Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе: Кіріспе
5: 5
Кіріспе: 1. Шаруашылық субъектінің есеп саясатының теориялық негіздері
5:
Кіріспе: 1. 1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты
5: 7
Кіріспе: 1. 2. Есеп саясатын қалыптастыру
5: 10
Кіріспе: 1. 3. Есеп саясатын дайындау және оның ашылуы
5: 12
Кіріспе: 1. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есеп беруі - халықаралық стандартпен есеп саясатын құрудан және есеп беру әдістемесінен басталады
5: 13
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 2. «Данк» ЖШС-гі есеп жүргізу саясаты және оны құрастыру әдістемесі
5:
Кіріспе: 2. 1. «Данк» ЖШС-нің даму тарихы және техника - экономикалық көрсеткіштері
5: 24
Кіріспе: 2. 2. Кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайдағы есеп саясатының қалыптасуы
5: 30
Кіріспе: 2. 3. «Данк» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
5: 33
Кіріспе: 2. 4. Кәсіпорынның өтемпаздық көрсеткіштері негізінде төлем қабілеттілігін бағалау
5: 42
Кіріспе: 3 . Е сеп саясатын жүргізу жөніндегі ұсыныстар
5:
Кіріспе: 3. 1. Есеп саясатты бойынша қателіктерді түзету және өзгерістер енгізу
5: 46
Кіріспе: 3. 2. Ұйым қызметінің қазіргі заманғы экономикалық және қаржы саясатының ерекшеліктерін айқындау
5: 50
Кіріспе: Қорытынды
5: 53
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5: 55
Кіріспе: Қосымшалар
5: 57

Кіріспе

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп және есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, өзіндік ерекшелігін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техникасы мен технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.

Қазіргі бухгалтерлер тек шот жүргізумен ғана емес, сонымен қатар жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, шаруашылық қызметке баға беріп, аудиторлық тексеру жұмыстарымен де айналысады. Қазіргі бухгалтерлер есеп ақпараттарын пайдаланушыларды, олардың ішкі немесе сыртқы пайдаланушы еместігіне қарамастан, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс.

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы байланысты кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтілді. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы - ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды немесе кемшілігін анықтайды.

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғаларадың қаржылық қорытынды есебін тексереді. Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады.

Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие балуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікке болуымен байланысты.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Бұл орайда кәсіпорынның қабілеттілігін, артықшылығын және кемшілігін дипломдық жұмысымда қарастырдым. Дипломдық жұмыстың мақсаты - теориялық білімді іс- жүзінде ұштастыру мен бекіту болғандықтан, нақты кәсіпорынның деректерімен жұмыс жасап, қаржылық мәліметтерді талдау және есеп саясатын дұрыс құрастыру.

Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - «Данк» ЖШС-дегі есеп саясатының теориялық және практикалық негізін толығымен ашып, ұйымдастыра отырып оның нарықтық экономикадағы жетілдіру шараларын қарастыру болып табылады.

1. Шаруашылық субъектінің есеп саясатының теориялық негіздері

1. 1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етеді.

Есеп саясаты - бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқаулар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
  • Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі

(реті)

  • Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
  • Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа) ;
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа) ;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;
  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;
  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы . Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

1. 2. Есеп саясатын қалыптастыру

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.
  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • Нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;
  • материалдық шығындардың сомасы;
  • сметалық мөлшерлеме;
  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы. Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяақталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар б/а есептеледі.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қ. Р-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммециялық құпия болып табылады.

1. 3. Есеп саясатын дайындау және оның ашылуы

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
  • жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т. б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындарған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік

бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

1. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есеп беруі - халықаралық стандартпен есеп саясатын құрудан және есеп беру әдістемесінен басталады

Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рынокта бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіруі, елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыттағы есеп пен есептік ақпараттық сапасына айрықша талаптар қояды. Сондықтан қазіргі кезде бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектілерінде ерекше маңызды орынға ие. Ол «Бухгалтерлік есеп» туралы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» туралы, Қазақстан Республикасының стандартында, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің типтік шоттар тізбегінде бекітілген ортақ принциптер мен ережелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепке алу жөніндегі Ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есепке алу жөніндегі шығарған нұсқаулары, ережелері мен ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Оның үстіне Республикада қолданылып жүрген бухгалтерлік есепке алу жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған. Халықаралық стандартпен есеп саясатын құрудағы мақсат - қаржылық есеп берудегі есебін ұйымдастыруда халықаралық тәжірибелерді оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауын қамтамасыз ету мақсатымен Республикадағы акционерлік қоғамның шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, есеп беру есебінің әдісімен әдістемесін пайдалана отырып әзірлеу, енгізу.

Бухгалтерлік есеп әдістемесі үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады. Оның басты ерекшелігі: кез-кекелген қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін құрылуға тиіс.

Республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-американдық модель таңдалды. Қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға мүмкіндік береді.

Акционерлік қоғамдардың есеп беруі: методикасы мен методологиясын халықаралық стандартында Қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі концепциаларымен қарастырамын:

  • Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебін жүргізу мақсаты;
  • Бухгалтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы;
  • Бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу принциптері;
  • Қаржылық қорытынды есеп элементтері.

Еліміздің бәсекелестікке қабілетті қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосуда экономикада болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады.

Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі - халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуі.

Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Сонымен қатар бухгалтерлік есеппен қазіргі экономика жүйесін ұйымдастыру мен басқару, іскерлік, экономикадағы саясат пен шешімі, стратегиа мен тактиканы қабылдау ісіне мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады. Осы күнгі ұйымдардың барлығы кәсіпкерлік мақсатпен әрі өнім өндіріп, әрі ол өнімді сату арқылы табыс табу үшін құралады. Табысқа жетуде басты мақсаты талдау, түсінік беру және ұйымның даму бағытын анықтауға, басқару шешімін қабылдау үшін түрлі баламалы мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады.

Біріккен сауда ұйымдарға (БСҰ) кіру шеңберіне көшу рәсімін реттейтін құжат 1 «ХҚЕС -ын алғашқы қолдану » ХҚЕС (ІҒRS) болып табылады. БСҰ-на Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары мен ұйымдары Бастапқы Балансты қалыптастыруы қажет, ондағы мақсат бастапқы баланс кейіннен ХҚЕС-ын қолдану үшін бастапқы нүкте болып табылады.

Мұнда ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілікті жасаған кезде қолданылатын есеп саясаты есептік күнгі ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі тиіс және есеп беру методологиясы осы стандартта айқындала түседі. 1-ХҚЕС есеп саясатындағы өзгерістер ХҚЕС-на көшкен күннен басталатын кезеңдерге қолдануы тиіс деп нақтылайды.

ХҚЕС1 «ХҚЕС бастапқы қолдану» басты мақсаты жалпы бағыттағы қаржылық есепті ұсыну үшін негізін ашу болып табылады.

Стандарт келесілерді камтиды:

  • қаржылық есепті ұсынудың жалпы ерекшесі;
  • қаржылық есеп құрылымы бойынша ұсыныстар;
  • қаржылық есеп мазмұны бойынша минималды талаптар;
  • қаржылық есептің ХҚЕС-на сәйкестігіне ұсыныстар;
  • қаржылық есептің ХҚЕС-тан мүмкін ауытқулары бойынша ұсыныстар.

Әдістеме -латын тілінен аударғанда, қандайда ғылыми құбылыстарды зерттеу әдістер жалпыламалары.

«Әдіс» термині « бір нәрсеге жету жолы»қарағанда, әдістеме дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің нәтижелерінің функционалданушылық кешенді түрлі әдістермен зерттеу.

Әдістеме сөзі қоршаған ортадағы құбылыстардың өзгеру жүйесіндегі көзқарастың фундоменталдық концепциаларының негізінде құрылады.

Егерде ХҚЕС әдістемесіне келсек, ол қаржылық есеп берудегі ақпараттарды даярлауға негізделген. Ал мұның байланысы дүние жүзілік бухгалтерлік қоғамдықтың біліктілік деңгейде қызмет атқару үшін ХҚЕС қолдануы.

ХҚЕС-ң жалпы әдістемесі белгілі бір ережелермен жұмыс жасауды негіздесе, қаржылық есеп беру мақсаты ақпараттарды пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық есетің есеп ақпарат жүйесі субъектінің активтерінің, капиталдары мен міндеттемелерінің мәліметтеріне, сондай-ақ шаруашылық өміріндегі материалдық құндылықтардың қозғалысында, өндірілген өнімдер мен оны сатып өткізулерінде болған фактілерге сүйенеді. Бухгалтерлік ақпарат жүйесі сыртқы (қаржылық) және сытқы ішкі (басқару есебі) болып бөлінеді. Қаржылық есеп жөніндегі ақпараттар қаржылық есеп беру есебіне қажет ағымдағы шығыстар және ұйымның табыстары мен дебиторлық және крндиторлық қарыздардың көлемі туралы, қаржылық инвестицианың мөлшері мен одан алынатын табыстардың, қаржыландыру көздерінің т. б. жағдайларынан құралады. Қаржылық есепті барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер жүргізуге міндетті және оны ашық бұқаралық ақпарат құралдарында жариалап отырулары керек. Дер кезінде есеп жұмысының уақтылы және сапалы жүргізілуінін қамтамасыз ету қажет.

Ол үшін шаруашылықта болып жатқан өндіріс процессін және оның нәтижесін бейнелеу үшін бухгалтерлік есеп әдістері мен өлшеуіштерін білу керек.

Есеп әдістеріне жататындар: құжаттау, түгендеу, бағалау және калькуляциялау, екі жақты жазу және шоттар жүйесі, баланстық тәсіл және қорытынды қаржылық есеп. Ал жалпы есеп жұмысында қолданылатын өлшеуіштердің негізгі түрлері зат өлшеуіші, ақша өлшеуіші және еңбек өлшеуіштері қолданылады. Бухгалтерлік есептің мақсаттарын теориялық аспект бойынша есептің даму кезеңдерімен келесі тәртіппен көрсетуге болады:

  1. меншік иелерінің мүліктерінңің амандығын сақтау;
  2. ұйымдардың тиімді басқаруын қамтамасыз ететін бақылау құралы ретінде;
  3. қаржылық нәтижелерді есептеу, яғни шаруашылық операциалардың экономикалық және құқықтық салдарын анықтау;
  4. экономикасы дамыған шет елдерге тән бухгалтерлік есепті халық қайта бөлу құралы ретінде қарайды. Осы төртінші мақсатты жүзеге асыру үшін екі шартты жүзеге асыру керек:
  • экономикалық субъектілердің қаржылық есеп беру есебінің ашықтығы;
  • дамыған бағалы қағаздар нарығы.

ХҚЕС-тің әдістемесінің негізін «терминология» (лат. тілінен шектеу, шекара) түсінігі, яғни стандарттардың мағынасын ашу, пайдаланушылардың кезекті өзекті проблемаларын оңай жолдармен есеп кезінде қолдану. Атап айтқанда практика жүзіндегі стандарттарды жеңіл түрде қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясатын аудиттеу
Есеп саясатын қалыптастыру негіздері
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Есеп саясаты
Материалдық қорларды бағалау әдістері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Бухгалтерлік есептің «есеп саясаты және оны ашу» стандарты
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz