Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы

1. Халықаралық экономика

2. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен рөлі

3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері

4. Бүкіләлемдік сауда ұйымы

  1. Халықаралық экономика

«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі - бұл тауарлар мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.

Халықаралық экономика теорияларының белсенді түрде қалыптасуы халықаралық экономикалық қатынастардың және әлемдік экономиканың жедел дамуы барысында жүзеге асады. «Халықаралық экономика» термині ХХ-ғасырдың 90-жылдарынан бастап қана кең түрде қолданыла бастады. Алғашында халықаралық экономиканы зерделеуге деген қызығушылық 1960 жылдары халықаралық бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол айрықша пән ретінде АҚШ-ның мектептерінде алғаш рет оқытыла бастады.

Дербес теориялық пән ретінде хлықаралық экономика бүкіл ХХ ғасыр бойында, яғни хлықаралық экономикалық қатынастар саласындағы білімдерді жинақтау мен жүйелендіруге байланысты қалыптаса бастады. Оның қалыптасуы мен дамуына едәуір үлесті ХVIII-ХІХ ғасырлардағы экономикалық ғылымның классиктері А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Миль, А. Маршал қосқан еді. Одан ертерек кезеңде, яғни ХVI-ХІХ ғасырларда меркантилизм мектебі шеңберінде халықаралық сауда және елдің төлем балансына қатысты көзқарастар алғаш рет айтылған еді. Бірақ та ХХ ғасырдағы Э. Хекшер, Б. Олин, Ф. Эджуорт, Г. Хаберлер, Д. Мид, ДЖ. М. Кейнс, В. Леонтьев, П. Кругман, Р. Вернон, М. Портер, П. Самуэльсон, С. Линдер, Б. Балласса сияқты экономист ғалымдардың идеялары мен концепциялары өте маңызды мәнге ие болды. Олар халықаралық экономиканың қазіргі кездегі теорияларының негізін құрады.

Халықаралық экономика - халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы, қаржыландырылуы, халықаралық экономикалық саясаттарының және шаруашылық субъектілерінің өзара байланысын зерттейтін нарықтық экономика теориясының бір бөлімі.

Халықаралық экономиканың құрылымы төмендегідей формалардан тұрады:

  • Ұлттық микродеңгейде - сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу (тарифтік, тарифтік емес әдістер), өндіріс факторлар қозғалысын мемлекеттік реттеу (капиталдың, жұмыс күшінің, технологияның экспорты-импорты) ;
  • Ұлттық макродеңгейде - мемлекеттік валюталық, қаржылық реттеу және ашық экономиканы мемлекеттік макроэкономикалық бағдарламалау.
  • Мемлекеттердің экономикалық саясаты және экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмі
  • Халықаралық сауда (тауар және қызметтер)
  • Халықаралық сауданың қаржылық құралдары (валюта, құнды қағаздар, несиелер, дериваттар), халықаралық есеп айырысу
  • Халықаралық экономикалық, қаржылық ұйымдар арқылы халықаралық экономиканы реттеу және бақылау

Қызмет жағынан халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.

ХХ ғасырдың аяғына дейін халықаралық экономиканың басты формасы болып келді, ал қазіргі заманда жетекші рольді әртүрлі халықаралық қаржылық операциялар атқаруда.

Халықаралық экономика қалыптасуда әртүрлі тарихи кезеңдерден өтті. 20-30 жылдардағы терең экономикалық дағдарыс, 2-ші дүниежүзілік соғыс дүниежүзілік шаруашылықтың балансын ыдыратып, сонымен бірге экономиканың өсуіне, қатаюына, жетілуіне алғы шарттарды жасауға мүмкіндік туғызды.

ХХ ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылықтың тұрақты дамуы ұлттық экономикалардың бір-біріне байланысты және тәуелді екенін айқындады, сондықтан халықаралық экономиканың туындауы сөзсіз қажеттілікке айналды.

2. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен рөлі

Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған. «Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды.

«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді. Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады. АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған.

77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. 1992 жылы оның 179 мүшесі болды және олар алғашында 4 топтарға бөлінді:
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;

Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;

В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;

Г тобы: социалистік елдер.

Қытай Халық Республикасы ерекше орын алады.
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды. Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.

ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге бағытталған: халықаралық саудаға жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін негізгі жағдайлар мен нұсқауларды жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.

ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева) ; II- 1968 жылы (Жаңа Дели) ; III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили) ; IV-1976 жылы (Найроби, Кения) ; V-1979 жылы (Манила) ; VI-1983 жылы (Белград) ; VII-1987 жылы (Женева) ; VIII-1992 жылы (Картагена, Индия) ; XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.

1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады және оның функциялары келесілерге бағытталған:

-сауда құрылымын ынталандыруды дамыту және экспортты мемлекеттік және жеке секторларда ынталандыру;

-дәстүрлі және дәстүрлі емес экспорттық тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

-импорт саласында тиімді басқару тәсілдерін пайдалану арқылы шетел валютасының дефицитті ресурстарын пайдалануды оптимизациялау мақсатында импорттық операцияларды жетілдіру;

-мемлекеттік қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін және экспорттық-импорттық операциялар технологиясы бойынша оқытушыларды оқыту, оқу мекемелерін нығайту, сыртқы сауда мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерттеу және жетілдіруді жүргізу.

Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.

3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері

ХХ ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономика халықаралық сипатқа ие болды, яғни халықаралық экономиканың негізгі белгілері қалыптасты:

  1. Халықаралық сауда негізінде халықаралық тауар айырбасының жоғарғы дәрежеде дамуы
  2. Халықаралық өндіріс қозғалысы сферасындағы, әсіресе капиталдың шығыс-кіріс формасы, жұмысшы күші және технологияның жоғарғы дәрежеде дамуы
  3. Кәсіпорындардың халықаралық өндірістік формалары бірнеше мемлекеттерде орналасуы, бірнеше кезекте, трансұлттық корпорация шеңберінде дамуы
  4. Халықаралық тауар, өндірістік фактор қозғалыстарына тәуелсіз өзін-өзі өтейтін қаржылық сфераның пайда болуы
  5. Экономиканың тұрақты даму және балансты қамтамасыз ету мақсатында ұлтаралық, ұлтаралық үстінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес механизм жүйелерін халықаралық реттеуге қол жеткізді.
  6. Ашық экономика қағидалары негізінде мемлекеттердің экономикалық саясаты жүзеге асты.

Сонымен, кең тұрғыдан халықаралық экономиканың халықаралық айналыстағы тауар мен өндіріс фактрына сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары және осыдан шығатын мемлекеттердің экономикалық саясаты жатады.

4. Бүкіләлемдік сауда ұйымы

Бүкіләлемдік сауда ұйымы - бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды.

БСҰ-ның ең маңызды функциялары:

-Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен шарттарының орындалуын бақылау;

-мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен консультациялар жүргізу;

-сауда дауларын шешу;

-мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;

-БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттергк техникалық жәрдем көрсету.

БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға болады:

-халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.

БСҰ-ның барлық мүше - елдері «Көпжақты сауда келісімдері» (КСК) деген терминмен біріктірілген негізгі келісімдер мен заңдық документтерді орындау бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Халықаралық сауданың теориялары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Аралас экономика мәні, маңызы
Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz