Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР … . . . 10

1. 1
Қазақстан экономикасының банктік секторы және банктік қызмет: нормативтік құқықтық базасының жай-күйі . . .
10
1. 1: 1. 2
Қазақстан экономикасының банктік секторы және банктік қызмет: нормативтік құқықтық базасының жай-күйі . . .: Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері . . .
10: 32
1. 1:
Қазақстан экономикасының банктік секторы және банктік қызмет: нормативтік құқықтық базасының жай-күйі . . .:
10:
1. 1:
Қазақстан экономикасының банктік секторы және банктік қызмет: нормативтік құқықтық базасының жай-күйі . . .:
10:

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАҒЫ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР . . . 43

: 2. 1
: Қазақстан Ұлттық Банкі құзырындағы және Қазақстанның Даму Банкі қызметінің аясындағы мемлекеттік қаржылық құқықтық қатынастар . . .
: 43
: 2. 2
: Мемлекеттің қаржылық агенттері - коммерциялық банктер қызметіне байланысты мемлекеттік қаржылық құқықтық қатынастар . . .
: 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен қамтылған банк жүйесінің жұмыс істеуі ауқымындағы, сондай-ақ банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастардың теориялық мәселелері, ерекшеліктері, түрлері, оның ішінде олардың қаржылық құқықтық аспектісі мемлекеттің қаржылық қызметімен байланыстырылып, мемлекеттік қаржылық қатынастар ретінде айқындалып қарастырылды.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының банк жүйесін құрайтын және оның жұмыс істеуі барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың тұрақты әрі міндетті субъектілері Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, коммерциялық банктер және т. б. қаржылық-несиелік институттар ішкі және сыртқы инвесторлардан тартылған уақытша бос ақша қаражаттары мен капиталды Қазақстан экономикасының басым әрі жоғары табысты салаларына құю функциясын орындайды, сондай-ақ елдің қаржылық нарығының дамуына, мемлекеттің халықаралық банктік қатынастарға қатысуына және халықаралық қаржылық-несиелік ұйымдармен ынтымақтасуына септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» атты халыққа Жолдауында «шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді» көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін «инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау» белгіленген. «Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» деп айтылған [1, 2 бб. ] .

Осыған орай, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын құрайтын банктік заңнама мәселелері, банктік құқықтық реттеу тәсілдері, елдегі дивидендтік саясат мән-жайлары, банктік құқықтық қатынас субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері, Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық ұйымдар ретінде қаржылық нарықты дамыту ісіне қосатын үлестері, банктік құқықтық қатынастардың экономикалық және заңнамалық негіздерін олардың қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін есепке ала отырып жетілдіру жолдары бүгінде Қазақстан Республикасы қаржы-несие жүйесін экономикалық тиімді ұйымдастыру және оның құқықтық негіздерін өркениетті капитализм стандарттарына сай дамыту тұрғысынан аса өзекті көрініс тауып отыр деп санаймыз.

Бүгінгі нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық жүйедегі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі ел экономикасының маңызды секторы ретінде дамуда. Осы банк жүйесінің банктік заңнамаға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай жұмыс істеуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер өз клиенттері мемлекетке, уәкілетті мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға қаржылық-несиелік, инвестициялық және есеп айырысу қызметін көрсете отырып жалпы ұлттық өнімді құруға өз үлестерін қосады. Сонымен бірге олар ақша қаражаттарын, оның ішінде салық төлемі сомаларын бюджеттерге аудару, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын қарыз алушыға немесе алушыға аудару, уақытша бос бюджеттік қаражаттарды депозитке алу және осыған орай тиісті бюджетке сыйақы төлеу, мемлекеттік қарыз қаражаттарын тапсырма бойынша аудару, банктік несиелеу барысында қоғамның қаржылық инфрақұрылымының шешуші буыны сипатында, сондай-ақ тиісті банктік құқықтық қатынастарда макроэкономикалық өсу көрсеткіштерінің ерекшеліктерін есепке алатын мемлекеттің экономикалық тұрақтыландыру саясатының жүргізушісі ретінде көрініс табады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады [2, 5-б. ] .

Қазақстан Республикасының банк жүйесін, банктік қызметті және оның нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің аса маңызды нысанына Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің, коммерциялық банктердің мәртебелік жағдайларын, олар жүргізетін операциялар мен іс-қимылдардың заңи тәртібін айқындайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» және т. б. Қазақстан Республикасының заңдары жатады.

Банктік құқықтық қатынастар қандай болмасын елдің экономикасын дамыту негізі және нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы банктік құқықтық қатынастағы банктер ақша, депозит, несие, валюталық, сақтандыру зейнетақы, қор нарығы, қаржылық құралдарымен сауда-саттық жүргізудің ұйымдастырылған жүйесін білдіретін қаржылық несиелік институттар рөлін атқарады.

Демек, банк жүйесі қаржылық ресурстарды алушылар-сатып алушылар мен аударушылар-сатушылар арасындағы тікелей байланыстарды қалыптастыратын, сондай-ақ капиталды несие берушілер мен қарыз алушылар арасында мемлекеттің ақша-несие, қаржы саясатына әрі капиталға деген сұраныс пен ұсынысқа сай қайта бөлетін механизм ретінде жұмыс істеуі барысында экономикалық мәнімен және маңызымен ерекшеленетін банктік құқықтық қатынастардың туындауын негіздейді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынас банктік заңнама мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге және банктік лицензияларға орай нақтылы айқындалып берілген субъективтік құқыққа ие болу және оны пайдалану, сондай-ақ нақтылы айқындалып жүктелген заңи міндетті құру немесе атқару процесінде іске асырылатын, банктік құқық нормаларының талабына сай банктік құқықтық қатынас субъектілерінің өзара қатынастарының нысаны болып табылады. Қолданыстағы банктік заңнама тұрғысынан оның нормаларын іске асыру банктік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын банктік құқықтық қатынас субъектілерінің тиісінше мінез-құлықтары мен іс-қимылдарына орай уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық-биліктік реттеу әрі қадағалау-бақылау сипатында көрініс табады.

Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастардың даму өзектілігін негіздейтін тағы бір дәлел ретінде Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясына сәйкес ел экономикасының банктік секторын одан әрі дамыту, оның ішінде екінші деңгейдегі мамандандырылған банктерді құру шаралары көзделгенін айта кету қажет.

Осындай мән-жайларға орай Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің және коммерциялық банктердің қызметі (операциялары) негізіндегі банктік құқықтық және қаржылық құқықтық нормалардың іске асырылуы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің билікті өкілеттіктерінің мүмкіндігімен қамтамасыз етіліп отырғаны белгілі.

Сонымен, бүгінгі банк жүйесінің түрленуі жаңа банктік технологияларды енгізуге, нарықтық қатынастар мен талаптарға сай мамандандырылған банктерді құруға, банктік құқықтық қатынастарды және банктік заңнаманы одан әрі дамытуға орай ерекше өзекті сипат алып отыр. Егемен Қазақстандағы қазіргі заманғы банктік құқықтық қатынас Қазақстан Республикасының банктік құқығы нормаларының негізінде оның тиісті қатысушыларына жүктелінетін субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер нақтылы белгіленген, субъектілерінің арасындағы заңи байланыстар мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген, көбінесе бір тараптың мүддесіне әрі ерік-ықтиярына орай туындайтын, сонымен қатар екінші тараптың да немесе бірнеше қатысушының да мүддесі көзделінетін қоғамдық қатынас болып табылады деп есептейміз. Банк жүйесінің және банктік құқықтық қатынастардың тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі банктік және өзге де заңнаманың, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ халықаралық банктік құқықтың ережелеріне және олардың сапасына байланысты болары сөзсіз.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ізденіс мәселелер мен ғылыми зерделеу мән-жайларына байланысты зерттеулер тек 2000 жылдан (банктік құқықты кешенді құқық саласы ретінде танудан) бастап жүргізіле бастады

Қазақстан Республикасында банктік қызметінің, банктік құқықтың, банктік операцияларды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеуге ат салысқан ғалымдар ретінде Худяков А. И. («Финансово - банковское право: предмет, методы, система» // Известия АН Казахской ССР, Серия общ. наук, 1990, №5; «Основы теории финансового права». Алматы, 1995) ; Саниев М. С. (Банковская система в условиях рыночной экономики. Алма-Ата, 1991) ; Покровский Б. В. (Договор как правоотношение в сб. : Договор в гражданском праве: проблемы теории и практики. Алматы, 2000) ; Сулейменов М. К., Осипов Е. Б. (Залоговое право. Алматы, 1999) ; Карагусов Ф. С. (Вопросы разграничения акционерных обществ на типы и отчуждения акции закрытых акционерных обществ. Алматы, «Рынок ценных бумаг Казахстана, №5, 1999; О правовой природе банковского счета. В сб. : Гражданское законодательство Республики Казахстан. Выпуск 10. Алматы, 2001; Правовой статус банков. Алматы, Юридическая газета., 01 августа 2001) ; Нурсеит Н. (Обеспечение устойчивости национальной валюты: Теория и практика валютной политики. Алматы, 2004), Нурсеитова Р. (Механизм регулирования инвестиционного процесса: финансово-банковский аспект /Алматы, 2001) және т. б. атап өтуге болады.

Сонымен бірге құқықтық қатынастар, банк жүйесі, банктік қызмет, банктік құқық төңірегінде ғылыми зерттеу жүргізіп, диссертациялық еңбектерін қорғаған авторлар қатарына: Худяков А. И. (Правовые формы финансовой деятельности государства. Алматы, 1996), Хасанов С. Ф. (Государственно- правовое регулирование банковского кредитования. Алматы, 1996), Найманбаев С. М. (ҚР қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару. Алматы, 1998), Абжанов Д. К. (Государственно-правовое регулирование банковской деятельности в Республике Казахстан. Алматы, 1998) ; Қарабеков Н. Н. (Правоотношения в механизме правореализации. Алматы, 1999), Копабаев О. К. (Конституционно-правовые основы организации и функционирования государственной власти в Республике Казахстан (проблемы теории и практики) Алматы, 2000; Мауленов К. С. (Государственное управление и правовое регулирование в сфере иностранных инвестиций в Республике Казахстан. Алматы, 2001) және т. б. ғалымдарды жатқызуға болады.

Сонымен, банктік құқықтық қатынастардың теориялық әрі тәжірибелік өзекті мәселелерін және қаржылық құқықтық аспектісін қоғамдық даму ерекшеліктеріне сай айқындап, ғылыми зерттеу, сондай-ақ теориялық негіздеу дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде айрықшаланады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті . Дипломдық зерттеудің негізгі мақсатына Қазақстан экономикасының банктік секторындағы банктік қызмет ауқымында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың теориялық мәселелерін жан-жақты саралап, қарастыру, ғылыми сипаттамасын беру, банктік құқықтық қатынастардың мемлекеттік қаржылық құқықтық аспектісін, оның ерекшеліктерін нақтылы айқындау, Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер қызметі (олардың қатысуымен) барысында туындайтын қаржылық құқықтық қатынастардың теориялық және тәжірибелік мән-жайларын тұжырымдап, түйіндеу әрі қазіргі заманғы даму тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын ашып көрсету жатады.

Осындай мақсаттарға орай Дипломдық жұмыстың мынадай өзара байланысқан міндеттерін айқындау әрі олардың шешімін табу үшін:

- банктік құқықтық қатынастардың түсінігін, белгілерін, оның маңыздылығын және қаржылық жүйеде алатын орнын анықтау;

- Қазақстан Республикасында банктік құқықтық қатынастарды реттейтін банктік заңнама ұғымын айқындау және банктік заңнаманы жетілдіру жөніндегі нақтылы ұсыныстар жасау;

- қаржылық-несиелік институттардан қалыптасқан ел экономикасының банктік секторының орнын және мазмұнын ашып көрсету;

- банктік құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтық мәртебесін анықтау және оларға ғылыми талдау жүргізуге ат салысу;

- банктік құқықтық қатынастардың мемлекеттік қаржылық құқықтық аспектісінің мазмұнын, оның ерекшеліктерін нақтылы айқындау және банктік тәжірибеге шолу жасау;

- Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктердің (олардың қатысуымен) банктік қызметі барысында туындайтын қаржылық құқықтық қатынастардың теориялық және тәжірибелік мән-жайларын тұжырымдап, түйіндеу әрі қазіргі заманғы даму тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын ашып көрсету құрайды.

Зерттеу объектісі : Қазақстан Республикасының Конституциясы, банктік заңнама және өзге де заңнамалық актілер, оның ішінде қаржылық заңнама негізінде жұмыс істейтін банк жүйесінің, оның жоғарғы-төменгі деңгейіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер қызметінің нәтижесінде қалыптасатын банктік құқықтық қатынастардың жалпы теориялық-тәжірибелік мәселелері мен нақтылы мемлекеттік қаржылық құқықтық аспектісі.

Зерттеу пәні: банктік құқықтық қатынастар және қаржылық құқықтық аспектілі банктік құқықтық қатынастар, оның ішінде нақтылы қаржылық құқықтық қатынастар негізіндегі банктік және қаржылық заңнаманың, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормативтік-мәнділік және құрылымдық-функционалдық мән-жайларын, қаржылық құқықтық аспектілі банктік құқықтық қатынастарды талдау, негіздеу, қорытындылау арқылы аталмыш құқықтық қатынастың ғылыми негіздемелерін қалыптастыру және банк жүйесіндегі мемлекеттік қаржылық құқықтық қатынастардың экономикалық -заңи табиғатын ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық, банктік және қаржылық құқықтық құбылыстарды зерттеуге орай қолданылатын жалпы және арнаулы ғылыми таным тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы (диалектикалық, салыстырмалы-құқықтық, талдау, қыйсындылық-заңи, құрылымдық-функционалдық, нақтылы-социологиялық, жүйелік әдістер), б. а. диалектикалық танымның іргелі ережелері құрайды. Банктік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын талдау, Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастардың, оның ішінде қаржылық құқықтық аспектілі банктік құқықтық қатынастардың қазіргі заман әрі мемлекет дамуының талабына сай екенін танып-білу, осыған орай банктік және қаржылық заңнаманың тиімділігін банктік құқықтық және қаржылық құқықтық реттеу теориясы мен тәжірибелік нәтижелеріне қарай айқындау барысында жоғарыда аталған таным әдістері, сондай-ақ жүйелік жолдар қолданылды.

Дипломдық зерттеудің теориялық негізі ретінде мемлекет және құқық теориясы, банктік және қаржылық құқық салаларын зерттеуші ресей, қазақстан және ТМД елдерінің мынадай ғалымдарының С. С. Алексеевтің, Р. О. Халфинаның, М. Н. Марченконың, М. М. Агарковтың, М. В. Карасеваның, А. Ю. Викулиннің, О. Н. Горбунованың, И. С. Гуревичтің, Н. Ю. Ерпылеваның, Л. Г. Ефимованың, О. Н. Олейниктің, Н. И. Химичеваның, Г. А. Тосунянның, А. А. Тедеевтің, Н. В. Фадейкинаның, К. В. Рудыйдың, М. Т. Баймахановтың, С. З. Зимановтың, В. А. Кимнің, Ө. Қ. Қопабаевтың, Е. К. Нурпеисовтың, Ғ. С. Сапарғалиевтың, С. Н. Сәбікеновтың, С. С. Сартаевтың, А. И. Худяковтың, С. М. Найманбаевтың және т. б. авторлардың ғылыми еңбектері көрініс тапты.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында алынған нәтижелер, оның негізгі мән-жайлары, қорытындылары, тұжырымдары мен ұсыныстары, қалыптастырылған ұғымдар мен ғылыми көзқарастар Қазақстан Республикасының банк жүйесін, банктік қызметті, банктік құқықтық қатынастарды жаңаша дамытып, қазіргі заман талаптарына және халықаралық (еуропалық) банктік құқық ережелеріне, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге, банктік қызмет пен мемлекеттің қаржылық қызметінің тәсілдері мен жолдарын айқындау арқылы банк жүйесіндегі банктік құқықтық тәртіпті және қаржылық құқықтық тәртіпті сақтауға әрі нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық құқықтық аспектілі банктік құқықтық қатынастар аясындағы заңдылықты күшейтуге және банктік заңнама мен қаржылық заңнаманы, өзге де нормативтік құқықтық актілерді (өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы) жетілдіруге септігін тигізеді.

Дипломдық зерттеудің теориялық маңыздылығы банктік құқықтық қатынастарға және олардың қаржылық құқықтық аспектісіне байланысты объективті-субъективтік банктік құқықтық жағдаяттар мен қаржылық құқықтық құбылыстарды жете қарастыру, тиісті ережелер мен қағидаларын талдау, экономикалық және заңи өзара тығыз байланыстар мен қарым- қатынастардың тиісті мүдделерге сәйкестігін айқындау, банктердің, мемлекеттің, уәкілетті мемлекеттік органдардан, банк клиенттері заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің мән-жайларын ашып көрсету кезінде қолданылған арнаулы ілім-білім нәтижесінде алынған дәлелді ғылыми негіздеулер мен дәйекті ғылыми ережелерден тұратын, жүйелендірілген тұжырымдамалық көзқарас-пікірмен шартталынған.

Осындай нәтижелер мен ұсыныстарды банктік заңнаманы және банктік құқықтық қатынастарды жетілдіру процесінде, сондай-ақ оқу процесінде «Қаржылық құқық» және «Банктік құқық» курстары бойынша дәріс беру, «Банктік құқықтық қатынастардың теориялық проблемалары» арнаулы курсын өткізу және оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жүргізудің сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, төрт бөлімшеден тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. 1 Қазақстан экономикасының банктік секторы және банктік қызмет: нормативтік құқықтық базасының жай-күйі

Бүгінде егемен Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму қарқындылығы және тиісінше жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қазіргі заманғы айрықша маңыздылығымен шартталынған банктік сектордың экономикалық қызметіне, сондай-ақ оның нормативтік құқықтық реттелуі тиімділігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Өйткені Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жұмыс істеп жатқан банк жүйесі және банктер мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпалын тигізеді.

Осындай мән-жайға орай, айта кететін маңызды жайт, 1995 жылғы 30 наурызда және 31 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заң күші бар Жарлығы - бүгінде Қазақстан Республикасының Заңдары елдің банктік секторын реформалау ісінің қызу ортасында көрініс таба отырып, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің халықаралық банктік стандарттарға, сондай-ақ нарықтық экономика қағидаларына сай құқықтық және экономикалық іргетасын қалап, әрі бекіткен болатын.

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы банктік секторында Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және 33 екінші деңгейдегі банктер жұмыс істейді. Банк жүйесінің екінші деңгейіндегі 33 банктің ішінде шетелдік қатысуы бар 14 банк, оған қоса Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің 9 еншілес банкі жұмыс істейді [3, 1-2 бб. ] .

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі осындай банктер ел экономикасының тиісті секторларының өсуіне септігін тигізеді. Өйткені банк жүйесі экономика және әлеуметтік аялары мүдделеріне аса маңызды қызметтер көрсетеді және олардың мән-жайына бейімделеді.

Сонымен, Қазақстан Республикасының банк жүйесі банктік заңнама негізінде қарқынды дамып жатқан, ел егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін сақтауға ат салысатын экономика секторы ретінде көрініс тауып отыр.

Осы банк жүйесін, оның ауқымындағы банктік қызметті және банктік заңнаманы ғылыми зерделеп, зерттеу жүргізіп, талдау жасамас бұрын Қазақстан Республикасы банк жүйесінің ұлттық даму тарихы мен дәстүрлі ерекшеліктерін қарастыру қажет деп ойлаймыз.

Кеңестік биліктің дәуірлеп тұрған кезінде Қазақстанның өз банк жүйесі болған жоқ. Себебі кеңестік республика аумағында КСРО Мемлекеттік банкінің орталықтандырылған ақша-несие жүйесінің бөлімдері мен филиалдары жұмыс істеді. Осыған орай Қазақстан банк жүйесінің даму, қалыптасу тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей банк жүйесінің даму тарихымен тығыз байланыстырылған болатын. Кезінде патшалық Ресейдің банк жүйесі құрылымынан: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да банктер орын алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Банктік несиені заңсыз алу
Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу сараптамасы
Еңбекті халықаралық - құқықтық реттеудің субьектілері
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz