Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер


№14 Дәріс

Тақырыбы: Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер

  1. Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер
  2. Бөлме өсімдіктері.

Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер

Тропиктік ормандар мен шалшықтарда өсетін: бегоння, бальзамин, фикус, традесканция, шөл даланың төзімді өсімдіктері: амараллис, кливия, кринум, алоэ, филлокактус, хлорофитиум; кейбір субтропиктік өсімдіктер: герань, аспидистра - тірі табиғат мүйісіне жақсы бейімделіп кетеді. Бөлмеде өсетің бұл өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімдік және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері аркылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып-күту, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы енбекке дағдыланады.

Жоғарыда аталған өсімдіктер объектілерді бейнелейтін дидактикалық ойындар үшін де пайдаланылады.

Сәбилер мен естиярлар топтарының табиғат мүйісі үшін күрделі күтімді керек етпейтін, гүлдейтін (аймақтық герань, үнемі гүлдеп тұратын бегония), жапырақтары қалқандай әрі балалардың жуып алуына ыңғайлы (фикус, аспидистра) және салыстыру үшін жапырақтары кішкентай (лигуструм, традесканция) өсімдіктерді алу керек. Ересектер топтарында балалар формасы әр түрлі сабақтармен, жапырақтармен, гүлдермен танысады, өсімдіктердін өсуіндегі өзгерістерді бақылайды. Ересек топтардың табиғат мүйістеріндегі өсімдіктер мынадай, яғни салыстырған кезде балалар олардың тек айырмашылықтарын ғана емес, сонымен бірге ұксас белгілерін де (аймақтык геранъ, хош иісті герань) ажырата алатын болуы керек, сол сияқты аса күрделі күтімді талап ететін (пияз текті өсімдіктер, рекс бегониясы, узамбар фиалкасы) және онай бұтақтанатын (фуксия, традесканция, колеус және басқа) өсімдіктер болуы керек.

Кливня (амариллис тұкымдастар ) . Отаны-субтропиктер. Өсімдіктің айыл сияқты ұзын, әдемі иілген жапырақтары болады; ақпан-сәуірде, кейде екінші рет маусымда гүлдейді. Гүлдеген кезінде жарыққа койып, жиірек суару керек.

Кринум (амариллис тұкымдас) . Отаны - Африканың шөлдері: жалпақ, ұзын, шеттері ирек-ирек, салбырап тұратын жапырактары бар баданалы өсімдік; күзде және кыстын басында гүлдейді, гүлдері биік стрелканың ұшы сияқты үлкен аппак немесе солғын қызыл. Күтіп-баптауы амариллиспен бірдей.

Лигуструм немесе қына ағаш (майшетен тұқымдас) . Отаны - субтропиктер. Кішкене сопақша жапырақтары бар бұта, жапырактарының айналасы ақпен көмкерілген; ұсак ақ гүлдер шығады. Күй талғамайтын, көлеңкеге төзімді өсімдік. Өсімдіктің бұтактарын кесіп, кез келген түр (шарлар, пирамидалар) беруге болады.

Традесканция (коммелина тұқымдастар) . Отаны - Американъщ тропиктік ормандары. Салбырап тұратын ұзын сабақтары бар және ланцет тәрізді жасыл жапырақтары ашық-жарықта солгынданып тұратын өсімдік. Көктемнен күзге дейін қалемшелсріиен өсіп-өнеді, сынған сабақтары оңай тамырланады.

Традесканцияның жапырактары зебр түстес күмістей аппак, коңыр немесе күлгін жолақтары бар, жапырақтарының жарықтары ашыктау түсі көлеңкеде жасылданып тұрады. Аквариумдар мен террариумдарда жақсы еседі. Суға түсірілген тармактарында тамыр пайда болады, сабағының бір түбірін бір-екі жапырағымен кесіп алып, аквариумның түбіне отырғызуға болады.

Узамбарлык немесе африкалық қоғажай (геснери тұкымдас) . Отаны - Африканың Узамбар таулары. Узамбар қогажайы - онша үлкен емес, дөңгелек жапырақтарынан түсетін көптеген жасыл сүр жалпак жертағаны бар әдемі өсімдік. Жыл бойы дерлік ағыл-тегіл гүл береді. Гүлдері онша үлкен емес, шоқталран формасы мен түсі кәдімгі коғажайға ұқсас. Ақшыл көк түсті, сия көк және қызғылт гүлдері бар өсімдіктер кездеседі.

Узамбар коғажайы жарыкты сүйеді, бірақ тура күннің көзін, өтпелі желді ұнатпайды. Бұл өсімдікті топырақ түйірі үнемі дымқыл болуы үшін тұғырыктын, үстінен суарған жақсы. Қоғажайды жыл санын көктемде қайта отырғызады, жылдың кез келген уақытында суға немесе тура топыракка отырғызылған жапырақтармеи көбейтіп отырады. Және жапырағы көрінісімен калемшесін горшокқа кайта отырғызады; жас өсімдік сағағы көрінгеннен кейін 10 айдан соң гүлдейді. Отырғызылған өсімдікті алғашқы уақытта жиі-жиі суарып отыру керек.

Фикус (тұт тұқымдастар) . Отаны - Шығ ысҮндістанның капырық жерлері. Қабыршақты, ірі жапырақты өсімдік, жылдам өседі, жарықты көп тілемейді, жарықта шишаға, суға салып койғанда тамыры оңай шығатын жогарғы кесінділерінен көбейеді. Жаңа жапырақтарының пайда болуы мен өсуін бақылауға қызық өсімдік.

Филлокактус немесе жапырак сабақты кактус (кактус тұ-қымдастар) . Отаны - Орталық Американың ормандары. Жалпақ жасыл сабактарының шеттері кесілген жапырақшаларға ұқсайды. Көктемде немесе жазда олардың ұштарында әдемі ірі гүл пайда болады, ол екі күннен бес күнге дейін тұрады. Кесінділері оңай көбейеді.

(Филлокактусты қазіргі кезде эпифиллюм деп атайды) .

Фуксия (күрең от тұқымдастар) . Отаны - Оңтүстік Америка. Жапырақтары карама-қарсы, тарамыстай ширатылған. Көктемнен бастап күзге дейін реңі әр түрлі әдемі гүлдері төмен қарай иіліп, барынша гүлденді. Қалемшелерінен көбейіп, тез еседі. Жаксылап жарықтандырранды, суды себелеп әрі молырақ құйранды каліет ететін өсімдік.

Хлорофитум (көк өсімдік, лалагүл тұқымдас) . Отаны - Оңтүстік Африка. Жапырақтары ұзын, жіңішке, шоқ-шоқ болып өседі; кейде жұқалау және ұзын гүл сабақтарында жүлдызша тәрізді кішкене ак гүлдер шығады.

Цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) (рит тұқымдас) . Отаны - Азия. Шыбықтары мен тұкымдарынан жаксы өседі. Жапырақтары әдемі, қалың, хош иісті.

Өсімдіктерді гүлбақшадан бөлмеге әкелу. Күзде табиғат мүйісі гүлбақшадан қазып алынған өсімдіктермен толыктырған жақсы. Горшоктарына кайта отырғызылған өсімдіктер бөлмеде ұзақ уақыт гүлдеп тұрады. Гүлбакшада калған өсімдіктерді үйде өскен өсімдіктермен салыстыру - ересектер тобындағы балалардың жылылық пен суықтың өсімдіктер тіршілігіне тигізер әсерін бақьлап білуіне көмектеседі. Бөлмеге әкелуге белгіленген өсімдіктерді онда пайда болған кауызын алып тастау арқылы жазда гүлдеуге дейін жеткізбей кояды.

Астралар егер олардың тамыр жүйесі бұзылмаса, клумбадан (гүлдер егілген үйме топырак) горшоктарға қайтадан оңай отырғызуға болады.

Бұта хризантемаларды (ромашкаларды) қыста гүлдендіру үшін маусым айында шыбықтандырады.

Xош иісті темекіні қыста бөлмеде гүлдендіру үшін шілдеде себеді.

Бөлмеде ұстау үшін өсірілетін левкойды (түрлі-түсті гүлді өсімдік) клумбаларда, горшоктарда өсіреді.

Бөлмеде сондай-ақ лобелияны, үкікөзді, калампырды ұстауға болады.

Ағаштар мен бұталардың бұтақтарын бөлмеге әкеліп қою. Жапырактары түскеннен кейін 3-4 айдан соң ағаштар мен бұталарды» ұзындығы бір метрдей бұтактарын кесіп алып, суға салған кезде бұтақтар қайтадан тіріледі; бүршіктері ісінеді, жапырақтары, ал кейбірінің гүлдер мен тұқымдары пайда болады. Қесілген талдын, ырғайдың, қайыңнын, теректің, орман жанғағының, мойылдың және жеміс ағаштарының жапырақтары мен гүлдерін қыста алу үшін, оларды суға салып қою керек.

Кейбір өсімдіктердің (қызыл талдың, теректің қаракаттың) бұтақтарында тамырлар пайда болады. Мұндай бұтактарды балалар бакшасындағы жер учаскесіне отырғызуға болады.

Өсімдіктер үшін топырақ дайындау. Бөлме өсімдіктерін егу мені отырғызуға арналған топырақты күзде дайындайды. Өсімдіктер үшін кара қоймалжыңданған қарашірік көң меторф батпағының биік орындарынан алынған торфтық топырақ ең құнарлы заттар болып табылады. Ең жақсысы - жапырақ топырағы, оны ағаштың түскен жапырақтарының 4-5 см төменгі кабатынан алу керек. Шым топырақ көп қолданылады. Оны шөп жағымен бір біріне беттестіріп қойған, қалыңдығы 5-6 см шым бөліктерінен әзірлейді, ал бір жылдан соң 1-2 см түйіршіктерге күрекпен бөлгіштейді.

Горшокқа тығыздап салу үшін әдетте топырақтың әр түрлі қосындылары қолданылады. Қосындының құрамы өсімдіктердің түрлеріне байланысты.

Алайда аталған бөлме өесімдіктерінің көбісі шамалы кұм араластырылган әдеттегі бақша топырағында жаксы өседі.

Өсімдіктерді көшіріп отырғы зу. Өсімдіктерді көктемде көшіріп отырғызған жаксы. Өсімдіктерді көшіріп отырғызбастан бұрын топыракка су түгел сіңуі ушін жаксылап суарған жөн. Содан кейін горшокты оң қолға алады да өсімдіктің сабағын сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарының арасымен төмен түсіреді (9-сурет), горшокты аударып, ептеп столдың шетіне қояды. Топырақ түйірі әдетте оңай шығады.

Горшоктан өсімдікті шығарып алып, оның тамырын тексереді. Егер тамыры онша көп болмаса және олар топырақка шырматылып жатпаса, онда өсімдікті сол горшокқа кайха отырғызады. Егер топырақ түйірі тамьгрлармен тым шырматылып жатқанымен дұрыс болса, онда бул өсімдікті үлкенірек

горшокка отырғызуға болады (келемі бұрынғы горшок, оған тығызырақ сыйып тұратындай горшок алынады) . Горшоктардың жаңа болғаны жақсы. Ескісін алуға да болады, бірак жылы сумен жақсылап жуылған және кыздырылған болуы керек.

Тамырларды ескі топырақтан босату үшін кесек түйіршіктерді үшкір шыбықпен ептеп копсытады. Егер шіріп кеткен болса, ескі топыракты түгелдей жуады да, тамырдың бүлінген бөлігін өткір пышақпен кесіп тастайды (кесілген жерге кәмір ұнтағын сеуіп кояды) .

Егер күзде немесе кыста горшок сынып калса, онда өсімдікті көз шіріп отырғызуға болмайды. Сынған горшокты көктемге дейін басқа горшоктың ішіне салып, екі горшоктың бос арасына кұм сеуіп қою.

Өсімдіктерді суару . Өсімдіктер қысқы тыныштықтан сон, (өсуіне қарай) күн ара әбден суаруды кажет етеді. Егер су астына өтіп, туғырықты ылғалдандырып жіберсе, оның мол құйылғаны болып есептеледі, Өсуінің аяқталуымен (күзде) суды сирек куяды. Суды көп кұйса, топырақ иістеніп, тамыры шіріп, өсімдік еліп калуы мүмкін.

Құрғак, лшлы орында тұрған өсімдіктерді салқын, ылғалды жердегіден гөрі жиірек, бұлтты және салкын күндері ашық күндегіден азырақ суару керек. Кішкене горшоктағы өсімдікті үлкен горшоктдғыдан гөрі жиірек суарады, ал гүлдегендері гүлдемей тұрғандарға қарағанда жиі суарылады. Баданалы өсімдіктердің жуашығына су тимеуі үшін ыдыстың суын ғана құяды, өсімдіктердің жапырақтары түсіп, жым-жырт тұрған кезінде суарудың кажеті жоқ.

Көктемде және жазда кешкісін, ал күз бен кыста ертеңгісін суарған жөн. Өсімдіктерді өте ыстыкта ертенгісін және кешкісін суару керек, Бөлменің температурасындай өзен, жанбыр немесе құбыр суымен суаруға болады. Бұл ретте қайнаған суды пайдалануға болмайды. Тропиктік өсімдіктерді жылырақ сумен (20-25 С) суаради. Суарранда су құйрыштың тұмсыры горшоктың ернеуіне тиіп тұруы тиіс,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
Қыста қардан тазартуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz