Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих, экономика және құқық факультеті
Музыкалық білім беру теориясы және әдістеме кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДЖ. 050106. 11 - 09. 09. КБ
Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
қолы күні
бағасы
қолы күні
2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру
1. 1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
1. 2 Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі
1. 3 Музыка мен әдебиеттің байланысы
2 Тәжірибелік жұмыстағы әдістер
2. 1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті дамытуда тәжірибелік жұмыстар
2. 2 Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері
2. 2. 1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері
2. 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары
2. 3 Шығармашылық тапсырмалар
3 Жас ұрпақты музыка арқылы тәрбиелеу
3. 1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды
ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы кәсіптік
шеберлігі
3. 1. 1 Жас ұрпақты тәрбиедеудегі ұстаздың жеке тұлғасы.
3. 1. 2 Тәрбиедегі қоғамдық ортаның орны
3. 2 Тәрбие негізі-өнеге
3. 2. 1 Музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы
3. 2. 2 Музыка мектебінде білім мен тәрбие беру
3. 2. 3 Музыка пәндеріне арналған жалпы бастауыш мектеп бағдарламасының мәні
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде.
Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996) : "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген.
Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады.
«Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар».
Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр.
Дипломдық жұмыста - халықтық дәстүрлері арқылы оқушыларда халықтық музыка өнеріне деген дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары қарастырылады.
Мұғалім үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесіне мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.
Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады.
а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта) ;
ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;
в) оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;
г) басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді.
«Әлемнің басты өлшеушісі - ол Адам». XXI ғасыр табалдырығын аттау сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді.
Көпқырлы қоғам бағытын жетілдіру процесінде, ой-өрісі жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы, өмірдің бағасын сезіне, болжай білуіне үйретеді.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, маңызы, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, жұмыстың тәжірибелік мәні жарықтандырылады.
Бірінші тарау оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылады.
Екінші тарауында теория мен тәжрибе ұштастырылып халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу жолдары қарастырылады.
1 Тарау Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.
1. 1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары - Б. Ерзакович, М. Ахметова, А. Темірбеков, Л. И. Гончаров, З. Қоспақов, Б. Қарақұлов және А. С. Райымбергеновтар.
Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды»
Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.
Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр.
Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу - бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика оқушының шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:
а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері;
ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады.
Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздың міндеті.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім - тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие . Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз.
Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі - ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау.
Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді. » Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.
- Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға.
Адамдар жеке тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет.
Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы ерекшелігімен даралануы .
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай болуына қарамастан, өзін қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі. Ол адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктермен тығыз байланысты. Мәселен біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, ал екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреу бір айтқаннан білімді тез қабылдаса, ал екінші бір адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға, ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктер адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Сонымен бірге адам баласы өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толығуымен байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, оның жаңаруы мүмкін. Бұған қоса әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалы зор. Сондай-ақ басқалардың көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Сондықтан да әр адамды бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз.
Жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып байқауға, басқалардың бойындағы артықшылық қасиеттерді көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұрады. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
«Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни адам өз бейнесін өзі жасаушы. Тұлға-жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Сонымен бірге, тұлға дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден -оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден-адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден-жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz