Қылмыстық ізге түсуді болғызбайтын мән жайлар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен негіздері 1. 1Қылмыстық ізге түсудің түсінігі, әдістері1. 2 Қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері
2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық ізге түсудің көзделген нысандары 2. 1 Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі іс - әрекеті2. 2Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын жағдайлар
Қорытынды . . . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . КІРІСПЕҚылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады. Ал өз кезегінде мұндай қатынасқа түскен субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге байланысты қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген жеке не заңды тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар, олардың қатарына кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырыу.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қылмыстық іс жүргізу функцияларының түсінігі мен жүйесін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жоғарыдағы мақсаттарға байланысты курстық жұмысқа мынадай міндеттер қойылды:
- қылмыстық іс жүргізу функцияларының түсінігі зерттеу;
- қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесін қарастыру т. б. болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні:
ылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық ізге түсудің көзделген нысандары
1. Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен негіздері 1. 1Қылмыстық ізге түсудің түсінігі, әдістері Қылмыстық ізге түсу- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адмаға жаза немесе өзге де қылмыстық -құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі ( ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы)Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.
Қылмыстық ізге түсуді ұйымдастыру[6, 32-38бап. ] Жеке айыптау ҚІ -ҚІЖК 33-бап, 32-бап, 2-бөл-Жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның орай қысқартылуға тиіс;
Жеке жария айыптау ҚІ -ҚІЖК 33-бап, 32-бап, 3-бөл - Жәбірленушінің шағымымен ғана қозғалады, айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға жатады, егер адам бірінші рет орташа ауырлықта жасаса және жәбірленушіге келтірілген зиянды өтесе;
Жариялы айыптау ҚІ -ҚІЖК 32-бап - Бұл істер бойынша жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады. Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.
1. Сот бойынша ақталған адам, сонымен бірге оған қатысты ҚІЖК -де көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық ізге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы кінәсіз деп саналады және оның ҚР Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
2. Сот, қылмыстық ізге түсу органы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адмады ақтау және оған қылмыстық процесте жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиіс .
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасынан ауытқуларға жол берілмейді және олардың белгілі бір құқықтық салдары көзделген. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдар тек қана осы нормаларды біліп қоймай, оларды сақтауы, дұрыс қолдануы, кәсіби деңгейде қолдануы қажет.
Алдын ала тергеу барысында істің фактілік мән-жайлары анықталады. Бұл жерде қылмыстық оқиға орын алдыма жоқпа, сезікті немесе айыпталушы адамның сол қылмысты істеуде кінәсі анықталды ма деген сұрақтарға жауап алынады. Осылардың барлығы тергеуші арнайы құжат - айыптау қортындысымен рәсімдейді. Айыптау қорытындысын шығарып болған соң тергеуші оны айыпталушыға жариялайды және қылмыстық істі әрі қарай шешу үшін сот органдарына жібереді.
Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңдары мен арнайы қазақстандық және ресейлік әдебиеттерге талдау жасау арқылы қылмыстық қудалау мен айып тағудың проблемаларын айқындау, маңызын ашу:
1) Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңдарын зерттеу, оларға талдау жасау, талқылау;
2) Қазақстандық және ресейлік әдебиеттерді зерттеу;
3) Зерттеліп отырған мәселе бойынша өзіндік пікірді қалыптастыру;
4) Тақырып бойынша түсініктемелік негізді қалыптастыру.
Қылмыстық ізге түсу (ағыл. criminal prosecution (accusation) ; Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, сонғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі[1] .
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысының мәні, маңызы және міндеттері. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша қайта бастаудың негіздері мен себептері.
Қылмыстық ізге түсу әдістері - жеке түрде асырылуы мүмкін қылмыстардың жеке айыптау істері бойынша соттың шығаратын шешімдері мен айыптау істерін қысқартудың негіздері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері. Аталмыш санаттағы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән - жайлар. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істер бойынша алдын ала тергеу және соттық қарауды жүргізу ерекшеліктері. Психикалық аурулармен ауратын тұлғаларға қатысты қауіпсіздік шаралары.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары. Қорғаушының заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі) . Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының өздерінің іс жүзіндегі қызметін атқару кезінде заңдылықты тікелей қамтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен қол жеткізіледі. Қылмыстық сот ісін жүргізуде зақдылықты қамтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.
- ҚП орындаушы лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар:
- Прокурор
- Тергеуші
- Анықтаушы
- Тергеу бөлімінің бастығы
- Қылмыстық процеске қатысушы жеке тұлғалар:
- жәбірленуші
- жеке айыптаушы
- азаматтық талапкер
- олардың өкілі немесе заңды өкілі
Қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері:
1) Іс -әрекеттің қылмыстық заңда қылмысты деп, қылмыстық жаза қолдануға лайықты деп танылуы
2) Қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық ізге түсуді тоқтату үшін негіздердің жоқтығы
3) Адамның кінәлі екенің қуаттайтын қажетті дәлелді базасың болуы
Қылмыстық процеске қатысушылар - қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қоғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемелекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдар.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпан күнгі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы « . . . бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру . . . » және « . . . болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: . . . олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен»- деп айтылған сөздері біздің мемле-кетіміздің алдындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып саналады.
Қылмыстық іс жүргізу функциялары деп іс жүргізу қызметінің негізгі түрлері мен бағыттарын түсіну керек, олар өз мүдделерін қорғайтын басқа да адамдар қатыстырылатын іс бойынша іс жүргізетін құзыретті органдардың қызметі нәтижесінде қол жететін арнайы және жеке мақсаттар мен міндеттерге қарай қылмыстық процесте саралануы мүмкін.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында функциялардың екі тобы бар: негізгі және көмекші.
Негізгі функциялар тобына мыналар кіреді:
- қылмыстық істі тергеу;
- қылмыстық ізге түсу (айыптау) ;
- заңдылыққа прокурорлық қадағалау;
- қорғау;
- қылмыстық істі сотта қарау мен шешу.
Көмекші функциялар тобына мыналар жатады:
- ақтау;
- азаматтық талапты қолдау;
- азаматтық талаптан қорғау;
- процеске қатысушылардың қауіпсіздігі;
- қылмыстардығ алдын алу.
Сонымен, қылмыстық процестегі функцияларды дұрыс түсіну процеске әрбір қатысушының мәртебесін белгілеу, сондай-ақ жекелеген функциялар арасындағы өзара байланыстарды анықтау арқылы түрлі қатысушылардың өзара іс-қимылдарының процедуралық нысандары мен шектерін ажырату үшін маңызды.
Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады. Ал өз кезегінде мұндай қатынасқа түскен субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге байланысты қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген жеке не заңды тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар, олардың қатарына кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. 1 Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір іс-жүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің қозғалысына әсерін тигізеді. [2] Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарына прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы және анықтаушы жатады (ҚР ҚІЖК 7-бап, 14-тармақ) . Біздің диссертациялық зерттеу пәніне анықтау органы мен анықтау органы бастығының іс-жүргізушілік-құқықтық қызметтері мәселелері кіреді. Сондықтан да, біз іс жүргізу заңдылығын жетілдіру мақсатында осы екі субъектінің төңірегінде жиналған, әлі шешілмеген сұрақтарды қарастырамыз. Соның ішінде, әсіресе, “Анықтау органдары дегеніміз не, олар немен айналысады. Оның құқықтық мәртебесі және Анықтау органының бастығы деп кімді айтамыз, Оның құқықтық мәртебесі қандай деген мәселелерді қозғаймыз. Анықтау органы мен анықтау органы бастығының құқықтық мәртебелерін реттей отырып, заң шығарушы бұл іс жүргізудің қатысушыларына нақты және толық анықтамалар бермеді. ҚР ҚІЖК 65-бабының 1-бөлігінде анықтау органының құзыреті берілген, ал 2 және 3 бөліктерінде анықтау органы болып табылатын органдар мен лауазымды тұлғалар аталған, алайда анықтау органы категориясын толық түсіндіретін анықтама берілмеген. Бір жағдайда оларға мемлекеттік органдар жатады:
1. Ішкі істер органдары;
2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. әділет органдары - сот шешімдерінің атқарылу тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша;
4. қаржы полициясы органдары;
5. кеден органдары- контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша;
6. әскери полиция органдары - ҚР қарулы күштерінде, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша;
7. мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері - өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша;
Басқа жағдайларда оларға мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары жатады:
1. шекара бөлімдерінің командирлері - ҚР мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ ҚР континентальдық шелфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша;
2. әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың, командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары-ҚР Қарулы Күштерінде басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша;
3. ҚР дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктердің басшылары - өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша;
Заң анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтар мен міндеттерді сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына жоғарыда аталған анықтау органдары алыс, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктейді.
1. 2 Қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық ізге түсудің көзделген нысандары:
1) Қылмыстық іс жүргізу түсуді жеке түрде жүзеге асыру [6, 33 бап]
2) Қылмыстық ізге түсуді жеке -жариялы түрде жүзеге асыру [6, 34 бап]
3) Қылмыстық ізге түсуді жариялы түрде жүзеге асыру [6, 32 баб. 4 бөл. ]
Заң шығарушының мұндай ыңғайы Л. В. Павлухинның пікірінше бірқатар себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, анықтау органдарының бұндай топтарға бөлінуі, ондағы анықтауды жүргізетін лауазымды тұлғалардың санына байланысты. Жоғарыда айтылған екінші топтағы анықтау органдарына қарағанда, бірінші топтағы анықтау органдарында (әсіресе ішкі істер органдарымен салыстырып қарағанда( лауазымды тұлғалардың саны басым болып келеді. Бұны ол екі топтың да анықтау органдарымен жүргізілетін қылмыстық істердің мөлшерімен де түсіндіреді. Екіншіден, мемлекеттік органдар басым көпшілік қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізетіндіктен, олардың негізгі функциясы болып анықтауды жүргізу функциясы табылады. Ал екінші топтағы анықтау органдарының негізгі функциясы, мысалы әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау болғандықтан, әдетте, бұл мекемелермен анықтау жүргізілетін қылмыстық істер аз немесе мүлдем болмауы мүмкін ( мысалы, теңіз кемелерінде) . Сондықтан да, анықтау өндірісі соңғы аталған органдарда эпизодикалық сипатқа ие болып, тұрақты функция ретінде бола алмайды. [3]
Ал ҚР ҚІЖК-ның 66-бабымен анықтау органының бастығы реттелген, бұл нормаға сәйкес анықтау органы бастығы болып өз құзыретінің шегінде Бас басқарманың (Департаменттің), басқарманың, бөлімінің, бөлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары табылады. Біздің ойымызша, анықтау органының бастығы түсінігіне берілген бұл анықтама нақты және толық емес, оның себебі, ол тек 65-бапта көрсетілген орган деп аталатындарға ғана қатысты, ал қалған анықтау органдарының түрлеріне қолдануға жатпайды ( шекара бөлімдерінің командирлері, әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, дипломатиялық өкілдердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдердің басшылары, т. с. ) сонымен қатар, бұл анықтама анықтау органы бастығына тән барлық белгілерді ашып көрсетпейді. Бұл екі категория түсініктеріне баға бере отырып, біз олардың бір-біріне өте жақын және ұқсас ұғымдар екенін тұжырымдаймыз.
Бұндай қортынды жасауға көптеген іс-жүргізуші ғалымдардың осы екі түсінікке берген көзқарастары, пікірлері себеп болды. В. Н. Шпилев, А. П. Рыжаков пен А. И. Сергеев, В. М. Савицкий мен Ф. А. Томасевич, А. А. Чувилев, Р. Х. Якупов, Л. В. Павлухин, т. с. с. Енді жоғарыда айтылған анықтау органы мен анықтау органының бастығы түсініктеріне жан-жақты, толық және нақты дефинициялар беру мақсатында бұл субъектілердің құқықтық мәртебелерін ескере отырып, осы ғалымдардың көзқарастарын қарастырайық.
Анықтау органы болып оның құзыретіне жатқызылған кез-келген іс бойынша анықтауды жүргізуге құқылы басшы табылады. Анықтау органының бастығы анықтауға басшылық етіп, нақты істер бойынша анықтауды жүргізу үшін тұлғаларды тағайындайды.
Осындай В. Н. Шпилев сияқты берген көзқарасты А. П. Рыжаков пен А. И. Сергеев те ұстанады. Олар анықтау органын мемлекеттік мекеме деп, сонымен бірге, анықтау органдарының қатарына белгілі бір қызметтер мен басқармаларды қосқан. Сондай-ақ, олар мекеме дегеніміз - бұл атқарушылық және әкімшілік секілді қызметтердің бірін жүзеге асыратын белгілі бір қызметкерлер тобы деп есептейді.
Жоғарыда берілген анықтамалардың ішінен В. Н. Шпилевтің берген анықтамасын мейлінше дұрыс деп санауға болады, оның себебі әрбір анықтау органы деген кезде, ең біріншіден оның мәртебесін және т. б. белгілерін көрсететін оның бастығы болып табылады. Басқаша айтқанда, анықтау органы бастығының мәртебесін белгілейтін сол анықтау органы немесе мекеме, ал ондағы біз айтқан орындаушылар, яғни лауазымды адамдардың мәртебесі олардың өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері негізінде белгіленеді. Алайда, В. Н. Шпилевтің берген анықтамасында А. П. Рыжаков пен А. И. Сергеев айтқан атқарушылық функциясын жүзеге асыратын анықтаушылар көрсетілмеген. Анықтау органы үлкен мекеме болғандықтан, онда басшыдан басқа, атқарушылар, яғни анықтаушылар болуы тиіс. Бұл орайда А. П. Рыжаков пен А. И. Сергеевтың берген анықтамасын да бір жағынан дұрыс деп санауға болады.
Ал осыған байланысты, В. М. Савицкий мен Ф. А. Томасевич басқашалай анықтама берген. Олардың пікірінше, анықтау органының бастығы белгілі бір мекеменің тек әкімшілік басшысы болып табылады және ол ешқандай да іс-жүргізу қызметтеріне ие бола алмайды.
Біз бұл ғалымдардың берген анықтамасымен жартылай келісеміз. Оның себебі, бір жағынан, кез-келген мемлекеттік мекеме бастығы қызметінің негізгі сферасы әкімшілік немесе басқарушылық сипатқа ие. Ал, екінші жағынан, ҚР ҚІЖК 66-бабына көз жүгіртетін болсақ, анықтау органының бастығы процессуалды басшылық ету және тергеу функцияларын жүзеге асырады, олай болса, оның қызметі сонымен бірге, іс-жүргізушілік құқықтық сипатқа да ие. Осы анықтамаға ұқсас, біршама толық пікірді Ю. Н. Белозеров те білдірген болатын. Оның көзқарасы бойынша, полиция қызметіне тән үш бағытты бөліп қарауға болады және олардың әрқайсысының айрықша құқықтық сипаты бар. Олар: әкімшілік қызмет, жедел-іздестіру қызметі, анықтау өндірісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz