Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі


МАЗМҰНЫ
1. АЙМАҚТЫҚ ӨНДІРІСТІК АӨК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1. 1. Экономиканың индустриалды-инновациялық даму шарттарындағы Қазақстанның агроөндірістік кешендері
Қазіргі таңда әлемде инновациялық технологияға негізделген экономика құлашын кең жайып, «Инновациялық даму» еліміздегі ғылымды және жаңа жаңалықтармен, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру негізінде экономикалық дамуды көздеген экономикалық дамудың оң бағытымен өрбуде.
Қазақстан Республикасында 2003-2015жж. индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясының негізгі басты мақсаты тұрақты өсім шеңберінде еліміздің экономикасын шикізаттық бағыттан арылтып, сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын әртараптандыру арқылы іске асыру қолға алынды.
Ұлттық экономикамыздағы әртараптандырудағы инновациялық даму жолын таңдаудың негізгі себептері: жаһандық жаңа үрдістерден қалмау, əлемдегі өнеркəсіптің жаңа технологиялық жолмен қарышты дамуы, дүние жүзі бойынша жаһандану процесінің кең етек алуы, еліміздің Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсатының негізінде, өнеркəсіптерді бəсекелестікке дайындау және ауыл шаруашылығы саласы бойынша агроөндірістік кешендердегі өндірілген өніммен көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі отыз елдің қатарына ену мақсатына жету.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасын индустриалды - инновациялық дамыту, ел экономикасының шикiзат бағыттылығынан бас тартып, экономиканы өндірістік өңдеуге бет бұру соның ішінде АӨК-дердің заманауи инфрақұрылымын қалыптасыру, әлемдiк экономикаға ықпалдасу мүмкіндігін арттыру мақсатында өндірістерді қайта жарақтау, еліміздің аумағындағы аймақтық АӨК-дерді қалыптастыру және оларды ары қарай дамыту, аймақтық салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың даму мүмкіндіктерін қалыптастыру, өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң арттыру; iшкi нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының үлесін арттыру, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамыту; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуына жол бермеу жаңа инновациялық жетістіктердің өндіріске енгізу пайызын арттыру, ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланысты қалыптастыру; ғылыми зерттеулер мен өндірістерге енгізліетін ғылыми жаңалаықтардың технологиясына қаржыны көп бөлу, нарықтық экономика жағдайларына отандық ғылымның нашар бейiмделуi салдарларын жою, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктердерді қалыптастыру, осы негізде тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң арттыру арқылы артта қалған тиімсіз кәсіпорындардың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстанның өтпелі экономика кезеңінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандарға мал дәрігері, агроном және трактор мен комбайн жүргізетін жүргізушілерге сұраныс күрт төмендеді. Бұл мамандықтарды оқығанмен жұмыс таппайтын болғандықтан, елімізде 20 жылдың көлемінде бұл мамандықтарды игеретін адамдар болған жоқ.
Ал қазіргі таңда отандық ауылшаруашалыңын аймақ бойынша көтеру үшін, еліміздің экономикасын дамыту үшін, міндетті түрде озық ойлы, білімге құштар, жаңа ғылыми бағыттарды оқып, өндірістерге енгіуге құштар жаңа мамандар қажет. Осы себепті ауылшаруашылығы саласын дамытуға мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлауды қолға алынып, мемлекет тарапынан қаржыландыруда.
Отандық экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы бұл саланы дамытуда біршама қиындықтар туындатқаны баршаға аян, қазіргі кезде басты мақсат мемлекеттік қолдауға сүйенетін ауылшаруашалығы саласына шетелдік және отандық инвесторларды тартуды қолға алынды [1] .
2012 - 2015 жылдар аралығында қаржыландыру көлемі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңгені құрап отыр [2] .
АӨК-дерде егіншілік саласында әртараптандыруды жүргізу және егістік дақылдардың сапасын арттыру, ғылыми-негіздеме бойынша ауыспалы егісті қатаң сақтау, қазіргі заманғы технологияларға, суарудың озық әдістеріне соның ішінде суды үнемдеп жұмсау, ең алдымен, тамшылатып суару мен кең химияландыруға көшуді қолға алынды.
Экономикада кез келген ғылымды жаңа бастаманы енгізу үшін, маркетинг заңы қолдаудың ынталандыру әдістері қарастырылды.
Қазіргі заманауи технологияларды қолданушылар, өндірісті жетілдірушілер, өнімділігі жоғары асыл тұқымды малды әкелушілер мен өсірушілер, бірігушілер мен азық-түлік кластеріне қатысушылар, мамандандырылған бордақылау алаңдарына төлді жеткізушілер, малды жаңадан өсіруде жеделдетілген биотехнологиялық әдістерді қолданушылар жоғарылатылған мөлшерлемелермен субсидиялар алатын болады.
Ауыл шарушалылығы саласында инновация мен тұрақты жетілдіруге бағытталған өндірісті ынталандырудың нақты жүйесі құрылды.
Бұл өз кезегінде, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары бойынша сәйкес инвестициялық жобалардың іске асыруда.
Жобалар негізінде, қазіргі заманауи озық технологияларға негізделген, мал шаруашылығы саласында, мұндағы бар ұсақ тауарлылықты жеңуі және оның өнеркәсіптік негізге ауыстырылуы үшін өте маңызды орташа және ірі тауарлы өндірістер құрылылды.
Осындай бағдарламалар негізінде, ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымы дамиды және осы бағыттағы тереңдетіп өңдеуді қолға алу арқылы, шикізаттың экономикадан бас тартып, дайын өнімге бет бұрылды.
Ауыл шаруашылығынң өндірістік инфрақұрылым дамыту, қайта өңдеу кәсіпорындардағы технологияларды жеделдетілген қарқынмен қайта жабдықтау жұмыстарын жалғастыруды қажет етеді.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оған қызмет етуші салаларға да тәуелді. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің кеңеюімен материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізатты, көмекші материалдарды және т. б. пайдалану мөлшері жоғарылауда. Шаруашылықтардың электр қуатына, көлікке, байланыс құралдарына, өнімді сақтауға арналған қоймаларға деген сұранысы көтерілуде. Ауыл шаруашылық өндірісінің жөндеу-техникалық қызметтің, материалдық-техникалық жабдықтау ұйымдарының, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық, қызмет көрсету және басқа қызметтердің дамуына тәуелділігі байқалады. Осы орайда, ауыл шаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуға әсер ететін салалар мен өндірістердің де, өнімді тиімді қолданудың және оны тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың да дамуы бірдей маңызды. Экономикада осындай салалар мен қызметтердің жиынтығын инфрақұрылым деп атайды.
Инфрақұрылым термині латынның «infra» (асты) және «structura» (құрылым, орналасу) сөздерінен құралған.
Инфрақұрылым экономикалық және әлеуметтік ұдайы өндірісті қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету үшін қажетті салалар мен өндіріс кешені ретінде көрінеді. Инфрақұрылым қоғамның өндіргіш күштерінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді, жоғары сапалы және көп өнім алуға бағытталады.
Нарықтың жұмыс істеуі нарық механизмі анықтайтын басты элементтері арқылы жүзеге асырылады. Олардың негізгілеріне: сұраным, ұсыным, бәсеке, және баға жүйесі. Нарықтық қатынастардың дамуы нарықтық инфрақұрылымның дамуымен анықталады.
Инфрақұрылым негізгі өндірістің тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасайтын (өндірістік инфрақұрылым) және жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін (әлеуметтік инфрақұрылым) салалар, өндірістер және қызмет түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Ауыл шаруашылық инфрақұрылымының экономикалық мәні орасан зор. Инфрақұрылым салалары соңғы өнімді өздігінен өндірмей, негізгі өндіріске қызмет ете отырып, айтарлықтай деңгейде тұтас агроөнеркәсіптік қызметтегі маңызды бағыт болатын соңғы нәтижені анықтайды.
Инфрақұрылым элементтері жалпы өндіріс үрдісінде өз алдына аралық буын ретінде көрінеді.
Инфрақұрылым басты міндеттеріне мыналар жатады:
біртіндеп ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өндіріске қызмет көрсету функцияларынан босату және негізгі өндірістік қызметке күш салуға бағыттау;
өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерінің сапасын жоғарылату, сонымен қатар өндірістік өнімді сақтауға қажетті жағдайларды қалыптастыру;
ауыл шаруашылығының және жалпы агроөнеркәсіптік кешенінің экономикалық тиімділігін жоғарлату.
Инфрақұрылымды қалыптастыруға келесі факторлар әсер етеді: топырақ-климаттық жағдайлар, сумен қамтамасыз ету, жергілікті жер конфигурациясы, жол жағдайы, шаруашылықтың орналасқан жері, технологияның ерекшелігі, өндірістік объектілердің орналасуы, мамандандыру мен шоғырландыру деңгейі және т. б. Аталып өтілген факторлар инфрақұрылымның құрамын, бөлімдердің өлшемдерін, функционалды қызметтің спецификасын негіздейді.
Нарықтық қатынастар даму жағдайында сала қызметі және өндіріс инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді. Жалпы, ауыл шаруашылығының материалдық ресурстармен, техникамен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен. Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында материалдық ресурстарды өткізу бойынша әртүрлі акционерлік қоғамдар және серіктестіктер қалыптасуда.
АӨК-дердегі отандық өнім сапасын арттыру, азықтық тауарлар түрлерін әртараптандыру, Кеден одағы шеңберіндегі бәсекелестікте біздің негізгі сауда серіктестеріне тең талаптар құрылған, сондықтан еліміздің АӨК-дерінің өнімі сапалы ету өз пайдасын беретіні сөзсіз.
Олар шағын тауар өндірушілер мен өңдеушілердің кооперациясы негізіндегі шаруашылық байланыстарды күшейту арқылы өндірістің интеграциясын және мамандырылуын іске асыру, халықаралық нормалар талаптарына сәйкес азық-түліктік кластерлерді құрастыру және азық-түліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.
Көрсетілген іс-шаралардың не республикалық. не аймақтық деңгейлердегі тиімді жүзеге асырылуы еңбек өнімділігін сәйкесінше саланың индустриялануын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың екінші мақсатты шешу үшін бірқатар іс-шаралар ұсынылып, Қазақстан астық пен бидайдың жетекші экспорттаушысы, Қазақстанда өндірілген бидай әлемдік аренаға шықты.
Қазіргі таңдағы мал шаруашылығы саласындағы негізгі мақсат ет экспортын өсіру, ол үшін еліміздегі мал басын көбейту осы бағытты дамыту үшін, ҚР Үкіметі «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыруда.
Мақсатқа қол жеткізуде ет комбинаттары, бордақылау алаңдары, асыл тұқымды репродукторлар шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарын құруды несиелендіруді және қолдау шаралары арқылы іске асуда.
Қазақстанда ауыл шаруашылығында, межеленген шараларды жүзеге асыруда «Ветеринария туралы» заң, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Тұрақты азық-түлік база құруға, азықтық дақылдардың суармалы алаңдарын кеңейту және табиғи жайылымдарын қайта дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Саладағы іс-шаралардың іске асырылуы өндіріс көлемдерін ұлғайту мен ет экспорты бойынша қойылған міндетті толықтай іске асырылады.
Қазақстан Республикасының АШМ-нің алдында тұрған міндеті- ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша. үшінші міндетті шешу мақсатында, 2020 жылға дейін ауыл тұрғындарының 80 пайызын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Ақ бұлақ» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарламаның аясында 2013 жылы жалпы көрсетілген ауылдардың 75 пайызы сумен қамтылды.
Ауылды жерлерде жаңа сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы кезіндегі жүйелік тәсілдің енгізілуі, инвестициялық тартымды су шаруашылығы секторының жоғарылауы, жерасты су мүмкіндігін максималды қолдануы, елді мекендердің сумен жабдықтау жүйесін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі арқылы қол жектізілді.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698, 8 мыңнан 8141, 4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2004 жылғы 12, 8 %-дан 2014 жылдың соңында 5, 5 % төмендеді.
Еліміздегі жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 - 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді[3, 4] .
Біздің магистрлік жұмысымыздың тақырыптық зерттеулерімізге сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы аймақтық АӨК дамыту, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салалық мақта, жүзім кластерін дамытуды қолға ала отырып, аймақтық АӨК-дердің өндірістік инфрақұрылымын дамыту негіз етіп аламыз.
АӨК дерді қалыптастыру және дамытудағы өндірістік инфрақұрылымдарды қалыптастыруда менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерi қазіргі кезеңде жүзеге асырылуы тиіс.
Еліміздегі индустриялық-инновациялық дамудың саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруда, өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттiлігін арттыру және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің бәсекеге қабілеттелігі отандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Қазақстан Республикасының экономкасын индустриялық-инновациялық дамыту бағыты мынадай қағидаттармен сабақтас: өнеркәсiптi жаңғыртуға және қайта жарақтауға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге де қолдау көрсету іс-шараларын мемлекеттік деңгейді ұйымдастыру берілген қаржылардың көрстеілген мақсатқа жұмсалуын қадағалау; жеке сектормен серiктестiк, инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы, қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты, тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету, қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту, индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c. c. ) қолдау.
Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
1. 2 АӨК өндірістік инфрақұрылымы және оның классификациясы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы 2010 жылы бекітілген [5] . «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны аясында негізгі мақсат азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту. Бағдарламаның аясында орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру; АӨК-ның қазіргі инфрақұрылымын дамыту; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлемдік ғылым тренділеріне сәйкес АӨК-нің басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру; АӨК мұқтаждары үшін қажетті біліктілігі жоғары кадрларды даярлау [6] .
Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы басты бағыттар: АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан бастап 2015 жылға қарай кемінде 2 есе өсіру, яғни бір жан басына 6 000 АҚШ долларына қол жеткізу, Қазақстан экспортының жалпы көлеміндегі аграрлық саланың экспорттық әлеуетін 2015 жылға қарай 8 %-ға дейін өсіру, азы-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 %-дан астам отандық азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету, бұл дегеніміз еліміздегі ауылшаруашылығы саласы бойынша аймақтық АӨК-дерді дамыту, олардың әлеуетін арттыру, бұл саладағы қызмет жасайтын мамандардың жалақысы мен табыстарын молайтуға көзделген.
Жалпы елімізде бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қаржыландырылып, Бағдарламанының іс-шараларын жүзеге асыруға басқа да ресурстар мен бюджеттен тыс көлемдері (АӨК субъектілерінің қаражаты, қарыз қаражаты, инвестициялар мен қаржы институттарының қаражаты) негізінде қаржыландыру жоспарланып, бағдарламаны аясында республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 2010 - 2014 жылдары келесідей болды: барлығы - 1 035 963, 72 млн. теңге, оның ішінде 2010 жылы - 228 265, 70 млн. теңге, 2011 жылы - 220 313, 46 млн. теңге, 2012 жылы - 188 289, 24 млн. теңге, 2013 жылы - 181 742, 54 млн. теңге, 2014 жылы - 212 352, 78 млн. теңге.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары: барлығы - 243 892, 0 млн. теңге, оның ішінде 2010 жылы - 4 134, 50 млн. теңге, 2011 жылы - 50 114, 20 млн. теңге, 2012 жылы - 56 517, 70 млн. теңге, 2013 жылы - 62 438, 40 млн. теңге, 2014 жылы - 70 687, 20 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасында АӨК-де егенменділіктің алғашқы сәттерінен бастап, отанымыздың бүкіл экономикасында тұтастай елеулі құрылымдық өзгерістер болды.
Нарықтық экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті, себебі бұрынғы аграрлық сектордың даму деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеді, орталықтаныдырылған экономика, өтпелі нарыққа, яғни көп түрлі меншік негізінде іске аса бастады.
Қазіргі уақытта, еліміздің АӨК-де әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы олардың технологиялық тұрғылан қайта жарақтау мәселесін алға тартады, бұл өз кезегінде салаға салынатын қаржының қомақтылығын арттырады, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейін, қазіргі заманауи өндірістік инфрақұрылымды қалыптасыруда талап етеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т. б. саланың өз деңгейінде біз қалағанымыздай дамуына кедергі келтіруде.
Осыған орай үлкен және жауапты міндеттер алда тұр - экономиканың аграрлыҚ секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен бірігу жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады.
Осы міндеттерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасында АӨК-ді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама болды [7] .
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын [3] .
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып, аймақтық АӨК-дердің өндірістік инфраұрылымын қалыптастыруда, ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыту, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндтері мол.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы табыстары мен жеткен нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне байланысты емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларына тікелей байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz