Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
2. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
3. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының ағымдағы жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Әкімбеков К.Н. «Экономикалық теория» 2000 ж.
2 Кулыгин П.C. Социолистік экономикадағы нарық «Вопросы экономики»,1990ж.
3 Журавлева Г. Р. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық «Экономические науки», 1990ж. №7
4 Саяси экономия — Алматы, «Ана тілі»,1991ж
5 Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы. Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова 1992ж.
6 «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006
7 Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С.Байжомартов, Б.М.Комягин — «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
2. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
3. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының ағымдағы жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет - білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
Индустриалды-инновациялық даму - Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

Негізгі бөлім
1. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.
Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.
Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысты. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 14 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.
Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар -- экономикалық құрылыстың өзіндік кірпіштері болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.
Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.
Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.
Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.
Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау -- медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.
Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.
Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды.Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.
Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.
Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Сендер олармен таныстыңдар.
Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.
Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.
Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
1. ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.
2. Оңтүстік-Батыс-Солтүстік аймақтарының өзіндік үштағаны анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 45 белігі жасалады.
3. Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 35 бөлігі жүзеге асады.
Экономиканың өсуі екі жолмен - экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Экстенсивті (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс. Интенсивті (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған 2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бағытталған.
Интенсивті факторлар экономиканың тиімділігін арттырады, оның көрсеткіші еңбек өнімділігімен анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уакыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді.
Өнім мөлшерін табиғи өлшем (тонна, текше метр, кВтсағат) және ақшалай (теңге, доллар) түрінде көрсетуге болады.
Қазақстан экономикасының еңбек өнімділігі (2014 ж.)
Салалар
Жұмысшылар саны, мың адам
Өнім, млрд теңге
Жылына 1 жұмысшыға 1000 теңгеден шаққандағы еңбек өнімділігі
Жалпы экономикада
7860
15940
2030
Ауыл шаруашылығы
2350
840
360
Өнеркөсіп
940
5130
5460
Құрылыс
550
1300
2360
Келік және байланыс
590
1520
2580
Сауда
1150
1970
1710
Еңбек өнімділігі -- экономикалық тиімділіктің тағы бір көрсеткіші - өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.
Өзіндік құн - өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын теңгемен алғандағы шығын мөлшері.
Шикізат, отын, электр куаты үнемді, өндіріс құралдары тиімді пайдаланылған сайын, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі артып, өнімнің өзіндік құны төмен болады.
Қазақстан әлемдік экономикада
Халықаралық өлшем бойынша біздің еліміздің экономикасы орташа деңгейде. Ол дүние жүзіндегі жалпы өнімнің 0,23%-ын өндіріп, 54-орынды алады. Қазақстанныңшаруашылығы даму қарқынына қарай әлемдік экономикадан 3 есе асып түседі. Ондай артықшылық біздің еліміздің ұстанымын нығайта түсіп, дүние жүзіндегі беделін арттыруда.
Дүниежүзілік экономикадағы Қазақстанның үлесі (2014 ж.)

Дүние жүзі
Қазақстан
Қазақстан үлесі (%)
Халық, млн адам
6612
15,5
0,23
ЖІӨ, млрд долл.
54370
104
0,19
Өнеркөсіп, млрд долл.
14680
46
0,31
Ауыл шаруашылығы, млрд теңге
1630
7
0,45
Қызмет көрсету, млрд долл.
38060
50
0,13
Қазақстанның дүниежүзілік ірі жабдықтаушы ретінде де маңызы өсуде. Еліміз әлемдік нарыққа көп мөлшерде отын, металл, астық шығарады. Бұлар қарапайым, қымбат емес тауарлар. Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды.
Қазақстан дүниежүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда. Елімізде ірі шетелдік компаниялар (Шеврон-Тексако, Бритиш Газ, т.б.) жұмыс істеуде. Ең алдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар, біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына да үлесін қосады.
Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік дәлізі ретінде де рөлі көтерілуде. Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады (ғарышты игеру, қоршаған ортаны корғау, т.б.).

2.Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
Жалпы нарықтық экономикалық жүйе - шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың ойын ережесін заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді
Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру -- азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта -- теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
2.1 Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып -- дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Қазақстан -- 2030 даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады. Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иелік артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды сонан кейін деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, сол себептен "голландық ауруға" немесе семіздік ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.
Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі - Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында -- Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру. Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім - шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Келісім - шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.
Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара - бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет. Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық даму
Экономикалық цикл теориялары
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Экономикалық жүйеге құрылымды және өркениетті жолмен жету
ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері, кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Жұмыссыздық деңгейін анықтау
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
Пәндер