Сезім мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепция механизмі мен рецепторлық жасушалар. көздің қосымша аппараты. дәм сезу мүшесі


Тақырыбы: Сезім мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепция механизмі мен рецепторлық жасушалар. Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу мүшесі.
Жоспары:
- Кіріспе.
Сезім мүшелері.
- Негізгі бөлім.
1. Көру мүшесі:А) Көз, көздің құрылысы.
Б) Көздің жарық сындырғыш аппараттары.
В) Көздің аккомодациялық аппараты
Г) Көздің рецепторлы аппараты.
Д) Көздің қосалқы мүшелері.
Е) Жасқа байланысты өзгерістері
2. А) Дәм сезу.
Б) Сенсорлы эпителиальді (сезімтал) жасушалар.
- Қорытынды.
- Пайдаланған әдебиеттер.
Сезім мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепция механизмі мен рецепторлық жасушалар. Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу мүшесі .
Сезім мүшелері. (Organa sensuum)
Дененің барлық мүшелерінде рецепторлар (жүйке ұшта-ры) бар. Рецепторлар ішкі, сыртқы ортаның тітіркеністерін бірден қабылдайды. Дененің кейбір мүшелеріндегі рецептор-лар тітіркеністі тек сыртқы ортадан қабылдайды. Бұл рецеп-торлардың ерекшелігі олар нақты өзіне тән тітіркеністі ғана, мысалы, көздің рецепторлары тек жарық сәулесін, құлақтағы дыбысты қабылдайды. Сыртқы ортаның тек өзіне тән тітірке-ністерін қабылдайтын мүшелер - «сезім мүшелері» деп аталады. Сезім мүшелеріне көру мүшесі (көз), есту, тепе-теңдік (құлақ), иіс (мұрын), дәм сезу (тіл), жанасуды сезу (тері) мүшелері жатады. Теріде ыстықты, суықты, ауырғанды, жанасуды сезетін жүйке ұштары бар.
Ағзадағы сезім мүшелері сыртқы ортаның әртүрлі әсер-лерін қабылдап, нақты бір жүйемен (кодирования) өңдейді де, оны нерв импульсіне айналдырып, өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысына, қыртыс астына беріп, одан субъективті сезім түрінде жауап алады. Сонымен қоса, бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып, ағзаның белгілі бір жағдайларға бейімделуін де қамтамасыз етеді. Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді. Олар шеткі(рецепторлы), аралық және орталық. Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бармүшелер жатады. Бұлар: механорецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау, тері- сипап сезу, барорецепторлар), хемореццепторлар (дәм сезу, иіс сезу, қан тамырлар құрамындағы интеррецепторлар), Фоторецепторлар (көздің торлы қабығы), жарықты қабылдаса, ал терморецепторлар (тері мен ішкі мүшелердегі), ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады.
Аралық бөлігіне-көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады. (өткізгіш жолдар)
Орталыққа-сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады. Мұнда берілген информация өңделіп, оған жауап беріледі.
Сезу мүшелерінің жіктелуі.
Құрылысы мен қызметіне қарай сезу мүшелерінің рецепторлы бөлігінің үш түрін ажыратады. Бірінші түріне көз-көру, мұрын-иіс сезу мүшелері жатады. Бұлардың құрамында сыртқы энергияны (тітркендіргішті) нерв импульсіне айналдыратын арнайы нейросенсорлы жасушалары болады.
Екінші түріне- есту мүшесі, тепе-теңдік сақтау және дәм сезу мүшелері жатады. Бұлардың рецепторлы бөлігінде эпителииальды немесе сенсоэпителиальды жасушалары бар. Сыртқы ортадан тітіркену реакциясын қабылдап, оны сезімтал нейрондардың дендриттері арқылы орталыққа өткізіп оырады.
Үшінші түріне-нақты мүше емес проприорецептивті терідегі рецепторлар (қаңқалық-ет) мен сезімтал висцеральді жүйе жатады. Бұлардың шеткі бөліктері инкапсулалы және капсуласыз рецепторлардан тұрады.
Көру мүшесі. (Organum visus)
Көз (Opthalmos oculos) - көру мүшесі, көру анализаторла-рының шеткі бөлігі, рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі.
Дамуы. Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын(диаметрін) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі.
Көздің құрылысы.
Көз алмасы (bulbus oculus) үш қабықпен қоршалған. Сыртқы фиброзды қорғаныш қызметін атқаратын жне көз алмасының сыртқы бұлшық еттері бекінген қабығы. Бұл қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық болса, ал артқы бөлігі склера (ақ қабық) болып саналады. Ортаңғы қабығы ең негізгі зат алмасу процесінде маңызды ролі бар қан тамырлы қабық. Бұл қабық үш бөліктен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы дене және қан тамырлы - хориодей бөлігі(choriodea) .
Көздің сезімтал ішкі қабығы - торлы қабық, көздің рецепторлы бөлігі, құрамында нейрондары бар. Бұл фоторецепторлы нейрондар арқылы ағзаға, ми қыртысына, қыртыс астындағы көру орталығына информация беріледі. Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын үш түрлі жарықты сындыратын немесе диотропикалық қасаң қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы мен шыны тәріздес дене) ; аккомадациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене мен кірпік тәрізді өсінді) ; рецепторлы (көздің торлы қабығы) аппараттарға жатқызады.
Көздің сыртқы фиброзды қабығы- склера (sclera) құрамында тығыз қалыптасқаан талшықты дәнекер тіні мен коллаген талшықтарының жігі бар қабық. Коллаген талшықтарының жігі біртіндеп жіңішкере келіп көздің қасаң қабығының меншікті затына айналады. Склера көру нервінің маңында қалыңдайды (1, 2-1, 5 мм), алдыңғы бөлігінде (0, 6мм), көз экваторында жұқарады (0, 3-0, 4мм) . Көздің ішіндегі қысым көтерілгенде бұл қабық жұқарып, көптеген патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады.
Көздің жарық сындырғыш аппараттары
Диоптрикалық немесе жарықты сындырғыш, көздің бұл аппараттарына: қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйық жатады.
Қасаң қабық (cornea) - көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық. Қалыңдығы ортасында 0, 8-0, 9 ммкм, ал шеткі бөлігінде 1, 1 мкм. Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1, 37, сындырғыш күші 40 дптр. Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады. Оларға: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады. (ерекшеліктері практикалық сабақта талданылады) . Ең негізгі және қалың қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибро-бласттар аморфты затта орналасқан, гликозамингликандарға да бай. Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады(көзді ақ басады) .
Көз бұршағы (lens), екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішінді құбылмалы. Көз аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген жағдайларда пішіні өзгереді. Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы қалыңдығы 11-18мкм, сыртқы мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында (алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок-кристаллин болады. Көз бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен қолданылады (катаракта) .
Шыны тәріздес дене ( corpus vitreum) көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы мен гиалурон қышқылы болады. Жарықты сындыру көрсеткіш 1, 33 тең.
Көздің жарық сындырғыш аппараттары
Диоптрикалық немесе жарықты сындырғыш, көздің бұл аппараттарына: қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйық жатады.
Қасаң қабық (cornea) - көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды қабықтың 1/126 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық. Қалыңдығы ортасында 0, 8-0, 9 ммкм, ал шеткі бөлігінде 1, 1 мкм. Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1, 37, сындырғыш күші 40 дптр. Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады. Оларға: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады. (ерекшеліктері практикалық сабақта талданылады) . Ең негізгі және қалың қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибробласттар аморфты заттар орналасқан, гликозамин-гликандарға да бай. Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады(көзді ақ басады) .
Көз бұршағы (lens), екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішінді құбылмалы. Көз аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген жағдайларда пішіні өзгереді. Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы қалыңдығы 211-18мкм, сыртқы мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында (алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок-кристаллин болады. Көз бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен қолданылады (катаракта) .
Шыны тәріздес дене (corpus vitreum) көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы мен гиалурон қышқылы болады. Жарықты сындыру көрсеткіш 1, 33 тең.
Көздің аккомодациялық аппараты
Бұған көздің нұрлы қабығы, кірпікшелі дене (кірпікшелі белдеу тәрізді өсінді) жатады. Көздің аккомадацияылық аппараты көз жанары формасының (пішінінің) өзгеруін және көз бұршағының жарықты сындыру күшін, заттың бейнесінің торлы қабыққа шоғырланып түсуін, сонымен қатар көздің жарық күшіне бейімделу қабілеті. Қамтамасыз етеді.
Нұрлы қабық (iris) . Дискі тәріздес ортасында құбылмалы тесігі қарашығы бар қабық. Бұл қабық қан тамырлары қабықпен көздің торлы қабығының туындысы болып табылады. Нұрлы қабықтың артқы жағы торлы қабықтың пигментті эпителиімен тысталып, қасаң қабық пен көз бұршағы арасында орналасқан. Құрамында борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен көптеген пигментоциттері болады. Сонымен қоса, қарашықтың диаметрін кішірейтіп және кеңейтіп тұратын миоциттер де бар. Жалпы нұрлы қабық бес қабаттан тұрады. Оларға: алдыңғы эпителиі (нұрлы қабықтың алдыңғы бетін тыстайды), сыртқы шектеушілік (тарамсыз ) қабат, қан тамырлы қабат, ішкі шектеушілік қабат және пигментті жасушалар қабаты жатады(құрылысы студенттерге жеке жұмыс С. Ж. ) . Бұл қабық көздің диафрагмасы болып саналады. Қарашықтың диаметрін кеңейтіп, тарылтып өзгертіп отыратын ет тіндері де бар.
Кірпікшелі дене (corpus ciliare) . Бұл дене қан тамырлы және көздің торлы қабықтарының туындысы болып саналады. Көз бұршағының (жанарының) бағытын реттеп және өзгертушілік міндетін атқара отырып, осы арқылы аккомадация қызметін атқарады. Құрамында (кесіндіде) цилиарлы дене пішіні үш бұрыш тәрізді болып келген, екі бөліктен тұратын; ішкі-цилиарлы тәж, ал сыртқысы- цилиарлы сақина тәрізді құрылым бар. Цилиарлы дененің негізі кірпікшелі немесе цилиарлы бұлшық еттен тұрады. Бұл бұлшық еттің көздің аккомадациялық қызметіне қосатын ролі өте зор.
Қан тамырлы қабық . (Choriodea) . Көздің қан тамырлары қабығы пигментті эпителиі мен фоторецепторлы нейрондарға қорек берумен қатар кездегі қысымды, көз алмасының жалпы tº (жылулығын) реттеп отырады. Бұндлағы тамырлы тін өте жақсы пигменттелген немесе меланосома түйіршіктеріне бай жасушалар, қалыңдығы 0, 22-0, 3 мкм, ал шет жағында 0, 1-0, 15 мкм. Бұл қабықтың құрамында: қан тамырлар үсті, қан тамырлар, капиллярлы пластинка және базальді комплекс деп аталатын қабаттар болады. Базальді комплекс-Бруха мембранасы өте жұқа (1-4мкм), қан тамырлы қабат пен пигментті қабаттың арасында орын алады. Құрамында колаген, жіңішке эластин талшықтары бар комплекс.
Көздің бұзылуы әртүрлі болуы мүмкін. Көздің аса кемшілігі алыстан және жақынннан көре алмау болып табылады. Алыстан немесе жақыннан көре алмаушылық тума болуы мүмкін. Жақыннан көретін адамның көз алмасы сопақ болып келеді, сондықтан заттың бейнесі тор қабықшада емес оның алдында пайда болады. Алыстағы нәрсе бұлдырап көрінеді. Жақыннан көргіштік (близорукость) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі. Бұған класқа жарықтың дұрыс түспеуі, оқу мен жазу кезінде оқушының партада отыруының дұрыс отырмауы себеп болады.
Жақынжітілік . Егер көздің бойлау білігі аса ұзын болса, заттардың бейнесі ьорлы қабықтың алдында, мөлдір шыны тәріздес денеде пайда болады. Бұл жағдайда қосарланған сәулелере торлы қабыққа жетпей түйіседі.
Алыстағы нәрселерді дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш адам көзінің алдына екі жағы ойыс әйнек орналастыруы керек, сонда көз бұршағының сәуле сындыру күші азаяды. Соның арқасында өткен сәуленің бейнесінторлы қабыққа түсіруге болады.
Алыстан көргіштікке (дальнозорукость) көз бұршағы жазықтанады, нәрсенің бейнесі көздің торлы қабығының артында түйіседі. Бейне көмескеленіп көрінеді. Бейнені айқын көру үшін, дөңес шыны көзілдірік қию қажет.
Алысжітілік- гиперметропия, қырағылық деп атала-ды. Алыстан көргіш көздің бойлау білігі қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан қосарас сәулелер торлы қабықтың артына жиналады да, оның бетіне заттардың бейнелері көмескі, бұлдырболып түседі.
Алыстан көргіш адамдардың айқын көрінетін жақын нүктесі көзден қашқтау орналасады. Сондықтан жақындағы заттарды көру үшін аккомадациялық күш салу жеткіліксіз болады. Осының нәтижесінен алыстан көретін адамдар оқу үшін екі жағы дөңес шынысы бар сәуленің сынуын ұлғайтатын көзілдірік киюі қажет.
Қырғалықты (гиперметропияны) қартттардан алыстан көргіштігімен шатастыруға болмайды. Бұл екі кемістікке ортақ жағдай, екеуі де екі жағы дөңес шынысы бар көзілдірік пайдаланылуы керек.
Астигматизм. Көздегі сәуленің сыну кемістіктеріне астигматизм де жатады. Ол әртүрлі бағыттағы сәулелердің бірдей сынбауынан туады. (мысалы, тура және көлденең медианалар бойынша) . Барлық адамдарда аздаған астигматизм болады. Сондықтан астигматизм көздің оптикалық құралы ретінде дамып, кемеліне жетпегендігін көрсетеді.
Астигматизм көздің қасаң қабықшасының біркелкі сфералық бет болмағандығына байланысты, өйткені оның әртүрлі бағыттағы қисықтық радиуысы әркелкі болады. Астигматизмді рнайы цилиндрлік шынылар қояды.
Көрудің бұзылуының ерекше түрі-дальтонизм . Дальтонизммен ауырған адам бейненің түсін ажырата алмайды. Дальтонизмде көбінне адам жасыл мен қызыл түсті ажырата алмайды.
Көздің рецепторлы аппараты.
Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі- торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі-фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі-биполярлы бірінші мен екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі ганглионарлы нейрондар болып аталады, Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше түрлері биполярлы- горизонтальды және амакринді нейрондар да баршылық.
Фоторецепторлы нейрондар: таяқша мен колба тәрізді болып жіктеледі. Таяқша нейрондар- ымырт (кешкі) кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері күндізгі мезгілдің рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан фоторецепторлы нейрондардың пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын; дистальді-сырртқы сегметінде фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл мембраналар жарықты қабылдап, тітіркенеді. Сыртқы сегмент байланыстырушы цилий деп аталатын бөлігімен ішкі сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген митохондриялар, полисомалар, Гольджи комплекс т. б. болады. Бұл сегментінде белок синтезі өтеді. Нейронның проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды нейрондардың дендриттерімен синапс түзеді. Фоторецепторлы нейрондардың сыртқы сегментінде мыңға жуық жалпақ қапшық түріндегі--дискілері болады. Фоторецепторлы мұндай дискілер таяқша нейрондарда плазматикалық меембранадан бөлек орналасқан тұйық дискілердің параметрі 15нм (қалыңдығы), ені-1 нм; әрбір дискінің арасындағы кеңістіктері-15 нм-дей.
Ал колба тәрізді нейрондардың сыртқы сегментіндегі дискілері нейрондардың мембранасымен байланысқан (тұйық емес) ішкі сегментінде элипсоид- деген бөлігінде көптеген май тамшылары мен митохондриялар болады. Таяқша нейрондардың құрамында родопсин пигменті болса, ал колба тәрізді де иодосин болады. Адамда таяқша нейрондардың саны 130 млн-дай. Бұл нейрондар қараңғыда (ымырт жабылғанда) көретін рецепторлар. Таяқша нейрондардың құрамындағы родпсин-опсин белогі мен «А» витамині ретинальдан тұрады. Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта белок пен ретинальға ыдырайды.
Горизонтальды нейрондар - бір немесе екі қатар болып орналасады. Бұлардан тараған көптеген дендриттері фотореепторлы нейрондардың аксондарымен байланысады. Аксондары горизонтальды бағытта өтіп барып, фоторецепторлы нейрондардың аксондарымен синапс түзеді. Тітіркену реакциялары бұл нейрондарда (нерв импульсі аз да болса тежеледі) уақытша блокада жасалады. Ал бұл болса көру қабілетін (контраст) күшейтеді.
Биполярлы нейрондар -фоторецепторлы және ганглионарлы нейрондармен байланысады. Бірнеше таяқша нейрондар бір ғана биполярлы нейронмен, ал колба тәрізді нейрондар 1:1 қатынасында байланысқа түседі. Мұндай байланыста қара және ақ түсті заттардың салыстырмалы айыру ерекшелігі өте жоғары болады.
Амакринді жасушалары (нейрондар ) -қыстырма, интернейрондар (аралық) болып саналады. Бұлардың аксондары болмайды, синапстары химиялық және электрлік болып келеді.
Ганглионарлы нейрондар -көздің торлы қабығындағы ең ірілері. Аксондары ұзын, нейрондар цитоплазмасында базофильді заты жақсы дамыған. Бұлардың миллиондаған аксондары жиналп нерв талшықтар қабатын түзе отырып, көру нервіне айналады. Ганглионарлы нейрондар информацияны торлы қабықтың барлық қабаттарынан алады.
Нейроглия . Адамның көзіндегі торлы қабықта үш түрлі глиоциттердің бар екені анықталған. Оларға:Мюллер жасушасы, астроглия мен микроглия жатады. Бұл глиоциттер ұзынынан орналысып, торлы қабықтың барлық қабаттарын толық қамтиды.
Торлы қабықтың регенерациясы . Таяқша мен колба тәрізді нейрондардың физиологиялық регенерациясы адамда өмір бойы жүреді. Тәулік сайын әрбір таяқша нейрондар түнде, ал әрбір колба тәріздісі күндіз 80-ге жуық мембраналық дискілері қалыптасады. Әрбір таяқша нейрондардың жаңару процесі 9-12 күнге созылады. Көздегі пигментоциттер тәулік сайын 2-4 мыңға жуық дискіні фагоцитпен (жойып), осылайша бұлар көздің қызметін 10-20 есе күшейе отырып, ерекше фагоцитоздық қызмет атқарады.
Гематоофтальмикалық сүзгі (Барьер) Гос.
ГОС қанмен торлы қабығындағы қан капиллярлары, нейроциттері мен көру нерв талшықтарының арасында орналасады.
-Қантамырлы қабықпен фоторецепторлы нейрондардың
Құрамындағы қан тамырларының эндотелиімен базальды мембранасы дәнекер тінінің базальды пластикасы мен пигментті эпителиоциттері бекінген базальды мембрана жатады.
-Торлы қабықтың ішіндегі сүзгі құрамына торлы қабық ішіндегі гемокапиллярларының эпителиімен базальды мемранасы, сыртқы глиациттердің шектеушілік мембранасымен бұларды қоршаған астроцитртердің өснділері жатады.
-Көру нервін қоршаған капиллярлардың эндотелиімен базальды мембранасы, нервтің сыртын қоршаған миелинді қабығы мен нейролеммасы жатады.
Көздің қосалқы мүшелері.
Көздің қосалқы мүшелеріне көз алмасының бұлшық еттері, қабақ, қас, көз жас безі жатады. Көз алмасының бұлшық еттері: жоғарғы, төменгі, ішкергі, шеткі тік бұлшық еттер . Бұлшық еттер жиырылғанда көз алмасын, көздің қарашығын өзіне тартады. Көздің жоғарғы қиғаш еті жиырылғанда көз алмасы төменге және шетке қарап бұрылады. Төменгі қиғаш еттің жиырылуынан көз алмасы мен қарашық жоғыраға және шетке қозғалады.
Көз алмасы сыртынан қабық жауып тұрады. Қабық пен көздің склерасының аралығында эписклера қуысы болады. Ол көздің еркін қимылдауына мүмкіндік жасайды. Көз шарасы мен көз алмасының аралығында май ұлпасы бар. Ол көз алмасының амортизаторы қызметін атқарады. Майдың арасынан жүйке, қан тамырлар, бұлшық еттер өтеді.
Қабақ (palpebrae) төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жабады. Екі қабықтың біріккен жерінде көз бұрышы пайда болады. Көз алмасының бір-біріне қараған көз бұрышында қызғылтанып көз еті шығып тұрады. Оның төменінде «көз жасының көлі» деп аталатын ойық болады. Бұл жерге көз жасы жиналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz