Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері»

Жоспары

Кіріспе . . . 3

Әдебиеттерге шолу . . . 5

1 бөлім. Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясы . . . 8

1. 1. Нарық ұғымының мазмұны және нарықтық экономиканың

жалпы сипаттамасы . . . 8

1. 2. Нарық құрылымы және нарық тетігі . . . 13

1. 3. Қ азақстанның нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы . . . 27

2 бөлім. Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары

мен ерекшеліктері . . . 29

  1. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 29
  2. Қазақстанда нарықтық экономиканы қалыптастырудың

заңдылықтары . . . 33

  1. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайы

және ерекшеліктері . . . 36

  1. бөлім. Қазіргі нарықтық экономикалық жүйенің ары қарай даму

бағыттары немесе Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі . . . 39

3. 1. Қазақстандық нарықтық жүйенің жаңа кезеңі және оның

міндеттері . . . 39

3. 2. Қазақстанды жан-жақты дамытудың Жаңа кезеңіндегі басты

басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаты . . . 45

3. 3. Осы заманғы әлеуметтік саясат . . . 51

Қорытынды . . . 54

Әдебиеттер тізімі . . . 57

Кіріспе

Жиырмасыншы ғасырдың 90 - жылдарынан бастап Қазақстан әкімшілік тұрғыдан реттелетін, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуде.

Нарықтық экономика дегеніміз - экономикалық шешімдердің негізінен орталықтың нұсқауынсыз рыноктар арқылы қабылдануы.

Нарықтың көптеген анықтамалары бар алайда олардың бәрі мынаған келіп саяды: нарық - бұл сатып алушылар мен нақтылы тауар немесе қызмет сатушыларды тоғыстыратын механизм: басқаша айқанда, дербес шешім қабылдайтын жекелеген экономикалық субъектілер арасындағы байланыстар, өзара қатынастар түрі.

Тақырыптың өзектілігі сонда, бұл дипломдық жұмыста Қазақстан экономикалық егемендікке қандай жағдайда қол жеткізгендігі мен оның ерекшеліктері және бүгінгі таңдағы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар, бұл жұмыс Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін, экономикалық жүйені қайта құру, нарықтық экономиканы басқаруды тиімді ұйымдастыру, нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңдерін, кәсіпкерлікті басқару, шағын кәсіпорындарды дамыту шаралары, «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыру, Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағыттары мен міндеттері т. б. өзекті мәселелер қамтылған.

Жалпы жұмыстың зерттелу аясы өте кең және ауқымды. Бұл тақырыптың зерттелу деңгейі мен осы тақырып төңірегіндегі басты мәселелер әдебиеттерге шолу бөлімінде қарастырылған, онда нарықтық экономиканың теориялық аспектілері, нарықтық инфрақұрылым жөніндегі мәселелер талқыланған.

Ж±мыстыњ басты ќ±ндылыѓы - м±нда нарықтық экономиканың қалыптасуының «Қазақстандық моделі» қарастырылып отыр. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу тұжырымдамасы мен оның ерекшеліктері, заңдылықтары, әлеуметтік басымдықтағы нарықтық экономика құру жоладры қамтылған.

Ж±мыстыњ негізгі маќсаты :

  • Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясын;
  • Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін;
  • Қазіргі нарықтық экономикалық жүйенің ары қарай даму бағыттарын;
  • Қазақстанды жан-жақты дамытудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясатын қарастыру.

Сонымен қатар жұмыстың басты міндеттері мыналар:

  • Қазақстанның нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасына сипаттама беру;
  • Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету;
  • Қазақстанда нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтарын атау;
  • Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайы және ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Қазақстандық нарықтық жүйенің жаңа кезеңі мен оның міндеттерін айқындау.

Ж±мысты орындау барысында келесі экономикалыќ-статистикалыќ зерттеу єдістері ќолданылады: монографиялыќ, талдау жєне т. б.

Қолданылған әдебиеттерге келсек, ж±мысты жазу барысында отандыќ жєне шетелдік оќулыќтар жєне еліміздегі єрекет етуші зањдар мен ќ±ќыќтыќ-нормативтік материалдар, сондай-аќ, аѓымдыќ баспасµз беттерінде жарияланѓан маќалалар мен статистикалыќ мєліметтер ќолданылды.

Әдебиеттерге шолу

Нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық аспектілері туралы сан алуан пікірді батыстық және американдық т. б. оқулық көздерінен ұшыратуға болады. Алайда оның кейбір шоғырланған түрдегі жауаптарын «Теория рыночной экономики» оқулығынан (Учебник «Рыночная экономика»-МЭСИ, 1991г. және «Экономикс: принципы, проблемы и политика» - Макконелл К. Р., Стэнли Брю) табуға болады. Онда нарықтық экономиканы дамытудың негізгі алғышарттары баяндалған.

Оқулықта нарықтық шаруашылық жүргізудің теориясы мен тәжірибесінің мәселелерін схема түрінде баяндауға талпыныс жасалған.

Нарықтық экономиканың жалпы теориясы «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Экономикс», «Основы бизнеса» кәсіпкерлік тұжырымдамасын және т. б. қамтыған.

Нарықтық экономиканың теориясы нарық шаруашылығы жүйелерінің іс-әрекет жасау негіздерін түсіндіріп береді. Мұндай жүйе барлық елдерде болды, тек социалистік жүйедегі елдерде ғана болмады.

Нарықтың көптеген ұғымдары кездеседі.

Нарық қозғаушыларына Тұрақтылық заңы, бәсекелестікті реттеуші; ынталандырушылардан - сұраныс пен ұсыныс заңы жатады.

Нарық - бұл сахна, онда экономикалық шешім қабылдайтын барлық қатысушылардың өзара әрекеттері туралы пьеса ойналады.

Нарық - көпшіліктің ойлағанындай, ол жоғары бағаны, яғни бағаның жоғары болуын білдірмейді, ол біреудің өнімді жоғары сапамен шығаруы арқылы немесе бағаны төмен белгілеуі арқылы басқа біреуден бастаманы тартып алуды білдіретін бәсекелестік болып табылады.

Әбден кемеліне келіп қалыптасқан нарықтық экономика жүйесіне әр түрлі бәсекелесуші күштерді бір-бірімен теңестіру тән.

Осының нәтижесінде барлық күштер монополияға қол жеткізе алмайтын жағдайда болады. «Күштерді теңестіру» тезисі 30 жылдан астам уақыт Батыс елдерінде өте әйгілі болды.

Мынаны айта кету керек, нарықтық экономиканың жүйелі ұғымын К. Маркс тапқан болатын. «Біз нақты өмірде оның формуласы болып табылмайтын бәсекелестікті, монополизмді, оның антагонизімін, сондай-ақ оның синтезін де оған жатқызып қоймай, қозғалысты да осылардың қатарына кіргізе аламыз. Монополия бәсекелестікті тудырады, бәсекелестік монополияны тудырады. Оның синтезі - монополия тек ұдайы бәсекелестік күресте де болады» (Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 4. с. 166) .

Нақ осы нарық - бұл «экономикалық демократияны» бейнелейтін қоғамдағы ең жақсы реттеу механизмі (П. Самуэльсон, экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері, 1990) .

Бір уақытта бір ғана өнімге бір ғана баға белгіленетін нарық ең қолайлы әрі оңтайлы нарық деп саналады. Бұл қашан болады? Көптеген америкалық экономистердің пікірінше, бұған мынадай шарттар қажет екен:

а) сұраныс үлкен әрі ұдайы болып тұруы керек;

ә) шаруашылық қызметіне қатысушылардың санына шек қоймау;

б) өндіріс факторлары абсолютті ұтқыр, жұмылдырғыш күшіне ие

болуы қажет;

в) сатушылар мен сатып алушылар ортасында еркін бәсекелестік;

г) бәсккеге қатысушылардың қолында ақпараттың барлық көлемі

болуы керек.

Нақты өмір шындығында бұл шарттар әрдайым бір орында тұра бермейді. Әлбетте, осыған орай, жетілген нарық та жоқ, тек бәсекелестік нарық қана әрекет үстінде көрініп жүр. Соңғысы жұмыс істеуі үшін ең алдымен көп түрлі меншік формаларын жүзеге асыруды және нарықтың инфрақұрылымын жасауды талап етеді.

Инфрақұрылым үш негізгі элементті қамтиды:

  • тауар мен қызмет нарығы;
  • өндіріс факторларының нарығы,
  • қаржы нарығы.

Осы рыноктардың барлығы бір-бірімен органикалық тұрғыдан өзара байланысты әрі өзара ықпалдастықта болады. Егер олар тең қалыпты жағдайда болатын болса, онда бүкіл экономикада макроэкономикалық жалпы тепе-теңдік орнайды.

Нарықтық жүйенің пайда болуы мен жұмыс істеуінің объективті алғышарттарына немесе экономикалық саладағы «табиғи тәртіпке» Адам Смит мыналарды жатқызады:

  • еркін бәсекелестік;
  • жеке меншіктің үстемділігі;
  • монополияның барлық түрін шектеу;
  • сауда еркіндігі;
  • мемлекеттің экономикаға араласпауы.

Еркін кәсіпкерлік табиғатының, нарық пен мемлекет рөлдерінің теориялық алғышарттарына Адам Смиттің көзқарастарын жатқызуға болады. Оның пікірі бойынша, өздерінің әл-ауқатын жақсартқысы келетін адамдардың табиғи тілек-қалауы - аса қуатты ынталандырушы күш болып табылады, егер олардың іс-әрекетіне толық қабілеттері жететін болады.

Француздық философ-материалист Гельвеций Клод Адриан қоғамдағы жеке мүдденің рөлін табиғаттағы бүкіл әлемдік тартылыс заңымен салыстырды. Бұдан қоғам ұтпаса, ұтылмайды.

  1. Нарықтық экономика дамуының жалпы теориясыНарық ұғымының мазмұны және нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы

Адамның көптеген әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырудың ежелден келе жатқан мәселелерін шешуде қоғам шектеулі ресурстарды баламалы әрі ұтымды пайдалану мәселесімен қақтығысуына тура келеді. Бұл міндетті шешу үшін алдыға мынадай мақсаттар қойылады: экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтуды, бағаның тұрақтылығын, экономиканың еркіндігін, әлеуметтік кепілдікті және т. б. қамтамасыз ету.

Бұл мәселелер іс жүзінде қалай шешілетінін байқау үшін нарықтық экономика қалай сипатталатынын анықтап алу қажет. Ол қандай субъектілермен істес болады, олар өзара қалай әрекеттеседі.

Экономикалық шешімдер көбінесе орталықсыздандыру жолымен шешілетін экономиканы нарықтық экономика деп түсінуге болады.

Нарықтық экономика ең бастысы нарық арқылы жұмыс істейді. Нарықтың көптеген атауы бар. Әйтсе де олардың барлығының мәні мынаған саяды: ол шешімді дербес қабылдайтын жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қарыс-қатынастың формасы болып табылады.

Бір уақытта бір ғана өнімге бір ғана баға белгіленетін нарық ең қолайлы әрі оңтайлы нарық деп саналады. Бұл қашан болады? Көптеген америкалық экономистерінің пікірінше, бұған мынадай шарттар қажет екен:

а) сұраныс үлкен әрі ұдайы болып тұруы керек;

ә) шаруашылық қызметіне қатысушылардың санына шек қоймау;

б) өндіріс факторлары абсолютті ұтқыр, жұмылдырғыш күшіне ие болуы қажет;

в) сатушылар мен сатып алушылар ортасында еркін бәсекелестік;

г) бәсекеге қатысушылардың қолында ақпараттың барлық көлемі болуы керек.

Нақты өмір шындығында бұл шарттар әрдайым бір орында қатар тұра бермейді. Әлбетте, осыған орай, жетілген нарық та жоқ, тек бәсекелестік нарық қана әрекет үстінде көрініп жүр. Соңғысы жұмыс істеуі үшінең алдымен көп түрлі меншік формаларын (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік және т. б. ) жүзеге асыруды және нарықтың инфрақұрылымын жасауды талап етеді.

Инфрақұрылым үш негізгі элементті қамтиды:

  • тауар мен қызмет нарығы;
  • өндіріс факторларының нарығы (жер, еңбек, капитал және басқару) ;
  • қаржы нарығы.

Тауар мен қызмет нарығы жасау мен іс-әрекетті қажет етеді:

  1. тауарлық биржа;
  2. көтерме және бөлшек саудалар;
  3. маркетингтік ұйымдар.

Өндіріс факторларының рыногы жер, еңбек, капитал секілді өндіріс факторларын сатуды және сатып алуды ұйғарады.

Жер - тікелей мағынасында фермерлер мен кәсіпкерлер пайдаланатын жерді ғана ұғып қоймау керек, ол, сонымен қатар, жер қойнауынан өндірілетін шикізат және жердің үстіңгі бетінен алынатын - мақта, астық және т. б.

Еңбек - біліктілігі жоқ жұмысшылардың, кәсіпкерлердің, меңгерушілердің, менеджерлердің қызметтерін қосып алғанда барлық жұмысшылардың қызметі (еңбегі) ретінде ұғылады. Бұл нарықтың маңызды құралы еңбек биржасы (жұмысшы күшіне сұраныс, резерв, дайындау және қайта дайындау) болып табылады.

Капитал өндіріс факторы ретінде өндіріс құралдарын, үй-ғимаратты, құрылғыларды, станоктарды, саймандарды, сондай-ақ, өндіріс құралдарын сатып алуға қажетті ақшалай қаражатты білдіреді.

Қаржы немесе ақша нарығы - бұл қаржы құралдарының (ақша, облигациялар, акциялар) сұранысы мен ұсынысын бейнелейтін нарық. Бұл нарық қор және валюталық биржалардың іс-қимыл жасауын ұйғарады. Онда қарызға ақша ұсыну процесі жүзеге асырылады.

Осы рыноктардың барлығы бір-бірімен органикалық тұрғыдан өзара байланысты әрі өзара ықпалдастықта болады. Егер олар тең қалыпты жағдайда болатын болса, онда бүкіл экономикада макроэкономикалық жалпы тепе-теңдік орнайды. Бұл қашан жүзеге асады?

Бұл тауар мен қызмет рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара ықпалдасуының нәтижесінде баға мен өнім көлемінің тепе-тең деңгейі орнағанда, ал өндіріс факторларының нарығында - пайдаланылған өндіріс факторлары мен оған кеткен шығындары тепе-тең болғанда, капитал нарығында - ссудалық проценттің тепе-теңдік деңгейі (ссуда шамасына - проценттік мөлшерлеме, ссуда үшін төлем ретінде уақыт бірлігіне төленетін ақша сомасына қатысты анықталатын ақшалай ссуда бағасы) орнағанда жүзеге асады.

Есте ұстайтын этикалық нормалар болады:

  • ең жоғары өнімділік пен пайдаға қоршаған ортаны бүлдіру есебінен қол жеткізуге болмайды;
  • бәсекелестік адал жолмен жүзеге асуы тиіс;
  • еңбекпен келген игілік, яғни еңбек ету арқылы қол жеткен игілік халықтың тапсызданған, яғни табынан айырылған тобының пайда болуына жол бермейтіндей етіп бөліну керек;
  • адам техникаға емес, техника адамға қызмет етуі қажет;
  • кәсіпорында жұмыс істейтін, қызмет ететін адамдардың жақсы еңбек етуге деген тілегін оятып қана қоймай, олардың жауапкершілік сезімдерін де күшейту;
  • экономиканың діннен айырмашылығы моральдық нормаларға емес, материалдық игіліктерді бөлуге бағдарланған, алайда ол қоғамдық мүдде тудыратын қолданыстағы нормаларға бағынуы керек.

Барлығының әл-ауқаты дұрыс болуы үшін нарықтық экономика да барлық адамға бірдей қажет.

Нарықтық экономика қалай жұмыс істейтінін ұғу үшін әрбір экономикалық жүйенің жауабын тауып бере алатын бес іргелі мәселенің барын мойындауымыз қажет:

  1. Қаншалықты өндіру қажет? Ресурстардың қанша бөлігін немесе қанша көлемін өндірістік процесте пайдалануға болады?
  2. Нені өндіру қажет? Тауарлар мен қызметтердің қандай іріктемесі қоғамның материалдық қажеттілігін толық қанағаттандыра алады?
  3. Бұл өнімді қалай өндіру қажет? Өндіріс қалай ұйымдастырылуы керек? Қандай фирма өндірісті жүзеге асыруы керек және өндірісте қандай технологияны қолдану қажет?
  4. Бұл өнімдерді кімдер алуы керек? Оның ішінде, өнім жеке қажеттіліктерге қалай бөлінуі қажет?
  5. Жүйенің өзгерістерге бейімделе алатын қабілеті бар ма? Жүйе өзгерістерге қарай тұтынушылық сұранысқа, ресурстармен жабдықтауға және өндіріс технологиясына тиісті түзетулерге қол жеткізе алады ма?

Өнім мен ресурстың бағасын нарыққа сәйкес бәсекелесетін, сатушы мен сатып алушы белгілейтін жағдайда, қандай тауартүрлерін және олардың қаншасын өндіру қажет? Кәсіпорын табыс табуға және залалды болдыртпауға ұмтылатынын ескерсек, былай деп қорытынды шығаруға болады: тек пайда түсіретін тауар ғана өндіріледі, ал зиян шектіретінін өндірмейді. Табыстың болуы немесе болмауы нені білдіреді?

Екі параметр:

  1. Фирма өз өнімін сатудан түсірген жалпы табыс.
  2. Оның өндірісіне кеткен жалпы шығын.

Жалпы табыс та, жалпы шығын да - бұл арақатынастарымен қалыптасатын шамалар. «Баға - уақыт - өнім саны».

Жалпы табыс өнім бағасын сатылған өнімнің санына көбейту арқылы есептеледі. Жалпы шығын әрбір ресурстың бағасын өндірісте пайдаланғандарының санына көбейтумен, содан кейін әрбір ресурстардың шығындарын жинақтауымен есептеледі.

  1. Нарық құрылымы және нарық тетігі

Осы заманғы нарық әлеуметтік бағдарланған, тиімді реттелетін процесс ретінде көрінеді.

Нарық- еркін қалыптасқан баға бойынша тауарды сату-сатып алуды жүзеге асыратын орын. Нарықтық экономика -меншіктің алуан түрілігі, яғни барлық меншік формалары болған жағдайда ақшаның көмегімен жүзеге асатын тауар мен қызыметті сату - сатып алу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарық жіктеудің түрлері көп, қосымша обьектілері бойынша былайша бөлінеді: тауар нарығы, қызмет нарығы, құрылыс нарығы, текнологияалар нарығы, ақпарат нарығы, кредит нарығы қор нарығы, жұмысшы күші нарығы.

Кеңістікті қатынаста (в пространственом отношении) былаша бөлінеді: қысқа (локальди, яғни тұжырымды), аймақтық, ұлттық біріктірілген (интегрированних) елдер тобы бойынша аймақтық, әлемдік нарықтар.

Іс-әрекет жасау, яғни жұмыс істеу тетіктері бойынша: еркін монополияандырылған, мемлекеттік- реттелмелі; жоспарлы- реттемелері нарықтар.

Толыққандылығына қарай тепе - тең, (көлемі мен құрылымы бойынша), тапшылық және артық деп бөлінбек.

Қоғамдық ұдайы өндірісті реттеу процесінде нарық мына функцияларды орындайды :

а) ақпараттық, яғни нарықтық жағдайда адамға қажетті әр түрілі ақпараттарды тарату:

ә) делдалдық. Дамыған еңбек бөлісі жағдайында экономикалық оқщау өндірушілер өз еңбектерінің нәтежелерімен алмаса алады;

б) шаруашылықты тиімді жүргізуді ынталандыру, тепе- теңдік баға тетігінің көмегімен адамдардың және қоғамның шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалануы:

- өндірістің көлемі мен құрылымдық үйлесімділігінің ең жоғарғы деңгейде оңтайлы қалыптастыру;

- шекткулі ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамсыз ету;

- өндірістің технологиялық ең мықты тәсілі жасалып, жоғарғы сапалы өнімді ең аз шығынмен өндіруге қол жеткізу;

в) бөлу және айырбас. Қоғам топтарының арасында бөлу және айырбас қамтамсыз етіледі;

г) үйлесімділік. Нарық өндіріс пен тұтыну арасында сәйкестік орнатуға ықпал етеді;

д) сауықтыру (санирование) . әдетте аса ірі банктердің немесе мемлекеттің көмегімен ірі кәсіпорындарды банкроттан аман алып қалу үшін жүргізлетін шаралар жүйесі. бәсекелестік күрес тітігі арқылы нарықты бәсекеге жарамсыз кәсіпорындардан тазарту жүзеге асырылады.

Нарық қоғамдық еңбек бөлісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы байланыс тәсілін анықтаушы әрі соған үстемдік жүргізуші ретінде болады.

Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыс экономикалық қатынастардың барылық жүйесін, барылық субьектілерін қамтиды. нарық құрамына өзінің жұмыс күшін сататын жұмыскерлер де, кәсіпкерлер де және түпкілікті тұтынушылар, саудалық капиталдың меншік иелері, құнды қағаздардың қожайындары және т. б кіреді.

Миллиондаған адамдар бір орталықтан басқарусыз-ақ жүз мыңдаған тауар өндіреді және бұл арада сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі қамтамсыз етіледі.

Нарықтық экономиканы адам өркенниетінің жетістігі ретінде, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың барлық нысандарының ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарастыруға болады.

Нарық қалай жұмыс істейді, ол негізгі экономикалық міндеттерді қалай шешеді? өйткені миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды және оның қаншасын сатып алуда дербес шешім қабылдайды ғой; кәсіпкерлердің көпшілігі - қалай өндіру керек немесе аса қатерлі де күрделі, жауапкершілігі аса зор міндетті қалай орындау қажет деп бас қатырса, ал өндіріс факторларының қожайындары өз таңдауын жасайды- тауарды кімге және қалай сату керек. Бұл субьектілер нарық арқылы бір- бірімен тығыз байланыста болады.

Нарық белгілерінің сипаттамалары маңызды орын алады.

Біріншіден, осы заманғы нарық тұтынушылардың нарығы болып табылады. бұл мынаны білдіреді:нарықта тауарға деген ұсыныс сол тіркелген бағадағы сұраныстан асады деген сөз. Нарықтың мұнай жағдайы өз негізінде «тұтынушылардың дикткты» сатушылармен салыстырғанда өніді тұтынушылардың артықшылықты жағдайын анықтап береді.

Сатып алушы нарығы іскерлік қатынастың тұрақты әрі ұдайы өндірістік белгісі ретінде болады.

Нарықтың екінші міндетті белгісіне оның бәсекелестік сипаты жатады. Бұл мынаны білдірмек: бизнес жүйесінде әрбір субъекті барлық субъектілермен бәсекелесуші жақ болып табылады.

Осы заманғы нарықтың үшінші белгісі - субъектілер арасындағы қатынастың интеграция негізінде тұрақтануы. Нарық - бұл кәсіпкерлердің және басқа да экономиканың егеменді субъектілерінің бәрі де экономиканың бір қолға өтуіне, яғни экономиканың монополиялануына қарсы.

Қазіргі қоғамда рыноктың сатып алушылар мен сатушылар кездесетін, мәміле келісім жасайтын белгілі бір нақты орын болуы міндетті емес. Байланыс, коммуникация құралдары мен көліктің дамуы арқасында сатушы газетке жарнама бере алады, телефон арқылы тапсырыс жинайды және сатып алушылармен тікелей жүздеспей-ақ, оларға өз тауарларын жеткізіп береді. Интернет арқылы жүзеге асыратын тапсырыстар рыногы жедел дамуда.

Сатылатын өнімдердің түріне қарай рынок, біз бұрын айтып өткендей, тауарлы рынок, қызметтер рыногы, қаржы рыногы, еңбек рыногы, тағы басқалар болып ажыратылады.

Рыноктағы басымдылық пен белсенділік өлшемі бойынша сатып алушы рыногы және сатушы рыногы деп бөлінеді. Сатушы рыногы тауар тапшылығымен, демек, сатушылардың мол билігімен сипатталады, бұл сатып алушыларды ниеттеніп жүрген келісім (мәмілелерді) жасасуда белсендірек болуға итермелейді. Керісінше, сатып алушы рыногында сатып алушылардың билігі көбірек, мұнда сатушылардың белсенділігі басым болуына тура келеді. Оларға сатып алушыларды іздеу, бұлардың мұқтаждарын білу, соған сәйкес тауарлар әзірлеу, тауарларды рынокқа шығару, қоймаға қою, тасымалдау, икемді баға жүйесін ойластыру және тағы басқасын жасау қажет. Ауыл шаруашылық тауарларының рыногы - бұл негізінен сатып алушы рыногы.

Клиенттер тұрпаты бойынша клиенттік рыноктардың негізгі бес түрін бөліп айтады: тұтыну рыногы , өндірушілер рыногы , аралық сатушылар рыногы , мемлекеттік сатып алушылар рыогы , мемлекеттік сатып алу рыногы, халықаралық рынок.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
Жекешелендіру
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Экономикалық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz