Қазақ философиясы қалыптасуы



ЖОСПАР
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой кешу үрдістері – А.: 1994
2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001 – 272 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы
4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.
5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.
6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.
7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы – А.: 1996, 168 б.
8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001 – 378 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Тақырыбы: Қазақ философиясы қалыптасуы.

Орындаған: Солтангазин А.С.
И
– 215
Тексерген:
Малғаждар Д.Б.

Семей, 2014

Қазақ философиясы қалыптасуы

ЖОСПАР 
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге
ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның
асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де
осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам
өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба
мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.
Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами
отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау
элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын
түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның
негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы
түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін,
адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және
оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа
мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде
философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол
кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін
біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында
орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық
философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді.
Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта
өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер
ауызша да, жазбаша да рухы күшті халық, рухани биік халық деп
бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар
басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының
тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін,
санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде
төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни
көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи
ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама
ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері,
көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап
кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық.
Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне
басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың
қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше
сипатталған.
Реферат жұмысының деректік негізі ХХ ғасыр басында шыққан 80-90 жылдар
аралығында әдебиет, баспасөз беттерінде жарияланған кейбір мақалалар
пайдаланылды. Сонымен қатар, М.Орынбековтың, Қ.Ш.Бейсеновтың, Қ. Өмірәлиев
сынды зерттеушілердің еңбектері қаралды. Атап айтқанда М.Орынбековтың
Ежелгі қазақтың дүниетанымы атты монографиясында қазақ жерінде көне
заманда өткен сақтар, түркілердің дүниетанымдық негіздері, ой кешу
үрдістері, озық философиялық ұғымдары тарихилық, сабақтастық тұрғысынан
қарастырылып, оның біртұтас қазақ ұлттық сана-сезімінің мазмұнын
құрайтындығы жөнінде пікірлер айтылған. Ал Қ.Бейсеновтың Қазақ топырағында
қалыптасқан ғақмиятты ой ешу үрдістері еңбегінде философиялық принциптері
арқылы рухани мәдениеттің тарихи бітімдері айқындалып, олардың
дүниетанымдық типтік ерекшеліктері баяндалды.
Бұл еңбектердегі философиялық ой-толғамдар оқырманды қызықтырып, сырттан
қарап, сол оқиғаларға өзінше баға беруге итермелейді, және де бұл еңбектер
реферат жұмысының жазылуына негіз болады.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені
өзінің жеке философиясы болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге
мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі.
Ұлттық философия тарихы – жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне
дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатады.
 
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба
мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.
Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами
отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен
бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын
ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары
ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты,
дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер
мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету
саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар,
айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген
заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі
деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ
халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау
жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары
еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және
философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының
прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы
бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік
ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы
патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы
үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты
көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден
қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені
жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік
мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы
ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық
шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың
біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына
қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын
көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы
мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және
ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, ұрламай жеткізу – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философияның даму тарихы
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия (лекциялар)
Антика мәдениетіндегі философия
Пәндер