Кодификация (сұрыптау) және инкорпорация (реттестіру) құқықтық нормаларды жүйеге келтірудің негізгі жолдары


Жоспар:
КІРІСПЕ . . . 3
І. ҚАЛЫПТЫ - ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.
- Жүйелеу ұғымы . . . 4
- Әлемдік тәжірибедегі құқықтық нормаларды жүйелеу . . . 7
- Құқық жүйесінің элементтері . . . 9
- Құқық салалары және олардың институттары . . . 12
ІІ. КОДИФИКАЦИЯ МЕН ИНКОРПОРАЦИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ.
2. 1. Кодификация ұғымы және оның қолданылуы . . . 15
2. 2. Инкорпорация туралы түсінік . . . 20
2. 3. Инкорпорация түрлері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
Кіріспе.
Еліміз егемендігін алып, өз тізгінін өз қолына алғалы бері жаңадан көптеген заңдар қабылданғаны белгілі. Соған байланысты Қазақстан заңдарын ретке түсіріп, жүйелеу қажеттігі туындап отыр. Келешекте Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын басып шығару аса өзекті міндет, ол «кодекстердің кодексі» іспетті қағидаттың негізінде құрылуы тиіс.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады. Заң - ерекше жағдайда заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды.
Құқық жүйесі нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдалақ жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты - бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта - сыйға тарту, сатып алу-сату институты, коституциялық құқықта - азаматтық институты. Құқық саласы - бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы, бұл тақырыпты болашақта жұмыс жасау барысында қолдану.
Жұмыстың негізгі мақсаты: кодификация мен инкорпорация ұғымы құқықтық нормалардың жасалуының негізгі жолдарын анықтап көрсету.
Осы көздеген мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылады:
-жүйелеу ұғымы;
-әлемдік тәжірибедегі құқықтық нормаларды жүйелеу;
- құқық жүйесінің элементтері;
-құқық салалары және олардың институттары.
-кодификация ұғымы және оның қолданылуы;
- Инкорпорация туралы түсінік;
-Инкорпорация түрлері.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Қалыпты-құқықтық актілерді жүйелеу ұғымы мен түрлері.
- Жүйелеу ұғымы.
Саясатта, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуде орныққан жаңаша ойлау үрдісі заң шығаруда да қажет.
Әлеуметтік жаңарудың жоғары қарқыны, Республиканың күрделі халық шаруашылығы кешенін басқару жөніндегі тың да ауқымды міндеттер, өмірдің барлық саласында қоғамдық қатынастардың дамуы заңдардың икемділігін, бүгінгі күннің талаптарына мейлінше сай келуін талап етеді. Заңдарды ұдайы жетілдіріп отыру - елімізде олардың мәні мен беделін көтерудің, қоғамдық өмірдің барлық саласында нақты да қатаң құқықтық ережелерді енгізудің көрсеткіші. Заң шығару саласындағы қайта құру ең алдымен осыдан көрінеді, оның мақсаты - тиімді қалыпты-құқықтық амал, сондай-ақ оны әрбір адама пайдалана алатындай мүмкіндік жасау.
Мұндай қажеттілік қазіргі кезде заңдардың жай-күйі мемлекет алдында тұрған міндеттерге әлі де толық жауап бермейтінінен туындайды. Әрине, құқық оның төңірегіндегі қоғамдық қатынастарға қарағанда өзгеріске түсуге енжар, қасаң. Оған тән қасиет - тұрақтылық, мызғымау. Құқықтық былық пен ұрыншақтықтан тек осылай ғана ада тұруға болады. Алайда, заңдар қоғамдық қатынастардың дамуына қолдау көрсетуге міндетті де. Осы қарама-қайшылықты жеңудің жолы қалай десек, тежеушіге айналған ескіні өшіре отырып, уақыттан озып та кетпеу керек екен.
Республика заңдарын реттеуге кірісе отырып, мынадай ең басты сұраққа жауап табуға тура келеді: жаңа көзқарасты қандай жолмен жүзеге асырған дұрыс? Бұл мәселеге айрықша қадалудың мәнісі сол - заңдарды «жөндеп қоя салумен» шектелген жөн, осылай болғанда түсініктірек, бұрын да солай жасалып келген деген сияқты пікірлер бар.
Қоғамды қайта құру барысының әртүрлі кезеңінде бір мәселе бойынша қабылданған актілер әртүрлі заңда қатар жүр. Көптеген актілер ескірді, тіпті бір-біріне қайшы келеді. Заңдар және басқа да қалыпты актілерде кәсіпорындар мен ұйымдардың ынтасын тұсайтын орынсызшектеулер, әрі ұсақ түйек реттеушілік аз емес. Барлық дерлік министрлік пен ведомствоны заң шығаруға деген әуестік жайлап алды. Шаруашылықтағы шалағайлардың себебін әркім заңнан іздеп бақты, орнын соның күшімен толтыруға ұмтылды. Құқықтық қалыптар үсті-үстіне қабылданды. Оның үстіне, қалыпты-құқықтық актілер заңдардай емес, тез өзгеріске бейім. Жаңадан қабылданған заң, Президент актісі және өзге де құқықтық құжат қолданылып жүрген актілерге өзгерістер жасамай тұрмайды. Олардың бірі жаңа нұсқаулармен толықтырлыса, енді бірі өзгертіледі, ал үшінші бірінің күші толық немесе ішінара жойылады. Заңдарымызда бірқатар олқылық орын алып жатқанымен, қалыпты актілерден көптеген қайталауды аңғаруға болады.
Бұрынғы одақтас Республикалар дербес тәуелсіз мемлекеттерге айналуына, халық басқарудың қайта құрылуына және мемлекеттік аппарат құрылымында болған өзгерістерге байланысты актілерде қазіргі кезде жойылып кеткен министрліктерге, мемлекеттік комиттер мен ведомстволарға сілтеме жасайтын көптеген нұсқауды тіпті басқа органдар орындайтын жағдай қалыптасты. Заңдардың мұндай жай-күйі оны қолдануды қиындатады, заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту міндеттеріне жауап бере бермейді. Түптеп келгенде оны өмірдің түрлі саласында қолданудың тиімділігін көтеруге кері әсер етеді, қоғамдық қатынастарды демократияландыру бағытымен қабыспайды, ол нұсқаулар басқарудың жаңа органдарына жүре ме және нақ қайсысына жүреді, құқықтық мұрагерлік мәселелері олар жөнінде қалай шешіледі әрі қаншалықты құқықтық көлемде деген сияқты сан сұрақ туғызады.
Аталған кемшіліктерді жою үшін біздің бүкіл тәжірибеміз, басқа шет мемлекеттердегі оң тәжірибелер пайдаланылуы тиіс.
Қазіргі заң ғылымы қалыпты актілерді жүйеге келтіру жұмысымен ұдайы айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға және қызметкерлерге екі міндетті шешуде: біріншіден, актілерді басып шығаруға әзірлеуге, екіншіден, қоғамдық қатынастардың сан түрін құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне сай олардың түзілген жүйесін жасауға, бұл қалыптардың қажетті байланысын, бағыныстылығы мен үйлесімін орнатуға көмекке келуі тиіс. Жүйелеу, ең алдымен екінші міндетті шешуге бағытталған, бұл орайда, жүйелеу кезінде қолданлып жүрген қалыптарды ретке келтіру (күші жойылған жекелей баптарды, тармақтарды, абзацтарды мәтіннен алып тастау және керісінше оған кейінгі барлық өзгерістерді, толықтыруларды осындай өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген актілер деректерін көрсете отырып енгізу; актіден қалыпты нұсқаулар жоқ бөліктерін алып тастау, мәтінде мұндай бөліктердің болмау себептері туралы белгілер жасау; қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мәліметтерді алып тастау, қолданылып жүрген актілерді заңдардың салалары бойынша бөлу) ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі кодекстер, ережелер, жарғылар және т. б. жасау) жүзеге асырылатыны есте болуы керек. Мұндай сипаттағы қызмет қалыпты құқықтық актілерді жүйелеу ұғымын қамтиды.
Демек, «заңдарды жүйелеу» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Бір жағынан бұл ұғым заңдарды ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни заңдарды белгілі бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтары мен жинақтарын шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты қалыпты материалды тәртіптеуге, яғни сұрыптауға бөлу заң әдебиетінде кеңінен мәлім әрі сырт кейіпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтаушы, сондай-ақ белгілі бір өзгертулерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты актілерді басып шығаруды білдіреді. Сонымен қатар, құқық теориясында заңдарды жүйелеудің әлдеқайда тар әрі арнайы ұғымы, атап айтқанда тек қана реттестіру белгілі. Ғылым мен тәжірибеде «заңдарды сұрыптау және жүйелеу» деген тіркес қолданылады, бұл әрі орынды да. Өйткені реттестіру барысында қолданылып жүрген қалыпты актілер мен жекелеген нұсқаулар нақ жүйеге түсіп, белгілі бір ішкі үйлесіммен орналасады.
Қалыпты-құқықтық актілерді жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. Қалыпты-құқықтық актілердің оңтайлығына, олармен халықтың қалың бұқарасының, қоғамдағы белсенділердің таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтың санасын өрістетуде, азаматтардың өз заңды құқықтарын пайдалануын және заңдық міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуде, сондай-ақ қалыпты-құқықтық актілерді есепке алу үшін жүйелеудің маңызы зор. Сөйтіп, қалыпты-құқықтық актілер демократияны дамыту мен жетілдіруге, заңдылықты, мемлекеттік және қоғамдық өмірді нығайтуға ықпал етеді. Жүйелеу заң шығару қызметінде де кең қолданыс тапқан.
Қазіргі құқық тәжірибесінде қалыпты-құқықтық актілерді жүйелеудің үш тәсілі қоладыналды: заңдар мен өзге де қалыпты актілердің түрлі ыңғайдағы жинақтарын шығару; бір немес бірнеше өзара байланысты мәселелер бойынша ұсақ-түйек актілерді мәніне қарай бір ірі актіге біріктіріп шығару; жаңа акт қолданылып жүрген құқық қалыптарын өңдеу, сондай-ақ оларды тың қалыптық нұсқаулармен толықтыру арқылы кодекс немесе өзінің заңдық сапасы жағынан кодекске жақын өзге акт жасау.
Қалыпты актілерді жүйелеудің аталған тәсілдерін орай оның үш түрі бар: сұрыптау (кодификация), реттестіру (инкорпорация) және топтастыру (консолидация) .
- Әлемдік тәжірибедегі құқықтық нормаларды жүйелеу.
Әлемдік тәжірибеде қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің әр түрі қолданылады. Атап айтқанда, Францияда 1804жылы, Германияда - 1896жылы, Швейцарияда 1881-1907жылдары азаматтық кодекстер қабылданды. ХІХ ғасырдың ішінде Еуропа құрлығының көптеген елінде басқа кодектер дүниеге келді. Еуропада және одан да тысқары талай мемелекетте құқық қағидаттарының орнығуына айтарлықтай ықпал еткен француздық сұрыптаудың, әсіресе азаматтық кодекстің (Наполеон кодексінің) орны ерекше болды.
1911жылы төңкерістен кейін Қытайда сұрыптау жұмысы қауырт жүрді. Азаматтық және сауда құқықтарын қоса қамтыған азаматтық кодекс 1929-1931жылдары, азаматтық іс жүргізу кодексі 1932жылы, жер кодексі 1930жылы күшіне енді.
Қазіргі кезде де Қытайда шаруашылық реформасы белсенді жүргізілуде: көп укладты экономика орнығып, кәсіпорындардың дербестігі артып жатыр, шетелдік қаржы кеңінен тартылуда. Жүргізіліп жатқан реформа ірі заң шығару жұмысын талап етті. Соңғы жылдары азаматтық кодекстің жалпы ережелері, азаматтық іс жүргізу кодексі, шетелдік капиталға негізделген кәсіпорындар туралы заң, шаруашылық шарты туралы заң және т. б. қабылданды. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары жаңаланды.
Англияда заңдардың көптігі оларды жүйелеу мәселесін күн тәртібіне қойды. Заңдарды ескірген, іс жүзінде әрекет етпейтін актілерден тазарту, сондай-ақ осы мәселеге қатысты қалыптық ережелерді біріктіру, бірнеше заңнан бір акт жасау жөніндегі Жұмыс ХІХ ғасырдың соңынан бастап Англияда қолға алынып, қазірге дейін жалғасып отыр. Заңдарды топтастыру туралы арнайы акт қабылданған.
АҚШ заңдарында ағылшын құқығында кездеспейтін кодекстер аз емес. Бірнеше штатта азаматтық кодекстер, 25штатта азаматтық іс жүргізу кодекстері, барлық штатта қылмыстық, кейбіреулерінде қылмыстық іс жүргізу кодекстері жұмыс істейді.
Құқықтың мейілінше бірізділігі қажет салаларында оларды белгілеу үшін штаттарға арналған бірыңғай үлгі деп аталатын заңдар мен кодекстер АҚШ-та сұрыптаудың айрықша түрі болып отыр. Мұндай заңдар мен кодекстердің жобаларын әзірлеуді барлық штат өкілдерінің Жалпыұлттық комиссиясы Америка құқықтық институты және Америка адвокаттар бірлестігімен қосылып жүзеге асырады. Жоба штататтың заңына айналуы үшін оны штат ресми түрде бекітуі керек.
Осындай кодекстердің ішіндегі бастапқысы әрі айрықша мәлімі 400баптан тұратын Сауда кодексі. Алғаш рет ол 1952жылы жасалып, содан соң 1958 және 1962жылдары қайта қаралған. Кодекс қазір барлық штатта қабылданды. Сондай-ақ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және дәлелдеу құқығы бойынша үлгі кодекстер жасалған. Алайда, бұл ретте АҚШ-та заңдарды қолдану оны түсінудің сот тәжірибесіне байланысты болатынын, сондықтан да үлгі заңдар немесе кодекстер сот тәжірибесінде барлық жерде бірдей түсінілетінене кепілдік жоқ екенін ұмытпау керек.
АҚШ-та заңдар санының ұдайы өсуі оларды жүйелеуде, пайдалануда және қолдануда ыңғайлы болу үшін тәртіпке келтіру туралы мәселені өткір қойып отыр. Федералды заңда мен штатта заңдарын қамтыған бірқатар ресми және жекеше жинақтар бар. Мысалы, федерацияны қолданып жүрген заңдарының жүйеленген жиынтықтығын білдіретін АҚШ заңдарының кодексі деп аталатын кодекс жасалған.
Қазіргі алыс шет елдердің көпшілігінде заңдар жинақтары үлгісінде заңдарының ресми жүйеленген жиынтықтары яғни қолданылып жүрген заңдарының барлығының немесе басым бөлігін қамтыған жиынтықтар жоқ. Бұл түрлі себептермен атап айтқанда елде кодекстерге жақсы жүйеленген және басқа да актілерге топтастырылған салалық заңдардың болуы ресми де бейресми де сияқты заңдарды жүйелеудің өзге де кең тараған түрлерінің болуы, сондай-ақ елде қолданылып жүрген заңдары әмбебаб тәртіпке келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізудің күрделілігі және қымбаттығымен түсіндіріледі, әрі бұл шаралар айрықша жағдайлардың қысымымен ғана қолған алынады: заңдардың бет-бетімен кетуі онда бір-біріне қайшы келетін әртүрлі тарихиастарлардың болуы, заңдарды оның негізгі салалары мен тетіктері бойынша жүйелеудің болмауы немесе нашар дамуы және т. б.
Сперанский заманында «заңдар жиынтығы» деген термин қолданылып жүрген және күші жойылған да қалыпты актілер енгізілген. Ресей империясы заңдарының хронологиялық жиынтығын білдіреді. Сонымен қатар бұл термин сол кезде де, қазіргі уақытта да заңдылықтың ағымдағы ресми жарияланғандығын білдіру үшін қолданылып келеді. Көптеген елде ай сайынғы және т. б. дәптерлер, бір жыл ішіндегі актілердің осындай жиынтық басылымдары біртомға біріктіріліп, жалпы көрсеткіштері көрсетіліп, сөйтіп осы түрінде тиісті мемлекет заңдары хронологиялық жиынтығының кезекті томы болып шығады. Алайда, қазір көріп жүргеніміздей, «жиынтық» терминімен заңдардың пәндік басылымдары - заңдардың жүйелі жиынтықтары, қолданылып жүрген заңдар жинақтары аталады.
1. 3. Құқық жүйесінің элементтері.
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.
Құқық жүйесі - бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі - нормалар, институттар.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
• құқық жүйесі - бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары) ;
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері - бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.
Құқық жүйесінің элементтері:
-құқықтық нормалар;
-құқықтық сана-сезім;
-құқықтық қатынастар.
Құқық нормаларының жүйесі - бұл олардың онда құқықтың нормалары өз ара келісілген, бір-бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірлікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жүйесінің белгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрде автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: - бөлек құқықтық нормалар; - құқықтық институттар; - құқықтың тәуелді салалары; - құқық салалалары.
Жеке құқыққа мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық, авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке құқық - бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нәрсе. Жеке қатынастар бұл - өзара бағыну емес келісімді қатынастар. Жеке құқықтық қатынастар сипатталады: - құқықтық қатынас тараптарының теңдігімен; - құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен және дербестілігімен; - өзара субъективтік құқықтармен және міндеттермен. Жеке құқықтық қатынастардың заң және сот алдында тең және бір-бірі алдында ешқандай артықшылыққа ие емес. Жеке құқықта «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген қағидат іске асады.
Мемлекеттің, мемлекеттік ұйымдардың қызметі, азаматтардың мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік органдардың өздері арасындағы қатынастар - жария құқық саласы.
Жария құқық бұл - жария-құқықтық саладағы мемлекеттік қызметті реттейтін құқықтық нормалар. Онымен реттелетін қатынастарда мемлекеттік мүдде көрініс табады. Ол көлденең емес - тік, яғни бағыныстылық қатынастарын реттейді. Жария құқық саласында «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген емес, «құқық соған жол беретін ғана рұқсат етілген» деген қағидат іске асуы тиіс.
Материалдық құқыққа конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық жатады, ал құқықтың іс жүргізушілік салаларының тобын қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу құқығы құрайды. Материалдық құқық нормаларының құқықтық реттеу нысанасы болып қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен байланысты қоғамдық қатынастар келеді, ал іс жүргізушілік құқық нормалары материалдық құқық нормаларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Іс жүргізушілік құқығы нормаларының басты ерекшелігі бұл олардың рәсімділік мінезі.
Құқықтық жүйелеу - бұл құқықтық нормативтік актілердің реттелуіне бағытталған қызмет.
Құқықтық жүйелеу :
- Нормативтік актілердің дұрыс анықталуына және қолданылуы үшін;
- Заңнаманың дамуы мен жетілдірілуі үшін;
- Құқықтық сананың қалыптасуы үшін қажет.
1. 4. Құқық салалары және олардың институттары.
Құқық саласы, бұл - қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келетін құқықтық жүйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz