Атмосфералық ауаны қорғау шаралары



Ауа бүкіл тіршілік атаулының өмір сүруінің басты шарты. Адамның атмосфераға әсер етуі қазіргі кезде бүкіл адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе – парниктік эффект, озон қабатының жұқаруы және қышқыл жаңбырдың жаууы, атмосфераның антопогендік ластануының өзекті проблемалары болып табылады.
Атмосфераның ластануына әр түрлі факторлар әсер етеді, осыған байланысты атмосфералық ластануды табиғи ластану және антропогендік ластану деп екіге бөліп қарастырады.
Табиғи ластану – жанартау атқылаудан, құйын желдерден және т.б. табиғи құбылыстар мен процестердің әсерінен болады.
Антропогендік ластану – тікелей адамның іс-әрекетінен пайда болады. Ластанудың бұл түрі ластандыратын заттардың шығу көздерінен бөлінетініне байланысты өнеркәсіптік, көліктік, радиоактивтік және т.б. деп бөлінеді. Атмосфераның антропогендік ластануы, негізінен, өнеркәсіптерден, жылу электр станциялардан және көліктерден бөлінетін улы газдар мен зиянды шаң-тозаңдар әсерінен болады.
Қазақстанның өнеркәсібі өркендеген ірі қалаларында ауаның ластануына көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртті сутек ерекше әсер етеді.
Елімізде атмосфераның ластануында Байқоңыр ғарыш айлағы мен көптеген сынақ полигондарының да үлес зор. 1955 жылы құрылған Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кеңістігіне қаншама зымырандар мен ғарыш кемелері ұшырылып келеді. Ресми деректер бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан айналаға жылына 30-35 мың т улы заттар таралады. Ғарыш айлағында апатқа ұшырап жатқан зымырандар мен ғарыш кемелерінің қалдықтары және отын ретінде пайдаланылатын улы заттар ауаны да, жерді де ластайды. Бұл аймақтағы алғашқы ең күшті апат 1960 жылы тіркелді. Сол апат кезінде 120 т зымыран отыны аспанды тез арада-ақ қара тұманға айналдырып жіберді. Содан бері қаншама апаттар болып жатқандығы белгілі. Тек қана 2006 жылғы «Днепр» зымыранының жарылуынан болған апат айналаны қатты уландырып кетті. Зымыран тасымалдағыштағы 80 т-дан астам гептил, 80 т-дай амил, 40-70 км-дей аймаққа таралды. Гептил – өте улы жанармай , 1 г гептил 〖2 км〗^3 ауаны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Атмосфералық ауаны қорғау шаралары

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2015

Атмосфераны қорғау.
Ауа бүкіл тіршілік атаулының өмір сүруінің басты шарты. Адамның атмосфераға әсер етуі қазіргі кезде бүкіл адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе - парниктік эффект, озон қабатының жұқаруы және қышқыл жаңбырдың жаууы, атмосфераның антопогендік ластануының өзекті проблемалары болып табылады.
Атмосфераның ластануына әр түрлі факторлар әсер етеді, осыған байланысты атмосфералық ластануды табиғи ластану және антропогендік ластану деп екіге бөліп қарастырады.
Табиғи ластану - жанартау атқылаудан, құйын желдерден және т.б. табиғи құбылыстар мен процестердің әсерінен болады.
Антропогендік ластану - тікелей адамның іс-әрекетінен пайда болады. Ластанудың бұл түрі ластандыратын заттардың шығу көздерінен бөлінетініне байланысты өнеркәсіптік, көліктік, радиоактивтік және т.б. деп бөлінеді. Атмосфераның антропогендік ластануы, негізінен, өнеркәсіптерден, жылу электр станциялардан және көліктерден бөлінетін улы газдар мен зиянды шаң-тозаңдар әсерінен болады.
Қазақстанның өнеркәсібі өркендеген ірі қалаларында ауаның ластануына көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртті сутек ерекше әсер етеді.
Елімізде атмосфераның ластануында Байқоңыр ғарыш айлағы мен көптеген сынақ полигондарының да үлес зор. 1955 жылы құрылған Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кеңістігіне қаншама зымырандар мен ғарыш кемелері ұшырылып келеді. Ресми деректер бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан айналаға жылына 30-35 мың т улы заттар таралады. Ғарыш айлағында апатқа ұшырап жатқан зымырандар мен ғарыш кемелерінің қалдықтары және отын ретінде пайдаланылатын улы заттар ауаны да, жерді де ластайды. Бұл аймақтағы алғашқы ең күшті апат 1960 жылы тіркелді. Сол апат кезінде 120 т зымыран отыны аспанды тез арада-ақ қара тұманға айналдырып жіберді. Содан бері қаншама апаттар болып жатқандығы белгілі. Тек қана 2006 жылғы Днепр зымыранының жарылуынан болған апат айналаны қатты уландырып кетті. Зымыран тасымалдағыштағы 80 т-дан астам гептил, 80 т-дай амил, 40-70 км-дей аймаққа таралды. Гептил - өте улы жанармай , 1 г гептил 〖2 км〗^3 ауаны уландырады. Оның бір тамшысы ғана 10 л суды улайды. Егер осындай суды 100 адам ішсе біреуі де тірі қалмайды. Гептилдің тамшысы тиген қарағаш жапырақтары сол сәттің өзінде-ақ бүрісіп, қатып-семіп қалады. Мұның өзі гептилдің қаншалықты улы екендігін дәлелдейді. Гептил төгілген жер 300-400 жылда да қайта қалпына келмейді. Бір кезде Байқоңыр алқабындағы 800 мыңдай ақбөкеннің кенеттен қырылуын да мамандар Байқоңыр ғарыш айлағында болған апаттар мен байланыстырады. Бұл аймақтағы зымыран апаттары жер асты суларын да ластайды және олардың зардаптары жүздеген жылдарға созылады. Мұның бәрі де Байқоңыр ғарыш айлағы айналаны қаншалықты улап жатқандығына нақты дәлел болады.
Еліміздің 20-ға жуық ірі қалаларында ауаның ластану деңгейіне үнемі бақылау жасалып отырады. Еліміздің бас қаласы саналатын Алматының ауасының ластануына, оның орналасқан табиғи жағдайы да әсер етеді. Қаланың айналасы биік таулармен қоршалған, тек солтүстік жағы ғана жазық болып келеді. Қаланың үстін үнемі көк түтін тұмшалап тұрады. Қала ауасын ластауда автокөліктердің үлесі 80%-дан асады. Соңғы деректер бойынша Алматыда 500-700 мыңнан аса автокөліктер бар және оның саны күн санап өсіп келеді. Осы автокөліктерден жыл сайын қала ауасына 250-260 мың т-дай зиянды қалдықтар бөлінеді. Бұл әрбір қала тұрғынына бөлгенде 200 кг-нан астам зиянды қалдықтан келеді деген сөз. Алматы қаласының ластануына бұдан басқа ірілі-ұсақты кәсіпорындар да әсер етеді. Дегенмен де Алматы ауасының ластану деңгейін төмендету мақсатында да игілікті жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, жол тығындарын азайту үшін жол айрықтары мен жер асты жолдарын салу, көгалдандыру және зиянсыз жанармай түрлерін пайдалану және метро құрылысын тездету, т.б.
Қазақстанның ауасы лас қалалар қатарында Өскемен көбірек аталады. Ондағы қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттарынан басқа тағы да ірілі-ұсақты 150-дей кәсіпорынмен, автокөліктер ауаға көп мөлшерде улы заттар бөледі.
Еліміздің оңтүстігінде орналасқан шырайлы Шымкент атанып жүрген қала ауасының ластануы жөнінен Алматы мен Өскеменнен кейінгі 3-орында. Қала ауасының ластануына қорғасын, цемент өндіріс орындары, фосфор зауытынан шыққан үйінді қалдықтар және автокөліктер тікелей әсер етуде.
Қазақстанның ауасы лас қалаларының алдыңғы қатарында Теміртау, Қарағанды, Балқаш және т.б. қалалар бар.

Атмосфералық ауаның түсінігі және ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері
Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызы негізгі элементінің бірі болып табылады. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттардың жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жермен, өсімдіктермен үздіксіз араласып жатқан тіршілік тынысы.

Атмосфералық ауа дегеніміз - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғиғ қоспасы болып табылатын компонентін айтамыз.

1. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және атмосфералық ауаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері
Зиянды заттар
Қарашығанақ мұнай - газ кен орнының атмоcфералық ауа жағдайы
Атмосфераның ластану жолдары
ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ
Атмосфера құрлымы және құрамы
Табиғат пайдалану құқығы
Пәндер