарихқа енгізген. Кеңес Өкіметі кезінде облыс аумағын зерттеген ғалымдар жер үсті, асты қойнауында ас тұзы, мұнай, уран, түрлі түсті металдар, алтын және де көптеген құнды металдардың бар екенін анықтап, қазба байлықтардың біразы өндірілген. Осы қазба байлықтарды игеру кезінде - өндіру технологиясы өрескел бұзылып, табиғатымыздың бұрынғы экологиялық қалпы нашарлап, уақыт өткен сайын Сыр бойының халқы жойылып кету шегіне қарай кетіп барады [15, 115б] .
Арал өңірінде бағзы заманнан бері осы аймақты мекендеген талай халықтың ырзық-несібесі, әлеуметтік жағдайынының арқауы болған және болып тұрған ауыл шаруашылығы өндірісінің дәстүрлі екі саласы-егіншілік пен мал шаруашылығы екені көпке аян. Десек те, соңғы жылдары замана ағымына орай бұл өңірде жер қойнауындағы байлықтың әжептеуір қорлары ашылып жаңа өнеркәсіп өндірісі қалыптаса бастады. Олар мұнай-газ және полиметалл мен уран кендері. Аймақта бұлар әзірге қанаты қатайып, буыны бекімеген жас өндіріс салалары болғанымен экономикалық тұрғыдан алсақ келешегінен көп үміт күтуге болады. Бұл ең алдымен Қызылорда облысы байтағының солтүстігі мен солтүстік-шығыс жағында мұнай өндіріп жатқан «Құмкөл», «Оңтүсік Құмкөл», «Арысқұм», «Қызылқия», «Майбұлақ», «Ақшабұлақ» кеніштері. Бұл кеніштердің жарқын келешекте Қазақстанның, оның бер жағында Қызылорда облысының экономикасына не қосатынын дөп басып айту қиын. Шындығына жүгінсек, аталмыш мұнай кеніштері облыстың экономикасына әзір қосып тұрған қомақты үлесі жоқтың қасында, бірақ оның есесіне бұл аймақтың өзі де тозығы жетіп тұрған экологиясын бұрынғыдан бетер берекесін кетіруге өзінің зиянды едәуір қосып тұрғанын айтпасқа болмас [16, 116 б] .
Қазақстанның мұнай-газ аймағының бірі болатын Құмкөл мұнай кен орны Қызылорда қаласынан 160 шақырым жерде орналасқан. Бұл Жезқазған облысының Жезді ауданының байтағына кіреді. Ең биік белгілері теңіз бетінен есептегенде 106-160 м биіктікте жатқан шөл аймаққа кіретін жазық дала. Үшінші климаттық ендікке жататын бұл аймақтың климаты өте қатаң. Жаз айларында температура -30-35 С-ке дейін көтерілсе, қыста-38-40 С суыққа дейін төмендейді. Жыл бойы түсетін атмосфералық шөгінді 100-150 мм-ден аспайды, ал қар жататын мерзімнің ұзақтығы 100 күн шамасында. Ашық жатқан су көзі жоқ, ал ашық айдынның бетінен судың булануы өте жоғары, сондықтан табиғаты өте қуан, өсімдігі жұпыны. Мұнай кәсіпшілігі басталғанға дейін бұл өңірді тек малдың жазғы жайлауы ретінде пайдаланып келді. Мұнай кәсіпшілігіне қажетті техникалық және тұрмыстық суды арнайы гидрогеологиялық құбырқұдықтардан алады.
Оңтүстік Торғай иінінде өндірілетін мұнайдың ең басты ерекшелігі, дәлірек айтқанда қоршаған ортаның компонентттері үшін аса қатерлі қасиеті ол мұнайдың құрамында едәуір мөлшерде болатын қатты метандық көмірсутегі, яғни, парафин. Сондықтан «Құмкөл» тағы басқа сол төңіректегі кен орындарынан шығып жатқан парафинді мұнай екені белгілі. Парафин затын қатты көмірсутек деп бекер айтпаған. Ол 18 градуста, тіпті онан жоғарырақ температурада қатады, ал мұнайдың құрамында тұрғанда тек 40 градуста ғана ериді. Бұл оның физика-химиялық қасиеттеріне қолайсыз сипат беріп, мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу сияқты технологиялық жұмыстарға үлкен кедергі жасайды, қосымша қаржы жұмсауды қажет етеді. Қандай мұнай болса да қоршаған ортаның кез келген компонентінде шашылып-төгілген жағдайда оны бүлдіретіні белгілі, ал ол парафинді мұнай болса, онда оның табиғатты бүлдіру әсері әлде қайда күштірек болады десек қателеспейміз. Олай дейтініміз, парафинді мұнаймен ластанған топырақта ең алдымен оның құрамындағы органикалық заттардың мөлшері күрт азайып, сапасы өзгереді. Бұл қарапайым ғана ізсіз аяқталатын процесс емес, өйткені онан сыртқы факторлар өзгеріске ұшырап, олар өз кезегінде топырақтағы өте күрделі жүйені құрайтын жануарлар-өсімдік-микроағзалардың арасындағы табиғи қалыптасқан ара қатынастардың бұзылуына тікелей себепкер болады. Мұның өзі табиғи биоценоздың жеке тізбектері терең өзгеріске түсіп, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамы өзгереді, соған сәйкес жаңа экологиялық жағдай қалыптасады. Қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалында дамыған топырақағы тірі организмдердің қауымдастығы тұрақты қауымдастық бола алмайды. Ондағы организмдердің саны аз, түрі жұтаң болатыны сонан. Парафинді мұнай төгілген топырақ өзінің ешбір басқа табиғи денеде қайталанбайтын ерекше қасиеті-құнарлығынан айырылады. Топырақ көп фазалы арасы қуыс табиғи дене болғандықтан, сол қуыстар парафинмен бітеліп ондағы судың және ауаның жылжуы мүлде тоқтайды. Нәтижесінде топырақ биологиялық активтілігінен ада болып, өлі абиотикалық ортаға айналады, демек, мәдени өсімдіктер мен жабайы шөптер өспейді, жер шаруашылық айналымынан шығып қалады. Бұл әлеуметтік -экономикалық және экологиялық жағдайды қиындатып жіберетін аса ауыр шығын екені айтпаса да түсінікті .
Оңтүстік Торғай иініндегі мұнай-газ кеніштіренде көмірсутек шикізатын өндіргенде ілеспе газдың экономикалық-экологиялық жай күйі мәз емес. Олай болатын себебі, мұнай өндірісі басталғанда бірге шығатын ілеспе газды ұқсатуға қажетті қуат іске қосылмай кейінге қалып қойған болатын. Сонан бері едәуір уақыт өтсе де газды ұқсату (утилизация) осы күнге дейін кейінге қалумен келеді. Өкініштісі сол, бұл проблема қай кезде шешімін табатыны белгісіз, келешегі күнгірт. Оған себеп, сол қаржы тапшылығы. Сондықтан бастан кеніште жер қойнауындағы мұнайды көтере бастағанда бірге шығатын газдың артығын шырақ қылып жағатын бұрыннан қалыптасқан қасаң әдіс жалғасын таба кетті. Міне сол 1990 жылдан бері құбыры мен газ өңдейтін станса салынады деген үмітпен жанған газдың шырағы әлі сөнер емес. Егер құрғақ уәде мен сағымдай бұлдыраған үміт әлі де ішектей созыла беретін болса, онда бұл өңірдегі мұнай-газ кеніштерінің ақырына дейін, яғни, жер қойнауындағы шикізат қоры сарқылғанша, олардан шыққан газдың көпшілік бөлігі шырқ боп жанып кететіні ешкімнің көңіліне күмән ұялатпаса керек. Қазіргі кезде «Оңтүстікмұнайгаз» акционерлік қоғамы өзінің кәсіпшілік мұхтажына шығып жатқан газдың жалпы көлемінен 30 пайызын ғана пайдаланады, ал қалған 70 пайызы шырақ болып жанып тұр.
Соңғы жылдары Қызылорда облысындағы мұнай компаниялары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барынша тырысып жатыр. Облысымыздағы барлық мұнай компанияларында қоршаған ортаны қорғау мониторингі жасалған. Мұнай өндіру мен мұнай өңдеу саласы экологиялық тәуекелге байланысты, оларды жете бағаламау қайғылы салдарларға әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты «ПетроҚазақстан» компаниясы қоршаған ортаға кері ықпалды барынша азайтуға ұмтылады. Осы мақсатта компанияда қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бизнесті жоспарлау ісіне кіріктірген жүйе әзірленді, бұл экология мәселелерімен өндірістік қызметтен бөліп алмастан, тұрақты негізде айналысуға мүмкіндік берді. Кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі қоршаған ортаға кері ықпал ететін негізгі фактор - мұнайдың ілеспе газын алауларда жағу нәтижесінде ластауыш заттардың ауаға шығарылуы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және табиғат ресурстарын оңтайлы пайдаланудың маңызын түсіне отырып, компания осы салада айтарлықтай елеулі шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі концепциясына» сәйкес, 2005 жылы «Мұнай туралы» ҚР Заңына мұнайдың ілеспе газын алауларда жағуға тыйым салатын өзгертулер енгізілген болатын. Заңнаманың талаптарын орындау мақсатында Компания ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде 2006 жылғы 15 маусымда 5/1 хаттамасы арқылы барлық кен орындары бойынша «Газды пайдаға жарату бағдарламасын» бекітті. Бағдарлама мына жобалардан тұрады: Құмкөл кен орнында газды пайдаға жарату жобасы. 1-ші саты. Газды айдау. 2007 жылғы 26 желтоқсанда нысан Мемлекеттік қабыл дау комиссиясынан өтіп, іске пайдалануға енгізілді. Құмкөл кен орнында газды пайдаға жарату жобасы. 2-ші саты. Газды жинау жүйесі. Іске пайдалануға енгізілуге тиіс мерзімі - 2008 жылғы қараша. Арысқұм кен орнында газды пайдаға жарату жобасы. 2007 жылғы 24 желтоқсанда нысан Мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, іске пайдалануға енгізілді. Қызылқия кен орнында газды пайдаға жарату жобасы. 2007 жылғы 24 желтоқсанда нысан Мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, іске пайдалануға енгізілді. Майбұлақ кен орнында газды пайдаға жарату жобасы. Жобаны 2008 жылғы қарашада аяқтау жоспарланып отыр. Елдің түрлі аймақтарында мұнай-газ операторлары өндіретін ілеспе газды тиімді әрі оңтайлы пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін басымдық болып табылады. Осыған байланысты, «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің кен орындарында өндіретін ілеспе газды экологиялық жағынан қауіпсіз түрде пайдалану - компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Газды тиімді пайдалану ісіне инвестициялай отырып, «ПетроҚазақстан» Оңтүстік Торғай алабындағы экологиялық ахуалды жақсартуға, сонымен қатар қазақстандықтар үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызуда. Соңғы жылдары компания бірқатар ірі күрделі жобаларды, соның ішінде Құмкөл кен орнында ілеспе газды жылына 170, 0 млн м3 көлемінде пайдаға жарататын, қуаттылығы 55 МВт құрайтын газды пайдаға жарату зауытының құрылысын салуды жүзеге асырды. Зауыттың және кен орнындағы қосалқы нысандардың құрылысына құйылған инвестициялар 53 млн АҚШ долларын құрады. Зауыттың жұмыс істеуі нәтижесінде Оңтүстік Торғай алабы мен Қызылорда аймағының атмосферасына шығарылатын зиянды заттар елеулі түрде азайды. Зауыт кен орындарында өндірілетін ілеспе газды үш газтурбиналы қондырғыда электр қуатына түрлендіру үшін пайдаға жаратады. Компания соңғы жылдары жүзеге асырған тағы бір ірі жоба - Қызылорданы газбен жабдықтау жобасы. Қаланы көмір мен мазуттан газға ауыстыру Қызылорда қаласы мен облысындағы ауаның сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыруға құйылған инвестициялар 12 млн АҚШ долларын құрады. «Қазгермұнай» БК арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы Ақшабұлақ кен орнында газды қайта өңдеу зауытының құрылысын жүзеге асырды. Аталған қондырғы сұйылтылған мұнай газын шығаруға арналған, ол соңынан құбыр жолы арқылы Қызылордаға тасымалданады. Бұл жобаны іске асыру үшін құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 23 млн АҚШ долларын құрады. Өндірістік үрдістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту мақсатында «ПетроҚазақстан» компаниясы жыл сайын табиғат қорғау шараларына, халықаралық стандарттарға сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үрдістерді ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады.
Қазақстан Республикасында кәсіби мамандығы жоғары жұмысшыларды дайындау ісіне үнемі назар аударылды. Республикалық кәсіби-техникалық мектептер өз жолын аз санды және жекелеген фабрика-зауыттық оқудан бастап маман-жұмысшыларды дайындаудағы келбетті жүйеге айналды. Олар ұзақ жолдан өтті. 2003 жылдың 1-қыркүйек айында Қазақстанда алғашқы кәсіби мектептің ашылғанына 115 жыл толды.
Ал Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер техникалық кадрларды дайындайтын оқу орындар көптеп ашыла бастады. Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты 1995-1996 оқу жылында (Ауылшаруашылығын механикаландыру факультетінің негізінде) «Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану» мамандығы бойынша 41 студент, ал «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша 30 талапкерден емтихан алып, барлығы 71 студентті оқуға қабылдады. Алғашқы мамандарды дайындауда институт ректоры, тех. ғ. д., профессор У. К. Бишімбаевтың шақыртуы бойынша келген ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А. А. Абдуллин (Құмкөл кен орнын алғашқы ашушылардың бірі) және академик К. Н. Нәдіров өз көмектерін көрсетіп, зор үлестерін қосты. [17, 111 б]
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мұнай және газ факультетінің тыныс тіршілігі уақыт өткен сайын жандана түсуде. 2000 жылдың маусым айында «Мұнай және газ» факультетінде жоғары білімді мамандардың бірінші легі даярланып шығарылды: «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша 42 маман, «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша 30 маман; 2000-2009 жылдар аралығында РЭНГМ, МОНГП, ПСЭГ, БНГС, ТМО, НД мамандықтары бойынша 883 түлек бітіріп шықты. 7 маман өз білімдерін аспирантурада жалғастырды. Бітірушілердің 60-65 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілсе, 20 пайызы басқа аймақтарда еңбек етуде.
Болашақ университетінде «Мұнай және газ» факультеті 1995 жылы ашылды. Онда «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау», т. б. мамандықтары бойынша оқытылады. Бұл факультет «Болашақ» университеті ашылғалы бері жұмыс жасап келеді және студенттерге жақсы, білікті де білімді маман болып шығуына көмегін береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz