Математикадан оқушылардың өзіндік жұмыстары мен сынаптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістері



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І.Математикадан оқушылардың өзіндік жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру әдістері ... ... ...7
1.2. Оқушылардың өзіндік іс әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІ.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті..18
2.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның бағыттары..22
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ..23
2.3 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.4 Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері ... ... ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы үшін елдің ертеңі жарқын, болашағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты болуы үшін әрине еліміздің дамуының басқа бағыттарымен қатар білім саласы да ерекше маңыздылыққа ие болуы қажет. Білім берудің бүгінгі күнгі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Бүгінге оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін оның салдарынан әріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен де өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, яғни мектеп оқушыларының пәнге деген көзқарасын әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен өзрету қажет секілді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастырудың маңызы зор. Мектеп бағдарламасынан ауытқи алмайтын пән мұғалімі үшін 45 минут ішінде балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын қарау секілді шараларды қамтумен бірге баланың бойындағы жеке қабілетті ескере жұмыс жасау қиындық туғызады. Сондықтан да бұл мүмкіндікті пәннен өткізілетін сыныптан тыс арқылы қолдануға болады. Оқушылардың басым бөлігінің математика пәніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болмақ. өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралар оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын жандандырады. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс. Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне — үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. ма-тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі — үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Абілқасымова А.Е., Көбесов А.К. Математиканы оқытудың
теориясы мен әдістемесі. -А, 1998.
2. Абілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен
әдістемесі. -А, 2004
3. Бидосов Б.Е. Математиканы оқытудың әдістемесі. -А, 1995.
4. Бенерджи Р.Б. Теория решения задач. Подход к созданию
искусственного интеллекта. –М., Мир. 1982.
5. Василевский А.Б. Обучение решению задач. –М.,Выш.шк.., 1989.
6. Вопросы преподавания алгебры и начал анализа в средней школе.
Сб. ст. / Сост. Е.Г. Глаголева, и др. –М.,1981
7. Внеклассная работа по математике в IV-V классах / А.С. Чесноков
идр. Под.ред. С.И.Шварцбурда. –М 1981.
8. Выбор методов обучения в средней школе. Под ред. Ю.К.
Бабанского. –М., 1981.
9. Глейзер Г.И. История математики в школе. 4-6 классы. Пособие
для учителей. –М., Просвещение. 1981.
10. Глейзер Г.И. История математики в школе. 7-8 классы. Пособие
для учителей. –М., Просвещение. 1982.
11. Глейзер Г.И. История математики в школе. 9-10 классы. Пособие
для учителей. –М., Просвещение. 1983.
12. Гнеденко Б.В. Формирование мировозрения учащихся в процессе
обучения математике. –М., Просвещение. 1983.
13. Гусев В.А. и др. Внеклассная работа по математике в 6 -8 классах. –
М., Просвещение. 1977.
14. Гусев В.А. и др. Практикум по решению задач. Геометрия. –М.,
Просвещение. 1985.
15. Галицкий М.Л. и др. Углубленное изучение курса алгебры и
математического анализа. Методические рекомендации и
дидактические материалы. Пособие для учителя. –М., 1987.
16. Дорофеев Г.В. Язык преподавания математики и математический
язык. Современные проблемы методики преподавания математики.
–М., 1985.
17. Есмұқан М.Е. Математиканы мектепте ақпарлық технологиямен
оқыту, Көкшетау, 2002 ж. 327б
18. Епишева О.Е., Крупич В.И. Учить школьников учиться математике:
Формирование приемов учебной деятельности: Книга для учит. –
М., 1990.
19. Жәутіков О. А. Математиканың даму тарихы. –А., 1967. -331б.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І.Математикадан оқушылардың өзіндік жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
1.1. Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру әдістері ... ... ...7
1.2. Оқушылардың өзіндік іс әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
ІІ.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті..18
2.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның бағыттары..22
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ..23
2.3 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.4 Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері ... ... ... ... ... .37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы үшін елдің ертеңі жарқын, болашағымыз кемелді, ұрпағымыз сауатты болуы үшін әрине еліміздің дамуының басқа бағыттарымен қатар білім саласы да ерекше маңыздылыққа ие болуы қажет. Білім берудің бүгінгі күнгі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Бүгінге оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін оның салдарынан әріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен де өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, яғни мектеп оқушыларының пәнге деген көзқарасын әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен өзрету қажет секілді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралар ұйымдастырудың маңызы зор. Мектеп бағдарламасынан ауытқи алмайтын пән мұғалімі үшін 45 минут ішінде балаларға жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын қарау секілді шараларды қамтумен бірге баланың бойындағы жеке қабілетті ескере жұмыс жасау қиындық туғызады. Сондықтан да бұл мүмкіндікті пәннен өткізілетін сыныптан тыс арқылы қолдануға болады. Оқушылардың басым бөлігінің математика пәніне қызығушылығының артуы ең алдымен үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты болмақ. өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралар оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын жандандырады. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс. Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне -- үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. ма - тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді. Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі -- үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін. Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралардың қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.
Өзіндік жұмыстар мен сыныптан тыс шаралар оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстары мен өзіндік жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс. Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне -- үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. ма - тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді

І.Математикадан оқушылардың өзіндік жұмыстары

Математикадан өздігінен орындалатын жұмыстар деп берілетін тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен не оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарын айтамыз. Бұл туралы айтқанда оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұлардың біріншісі - оқушылардың танымдық қызметіндегі іскерлікті, дербестікті дамыту және одан әрі өрістету, оларды білімді өздігінен орындауға, иг еруге, дүниеге көзқарасын қалыптастыруға үйрету. Екіншісі - оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өздігіне атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін қалыпқа келтіруге бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздестіру көзделген. Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайын
жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралымен, анықтама әдебиетпен, есептер жинағымен жұмыс, әр түрлі үлестірмелі материалмен, жолдастарының жауабын толықтыру, талдау, математикалық конференцияарда жасалған баяндамаларға немесе әр түрлі танымдық мәні бар хабарларға пікір айту, жеке және топтық тапсырмаларды орындау. Рефераттар жазу, көрнекі құралдар жасау, өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстың әр түрін және олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлайды. Математикадан өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың мазмұны терең, практикалық қолдануы анық зерттеу сипатында болғаны орынды. Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды біртіндеп күрделендіру, олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалды, үлестірмелі карточкалар т.б. оқу құралдары жинастырылып, бір жүйеге келуі керек және оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны бөлек.Өздігінен орындалатын үй тапсырмасының тиімділігінің басты шарты - барлық оқушылардың тапсырманы өз уақытында орындауы, түсінуі, тапсырманы орындаудағы дербестік, сыныпта орындалған, шығарылған есепке ұқсас есеп шығара білу, одан соң үй жұмыстары негізінде математикалық диктант, сынақ т.б. тапсырмалар орындап, материалды бекіту, конспекті жазу. Оқушыларға шамадан тыс қиын тапсырмалар беріп, қиындықтар туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, ондағы қиыншылықтарды түсіндіру, оны меңгеру жолдарын көрсету керек. Егер мұғалім үй жұмысы үшін сыныпта орындалған есептен өзге есеп берсе оқушылар сөзсіз қиналады.Жалпы сынып оқушыларына ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшіліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ынтасы бар, оқушыларға әртүрлі тақырыпқа шығармашылық
тапсырмалар беріп, зерттеу сипаттағы есептерді, баяндамалар жазғанда т.б. қамқорлық жасау керек. Тапсырмалардың шамадан тыс көп болуы оқушыларды жалықтырыды, не уақытын көп алады. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады.Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі - шығармашылық жұмыстар. Математикадан өздігінен шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелейді, математикалық ой - өрісін дамытады.
Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өзіндік пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді.Оқушылардың шығармашылық жұмысына мыналар жатады:
1) үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе
теорияны дәлелдеу;
2) бір есепті бірнеше тәсілдермен шығару;
3) есептер құрастырып, шеше білу;
4) математикалық шығарма жазу;
5) оқушыларға баяндама, не реферат жазғызу.
Егер оқушы математикалық шығарма жазғанда ізденгіштік қабілет танытса, қайсыбір фигураның қасиеттерін анықтап, математикалық сөйлемдерді өздігінен дәлелдесе, онда оның еңбегі соғұрлым құнды әрі қызықты болмақ. Математикалық шығарма жазу оқушылардан:
- қосымша әдебиеттерді оқуды;
- оқыған материалды қорытуды;
- жаза білу қабілетінің қалыптасуы;
- жазғандарын көркемдеуді талап етеді.
Сондықтан мұғалім қажетті әдебиет тізімін оқушыларға берумен қатар олардағы басты мәселелерге назар аудару, оқыған мазмұнды өз сөздеріменконспектілеуге, түйінді жерін бөліп алуға, оларды ретімен жазбаша
баяндауға баулыған жөн. Оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынуға болады: 1) жай сандар;
2) симметриялы фигуралар;
3) квадрат теңдеулерді
шешу тәсілдері;
4) табиғаттағы симметрия т.с.с.
Бір есепті бірнеше тәсілдермен шығаруға мысалдар құрастыру керек.

Мысал. Тік төртбұрыштың ауданы а 2 - қа тең. Осы тік төртбұрыштың
периметрінің ең кіші мәнін табу керек.

1 - тәсіл. Қабырғалары х,у. Бұларды жарты периметр арқылы
өрнектейік.
Бұл есепті шығарғанда біз мынадай теореманы қарастырдық: Көбейтіндісі тұрақты шама болатын екі айнымалының қосындысы айнымалының мәндері тең болғанда, ең кіші мән қабылдайды.
а) Есепті 1-ші тәсілмен шешіп, біз (х+у)2=(х-у)2+4ху теңбе-теңдігін
пайдаландық.Осының өзі дәлелдеудің басты құралы болып табылады.
б) 2-ші тәсіл бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеуге, толық
квадратты бөліп алуға, қосындысы 0-ге тең қосылғыштың біреуінің таңбасын табуға негізделген.

1.1. Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру әдістері

Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз - оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Осы заман талабын ескере отыра, мен педагогика, психология ғалымдарының еңбектерімен таныса келе Құзретті жеке тұлға қалыптастыруда, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру деген өзекті тақырыппен жұмыс істеймін. Өйткені Шайнап берген ас болмас деген ата - баба сөзіне сүйенетін болсақ. Өздігінен. өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.
Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс.
Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.
Жұмысты жасау үшін келесі міндеттер атқарылды:
1. Математика сабағындағы өз бетімен жұмыс теориялық жағынан негізделді
2. Бір математика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталды.
1.Педагогикалық-психологиялық, математикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
2. Педагогикалық бақылау.
3. Педагогикалық эксперимент.
4. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі - кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін - көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Соның ішінде мен бірінші сауалнамаға тоқталғым келіп тұр. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.
Тест - ағылшын сөзі, аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағына білдіреді. Педагогикада тестті пайдалану 130 жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 ж. Ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Содан бері білімді тесттік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған.
Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтер, тесті - оқушылардың өз-өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын есеп беру - оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан, бұл әдіс - сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділіктері артады. Тест тапсырмасын құрудың әдістемесіне тоқталайын.
Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер. Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады.
1. Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті - сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктенің тиісті жауаппен алмастырады.
2. Еске түсіру тесті - сөз, сан, формула, бейне түіндегі бір ғана жауапты керек етеді.
3. Таңдау тесті - онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгелері жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі да бар. Дұрыс жауап нөмірін карточкаға белгілеп көрсетуге болады.
4. Балама тесті - Қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, немесе жоқ түріндегі сөздермен беріледі.
5. Салыстыруға арналған тест - ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш есе көп жауап беріледі.
6. Ретіне қарай тізбелеу тесті құбылыстар, шамалар, сипаттаммалардан тұрады.Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек .Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады
7. Құрастырма тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңдайды.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Оқу процесі тек нәтижелі болуымен ғана бағаланады. Оқу процесі нәтижелі болу үшін оны бағалай білу керек.
Енді тест жұмыстарына кеңінен тоқталайық.
* Тест жұмысының үйретушілік мәні- оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әріжүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту.
* Тест жұмысының бағыттаушылық мәні- жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу.
* Тест жұмысының тексерушілік қызметі - оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларды қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау
* Тест жұмысының тәрбиелік мәні- оқушылардың жауапкершілк сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.
Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтынжәне ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі.
Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімның жұмысын жеңілдетеді.
Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары қысқа және қарапайым болуы керек. Қарапайымдылық оқушының тапсырманы орындау тездігімен бағаланады.
2. Тапсырманың сұрағынан оқушыға қандай амалдарды орынлап, қандай тәсілді қолдана білу керектігі айқын болуы тиіс.
3. Дұрыс жауап беру керек. Кейде бірде - бір дұрыс жауап болмауы мүмкін.
4. Тест бірнеше нұсқада жасалынатын болса, оның қиындық дәрежесі шамалас болып, тапсырма сұрақтары бірдей мазмұнда болғаны пайдалы.
Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын талаптар мазмұнына сәйкес алынады. Нәтижеде әрбір оқушының бағдарламалық материалды минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүмкіндік болады. әрине тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары, қабілетті оқушылар үшін арнаы есептер мен сұрақтар енгізілуі мүмкін.барлық оқушының шамасына лайықтап тапсырмалар таңдап алу білім нашар және орта дәрежедегі оқушылар үшін өз ісі мен білміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген внтасвн арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен тақырыпты, тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады. Ол мұғалімнің оқушы білімінде қандай олқылықтар бар екенін анықтаумен қатар, оқушының өзі де қандай қажетті білімдерді игермегенін біледі. Тест жүйесі оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады.
Тест материалдары 2 дейгейде құрылуы мүмкін.
1. Міндетті оқу нәтижесі талаптарына сай дейгейдегі бөлім.
2. Қиындық дәрежесі жоғарырақ, оқушының алған білімін жаңа жағдайларға қолдана білу мен шығармашылық іс-әрекеттерді қажет ететін деңгейдегі тапсырмалар.
1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушылардың орындауы міндетті. Тест бойынша білімді анықтау үшін оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтары да беріледі.
Негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған оқушы 4 - пен бағаланып, ал негізгі бөлімнің тапсырмаларын толықорындаған, екінші деңгейдегі тапсырмаларын ішінара орындаса ол оқушыға 5 деген баға қойылады.
Оқушы білімін ұпай санымен бағалау үшін әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Әрбір бағаға қанша ұпай сәйкес келетінін білу үшін сұрақтар санын 4-ке бөледі. Сонда әрбір баға қанша ұпаймен анықталатыны шығады. Мысалы 40 сұрақ болса әрбір баға 10 ұпай, 20 сұрақ болса 5 ұпай.
Тест дайындау мұғалімнің көп уақыты кетеді соған байланысты қазіргі таңда электронды тесттер жасадым. Мұнда әрбір оқушы тестті жеке орындайды. Тесттің деңгейіне және санына қарай белгілі бір уақыт беріледі. Уақыт біткен кезде тест аяқталады,тест аяқталған соң оқушы бағаланады.Бұл жерде мұғалім тексеріп бағасын қойып отырмайды. Компьютер өзі тексеріп өзі бағасын қояды.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формуласының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу танымдық іс-әрекет оқушылардың ой-еңбегімен практикалық қызметінің әрекетін болжайды.Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде проблемалық жағдайлар туғызып олардың назарын басты проблемаларды өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда жететіндігін көруге болады.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды талап етеді.
Екіншіден оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгеруді талап етеді, яғни мұғалім оқушылардың өзі белсенді, жасампаз күш болатын оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексерген кезде,оқушылардың жауап беруді . Меңгеруге дайындығы кезінде жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде алынған білімді қорытып бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әртүрлі кезеңдеріне тоқтала кетейік.
Оқу тәжірибелерінде жиі кездесіп жүргендей тиімді жұмысқа жеке емес, барлық оқушыларды қатыстырады яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруды,сабақтың бас кезінде дедактикалық ойындардың көмегімен үй жұмысының орындалуын мұғалімнің ұсыеған үлгісі мен салыстыру, түсінік беру, кішкене өзіндік жұмыстар,математикалық диктанттар арқылы жүзеге асыруға болады.
Жаңа білімдерді енгізу езеңінде оқушылардың оқу танымдық іс-әректін белсендіру анықтамаларды,ережелерді,заңдарды,т ипісті қасиеттерді тұжырымдардың айқындылығын дәлелдейтін шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырады.Алынған біліммен білікті баянды еткен кезде әртүрлі танымдық,есептер шығарылады. Мұғалімнің берген ақпараты оқушыларардың өзіндік жұмысына сай келеді және оқушылардың ізденімпаздығының дәрежесі үлгі білім орындалатын белгілі амалдар принцпті жаңа жағдайға орындалатын обьектілермен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.
Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.
Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,оларды білімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі - оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр - жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
1.2. Оқушылардың өзіндік іс әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту.
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
oo таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
oo өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
oo оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
oo игерілген білімді тасымалдай білуі;
oo өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі - баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі - терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) - оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды математикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында құрал жабдықтардың , математикалық есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу - біздің басты борышымыз.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .
Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу
6) қорғау
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар
-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету.
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі.
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі
1.Проблема
2.Жобалау
3.Ақпарат көздерін іздестіру
4.Нәтижені қорытындылау
5.Презентация.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өндіруге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танаымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .

ІІ.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті

Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар - жалпы білім
беретін мектептердегі оқу - тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан - жақты дамыту. Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми - зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны
жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше
жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі
мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы
кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады.
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту
және тереңдете оқыту;
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен
математикалық қабілетін дамыту;
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу.
Мұндағы мақсат - оқушылардың дүниетанымын кеңейту,
шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне:
математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш,
математикалық сайыс, викториналар, конкурстар, математикалық
олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі
түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде
қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама
көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп,
олардың білімін жан - жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең
тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта - ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының
белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі. Әрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс. Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді
шешіп, мектеп және ауданаралық олимпиадаларға даярланады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен ойын есептерін, логикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді көбірек шығарған жөн. Математика үйірмесіне көптеген талаптар қойылады. Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жоғары сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы керек. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет. Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;
- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);
- қолданбалы есептер қарастыру;
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.
IV-VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер
оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан
гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі - математика
апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу маңызды оқу - тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканың практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. Бұл шараларға дайындалу және оны өткізу барысында математика мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі және де оқытушы мен оқушылардың арасында, сондай - ақ жалпы мектеп педагогтары мен оқушылар ұжымдарының арасында да өте тығыз және емін - еркін шығармашылық байланыстар қалыптасады. Жұмыс мектеп математиктерінің әдістемелік бірлестігінің апталық өткізу туралы шешімімен басталады.
Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше
оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, ұсыныстар мен мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша жауаптылар тағайындалады, барлық дайындық жұмысы істелініп бітетін ең соңғы мерзім белгіленеді. Апталықты ұйымдастыруға сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата - аналар және т.б. көмек көрсете алады.Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын көп жұмылдыратындай түрлі - түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады. Апталыққа дайындалу барысында оқушылардың ізденімпаздығы мен ынталылығын білдіретін іс-әрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мәселен, қабырға газетін шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады. Әдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан басталып, математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізумен аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.
Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады.
1. Дүйсенбі Математика - ғылымдар патшасы - конференция.
2. Сейсенбіде Әр түрлі санау жүйелері - үйірме.
3. Сәрсенбіде Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар - математикалық сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
6. Сенбіде Қызықты математика - математикалық кеш.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің мақсаты - оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Бұл кештердің білім беру, үйрету
бағытымен қоса тәрбиелік мәні болуы тиіс, яғни оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етуі керек. Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын
даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет. Кешке арналған оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер сайысын ұйымдастыру керек, сондай - ақ оқушылардың өздері жасаған фигуралардан, қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады. Кештерді
көбінесе эстафеталық түрде өткізген жөн. Параллель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлері
Сыныптан тыс жұмыстар
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
Пәндер