Спид


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: СПИД
ЖОСПАР:
- КІРІСПЕ
- СПИД - КЕҢ ТАРАЛҒАН ДЕРТ
- СПИД ҚОЗДЫРҒЫШЫ
- СПИД-тi ҚОЗДЫРАТЫН ВИРУСТЫҢ
ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ
- СПИД АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
- СПИД-тiң АЛДЫН АЛУ және ЕМДЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХІ ғасыр обасы аталған СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита - иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда. Қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түпкір-түпкірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда.
СПИД - КЕҢ ТАРАЛҒАН ДЕРТ
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өкілінің 1989 жылғы 5 январьдағы хабарында жер жүзінде 1988 жылдың 31 желтоқсанына дейін СПИД ауруы 142 елде тіркелгені айтылған. Оларда 132976 ауру болды. Ал, тоғыз айдан кейін, 1989 жылдың 4 октябрінде бұл сырқат жер шарының 152 мемлекетінде табылып, оларда ауру саны 177965-ке жетті. Дәл қазір бұл аурудың эпидемиядан (жұқпалы аурудың бір құрлық ішінде тарауы) пандемияға (жұқпалы) аурудың жер шарындағы барлық құрлықтарға тарауы) айналғанын барша жұрт біледі.
СПИД ауруының эпидемиясын зерттеуде басты көңіл аударатын нәрсе - СПИД ауруын жұқтырғандар немесе оның вирусын тасымалдаушылар саны. Себебi, Дүниежүзілiк Денсаулық сақтау ұйымының белгілі маманы Джонатан Манның ойынша дәл қазiр жер жүзiнде СПИД вирусымен зақымдалғандар саны 5-10 миллионға жеттi. Таяудағы 5 жыл iшiнде осылардың 10-30 процентi ауырады. Басқаша айтқанда бұл жаңадан 500 мыңнан З миллионға дейiн ауру косылады деген сөз.
Келтiрiлген мәлiметтер СПИД-пен ауырғандардың шын санын ешкiм анық бiлмейтiнiн көрсетедi. Сондықтан да болар, көптеген ғалымдар алға койған медициналық, әлеуметтiк және экономикалық проблемаларға орай СПИД пандемиясын тек ядролық апатпен салыстырады.
Кейбiр жыныстық жұқпалы аурулар да әдепсіз жыныстық өмiрдің белгiсі. Сондықтан СПИД ауруына жол бермеу үшін жыныстық жұқпалы аурулармен тек таяуда ғана ауырғандарды ғана емес, бұрын ауырғандарды да тексеру қажет. Себебi, олар жыныстық жұқпалы аурулардан айыққанымен, СПИД ауруының алғашқы жасырын кезеңiнде болуы мумкiн. Олардың сексуальдық әрiптестерiн де анықтап, тексеруден өткізу керек.
Жезөкшелелер, нашақорлар және гомосексуалистер жыныстық жұқпалы аурулармен ауырмаса да «қатерлi топқа» жататынын жоғарыда атап өттiк. Дегенмен, оларды табу және тексеруден өткiзу оңай жұмыс емес.
СПИД дертiмен ауыратын жас балалар мен сәбилер жайына да тоқтала өту қажет.
СПИД ҚОЗДЫРҒЫШЫ
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетiспеушiлiктi туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал, 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерiн жан-жақты тексерiп жариялады.
Адам организміне енген ол қанның лимфоцит клеткаларының iшіне кiрiп, клетканың, генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерiнен клетка жарылып өледi. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабысып, өткен процестi қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруi салдарынан күндердiң-күнiнде организмде иммунитет жетiспеушiлiк пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейiн созылуы мүмкiн. Айрықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезiнде адам өзiн аурумын деп есептемейдi, Бiрақ, ол өзiмен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретiнде СПИД-тi тарата бередi.
СПИД вирусы химиялық немесе физикалық әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледi. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегi медициналық тәжiрибеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т. б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп-оңай жоқ қылады. Жарақаттанбаған адам терiсiне түскен вирус осындағы қорғаныш ферменттерiнiң немесе басқа да бактериялардың әсерiнен тез уақытта өледі.
Өкiнiшке орай, СПИД вирусын өлтiретiн дәрiлiк заттар адам клеткаларына да зияндығын тигізеді. СПИД ауруын емдейтiн тиiмдi дәрiлер жасаудың бір қиындығы осыған байланысты.
1985-1986 жылдары СПИД вирусына (ВИЧ-1) ұқсас төртiншi типтi маймыл ретровирусы мен ВИЧ-2 (ВИЧ-1-ден кейбiр генетикалық белгiлерi өзгешелеу вирус) вирустары табылды. Бұл екi вирустың адам үшін эпидемиологиялық маңызы онша жоғары емес деп саналады.
Соңғы кезде Сан-Францискодағы (АҚШ) Калифорния университетi ғалымдары СПИД-тiң ВИЧ-1 және ВИЧ-2 вирустарын бір адамнан табуға болады деген жаңалық ашты. Ассошиэйтед пресс агентiнiң хабары бойынша, Африканың батысында орналасқан Кот д Ивуар мемлекетiнiң 37 жастағы бiр әйелiнен СПИД-тiң екi вирусы бiрдей табылған.
СПИД-тiң ВИЧ-1 вирусынан АҚШ-та мың адам қаза болды. Ал, СПИД-тiң ВИЧ-2 вирусымен ауырғандар Батыс Африка мен Европаның кейбiр мемлекеттерiнде кездеседi.
СПИД-тiң бiр ауру ғана күрес жүргiзу, оған профилактика шаралар ұйымдастыру өте қиын. Бүгiнде, адамзат баласының СПИД-тiң екi бiрдей вирусымен ауруы СПИД-ке қарсы күрестi одан әрi қиындата түседi.
СПИД-тi ҚОЗДЫРАТЫН ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ
СПИД вирусы үшiн адам организмiнiң iшкі ортасы қажет. Ол хайуанаттардың организмiнде өмiр сүре алмайды. Онын өсiп-өнуiне, кебеюiне тек адам клеткасы мүмкiндік бередi. Сондықтан да СПИД адамға жан-жануарлардан жұқпайды. СПИД ауруын тарататын тек адам ғана.
СПИД ауруын таратуда маңызы жағынан екінші орын алатын жол - вирустың ластанған шприц және оның инесі арқылы жетуі. Бұл қан құйғанда немесе нашақорлардың бір ғана лас шприцті пайдалануынан жиі болады. АҚШ-та СПИД-пен ауырғандардың - 17, Батыс Германияда - 6, Италияда 40 проценті нашақорлар үлесіне тиеді.
Бүгiнде көпшілік арасында бiрнеше адамға дәрi салғанда тек инесiн ғана ауыстырып, бір шприцтi пайдалануға болады деген жаңсақ пiкiр бар. Бұл әрине, дұрыс емес. Себебi, тамырға дәрi жiбергенде шприцке қанның көзге көрiнбейтiн майда тамшылары қайта сорылады. Яғни, иненi терi астына немесе бұлшық етке салғаннан гөрi қан тамыры салу едәуiр қауiптi екенін ескерген жөн. Себебі, қанға жұқпалы ауру бірден түседі.
Бүгiнде жыныстық өмiрде әдепсiздiкке жол бермейтiн, наркотиктерге жуымайтын адамдарды СПИД ауруына душар ететiн басқа да жол бар ма? деген заңды сұрақ ойландырады.
Осындай қауiпке негiз жоқ деп айту қиын. Бiрақ ұзақ уақыт жүргiзiлген бақылаулар нәтижесінде бiр семьяда вирус тасымалдаушымен бiрге тұру, ыдыс-аяқты бiрге пайдалану, бір дәретханаға бару, ортақ киiмдердi кию, монша заттарын ортақ ұстау, сүйiсу, тiптi бiр төсекте жату да кауыпты емес. Яғни, ауру тек қана жыныстық қатынасқа түскенде ғана жұғады. Сол сияқты мыңдаған СПИД ауруларымен жұмыс iстейтiн медицина кызметкерлерi өз жұмысына жауапкершiлiкпен қарауы тиiс. Мысалы, үш медицина қызметкерiнiң СПИД-пен ауырғаны жайлы мәлiмет бар. Оларды ауыру себептерi тексере келгенде, жыныстық қатынас екені анықталды. Әрине, СПИД ауруларымен жұмыс iстейтiн хирургтарға, тiс дәрiгерлерiне, лаборанттарға, медсестраларға және өз жұмысына жауапсыздықпен қараған басқа да мамандарға қолдарында немесе басқа мүшелерінде кездесетiн жарақаттар арқылы жұғуы мүмкiн. Егер осындай жарақатқа вирус түссе, адам ауруға шалдығады. Сондықтан қолға киетiн тағы да басқа сақтық шараларды ұмытпау керек.
Ауыздағы сiлекейден, көздiң жасынан СПИД вирусы табылыпты деген хабар да бiраз жұртшылықты дүрлiктiрді. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, ауру жұғу үшiн вирус қанға тусуi керек. Мысалы, СПИД-пен ауырған, психикасы бұзылған бiр адам медицинг қызметкерлерiн тiстеген. Бірақ олардың ешқайсысына ауру жұққан жоқ. Яғни, көз жасы мен сiлекейдiң СПИД таратуда ешқандай роль атқармайтыны белгiлi болды.
Маникюр жасау, ауру адаммен моншаға түсу, бассейнде шомылу немесе ауруханада бір палатада жату да ешқандай зиянсыз. Әрине, ол аурумен жыныстық қатынаста болмаса немесе екеуіне бір шприцпен дәрі салынбаса ауру жұғуы мүмкiн емес.
Сол сияқты СПИД вирусы адамды шағатын маса, бүрге, кандала, бит тәрiздi жәндiктер арқылы жұғады деген де терiс пiкiр. Егер бұл жәндіктер арқылы тарау мүмкін болса, СПИД ауруымен тек «қауыпты топқа» жататындар ғана емес өмір бойы әдепті, салауатты өмір сүретіндер, оның ішінде жас балалар көп ауруы тиіс еді. Алайда, осы жәндіктер өте көп Африкада да СПИД-тің осындай жолмен тарауы негізсіз екенін өмірдің өзі көрсетті.
СПИД вирусы тек екі жолмен - жыныстық қатынас және қан арқылы тарайды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижесімен және күнделікті жұмыс тәжірибесімен дәлелденген.
СПИД АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
СПИД - жұқпалы ауру. 1981 жылы АҚШ-та Сан-Франциско қаласында гомосексуалистер арасында сирек кездесетін өкпе қабынуы науқасымен және Капоши саркомасы жиі тіркеле бастады. Осы аурудың әр түрлi емдiк шаралардан тез жазыла қоймайтыны, қатерлi екенi анықталды. Мысалы, өкпе қабынуы төменгi сатыдағы жай организм (пневмоциста) көмегiмен қоздырылып, тез асқынады. Әдетте бұл ауру онша қатерлi емес, тез жазылатын. Ал, оның жаңа түрі созылмалы, әрi адам өмiрiне қатерлi екені белгiлi болды. Капоши саркомасы - сирек кездесетiн қатерлі ісiк (рак) . Әдетте ол адамдардың табандарында және басқа терiлерiнде бөртпе түрiнде пайда болып ұзақ‚ уақыт жүредi. Жаңадан тiркеле бастаған Капоши саркомасы жұмыс жасындағы жас азаматтарда да кездседi. Ол өте кауыпты, тез арада басқа мүшелерге ауысады (метастаз)
және оның аяғы қазаға әкелiп соғады. Осы ауру кезінде адамдардың иммуналық жағдайында едәуiр өзгешеліктердің кездесетiні, яғни, клеткалык иммунитеттің өте төмендеп кететiні белгілі болды.
Аз уақыт iшінде осындай ауру АҚШ-тың Нью-Йорк, Лос-Анджелес және т. б. қалаларында, Батыс Европада, Африкада, Латын Америкасында, Австралияда табыла бастады. Дүниежүзiлік Денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруға шалдыққандарды тiркеп, олар жайында арнаулы эпидемиологиялық бюллетеньдер шығара бастады.
СПИД вирусы адамның иммуналық системасын, әсiресе, қанның Т-лимфоцит, Т-хелпер және макрофагтар аталатын клеткаларын, нерв жүйесiнiң нейроглия клеткаларын зақымдайды.
Біз күнi-бүгінге дейiн аурудың жасырын кезеңiнiң нақты қанша уақытқа созылатынын бiлмеймiз. Бақылауларға қарағанда, бұл кезең бiрнеше жылдарға созылуы мумкiн. Тiптi, 3-4 айдан 5-6 жылға, одан да көп уақытқа созылады екені.
Яғни, СПИД вирусының басты объектiсі-адамның иммуналық системасы. Аурудың иммунитет жетiспеушiлiк синдромы аталуы да осыған байланысты. Организмге СПИД вирусы түскеннен кейін, бактерияларға, вирустарға, қатерлi iсіктерге организмнiң қарсы тұру күшi әлсiрей бередi. Ауру адам мұны сезбеуi мүмкiн. Аурудың соңғы сатыларында Қан түгелдей вируспен зақымдалғанда пневмонияның қатаң түрi дами бастайды. Кейде онкологиялық аурулар да қатарласып жүреді.
СПИД вирусымен зақымдалған әрбiр 100 адамның отызға жуығы аурудың асқынған түрiне, қырыққа таяуы жеңіл түрiне душар болады. Ал, қалғандары ұзак жылдар бойы, мүмкiн бар тiршiлiгiнде вирус тасымалдаушысы болып қалады. Әрине, вируспен зақымдалған кейбiреулер тiптi ауырмауы да мүмкiн немесе аяқ астынн қаза болуы да ғажап емес.
СПИД ауруының белгiлерi өте көп және әр түрлi. Иммунитеттің жетiспеушiлiгi ешқандай белгiлермен бiлiнбейтiнiн жоғарыда атап өттiк. Соңғы кездердегi зерттеулерге карағанда, аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi вирус зақымдалғаннан кейiн бiрнеше апта ішiнде-ақ бiлiне бастайды. Яғни, жалпы шаршампаздық, терлегiштiк және бездердiң, әсiресе, мойындағы, қолтықтағы бездердiң iсiнуi. Сонан соң бұларға жиi-жиi iш өту, арықтау, терiге немесе шырышты сiлекей қабықтарына iрiңдi бөртпелердiң шығуы және өкпе қабынуы қосылады.
Күннен-күнге иммунитет жетiспеушiлiгi салдарынан ауру қоздыруға мүмкiншiлiк алған әр түрлi бактериялардың, вирустардың әсерiнен науқастың дене қызуы көтерiлiп, бездердiң iсiнiп-тесiлуi, өкпе қабынуы, тиылмайтын қанды iш өту және Капоши саркомасы сияқты қатерлi iсiктер пайда болып, нерв жүйесiнiң арқалай зақымдануы сияқты белгiлер орын алады.
Осылармен қатар, СПИД-пен ауырғандардың жұмыс iстеу кабiлеті төмендеп, ауыздың iшкi шырышты сiлекей қабығында дақ пайда болады. Нерв жүйесінiң зақымдануынан ауруларда ұмытшақтық, қозғалу немесе жүру үйлестiгiнiң бұзылуы, интеллектiң төмендеуi, аяқ-қолдың жұмыс iстемей қалуы, т. б. аурулар пайда болады.
СПИД ауруымен әр уақытта қосарлана жүрiп, терiде пайда болатын қатерлi iсiк - Капоши саркомасы. Ол аурудың басынан, жыныстық мүшелерiнен, кеудесiнен, ішкі органдарынан және ауыздың iшкi шырышты сiлекей қабығынан табылады. Европалықтарда бұл iсiктiң түйiндерi әдетте қарақаттың немесе шиенiң түсiндей қызыл-қоңыр болып келедi. Формасы әр түрлi және терiден жоғары көтерiлiп тұрады.
СПИД ауруы адамдарда бұғып жатқан туберкулез ауруын қоздыруға, мида қатерлi iсіктiң өсуiне, қанның әр түрлі микробтармен зақымдалуына себеп болады.
СПИД-тiң АЛДЫН АЛУ және ЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
СПИД - адамзат өмiрiне өте қатерлі ауру. Сондықтан оның таралуын тоқтата алатындай тиянақты қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру - басты мiндет. Тек осыдан кейін ғана СПИД-ке қарсы шабуылға шығуға және оны жоюға болады. Өкінішке орай, адамзат тарихында жойылған бір ғана жұқпалы ауру бар. Ол- шешек (қорасан) .
СПИД- тен қорғану үшiн бiрiншіден, әлеуметтiк, мемлекеттік және халықаралық шаралар ұйымдастыру қажет; екiншiден, жеке адамды қорғауға бағытталған шаралар жүргiзiлуi тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz