Банктің қаржылық операциялары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Банктің қаржылық операциялары
1.1.Лизинг операциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Факторинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Форфейтинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

II. Банктің комиссионды.делдалдық операциялары
2.1.Траст операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Валюталық операциялар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Валюталық операциялардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңы. 24.12.1996.
2. «Қаржы лизингі» туралы ҚР заңы 5.07.2000.
3. Банковское дело/ Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
4. Банковское дело/ Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика, 1998.
5. Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. – М., 1996.
6. Банковское дело /Под ред. Колесникова В.И. –М., 1995.
7. Банковское дело: стратегическое руководство /Под ред. Платонова В., Хиггинса М.,: Консалтбанкир, 1998.
8. Банки и банковские операции/ Под ред. Жукова Е.Ф. –М., 1997.
9. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции. – М.: Антидор, 1998.
10. Смагулов А. Лизинг: Уч. Пособие, - Алматы: Балауса, 1996. – 176 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Банктің қаржылық операциялары
1.1.Лизинг операциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Факторинг ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Форфейтинг ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II. Банктің комиссионды-делдалдық операциялары
2.1.Траст операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Валюталық операциялар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3. Валюталық операциялардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

I. Банктің қаржылық операциялары
1.1. Лизинг операциясы
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы Дойче лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг - бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 1 - 2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Жабдықтаушы
(Өндіруші)
Лизинг беруші
(Лизинг компаниясы)

Лизинг беруші 2
(Лизинг компаниясы)
4 1 3
Лизинг алушы
( - Өндірістік кәсіпорын)


1-сурет.
1 - құрал-жабдыққа тапсырыс беру; 2 - құрал-жабдық үшін төлем; 3 - құрал-жабдықты жеткізу; 4 - лизингтік төлемдер.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Банк
1 7
Жабдықтаушы
Лизинг компаниясы
(лизинг беруші)
2 Өндірістік кәсіпорын
(лизинг алушы)
3 4 6
5


2-сурет.
1 - банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 - лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 - жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 - лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 - жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 - лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 - лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:
ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС,
мұндағы:
ЛТ - лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА - ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ - лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ - лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС - лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА=БҚ х На100 ,
мұндағы:
БҚ - мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы (%).
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НТ=НР х НС100 ,
мұндағы:
НР - лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС - несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
НР=Қб-Қа2 ,
мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
КТ=НР х Кс100 ,
мұндағы:
Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ = Ші + Шк + Шж + Шб,
мұндағы:
Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб - басқа да шығыстар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының құлауы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әртүрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
1. Объектісі.
2. Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
5.Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
9. Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. Құрал-жабдықты қайтару.
15. Салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді және т.б.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
21. Тараптардың қолдары.
22. Тараптардың орналасқан жері.
23. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25. Банктердің кепілдемесі.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және Қазконтракт корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылдаған заңдар, айталық: Қаржы лизингі туралы ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
1.2. Факторинг
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі - факторинг. Факторинг алғашқы кезде ХІХ ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25 - 30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.
Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа - 56%, Америка - 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер - 13%, Африка - 1%.
Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты - кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен factor, аударғанда маклер, делдал деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл - делдалдық операция.
Факторинг - жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлеу қабілетіне байланыссыз факторингтік келісімшартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 3-сурет көрсетілген.
Факторинг компания
(банктің факторинг бөлімі)
Өнімді төлеу Құжаттарды төлеу

Төлем құжаттарын Төлем қабілетін
сатып алу (несиелік қабілетін) талдау
Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы
3-сурет. Факторингті ұйымдастыру сызбасы
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2 - 3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5 - 2,5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1 - 2%-дай жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдына бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл - бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
- Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
- Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
- Борышқорлардан ақшалацй қаражат алу;
- Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау;
Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік оперция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескерту қажет:
- Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
- Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
- Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
- Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.
Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.
Ішкі аядағы операциялар
Ақшалай
талаптарды төлеу ттттөтөлеу
Ашық және жабық
факторинг
Несиелеу

Қарызды
инкассациялау
Клиентке қызмет көрсету
Факторингтік
операциялар

Сыртқы сауда бойынша
операциялар

Қарыз бойынша талаптарды алдын ала төлеу

Жабдықтаушының есебін ұйымдастыру
Несиелік тәуекелден
сақтандыру

4-сурет.Факторингтік операциялар

1.3. Форфейтинг
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтырды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Банктің вексельді операциялары
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Пәндер