Топырақты сақтау шаралары


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Жер ресурстарына жалпы сипаттама.

І. 1. Жер қыртысының құрылысы және қасиеттері . . . 4

І. 2. Жер қойнауы және оның байлықтары . . . 6

ІІ. Топырақты сақтау шаралары

ІІ. 1. Қазақстанның топырағы және азуы немесе эрозиясы . . . 9

ІІ. 2. Жерді батпақтанудан және құмға айналудан сақтау . . . 11

ІІ. 3. Топырақты тұзданудан немесе уланудан қорғау . . . 13

ІІ. 4. Топырақты қалпына келтіру . . . 14

ІІІ. Қорытынды . . . 17

Әдебиеттер . . . 18

КІРІСПЕ

Біздің елімізде жерге деген қамқорлық туралы 1990 жылы Қазақстан Республикасының Негізгі заңында «Жер туралы» кодексі жерді ұқыпты және ұтымды пайдалануға және аздырмауға, тұздандырмауға, қалдықтармен, тыңайтқыштармен ластауға қатаң тәртібі белгіленген.

Содан бері қарай, жердің бүкіл халықтың меншігіне байланысты жерді күту, топырақтың құнарлығын арттыру егістік жерлерді орынды пайдалану, ауыспалы егіс танаптарын кеңінен қолдану, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды топыраққа көптеп сіңіру, егістік жерлерді қорғайтын орман алқаптарын отырғызу, жерді мелиорациялау, батпақты құрғату сияқты толып жатқан шаралар жүзеге асырылып келеді. Топырағы бүлінген жерді қайта қалпына келтіруді рекультивациялау деп атайды. Бұндайда шұңқырларды, үйінділерді тегістейді, жер бетіне қалыңдығын 25 - 70 см құнарлы топырақ төгеді де, түрлі өсімдіктер егуге қолайлы жағдай жасайды т. б.

Кейінгі кездерді батпақты, сортаң, құмды жерлерді игеріп кәдіге асыру жұмыстары да қолға алына бастады. Табиғаттың барын қорғап қана қоймай, іске аспай жатқанын пайдаға асыру - шын мәнісінде табиғатты байыту, халық дәулетін көбейту.

Топырақты ауыл шаруашылығы химиясы қалдықтарынан (пестицид) сақтау және металлургия, химия, мұнай өнеркәсіптерінің зиянды әсерінен құтқару - басты міндеттің бірі. Соңғы жылдардың мәліметі көрсетіп отырғандай, металлургия заводтарының газы, шахтылардың күкіртті сулары, мұнай өндірісінің қалдықтары, цемент заводтарының шаңдары, автомашиналардың улы газдары топырақтың сырты бетіне өзінің дағын салып қана қоймай, онда өсетін өсімдіктер мен дақылдардың өміріне қауіпсіз туғызады.

І. Жер ресурстарына жалпы сипаттама

I. 1 Жер қыртысының құрылысы. Жер қабықтары.

Жер Күн жүйесінде күнді айнала қозғалатын үшінші планета. Жер шамамен бұдан 4, 5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жердің бірнеше сыртқы қабықтары (сфералары) болады. Ең алдымен географиялық қабықтар: литосфера, гидросфера, биосфера және атмосфера. Олар бір мезгілде қалыптасқан және әрқашан өзара тығыз байланыста болатын қабықтар. Жер сфераларының ерекшіліктерін қарастырайық.

Географиялық қабық- бұл литосфераның үстіңгі бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера мен биосфера өзара жанасып, бір-біріне еніп жататын әрі өзара әрекеттесетін қабық.

Литосфера - мантияның жоғарғы қабаты мен жер қыртысынан тұрады. Жер қыртысының қалыңдығы мұхиттардың астында 5-10 км-ге, жазықтардың астында 35-45 км-ге, тау сілемдерінің астында 70 км-ге дейін тереңдікке кетеді.

Жер қыртысынан тереңге қарай 3000 км-лік мантия жайласқан.

1 - cуретте көрсетілгендей мантия ( грекше «мантион»- жамылғы) жер қыртысы мен ядроның ортасында жатыр.

1 - сурет.

Планетаның орталығында ядро бар. Оның жоғарғы шекара сы 2900 км терңдіктен басталады. Ядро темір (Fe) мен кремний (Si) қоспасынан түзілген деп болжайды. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ал ішкі бөлігі қатты күйде болады.

Жердің ішкі құрылысын зерттеуде бұрғылау әдісінің үлкен ролі бар. Қазіргі аса тщерең ұңғымалар 10-15 км тереңдікке кетеді, ал ол жер радиусының 0, 1 %-ын құрайды. Орта есеппен әрбір 100 м тереңдеген сайын температура +3 °С- ге артып отырады /1/.

Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

Минерал- тау жыныстарын құрайтын заттар. Тау жыныстары: гранит, құм, әктас, тұз, көмір, мұнай.

Жер бетінде 3000 шамасында түрлі минералдар, 7000 түрлі тау жыныстары бар. Жер қыртысы тау жыныстарынан түзілген. Олар милиондаған жылдар бұрын пайда болған. Бірақ қазіргі кезде жаңа жыныстар да түзілуде. Тау жыныстарынан тегіне қарай 3 категориясы бар: 1 - сызбада көрсетілген магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары.

Шөгінді тау жыныстары өсімдік, жануарлардың қалдықтары және әртүрлі жвыныстар менфрагменттерінен құралған. Олар құрлықтан желмен ұшып немесе сумен шайылып, теңіз түбіне шөгеді. Қабаттардың түзілуіне байланысты астыңғы бөлігінде жатқан жыныстар тығыздалып, біртіндеп қатты жыныстарға айналады.

1 - cызба

Метаморфты жыныстар - жоғары температуран. ың және қысымның әсерінен пайда болған жыныстар. Олар магмалық ошақтың жақын орналасуына байланысты қызады немесе жердің ішкі қабығының қозғалысынан қысылуы мүмкін. Бұл жағдайда кейбір жыныстар қатты күйге, кейбірі жұмсақ қабатқа айналады.

Магмалық жыныстар жер астындағы магма суып, қатты күйге айналғанда түзіледі. Егер бұл үрдіс жер астында болса, түзілген жыныстар интрузивті магмалық жыныстар деп аталады. Магма жанартау арқылы жер бетіне шығып қатса, пайда болған жыныстар экструзивті магмалық жыныстар деп аталады /2/.

Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.

Жер қыртысының қозғалысы: жер қыртысының көтерілуі мен жер қыртысының төмендеуінен тұрады. Жер қыртысы әрқашан қозғалыста болады. Бірі көтерілсе, бірі шөгеді. жер қыртысының қозғалысының түрі- тайу жасау қозғалысы. Бұл қозғалыста жер қыртыстарға майысуға таяу. Жер сілкіну - жер асты дүмпулері менжер бетінің тербелуі (2 - сурет) жер қыртысы мен жер мантиясының жоғарғы бөлігінің кенеттен жарылуы және жылжуы нәтижесінде пайда болады. Дүмпудің жер бетіне шығатын жері- эпицентр деп аталады. Жер сілкінісін сейсмографпен өлшейді. Жер сілкіну құбылыстарын сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну құбылыстары: жанартаулық, денудациялық, тектоникалық болып бөлінеді /3/.

2 - сурет.

I. 2 Жер қойнауы және оның байлықтары

Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір- бірімен араласып, құрамы мен үлес салмағы аздар « қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағыауырлар төмен түсіп орта қабатқа жиналған. Жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында өте тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км шамасындағы қабаты мантия деп атайды. Ғаламдардың болжауы бойынша мантия кремний, темір және магний тотықтарынын тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептелінеді.

Жер қойнауындағы пайдалы кендер 3 топқа бөлінеді.

  • жанатын пайдалы кендер- көмір, шымтезек, мұнай, газ, жанғыш тақта тас т. б.
  • металдық пайдалы кендер- темір, қалайы, қорғасын, мырыш, т. б. басқа да металл алатын рудалар. Бейруда пайдалы қазындылар- тау мен химия шикі заттары (гипс, минералды тұздар, күкірт, аппатит т. б. ) отқа төзімді материалдар ( талық, кварцит, отқа төзімді саз) .

Адамдар ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып, керегінежаратып келеді. Пайдалы кендер қазу мөлшері жыл сайын өсіп, қазір 125 миллиар тоннаға жетті, немесе бір адамға есептегенде 25 тоннадан келеді. Алғашында жер қойнауынан тек 4 металл: алтын, күміс, темір және мыс алынатын болса, осы күндері 200- ден астам шикізатпен отын түрлері қазылады.

Қазақстанның пайдалы қазбаларының орналасуының қысқа сипаттамасы төменгі кестеде көрсетілген.

2 - кесте.

Жанатын пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбалар
Кенсіз пайдалы қазбалар
Жанатын пайдалы қазбалар:

Мұнай және газ;

Доссор.

Жем.

Мақат.

Өзен.

Жетібай.

Қаражамбас.

Қаламқас.

Қарашығанақ.

Теңіз.

Кеңқияқ.

Жаңажол.

Көмір;

Қарағанды.

Екібастұз.

Майкүбі.

Торғайда

(Обаған)

Кенді пайдалы қазбалар:

Темір. Қашар, Соколов, Сарыбай, Лисаков, Кентөбе, Аят, Қаратас, Атансорда.

Марганец. Атасу, Жезді, Сарыарқада, Ұлытау, Қаратау, Маңғыстау.

Хром. Мұғалжарда, Хромтау Шығыс Қазақстан облысында.

Никель. Кемпірсай, Аққара, Ақтау, Никельтау.

Алюминий. Алюминийдің негізгі шикізаты - боксит. Торғай маңында (Амангелді торабы) Сары - арқаның солтүстік шығысында.

Мыс. Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөлде.

Алтын. Қалба жоталарында, Орталық қазақстанда (Степнияк, Ақсу)

Кенсіз пайдалы қазбалар:

Асбест. Жетіқара (Жезқазған), кенді қазба орындарында. Бөгетсай, Хантау, Шу - Іле тауларында.

Фосфорит. Қаратау (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас), Ақтөбе аудандарында.

Тұз. Каспий маңы ойпаттарындағы тұзды көлдер. Батыс - Сібір жазықтарында. Құрылыс материалдары Ақтас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа.

Мұнай, газ- Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20-25 млрд. Т. , 200-дей мұнай және газ кен орындары барланған. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2, 2 млрд. т, газ-2, 5 млрд құрап отыр.

Кенді пайдалы қазбалар

Темір - геологиялық қоры 17 млрд. т. оның 93% мөлшерін ірі кен орындары алады.

Хромит- хромит қоры бойынша Қазақстан әлемде 2-ші орында.

Марганец - баланстық қоры 400 млн. т. болжамдық қорлары 850-900 млн. т.

Мыс - ірі кен орындары Жезқазғанда, Жамантай мыс кенінің қоры 10 млн. т. асады.

Қорғасын- мырыш - 100-ден аса кен орындары бар.

Алюминий- шикізат ретінде ең көп тараған боксит болып табылады. 200 кен орны бар.

Сирек кездесетін металдар:

Молибден - Қазақстан әлемде молибден қоры жөнінен төртінші орын алады. Азия елдері арасынан бірінші орында. 84 кен орны бар.

Вольфрам - қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-ы 16 ірі кен орны шоғырланған.

Уран - 100-ден астам кен орны Қазақстанда шоғырланған. Солтүстік Қазақстанда 50 кен орны бар /3/.

3 - кесте.

Пайдалы қазбалар
Негізгі кеніштер
Пайдалы қазбалар: 1. жанатын п. қ. мұнай мен газ
Негізгі кеніштер: Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарында шоғырланған: Доссор, өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Теңіз және т. б. Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі
Пайдалы қазбалар:

2. кенді п. қ. темір

Марганец

Хром

Никель

Алюминий

Мыс

Түсті металл:

Қорғасын-

Мырыш

алтын

Негізгі кеніштер:

Қашар, Сакалов-Сарыбай кеніштері, Кентөбе, Қаратас, Атасор

Атасу, Жезді, Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Кемпірсай, Доң

Кемпірсай, Бұрақтал, Аққара

Ақмола, Торғай

Жезқазған, Балқаш,

Қоңырат, Бозшакөл

Кенді Алтай, Риддер, Зыриян, Текелі, Ащысай

Қалба жотасы, Жеті қара, Степняк, Ақсу, Майқайың

Пайдалы қазбалар:

3. Кенсіз п. қ.

Асбест

Фосфарит

тұз

Негізгі кеніштер: Жетіқара, Жезқазған, Шу-Іле таулары, Хан-тау Шолақтау, Ақсай, Жақатас, Каспий маңы ойпаты, Арал

II. Топырақты сақтау шаралары

  1. Қазақстанның топырағы және азуы немесе эрозиясы

Топырақ- табиғат компоненттерінің бірі.

Топырақты құрайтын факторлар 2- сызбада көрсетілген.

2- сызба

Топырақтың механикалық құрамы: құмды, құмдауытты, саздауытты т. б. құрылымды топырақ- құрылымы кесек топырақ. Түйіршіктері ұсақ топырақты- құрылымы жоқ топырақ деп атаймыз.

Аумағы бойынша табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және т. б. факторларға байланысты қалыптасады. әрбір табиғат зонасы өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдігі және жануарлар дүниесімен ерекшелінеді. Қазақстан аумағында солтүстіктен-оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге табиғат зоналарында топырақ, өсімдік жамылғылары батыстан шығысқа қарай өзгереді. Олай өзгерулері климат континенттігінің күшеюіне байланысты. Биік таулы аудандарда зоналардың ауысуы биіктік белдікке байланысты.

3- суретте Қазақстанда кездесетін топырақ түрлері бейнеленген.

3-сурет

Қазақстанның топырағы . 1. Орманның сұр және шалғынды дала топырағы. 2. Жай қара топырақ. 3. Оңтүстік қара топырақ. 4. Күңгірт қара-қоңыр топырақ 5. Жай қара -қоңыр топырақ. 6. Ашық қара қоңыр топырақ. 7. Қоңыр топырақ. 8. Сұр қоңыр топырақ. 9. Таулы аймақ /2/.

Топырақтың азауы немесе эрозиясы (erasio - латынша - төзу, шіру) .

Топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабаты желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус - қарашіріктер) азайғаннан кейін жер азып, өнім бермейтін халге түседі. Бұл апаттың қанша қауіпті екенін түсіну үшін осы күнге дейін істен шыққан жерлердің оннан тоғыз бөлігі осы себебпен болғанын ескерген жөн.

АҚШ - тың 300 миллион, Ресейдің 100 миллион жуық жерлері топырақ эрозиясынан кейін жарамсыз болып қалды. Мадагаскар елінің 58 миллион гектар жерінің тек 5 миллионында ғана өсімдіктер бар.

Қазақстанның Солтүстік және Батыс аудандарында 8 миллион гектар эрозияланған, немесе эрозия қаупі бар жерлер қатарына жатады.

М. М. Шевцовтың мәліметтері бойынша құнарлы топырақты жермен салыстырғанда аза бастаған жерлер 10 - 15, орташа азған жерлер 20 - 40, толықтай азған жерлер 50 - 60 пайызға дейін өнімді аз беретін көрінеді.

Жердің азуы негізінен адамдарға тікелей байланысты, олай болса оны аздырмауда адамның қолында.

Орманды жерде топырақ эрозиясы болмайды. Ағаштан, шөптен айырылған жер аза бастайды. Егістік жерлерде өсімдіктерді ауыстырмай үнемі бір түрін, мысалы жүгеріні, өсіре берсе 10 - 15 жылдан кейін жер аза бастайды. Шөпсіз ашық топырақ 2 - 3 нөсер жауыннан кейін жуылып кетеді де, оны табиғи жолмен қалпына келтіруге 2 - 7 мың жыл уақыт қажет болады.

Топырақ эрозиясы 2 түрлі болады. Біріншісі - секунтына 18 - 20 метр жылдамдықпен қатты жел үргенде ұсақ топырақ ауаға көтеріліп жүздеген километрге ұшып кетеді. Мынадай жел топырақтың 15 - 20 сантиметрге дейін, кейде бар құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Желдің жылдамдығы секунтына 5 - 6 метр болса, онда жергілікті топырақ эрозиясы болып, құнарлы қабат 5 см көтеріліп 5 - 6 км қашықтыққа ұшып жатады. Екіншісі - күшті нөсер жауын жауғанда, қар күрт еріп, өзен тасқындары, немесе тауда жиналған сулар төмен құлап сел болғанда топырақтың құнарлы қабаты жуылып, сай - сала мен жыралар пайда болады.

Мысалы, 1921 жылы таудан сел жүргенде Алматыны 4 сағат ішінде құм, тас, саз балшық араласқан лай су басып, көптеген үйлер қирап, кісі өлімі болды. 70 - ші жылдары Медеуде салынған бөгет қаланы 2 рет сел тасқынынан қорғап қалды.

Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер бетінің ерекшелігін, ауа райының жағдайын, эрозиялық құбылыстардың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолдану қажет:

- ұйымдастыру шаралары - топырақтың ерекшелігін ескеріп, егістіктерді айналмалы жүйе бойынша орналастыру, жерді топырақтың түріне сәйкес әдіспен жырту, топырақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу, мал жайылатын өрістерді дұрыс пайдалану.

- агротехникалық шаралар - топырақта қоректік заттар, су, ауа, жылу жеткілікті мерзімде егін егу, өсімдіктердің өсуіне және жоғарғы өнім беруіне қолайлы жағдай (тыңайтқыш төгу, арам шөпті отау, зиянкестермен күресу т. б. ) жасау.

- топырақ дымқыл болу үшін қар мен жауын суы жерге жақсы сіңу үшін жыртылған жердің тереңдігі үлкен әсер етеді. 20 см - ге дейін аз тереңдік, 20 - 22 см - ге дейін орташа тереңдік, 25 см - ден көп болса өте терең болып есептеледі.

Біздің жағдайда жердің қыртысын аудармай жырту, қалдық шөп тамырларын көлденең кесу пайдалы.

- топырақ қорғайтын егістік айналымы. Мұны тау баурайындағы топырақты орташа және өте көп азған жерлері қорғау үшін қолданылады. Егістік айналымы алқаптарын негізінен көп жылдық шөптер мен қатар егілген дақылдар алады, қара пар қалдырмайды және оталмалы дақылдар егпейді.

- тыңайтқыштар қолдану. Эрозияға ұшыраған жерде топырақтың құнарлы қабаты жұқа, қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор, жеткіліксіз болғандықтан тыңайтқыштар қолдану мөлшерін 20, 30 немесе 50 пайызға дейін көбейту керек.

- егістік жерлердің айналасына ағаштар отырғызу. Ағаш отырғызғанда егістік жерлерде жел азаяды, топыраққа ылғал көп сақталады. Сөйтіп өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасалады.

Егістік өңірді қоршаған 3 - 5 қатарлы, ені 10 - 15 метрге жететін алқапта ағаш өсіру өте пайдалы.

- гидротехникалық шаралар. Топырақ бетін ағын сулар жуу үшін ағымды тежеп, оның жылдамдығын азайту керек. Ағыстың бағытын бұру, немесе шашыратып жіберу үшін су жолдарын сайларға кедергі ретінде гидротехникалық құрылыстар салып, каналдың, сайдың түбіне, су құятын жерлерге бетон немесе тас төсейді /4/.

2. 2. Жерді батпақтанудан және құмға айналудан сақтау

Дүние жүзінде жыл сайын 50 - 60 мың км 2 жер шөл далаға айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 миллион км 2 жетті.

Соңғы 10 - 15 жылда, әсіресе Африка мен Азия құрлығында басқа да қуаң далада жерді құм басу процессі ұлғайып кетті.

Қазақстан жерін құм басуда көңіл бөлуге тұрарлық мәселе. Көптеген жерлердің жыртылуына байланысты және әскерлер 20 миллион гектардан астам шабындықтар мен жайылымдарды алып қойғандықтан қалған жайылымдарға ауыртпалық көбейіп кетті. Бір жерге ондаған жылдар бойы мал жайылып бар шөпті жеп, қалғаннын таптап, жайылымдар тозады. Демалыс болмағандықтан олар өздігінен қалпына келе алмай өсімдіктер азайып, топырақ құмға айналып барады. Әсіресе негізгі мал өрісі болып табылатын Нарын, Қызылқұм, Қарақұм, Үстүріт, Сарыарқа жайылымдарының қалі өте ауыр. Жер азды, жайылым тозды деген хабарға ---ашыған, оны түзетуге ұмтылған кісі көрінбейді, көріне қалса да мардымсыз.

Жерді құм басудан қорғау жолдары топырақты шаң - тозаңға айналып, ұшуын тоқтату, ол үшін ағаш отырғызып, бұталар мен жартылай бұталар (жүзгін, бұта таспалар, теріскен) және қияқ жусан сияқты көп жылдық шөптер егу болып табылады.

Қамыстан, құм сұлысынан биіктігі 0, 5 - 0, 8 см баулар байлап, оларды түрден жүрген ізге арасы 2 - 8 м қашықтыққа қойып, сабанмен, бұтақтардан жасалған жапқышпен жер бетін жауып, құмның жылжуын тоқтатуға болады.

Құмға түйе бұршақ, құмаршық, құм сұлысын, қияқ, жоңышқа т. б. құрғақшылыққа төзімді шөптер, бұталар, ағаштар егуге болады.

Днепр өзенінің төменгі сағасында көлемі 200 мың гектар Алешин құмын осылай тоқтатқан болатын. Жыл сайын 8 мың гектар ағашпен бұта отырғызып, қазір онда қара бидай, қарбыз, шабдалы жүзім т. б. өсімдіктер өсіруде.

Егер жауын - шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болса, онда жер батпақтана бастайды.

Батпақты жерлер Беларусияда, Украйнада, Балтық жағалауындағы елдерде Ресейдің Батыс - Сібір және Мицер ойпаттарында, қара топырақты емес аудандардың өзен сағаларында көп кездеседі. Бұл жерлерді пайдалану үшін артық қазып, суын ағызып құрғату, басқа да агротехникалық шаралар жүргізу қажет.

Көптеген өзендер батпақтардан басталады, жерасты суларда солардың есебінен толығады, ластанған жауын сулары да осында тазарады.

Сондықтан бастапқы құрғатымсыз деп жүріп су қорларын сақтауға олардың үлкен маңызы бар кенін ұмытпаған да дұрыс.

Батпақты орынсыз құрғату жерасты сулардың қоры азаюына, өзен мен көлдердің тартылуына, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеліп соғады. Батпақты құрғатпас бұрын болашақта кездесетін экологиялық зардаптарды жақсылап есептеп, оларды болдырмау жолдарын қарастырған жөн /4/.

2. 3. Топырақты тұзданудан немесе уланудан қорғау

Топырақтың тұздануы және шөлейт өлкеде, құрғақ далада жиі кездеседі. Топырақтың тұздану үшін жауын - шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан аз болса жетіп жатыр.

Топырақтың тұздану себебі - егістік алқаптарда көп жыл бойы көлдеп суару. Бас кезінде топырақтағы тұздар сумен төмен қарай кетіп, жер тұщыланып, өнім көбейеді. Бірақ бірнеше жыл өткен соң жағдай өзгеріп, булану көбейген сайын жер асты суларының деңгейі көтеріліп, онымен бірге тұздар да жер бетіне шығып жазда жауған қар сияқты аппақ болып жатады.

Топырақтағы тұз 1 пайызға көбейгенде, өнім 30 - 35 пайызға азайып, 2 - 3 пайызға көбейсе - өсімдіктер өмір сүре алмайды.

Пәкістан, Парсы, Сирия елдерінде жерлердің 70 пайызы Мысырда үштен бір бөлігі тұзданып істен шыққан.

Оңтүстік Қазақстан обылысындағы «Мақтаарал» совхозында 2-- жылда жерасты сулар 5, 2 метр тереңдіктен 1, 8 метрге дейін көтеріліп, егістік жерлері екінші рет тұзданып кеткен. Тұзды азайту үшін қыс айларында егістік жерлері өңірге көлдетіп су жайып жер бетін жауып, жерасты суларды сорғыштармен сорып деңгейін төмендетуге мәжібүр болды. Әрине егісітік бетіне көлдетіп су жайу немесе арықпен суару жетістік емес. Онанда жауын сияқты бүрку немесе тесік құбырлармен өсімдік тамырына суды тамшы түріне жеткізу т. б. жаңа әдістерді қолдану арқылы топырақты тұзданудан сақтауға, суды үнемі жұмсауға, өнімді көп алуға болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық жерлерін және суды қорғау
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Агроэкология. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы
Топырақ туралы мәлміет
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет
Капустаға сипаттама
Көпжылдық шөптер
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Тамыр және түйнек жемістілердің зиянкестері
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz